Күзетші (вахтер)
1- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әкімшілік өкілеттігімен немесе ауыстырушы күзетшімен бірге күзету объектісінің бүтіндігін (құлып және басқа тиекті құрал – жабдықтар; пломбының бар болуы, өртке қарсы инвентарь; сигналдау, телефондарды, жарық түсіруді түзеу) тексеру. Ақаулықты тапқан кезде (сынған есіктерді, терезені, құлыпты пломба мен мөрі жоқ болса), объекті күзетке қабылдауға рұқсат берілмейді, осы жөнінде ол өзі бағынатын адамға, әкімшілік өкілеті мен полиция бөлімшесі бойынша кезекшіге хабарлау және күзетші полиция өкілетінен келгенге дейін қылмыстың ізін жүзеге асырады. Объектіде өрт болған кезде дабыл қағу, өрт сөндіру командасына және полиция бөлімшесі бойынша кезекшіге хабарлайды, өртті жою жөнінде іс-шаралар қолдану. Ұйымның өткізетін бөлмесінде кезекшілікті атқарады, қызметерлерге, келіп- кетушілерге, үйымның аумағына және оларға тиісті құжаттарды көрсету жөнінде керісінше автокөлңктерге рұқсатнаманы жүзеге асырады. Ілесе құжаттардағы нақты жүктің бар болуын салыстыру; қақпаны ашу және жабу. Журналдың жазбасына сәйкес кезекшілікті қабылдау және ауыстыруын жүргізеді. Бөлмені тиісті санитарлық жағдайда ұстау.
Білуі тиіс: рұқсатнама режимі туралы ереже мен нұсқауды; материалдық құндылықтарды енгізу және шығару немесе ұйымға келіп- кетушілерге қол қоюға құқы бар адамдардың қол қою үлгілерін; үнемі және бір жолғы рұқсатнамалардың үлгілерін; объектілерді күзету жөніндегі ереже мен нұсқаулықтарды; күзету объетісінің шеңберін; күзету объектілерінің әкімшілік өкілдерінің және полиция бөлімшесі кезекшісінің телефон нөмірін. Ауысым бойынша аға мінңндеттерін орындау кезінде – 2 –разряд.
Электр жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрмонтер
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары электрмонтердің басшылығымен кез келген қолданыстағы электр жабдықтарды, типтерді және габариттерді бөлшектеу, капитальды жөндеу. Жөндеуден кейін элекр жетектеуші аппаратураларды және құралдарды реттеу мен тексеру. Жүйелік құралдарды, күшейткіштерді және дыбыс сигналдарын, контроллерді, басқару посттарды, магниттік станцияларды жөндеу. Қосылу күрделі кестелермен күшті және жарықтандырғыш элекр қондырғылардың қызмет көрсету. Кернеуден толығымен өшіре отырып, ведомсттік электр станцияларда, трансформаторлық электр подстанцияларда жұмыстарды орындау. Трансформаторларды, сөндіргіштерді, ажыратқыштарды және оларға конструктивті элементтердің жетектерін құрастыруды тексере отыра электр жүйелерде жедел қосылуларды орындау. Люминисценциялық жарықтандыру кестелерін тексеру, құрастырудау және жөндеу. Кабельдерді тарқату, мөлшерлеу, төсеу, енгізуші қондырғыларды және біріктіруші муфтілерді құрастыру, қуаттылығы 30 кВт дейін кернеумен кабельдік сызықтардың ұштарын бітеу. Кабельдердің бұзылған орындарын анықтау, жерге қосылудың кедергілерін өлшеу, кабельдің қабықшасындағы потенциалдарды өлшеу. Орташа күрделі қосылу кестесімен электр жабдықтардың бас тартулары мен ақаулықтарын анықтау және жою. Жұмсақ және қатты дәнекерлермен дәнекерлеу. Сызулар және кестелер бойынша жұмыстарды орындау. Электр қозғалтқышдер үшін іске қосудың кедергілерін іріктеу.
Достарыңызбен бөлісу: |