6
ІІІ.4 Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
ІІІ.4.1 Пилоттық мектептің жұмыстық
оқу жоспарының жобасы
әзірленеді;
ІІІ.4.2 Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспары мұғалімдер мен ата-
аналар арасында талқыланады;
ІІІ.4.3 Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспары тиісті
қалалық/аудандық білім бөлімдерімен келісіледі;
ІІІ.4.4 Жұмыстық оқу жоспары «Пилоттық компонентті» (ҮОЖ-ның
инварианттық компонентіндегі пәндерге, ағылшын тіліндегі таңдау бойынша
арнайы курстар атауларына, факультативтерге және т.б. сілтеме жасау арқылы).
қамтиды.
ІІІ.4.5 Пилоттық мектеп ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқытуда
заманауи педагогикалық технологияларды қолданады,
аталған технологияның
негізгілері – тілді және пәнді кіріктіріп оқыту технологиясы (CLIL-
технологиясы) болып табылады;
ІІІ.4.6 Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде
пилоттық оқыту екі режимде жүзеге асырылады: жартылай және толықтай
режимде;
ІІІ.4.7 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға жартылай көшу төмендегі
жағдайларға байланысты жүзеге асырылады:
ІІІ.4.7.1 сабақтың белгілі бір кезеңдерінде (мысалы, қайталау немесе
бекіту кезеңінде) бірінші тілде (мектептегі оқыту тілі) және ағылшын тілінде
тілдік емес пәндерді (жаратылыстану, биология, химия, физика, информатика)
оқыту;
ІІІ.4.7.2 ағылшын тіліндегі пәндік терминологияны оқыту (5-сыныптан
бастап рұқсат етіледі);
ІІІ.4.7.3 ЖМЦ пәндері бойынша ағылшын тілінде (үйірмелер, секциялар
және басқа да қосымша білім беру формалары)
жекелеген сыныптан тыс іс-
шаралар өткізу;
ІІІ.4.7.4 ЖМЦ пәні бойынша элективті курстардың жекелеген немесе
барлық бөлімдерін ағылшын тілінде оқыту;
ІІІ.4.7.5 Ағылшын тілі сабақтарында пәндік терминологияны ауызша
және жазбаша сөйлеу барысында қолдану дағдыларын жетілдіру және бекіту;
ІІІ.4.8 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға толықтай көшу төмендегі
жағдайларға байланысты жүзеге асырылады:
ІІІ.4.8.1 Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының инвариантты
және вариативті компоненттерінен ағылшын тілінде бір немесе бірнеше ЖМЦ
пәндерін оқыту;
ІІІ.4.8.2 ЖМЦ пәндерін оқытудың барлық кезеңдерін ағылшын тілінде
жүргізу (жаңа материалды түсіндіруден басқа кезеңдерде);
ІІІ.4.8.3 Ағылшын тіліндегі ЖМЦ пәндері бойынша сыныптан тыс іс-
шараларды өткізу;
ІІІ.4.8.4 Ағылшын тіліндегі ЖМЦ пәндері бойынша элективті курстарды
оқыту.
7
ІІІ.5 Пилоттық жоба мониторингі:
ІІІ.5.1 Пилоттық жобаға қатысушы білім алушылардың тілдік және пәндік
құзыреттіліктерін бағалау:
ІІІ.5.1.1 Білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін бағалау «Ағылшын
тілі» пәнінің шеңберінде жүргізіледі;
ІІІ.5.1.2 ЖМЦ пәндері бойынша
білім алушылардың тілдік
құзыреттіліктерін бағалау, «Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық
бағалауының бір бөлігі болып табылады;
ІІІ.5.1.3 Пәндік құзыреттіліктерді бағалау, ЖМЦ оқу пәндері шеңберінде
жүзеге асырылады;
ІІІ.5.1.4 Білім алушылардың ағылшын тіліндегі пәндік құзыреттіліктерін
бағалау, ЖМЦ пәндері бойынша
қалыптастырушы бағалау шеңберінде
жүргізіледі.
ІІІ.5.1.5 CLIL-технологиясы шеңберінде тілдік құзыреттіліктерді бағалау
кезінде, білім алушылардың тілдік қателіктері, ЖМЦ пәндері бойынша
бағаларына
әсер етпейді, егер, олар өз білімдерін жеткілікті деңгейде көрсете
алса (аталған жағдайда грамматика әлсіреуі мүмкін);
ІІІ.5.1.6 ЖМЦ пәндері бойынша білім алушылар сұрақтарға жауап беру
барысында бірінші тілін пайдалана алады;
ІІІ.5.1.7 ЖМЦ пәндері бойынша жазбаша жұмыстарын тексеру
барысында тілдік қателіктер ескерілмейді (егер, айтылған ой немесе мәтін
түсінікті болса), бірақ, мұғалім аталған жағдайды өз пікірлерінде көрсетеді;
ІІІ.5.1.8 ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілі мұғалімдерімен
кездесуі барысында қиындық туғызған
материал туралы сөз қозғалады, тілдік
пән мұғалімі аталған материалмен өз сабағында жұмыс жасау мақсатында.
III.5.1.9 CLIL-
технологиясы барысында бағалау жүйесі төмендегілерге
бағытталуы қажет:
ІІІ.5.1.9.1 білім алушылардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын толтыру;
ІІІ.5.1.9.2 білім алушылардың пікір білдіру, ақпаратты белгілі бір
реттілікпен ағылшын тілінде ауызша түрде айтып беру біліктіліктерін дамыту;
III. 5.1.9.3 мұғалім мен білім алушылардың сөзін, аудио/бейнежазба
ақпараттарын тыңдау, ағылшын тілінде тыңдалған мәтін мағынасын түсіну
біліктіліктерін қалыптастыру;
ІІІ.5.1.9.4 ағылшын тілінде оқылған мәтінді (оқу материалын) түсіну;
ІІІ.5.1.9.5 ақпаратты жазбаша түрде беру (қажет болған жағдайда);
ІІІ.5.1.10 тілдік және пәндік құзыреттіліктерді бағалау, жаңартылған білім
беру мазмұнына көшкен сыныптарда критериалды бағалау жүйесінің
шеңберінде жүргізіледі.
ІІІ.5.2 Пилоттық жобаның тұрақты негіздегі мониторингі:
ІІІ.5.2.1 «Кіру» барысында білім алушылардың
тілдік және пәндік
құзыреттіліктерін диагностикалау оқу жылының басында өткізіледі;
ІІІ.5.2.2 «Шығу» барысында білім алушылардың тілдік және пәндік
құзыреттіліктерін диагностикалау оқу жылының соңында өткізіледі;
8
ІІІ.5.2.3 білім алушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасында фокус-
топтарда әңгімелесулер мен әлеуметтік сауалнама жүргізіледі;
ІІІ.5.2.4 мониторинг мәліметтері хаттамаға толтырылады және
Шығармашылық топ отырыстарында талқыланды, негізгі нәтижелер Пилоттық
мектептің педагогикалық кеңесі мен ата-аналар комитетінің отырыстарында
баяндалады және талқыланады (қамқоршылық кеңес);
ІІІ.5.2.5 мониторинг қорытындысы
бойынша табысты тәжірибелер
анықталып, құжатталады; ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту саласындағы
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжрибелер жинақталады.
ІІІ.5.2.6 мониторингті мектепішілік басқаруды Пилоттық жоба жетекшісі
(Пилоттық мектеп директорының орынбасары) жүзеге асырады;
ІІІ.5.2.7 мониторингті сыртқы басқаруды Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
жүзеге асырады.
III.6
Пилоттық жобаны қаржыландыру:
ІІІ.6.1 Пилоттық жобаны қаржыландыру Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
ІІІ.6.2
Пилоттық
жобаға
қатысушы-мұғалімдердің
тарифтік
мөлшерлемелеріне дифференциалды қосымша ақы төлеу әдісі қолданылады:
ІІІ.6.2.1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
29.02.2016 ж. № 181 бұйрығының негізінде республикалық бюджеттен;
ІІІ.6.1.2 ЖАО шешімімен жергілікті бюджеттен;
ІІІ.6.1.3 Педагогикалық кеңес шешімі
бойынша Пилоттық мектептің
бюджеттен тыс қаражаты.
Достарыңызбен бөлісу: