Жүк көтергіш механизмдер құрылғысы мен қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар



бет6/12
Дата11.07.2016
өлшемі1.83 Mb.
#190166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Терминдер мен анықтамалар


р.



Термин

Анықтама

Кесте



Жүк көтергіш машинаның жалпы анықтамасы

1

Жүк көтергіш машина

Жүк көтергіш органының қайтару-ілгерілемелі қозғалысы бар циклдік әрекет жасайтын көтергіш құрал




1. Крандардың типтері

2

Жүк көтергіш краны

Ілгек арқылы ілінген немесе басқа жүк алғыш органымен ұшсталып тұрған, жүкті кеңістікте көтеруге және тасымалдауға арналған циклдік әрекет жасайтын машина




Құрылысы бойынша крандардың жіктелуі

3

Көпірлік типті кран

Жүк алғыш органы көпір бойымен қозғалатын жүк көтергіш қол арбаға, тальға немесе жебелі кранға ілінген кран




4

Көпірлік кран

Жүк алғыш органы көпір бойымен қозғалатын жүк көтергіш қол арбаға, тальға немесе жебелі кранға ілінген кран




5

Тіреуіш кран

Құрылғының тасымалдаушы бөлшектері кран жолына екі тіреу тағаны арқылы тірелетін кран




6

Жартылай тіреуіш кран

Құрылғының тасымалдаушы бөлшектері бір жағынан тура кран жолына, ал басқасынан-тіреу тағаны арқылы тіреледі




7

Айлақ артық жүктеу краны

Құрылғының тасымалдау бөлшектері портал арқылы кран жолына тірелетін бір немесе консолы бар кран




8

Кабель типті кран

Екі тіреуге бекітілген, тасымалдау арқандары бойымен қозғалатын, жүк алғыш органы жүк көтергіш қол арбасына ілінген кран




9

Кабельді кран

Тіреу діңгектерінің (мұнараларының)жоғарғы жағына бекітілген арқандар тасымалдау бөлшектері болып табылатын кран




10

Көпірлік кабельді кран

Тіреу тұғырларына орналасқан, көпірлердің шетіне бекітілген арқандар тасымалдау бөлшектері болып табылатын кран




11

Жебелі типті кран

Жүк алғыш органы жебе бойымен қозғалатын жебеге немесе қол арбаға ілінген кран




12

Порталды кран

Темір жол немесе автомобиль көлігін өткізуге арналған порталдағы жылжымалы, бұру краны




13

Жартылай порталды кран

Темір жол немесе автомобиль көлігін өткізуге арналған жартылай порталдағы жылжымалы, бұру краны




14

Жебе краны

Жебесі немесе мұнаралы жебелі жабдықтары тура жүру бөлігінде орналасқан бұру платформасында бекітілген кран




14

Жебелі өзі жүретін кран

Мұнаралы жебелі жабдықпен жабдықталуы мүмкін және өзі жүретін шассиде, ауырлық күшінің әсерінен өзінің тұрақтылығын сақтай алатын, жүктелген немесе жүктелмеген жағдайда қозғала алатын жебелі типті кран




15

Мұнаралы кран

Тігінен орналасқан мұнараның жоғарғы бөлігіне бекітілген, жебесі бар бұрылатын кран



16

Темір жол краны

Темір жол бойымен жүретін платформаға құрастырылған кран




17

Жүзетін кран

Кранды орнатуға және оның қозғалуына арналған өзі жүретін немесе өзі жүрмейтін қалқымадағы кран




18

Кеме жебелі кран

Кемеде орналасқан және оны тиеу мен түсіруге арналған бұрылатын кран




19

Діңгек краны

Төменгі және жоғарғы тіреулері бар діңгекке топсалы бекітілген, жебесі бар бұрылатын кран




20

Вант діңгек краны

Діңгектің үсті арқанды, созып тарту-вант арқылы бекітілген діңгек краны



21

Аяқтары қатты діңгек краны

Діңгектің үсті қатты жетектер арқылы бекітлген діңгек краны



22

Консольды кран

Жүк алғыш органы қатты бекітілген консольға (жебеге) немесе консоль бойымен қозғалатын қол арбасына ілінген кран




23

Бағанадағы консольды кран

Негізі іргетасқа бекітілген немесе іргетаста орналасқан табан тіреуде айнала алатын, бағанаға бекітілген консольды кран




24

Қабырғалы кран

Қабырғаға бекітілген немесе қабырғада немесе тасымалдаушы құрылғыда бекітілген жер үстіндегі кран жолы бойымен қозғалатын стационарлы кран




25

Велосипедті кран

Жер үстіндегі рельс жолдары бойымен қозғалатын және жоғарғы бағыттаушы ұстап тұратын консольды кран



26

Манипулятор краны

Автомобиль шассиінде орнатылған және оны тиеу мен түсіруге арналған жебелі типті кран




Жүк алғыш орган түрі бойынша крандардың жіктелуі

27

Ілгек краны

Ілгек түріндегі жүк алғыш органмен жабдықталған кран



28

Грейферлі кран

Грейфер түріндегі жүк алғыш органымен жабдықталған кран




29

Магнитті кран

Электр магниті түрінде жүк алғыш органымен жабдықталған кран



30

Мульдомагнитті кран

Электр магниті түріндегі және мульдалардың орнын ауыстыруға арналған жабдығы бар жүк алғыш органымен жабдықталған көпірлік типті кран




31

Мульдогрейферлі кран

Грейфер түріндегі және мульдалардың орнын ауыстыруға арналған жабдығы бар жүк алғыш органымен жабдықталған көпірлік типті кран




32

Мульдоүйюші кран

Мульдаларды алуға арналған тұмсықпен жабдықталған көпірлік типті кран



33

Қадалық кран

Электр лизерлерден қадалықтарды алуға арналған алғыштармен жабдықталған көпірлік типті кран




34

Штабелер кран

Жүктерді қатар-қатар жинауға арналған құрылғысы бар тік бағанамен жабдықталған көпірлік типті кран




35

Құю краны

Көтеру және құю шөмішін төңкеретін механизмдермен жабдықталған көпірлік типті кран




36

Қондырма краны

Дайындамаларды алып қалуға және пешке отырғызуға төменгі бөлігінде көлденен шымшуырлары бар, айналатын бағанамен жабдықталған көпірлік типті кран




37

Соғу краны

Шыңдалуларды көтеруге, алмастыруға және бұруға арналған құралмен жабдықталған көпірлік типті кран



38

Кесектерді айыруға арналған (стрипперлі) кран

Кесектерді металл қалыптарынан шығаруға арналған құрылғымен жабдықталған көпірлік типті кран




39

Құдықты кран

Шымшуыр алғышпен жабдықталған және құдықты пештерге қызмет көрсетуге арналған көпірлік типті кран




Орын ауыстыру мүмкіндігі бойынша крандардың жіктелуі

40

Стационарлы кран

Іргетасқа немесе басқа қозғалмайтын негізге бекітілген кран




41

Өзі көтергіш кран

Салынып жатқан құрылыстың құрылғыларына орнатылған және құрылысты көтерілуі бойынша өзінің механизмдері арқылы жоғарыға орын ауыстыратын кран




42

Орын ауыстырғыш кран

Орыннан орынға қолмен немесе басқа жүк көтергіш құралдар арқылы орын ауыстырыла алатын негізге орнатылған кран




43

Радиалды кран

Бір стационарлы тіреуге қатысты жұмыс істегенде орын ауыстыру мүмкіндігі бар кран




44

Жылжымалы кран

Жұмыс үстінде жылжу мүмкіндігі бар кран




45

Тіркемелі кран

Жылжуға арналған механизмдерімен жабдықталмаған және тартқыштың (тіркеме жетектің) артынан тіркемеде қозғалатын жылжымалы кран




46

Өзі жүретін кран

Жұмыс үстінде және/немесе тасымалдағанда қозғалуға арналған механизммен жабдықталған жылжымалы кран




Жүру құрылғысының түрі бойынша крандардың жіктелуі

47

Шынжыр табанмен жүретін кран

Қозғалуы үшін шынжыр табанмен жабдықталған өзі жүретін кран




48

Доңғалақпен жүретін кран

Қозғалу үшін доңғалақтармен жабдықталған өзі жүретін кран




49

Автомобильді кран

Сериялы автомобиль шассиіндегі кран




50

Арнайы шассидегі кран

Автомобильді типті арнайы шассидегі кран




51

Қысым доңғалақты кран

Қысым доңғалақты шассидегі кран




52

Қысқа базалы кран

Қысқа базалы шассидегі кран




53

Рельсті кран

Рельс жолындағы кран




Жетегінің түрі бойынша крандардың жіктелуі

54

Қол краны

Механизмдерінің қол жетегі бар кран




55

Электр краны







56

Механикалық кран

Механизмдерінің қол жетегі бар кран




57

Гидравликалық кран

Механизмдерінің гидравликалық жетегі бар кран




Бұрылатын дәрежесі бойынша крандардың жіктелуі

58

Бұрылатын крандар

Кранның тіреу бөлігіне қатысты жүгімен бірге бұрылатын бөлік (тұрғыдан) айналу мүмкіндігі бар кран




59

Толық бұрылмайтын кран

Бір шеткі жайдан басқасына дейінгі 360º кем емес бұрышқа, бұрылатын бөлігінің айналу мүмкіндігі бар бұрылатын кран




60

Толық бұрылатын кран

Бір шеткі жайдан басқасына дейінгі 360º кем емес бұрышқа, бұрылатын бөлігінің айналу мүмкіндігі бар бұрылатын кран




61

Бұрылмайтын кран

Бұрылатын бөлікке қатысты (тұрғыдан) жүктің айналу мүмкіндігі жоқ кран




Тіреу әдістері бойынша крандардың жіктелуі

62

Тіреу краны

Жер үстіндегі кран жолына тірелетін көпірлік кран




63

Ілініп тұратын кран

Кран жолының төменгі сөрелеріне ілінген көпірлік кран




2. Өлшемдері

Жүктемелері

64

Пайдалы жүк көтергіштік

Кранмен көтерілетін және алмалы жүк алғыш жабдықтар арқылы іліп қойған, ал олар болмаған жағдайда тура ажыратылмайтын жүк алғыш жабдықтарға іліп қойған массасы mPL жүк. Егер крандар электр станцияларындағы қақпаларды көтеру үшін қолданылса, немесе жүкті судың бетінен пайдалы жүк көтергішке көтеру үшін қолданылса, суды тартып алуға немесе тартып алудың салдарынан судың тұтасуына келтірілген күштерді қосуға болады







65

Алмалы жүк алғыш жабдық

Краны бар, пайдалы жүк көтергіштігіне сәйкес жүкті жалғайтын, және не кранның, не жүктің бөлігі болып табылмайтын, (массасы mNA) кез келген жабдық. Алмалы жүк алғыш жабдық көтеру құрылғысынан оңай алынады және жүктен айырылады

64-тармақтағы кестеге қара

66

Нетто жүк көтергіштігі

Кранмен көтерілетін және алынбайтын жүк көтергіш жабдықтар арқылы іліп қойған, массасы mNL жүк. mNL массасы mPL пайдалы жүк көтергіштігіне сәйкес жүк массасының сомасын және mNA: алмалы жүк көтергіш жабдықтарды көрсетеді

64-тармақтағы кестеге қара

67

Алынбайтын жүк алғыш жабдық

Нетто жүк көтергіштігіне тиісті жүкті іліп қоюға болатын және үнемі көтергіш құрылғының төменгі шетіне бекітілген, массасы mPA кез келген жабдық. Алынбайтын жүк алғыш жабдықтар кранның бөліктері болып табылады

64-тармақтағы кестеге қара


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет