Жүйке тіні патохимиясының негіздері
Жуйке тінінің құрылысы, қасиеттері, физиологиялык және патологиялық жағдайлардағы адам мен жануаралар организмі үшін маңызы көптеген медико биологиялык ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Жүйке жүйесі морфологиялык және функционалдық тұрғыдан алғанда біркелкі емес. Жүйке жүйесі орталык жүйке жүйесі (ОЖЖ) және шеткі жүйке жүйесi белінеді. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Жүйке жүйесі нейрондардан кұралған, олар баска жасушалардан кұрылымы мен қызметі арқылы өзгешеленеді. Жүйке жүйесінің басты қызметі - акпаратты тез және дәл беру. Осы функцияны нейрондар жүзеге асыра ды. Олар сезім мүшелерден (мысалы, мүшелердің химиялык курамы, механикалык кысымы, темпера турасы өзгерсе) тітіркендеру сигналын кабылдай ала ды. Әрбір нейрон синапс аркылы баска нейрондармен байланысады және өзіне тән қызмет атқарады. Қазіргі кезде жүйке импульсiнiн пайда болу, синапс аркылы берiлу механизмдері анықталған. Жүйке жүйесінің белгілі ауруларының пайда болуы солжуйеде молекула денгейінде процестердін бұзылуымен бай ланысты, сондықтан жүйке жүйесінің биохимиясын зерттеу аталып кеткен аурулардын диагностикасына және емдеуiне кажет. Жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің химиялық кұрамы мен заттар алмасуы толык зерттелген жок. Адам миында 10 нейрон бар, нейроннын денесiнде 30-35% құрғақ зат, онын 70% - белоктар, 20-25%-ли пидтер. Ядрода ДНК бар, нейронда РНК-н барлык түрлері, бос амин кышкылдары кездеседі, гликоген өте аз мөлшерде немесе жок болады. Жүйке талшыгы нейроннын плазмалык мембранасынын жалғасы, ол миелин кабыгымен коршалған. Мида миелин кабығы глиалды жасушалардын плазмалык мембранасының туындысы, ал шеткі жүйке жүйесінде - Шванн жасушаларының мембранасы. Мембрана екіге кабатталып, аксонның айналасында көп рет оралған, ол көршілес жаткан талшықтардың арасындағы кыска тұйықталуға кедергі жасайтын изолятор ролін аткарады, жүйке импульсінің бір бағытта 6 есе тез өтуін камтамасыз етеді. Мие лин кабыгынын курылысы уникальды: онын құрғақ калдығының 78-80%-н липидтер, соның ішінде цере брозидтер алады; сфинголипидтерде узын тізбекті май кышкылдары көп, олар сфинголипидтерге және миелин кабыгына тұрақтылық береді. Миелин белоктары негізінен гидрофобты, олар липидтермен ковалентті емес косылыстар түзуі мумкін немесе БМҚ-мен ковалентті байланысқан комплекстер (протеолипид тер) түрінде кездеседі. Оның құрамында суда еритін сілтілік белок бар, оны эксперимент кезінде 3 ге енгiзгенде аллергиялык энцефалит тудыруы мүмкін, бұл жүйке талшықтарынын демиелинизациясына және сал болуға (паралич) әкеп соғады. Осы белокка карсы антидене түзіледі, олар өзара әрекеттесіп, миелин кабыктарынын кабынуы мен зақымдануын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |