Орталық жүйке жүйесі.
Жүйке жүйесінің орталық бөліміне филогенетикалық ең ерте бөлігі – жұлын, және кеш дамып келе жатқан ми бөлігі жатады. Бұл екеуі құрылысы және жұмысы жағынан бір – бірімен өте тығыз байланыста келеді. Жүйке жүйесін топографиялық жатқан жағдайына қарай орталық және щеткі бөлімдер деп екіге бөліп оқимыз. Оның орталық жүйке жүйесі деген түсінікке сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен ми жатса, жүйке түбіршіктері, жүйке түйіндері, жүйке тораптары бөлімдері мен жүйке ұштары шеткі жүйке тораптары бөлімдері мен жүйке ұштары шеткі жүйке жүйесіне жатады.
Жұлын (medulla spinalis) омыртқа өзегінің ішінде жатады. Мұның ұзындығы ересектерде 45 см, ені 1,5 см, салмағы 80 г. Жұлын ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Соңғы жіпшеден айнала жұлынның төменгі буынақтарынан таралған түбіршіктер ат құйрығын түзеді. Олардың көбі сегізкөз тесіктері арқылы сыртқа тебеді.
Жұлын жаңа туған балада омыртқа өзегін толық толтыра жатса, бара – бара өсуі баяулап, бірінші бел омыртқа тұсында қалады. Жұлынның көлденең қимасы ұзына бойында бірдей емес, жоғарыдан төмен қарай жіңішкере бастайды. Жұлын төменгі мойын омыртқалары мен төменгі көкірек омыртқаларының тұсында екі буылтық түзеді. Оның біреуін мойын буылтығы десе, екіншісін бел буылтығы деп атайды. Осы буылытықтар тұсында қол мен аяқты жүйкелендіретін ірі әрі ұзын жүйкелер басталады. Сол жүйкелердің жасуша денелері буылтықтар тұсында жұлын буылтығы шоғырын түзеді.
Жұлынның алдыңғы және артқы бетімен ұзына бойына алдыңғы орталық сай және артқы орталық сай өтеді. Алдыңғы орталық сай өте терең жатқандықтан, оны кейде алдыңғы орталық саңылау деп те атайды. Осы сайлар арқылы жұлын оң және сол екі бөлікке бөлініп тұрады. Алдыңғы орталық сайдың екі жағында алдыңғы бүйір сай жатса, артқы орталық сайдың екі жағында артқы бүйір сай орналасқан.
Жұлын тізбектеліп жатқан 31 буынақтан түзілген. Оның әрбір бунағының екі жағынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып, омыртқалық тесік тұсында бір – бірімен қосылып, 31 жұп жұлын жүйкесін түзеді. Жұлынның ішімен ұзына бойы жұлын ағзасы өтеді. Ол жоғарғы жағында мидың төртінші қарыншасында жалғасады. Жұлынның көлденең кесіндісі қарағанда оның ақ және сұр заттан түзілгенің байқаймыз.
Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық арнасын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіз дп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйіз, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынның тек көкірек бунақтарында ғана кезеседі. Сұр зат жүйке жасушаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейроның эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрон орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып, сипатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі ағзаларды жүйкелендіруге бағыт алады.
Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады. Оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқала үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған – алдыңғы орталық сай мен алдыңғы бүйір сайының аралығында, бүйір бағаны – алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған артқы бүйір сайы мен артқа орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар жүйке талшытарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді. Жұлынның сұр заты мен бағандарының аралығында бунақаралық келте талшытар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның бунақаралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлынның өз аппараты деп атайды. Жұлынды қоректендіретін артерия тамырларына қабырғааралық артериялар жұлынның көкірек бунақтарына тарамдалса, төменгі бел, сегізкөз, құйымшақ бунақтарына бел, сегізкөз артериялары тарамдалады. Ал жұлынның жоғарғы мойын бунақтарына бұғана асты артериясының омыртқа тарамы барды. Бұл артериялар омыртқа арнасына енгеннен кейін жұлынның алдыңғы, артқы артерияларына бөлінеді. Алдыңғы артериялары жұлынның алдыңғы жағында, артқы артериялары артқы жағында тарамдалып, жұлынның ақ заты мен сұр затын қоректендіреді. Сұр затына қан тамырлары көбірек барады және бір – бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады. Жұлынның вена тамырлары артерияларына аттас келеді. Жұлында лимфа тамырлары болмайды, олардың жұмысын қабықшаларының арасында жатқан жұлын – ми сұйықтығы атқарады.
Ми (encephalon) жүйке жүйесі ұрықтың арқа бөлімінде, жүйке пластинкасы – эктодермадан пайда болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып, жүйке түтігіне айналады. Оның алдыңғы толық бөлігінен алғашқы үш ми көпіршіктері пайда болады. Одан мидың бес бөлігі дамиды. Осы ми бөлімдерінің әртүрлі қарқында дамуына байланысты алдыңғы және артқы ми көпіршіктері екіге бөлінеді. Алдыңғы ми көпіршігінен алдыңғы, артқы және сопақша ми пайда болады. Ал ортанғы ми көпіршігі көп өзгермей, ортанғы мидың өзін түзеді. Ми бөліктерінің дамуына байланысты көпіршіктердің қуысы да өзгере бастайды. Алдынғы ми көпіршігінің қуысынан екі ми сыңарларының ішінде жатқан екі бүйір қарыншалары, аралық мида үшінші қарынша пайда болады. Ал ортанғы мидың қуысы жіңішке түтік тәрізді болғандықтан оны су өткізгіш деп атайды. Ол жоғарғы жағынан үшінші қарыншамен байланысып жатса, төменгі жағынан төртінші қарыншаға жалғасады. Артқы ми қуысында төртінші қарынша пайда болады. Ол төменгі жағынан жұлын арнасына жалғасады. Бұл ми қарыншалары мен түтіктері өзара тығыз байланыста жатып, ішіндегі жұлын ми сұйықтығын бір – біріне өткізіп тұрады.
Ми бөлімдерінің әртүрлі дәрежеде байланысты ортаңғы ми тұсындағы төбе, артқы мидағы көпір, сопақша ми мен жұлын аралығындағы шүйде иіндері пайда болады.Ұрықтың бес айлық мерзімінде ми сыңарларының беттерінде сайлар пайда болады. Оларға орталық, бүйір және төбе – шүйде сайлары жатады. Осы тұрақты сайлардан кейін екінші, үшінші қатардағы тұрақсыз сайлар пайда бола бастайды. Бір жасар мерзімде тұрақты және тұрақсыз сайлардың саны көбейіп, бес жасқа дейін мидың құрылысы мен кесіндісі қатты өзгереді. Ал бес жастан кейін мидың даму жолы алғашқы кезден баяулай бастайды. Екі ми сыңарларын қосып жатқан сүйелді дене жас нәрестеде әрі жіңішке, әрі қысқа келеді. Бұл да алғашқы бес жыл мерзімінде ұзарып, қалыңдайды. Жалпы ми 20 жасқа дейін біршама кемеліне келеді. Ми адам организміндегі басқа ағзаларға қарағанда жылдам дамиды. Ми қыртыстары бес жаста ересек адамның ми қыртысндай болады. Нейрондар мөлшері де жасқа қарай өзгермейді. Бірақ нейрондар жалпы дамып, өздерінің өсінділерін күрделілендіреді. Олардың сыртқы жағы миеленделініп, қозғалтқыш қызметі дамиды. Осыған байланысты рефлекстері де қалыптасады. Ал көру, есту, тепе – теңдік сақтау анализаторларының миеленденуі ұрық кезеңінен басталып, туғаннан кейін аяқталады. Үш айлық балалар дыбыс пен жарыққа көңіл аудара бастайды. Ал алты айлық баланың көру қабылеті тұрақтап, заттарды ұстауға ұмтылады. Одан кейін басын, денесін тік ұстап, отыруға, тұруға икемделеді. Ал бір жасқа тола келгенде ми сыңарларының жетілуіне байланысты денесін тік ұтап, жүруге әрекет жасайды. Жалпы миелендену процестері екі жастан кейін аяқталады. Сонда тіл шығып, сөйлеу қабыілеті біліне бастайды.
Ми пішіні ми сауытына сәйкес үстіңгі жағы дөңес, астыңғы жағы ойлы – қырлы келеді. Жаң туған балада мұнің салмағы 400 г болса, бір жаста екі есе үлкейіп, алты жаста 1 кг – нан асады. Ал 20 – 30 жастан қалыптасып, 60 жастан кейін кішірею процесі байқалады. Кейбір жануарларда ми салмағы адам минан ауыр. Мәселен, китте – 7000 г, дельфинде – 5200 г, пілде – 400 г. Бірақ жалпы дене салмағымен салыстырғанда адам озады. Адамның ақыл – ой қабылетін ми салмағымен байланыстыруға болмайды. Себебі, мидың қызметі мидың ұр затының жалпы көлеміне, онда жатқан ми нейрондарының қабілетіне, қызметіне байланысты. Мәселен, атақты және дарынды адамдардың ішінде И.С. Тургеневтің миының салмағы 2012 г болса, жазушы А.Франстың миыныңи алмағы 1012 г, дәрігер – психиатр В.М. Бехтеревтің миының салмағы 1720 г, болған. Ми бөлімдері өзінің дамуына, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ми сыңарларының қыртысына, қыртысасты бөлігіне және ми бағанына бөлінеді. Ми сыңарларының қыртыстары мидың тарихи даму жолында жаңа және өте күрделі көлемді бөлігі. Ми сыңарлары ұрықтың бірінші ми көпіршігінде дамыған. Көлемінің үлкендігінен астыңғы жағында жатқан басқа ми бөліктерін қоршай жауып, жабындыға ұқсап жатады. Сондықтан оны ми жабындысы деп те атайды. Оның сыртқы жағы өте қыртысты. Ал ішкі жағы ақ заттан түзілген. Осы ақ затта нейрондар жиынтығынан түзілген ядролар орналасады. Оларды қыртысасты ядролар деп атайды.
Қыртысасты бөлімі де ұрықтың бірінші ми көпіршігінен пайда болады. Бұл ми сыңарларының ақ затының ішінде терең жатқан сұр түсті ядролар бар. Олар нейрондардың шоғырынан түзілген. Бұл бөлімді И.П.Павлов мидың жаңа қыртысасты бөлімі деп атаған. Мидың баған бөліміне сопақша ми, көпір, мишық, ми сабақтары мен төрт төмпешік жатады. Олар мидың тарихи ерте дамыған бөлімдері. Олар ми сыңарларына қарағанда жай құрылысты, көлемдері де кіші. Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Сондықтан да жұлын құрылысына өте ұқсас. Кейде қосымша ми деп те атайды. Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне жалғасып, оның ақ затын алдыңғы, ортанғы және артқы үш жұп бағандарға бөлінеді. Алдыңғы баған алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасқан. Оны сопақша ми пирамидасы деп атайды. Ол ұзынша келген ақ дөңес ұзына бойы жүріп жатқан жүйке талшықтарынан түзілген. Олар мидың орталықтан тепкіш қозғалтқыш жолдарын түзеді. Ол талшықтардың кейбіреулері оңнан солға солдан оңға ауысып, пирамида айқасын жасайды. Бұл айқасқан талшықтар жұлынның бүйір бағанымен төмен түседі. Мұны бүйір пирамида жолы деп атайды. Ал айқаспаған талшықтары алдыңғы бағанамен төмен түсіп, жұлынның әрбір буынағына айқасады. Мұны алдыңғы пирамида жолы атайды. Сопақша мидың ішкі жағындағы сұр заты буынақ түзбей, бөлшектене жатқан жүйке ядроларын түзеді. Оларда сопақша мидың сыртынна тебетін жүйке түйіршіктері шығады.
Сопақша ми жұлынның тікелей жалғасы. Сондықтан да жұлын құрылысына өте ұқсас. Кейде қосымша ми деп те атайды. Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне жалғасып, оның ақ затын алдыңғы, ортанғы және артқы үш жұп бағандарға бөлінеді. Алдыңғы баған алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасқан. Оны сопақша ми пирамидасы деп атайды. Ол ұзынша келген ақ дөңес ұзына бойы жүріп жатқан жүйке талшықтарынан түзілген. Олар мидың орталықтан тепкіш қозғалтқыш жолдарын түзеді. Ол талшықтардың кейбіреулері оңнан солға, солдан оңға ауысып, пирамида айқасын жасайды. Бұл айқасқан талшықтар жұлының бүйір бағанымен төмен түседі. Мұны бүйір пирамида жолы деп атайды. Сопақша мидың ішкі жағындағы сұр заты бунақ түзбей, бөлшектене жатқан жүйке ядроларын түзеді. Оларда сопақша мидың сыртына тебетін жүйке түйіршіктері шығады.Сопақша ми ортасымен жұлын арасының болып саналатын орталық түтік өтеді. Ол мидың жоғарғы жағында екі бүйірінен кеңейіп, IV қарыншаға көшіеді. Бұл қарыншаның төменгі жақ бөлігінде IX, X, XI, XII жұп жүйкелерінің ядролары жатады.
Сопақша ми пирамидасының екі жағында жатқан ұзынша ақ дөңесті зәйтүн деп атайды. Оның ішінде нейрондар жиынтығынан түзілген тіст ядро жатады. Зәйтүн дөңесі денесін тік ұстап жүретін маймыл тектестер мен адамда ғана кездеседі. Зәйтүн мишықпен тығыз байланысты. Сопақша мидың екі жағында бүйір бағандары жатады. Бұл бағандардан IX, X, XI ми жүйкелерінің түбірлері басталады. Сопақша мидың артқы жақ бетімен артқы бағандар көтеріледі. Бұл бағандардың әрқайсысы нәзік және сына тәрізді екі будадан түзілген. Нәзік және сына тәрізді будаларының жалғасы. РОлар жоғары көтеріліп, екі (сына және нәзік) төмпектерін түзеді. Бұл төмпектер мишықтың төменгі сабақшасының құрамына кіріп, қиықша ойысының төменгі жоқ жиегін түзеді. Мишықтың төменгі аяқшасының құрамындағы жүйке талшықтары орталық арна алдында жатқан ретикулярлы зат жұлын затының жалғасы. Соңғы ғылыми зерттеулерге байланысты бұл заттың маңызы мен атқаратын міндетінің күрделілігі анықталады. Ондағы нейрондар арқылы мидың қыртысы тікелей байланыс жасап, бір – біріне жүйке серпіндерін жеткізіп, әсер етіп отырады.
Сопақша мидан басталатын ми жүйкелерінің ішінде кезеген жүйкенің маңызы өте зор. Себебі, ол жүйке бүкіл ішкі ағзаларды жүйкелендіріп, тыныс алу, ас қорыту, жүрек соғу жұмыстарын реттеп отырады. Сондықтан сопақшамиға тиген зақым адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Сонымен қатар сопақша ми арқылы орталықтан тепкіш , орталыққа тепкіш өткізгіш жолдары өтеді. Бұл жолдар жұлынды мидың жоғарғы бөліктерімен, ал жоғарғы ми бөліктерін, керісінше, жұлынмен жалғастырып тұрады. Ол жолдарға қызыл – ядро – жұлын жолы, алдыңғы және артқы жұлын – мишық жолы, кіреберіс – жұлын жолы, жұлын – төмпек (таламикалық) т.б. жолдар жатады. Сопаша ми жұлын сияқты өткізгііш және рефлекторлы міндет атқарады.
Артқы мида көпір мен мишық жатады. Көпір сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ дөңес. Жоғарғы жағынан ми сабақша мимен аралығынан VІ, VІІ, VІІІ ұлу – кіреберіс жүйкелерінің түбірлері шығады. Көпірдің жіңішкеріп барып мишыққа жалғасқан жері мишықтың ортаңғы аяқшасы деп атайды. Осы жерде V (үшкіл) жүйкенің түбірі жатады. Көпір ортасымен ұзынша сай өтеді. Онда мидың негізгі артериясы орналасқан. Көпірдің көлденең кесінен табан бөлігі мен қақпақшасынан тұратынын ажыратамыз. Табан бөлігі деп сыртқы жағында жатқан бөлігін айтса, қақпақша деп ішкі жағын айтады. Көпірдің табан көлденең және ұзына бойы жатқан жүйке талшықтарынан түзілген. Сыртқы – көлденең талшықтары көпірдің сыртқы бетімен жүріп отырып, мишықтың ортаңғы аяқшаларының құрамына кіреді. Бұл жол арқылы ми сыңарларының қыртыстарынан серпін жеткізіледі. Ішкі – ұзына бойы талшықтары жоғарыдан төмен қарай келе жатқан сопақша мидың пирамида жолына жалғасады. Көпірдің табан бөлігі болып саналса, сопақша мимен тікелей байланыста жатқан қақпақша бөлігі болып мимен тікелей байланыста жатқан қақпақша бөлігі болып есептеледі. Көпір қақпақшасына сопақша мидағы ретикулярлы заттар жалғасып жатады. Онда V, VІ, VІІ, VІІІ ми жүйкелерінің ядролары орналасқан.
Көпір жұлын мен сопақша ми сияқты өткізгіш және рефлекторлы қызмет атқарады. Мишық көпір мен сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Ми сауытының артқы ойысын толтырып жатады. Салмағы ересек адамда 120 – 150г. Жоғарғы жағыннан ми сыңарларының шүйде бөлігі жауып тұрады. Мишық екі жарты шардан және оларды байланыстырып жатқан құртша бөлігінен түзілген. Мишықтың сыртқы жағында сұр заты жатса, ішкі жағында ақ заты орналасқан. Сыртқы сұр затының бетімен көптеген көлденең сайлар мен қатпарлар өтеді. Бұл сайлардың тұрақтылары мишықты бірнеше бөліктерге бөледі. Ол бөліктердің әрқайсысы дененің әрбір бөлігіне сай келіп, сол бөліктерінің жұмысын өзара байланыстырып отырады. Мишықтың төменгі жақ кішкенк бөлімшесі, адамның тепе – теңдік сақтау аппаратымен тікелей байланыста. Сондықтан оны тепе – теңдік орталығы деп те атайды. Мишықтың сұр заты екі қабат болып жатқан жүйке жасушаларынан түзілген. Сыртқы – молекулярлы қабаты жұлдыз жасушаларынан, ішкі қабаты – дәнді жасушаларынан тұрады. Мишықтын ақ заты ішкі жағында орналасқан. Оның ортасында сұр заттан мишықтың төрт жұп ядролары кіреді. Мишықтан үш жұп сабақша шығып, оны айнала жатқан ми бөліктерімен байланыстырып тұрады. Жоғарғы сабақшасы жоғарғ жағында жатқан ортаңғы мидың төрт төмпешігімен, ортанғы сабақшасы ми көпірімен, ал төменгі сабақшасы сопақша мимен байланысады. Төменгі сабақшасы жұлын – мишық жолын түзіп, мишықтың құртша бөлімімен жалғасады. Бұл жол дененің пропиорецепторлық серпінін қабылдап тұрады. Ортаңғы сабақшасы мишықтың көпірмен байланыстырып тұратын көпір – мишық жолын түзеді. Ал көпірдің табан бөлігіне үлкен ми сыңарларының қыртысынан шыққан талшықтары жалғасады. Осыған байланысты бұл жолды қыртыс – көпір мишық жолы деп атайды.
Ортаңғы ми мидың басқа бөліктеріне қарағандың басқа бөліктерін қарағанда үлкен өзгерістеріне қарағанда үлкен өзгерістерге ұшы рамаған және көлемі де кішірек болып келеді. Ортаңғы ми екі сабақшасымен төрт төмпешіктен түзілген. Оның жіңішке қуысын құбыр деп атайды. Ми сабақшалары ортанғы мидың алдыңғы жағында ұзына бойы жатқан қос бағанға ұқсайды. Олар төменгі жағынан көпірге, жоғарғы жағынан ми сыңарларына еніп жатады. Ми сабақшаларының көлденең кесіндісінің ортасында жатқан қара затты байқауға болады. Осы меганин жояғына бай қара заты ми сабақшасын сыртқы жағындағы табан бөлігіне және ішкі жағындағы қақпақшасына бөліп тұрады. Қақпақша бөлігінде ұзына бой жатқан қызыл ядродан қозғалтқыш жолы басталады. Ал қызыл ядроның екі жағында көру төмпегіне баратын сезу жолдары жатады. Ми сабақшасы табан бөлігінде өтетін жүйке талшықтары пирамида жолының жалғасы. Бұл жол төмен қарай түсіп, көпір мен сопақша ми арқылы жұлынға дейін жетеді. Қыртыскөпір жолы көпірдің өзінде аяқталса, қыртыс – ядро жолдарының талшықтары төртінші қарынша мен құбыр түбіндегі ми жүйкелерінің ядроларына жалғасады. Ортаңғы мидың да құбыры түбінде ретикулярлы зат болады. Ол сопақша ми мен көпірдің ретикулярлық затының жалғасы.
Аралық ми үлкен ми сыңарларының аралығында орналасқан. Оған көру төменгі мен төмпек аймақтары жатады. Көру төменгі эллипс тәрізді дене, ол сұр түсті ішкі, сыртқы және алдыңғы ядролардан түзілген. Бұл ядролардан ми сыңыарларына серпін жеткізіледі. Сондықтан көру төмпегін қыртысасты орталғы деп атайды. Көру төмпегінің маңына астыңғы, үстіңгі және сыртқы жақтары жатады. Төмпекасты маңына мидың астыңғы жағындағы гипофиз, сұр төмпек, сұр пластинка, көру жүйке шоғырының айқас және қос емізікше денелер жатады.
Гипофиз мидың астыңғы жғындағы ми қосымшасы болып саналады. Ол түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан ішкі секрециялық бездер қатарына жатады. Бұл без сабақшасы арқылы аралық мидың астыңғы жағындағы сұр төмпекте ілініп тұрады. Көру тоғысы көздің артқы полюсінен келе жатқан көру жүйкесінің кейбір талшықтарының тоғысқан жерінен пайда болады. Бұл тоғыс түрік ершігінде орналасқан. Мидағы вена қаны майда вена тамырлары арқылы жиналып, мидың қатты қабығындағы қойнауларға құяды. Осы қойнаулардан жүрген қан сигма қойнауы арқылы ішкі мойынтұрық венасына жалғасады. Ішкі мойынтұрық вена қанын жинап, жүреке қарай әкететін негізгі тамыр. Сонымен қатар вена қаны ми сауытының тесіктері арқылы қойнауларынан бастың теріасты веналарына да өтеді.
Жұлын – ми сұйықтығының қысымын сақтап тұруға жәрдем етеді. Бұл сұйықтың тамырлар торларынан (өрімдерінен) пайда болып , ми қарыншаларын толтырып, одан жұлын мен ми қабықтарының астына еніп, оларды өзара байланыстырып жатады.
Ми қабықтары. Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшамен жабылған. Қатты қабық мидың ең сыртқы қабығы. Олми сауытының ішкі жағында жатқан сүйек жабындысы. Бұл қабықтан ми бөліктерінің аралығына еніп жатқан өсінділер шығады. Оларға үлкен орақ тәрізді, кіші орақ тәрізді өсінділер мен мишық шатыры, түрік ершігінің пердесі жатады. Үлкен орақ тәрізді өсінді ми сыңараларының аралығындағы саңылауға кіріп, екеуін бөліп тұрады.
Кіші орақ тәрізді өсінді үлкен орақ тәрізді өсіндінің төмен мишыққа қарай созылған жалғасы. Ол мишықтың екі жарты шарының аралығына кіріп жатады. Мишық шатыры мишықты ми сыңарларының шүйде бөлігінен бөліп тұрады. Мишық осы шатырдың астында жатқандықтан мишық шатыры деп атайды. Тамырлы қабық мидың ең ішкі миға тығыз жанаса жатқан тамырлы қабықшасы. Тамырлы қабықша ми сайларына терең еніп, ми бөліктеріне қан тамырларын жеткізіп жатады. Бұл қабықша ми қарыншаларының тамырлы өнімдер, торлар түзіп, жұлын – ми сұйықтығын шығарып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |