Жұмыс бағдарламасы 5В020400 «Мәдениеттану»



Дата25.06.2016
өлшемі112.65 Kb.
#157979
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Философия және мәдениеттану кафедрасы

«Антика мәдениеті» пәнінен
5В020400-Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной



Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/33









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э

(қолы)


2011 ж. «___» ___________

Құрастырушы: ________ аға оқытушы Ержанов Е.А.

(қолы)
Философия және мәдениеттану кафедрасы


«Антика мәдениеті» пәнінен
5В020400-Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 5В020400 «Мәдениеттану» мамандығы үшін оқу жұмыс жоспары және элективті пәндер катологы негізінде жасалынған. С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінің отырысында 20 ж. «__» _____ ,№____ хаттамамен бекітіледі.
Кафедра отырысында ұсынылды 20 ж. «__» _____№____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі_____________________ Ахметова Г.Г.
Тарих және құқық факультетінің оқу - әдістемілік кеңесінде мақұлданды 20 ж. «__»_______№ ___хаттама

ОӘК төрағасы ___________Сүлейменова Ш.Қ. 20ж. «»


КЕЛІСІЛДІ

Тарих және құқық факультетінің деканы ____________ Ақышев А.А.

20 ж «__»________.
МАҚҰЛДАНДЫ

ОӘБ бастығы ______________Жуманкулова Е. 20 ж. «__»____


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20ж. «»№хаттама




1 Пәннің мақсаты – студенттерге антикалық мәдениет туралы түсінік және антикалық мәдениеттің ерекше динамикасы туралы білім беру. Бұл пәнді оқыту антика әлемінің негізгі ережелерін, құндылықтар шкаласын, мәдени жетістіктерін сипаттауды көздейді. Нәтижесінде, студент антикалық мәдениеттің динамикасын, статикасын түсінуі керек.

Пәннің міндеті:

- студенттерді антика мәдениетіні” контексімен таныстыру;

- студенттерді антика мәдениетіні” жетістіктеріне тарту;

- антика мәдениетінің негізгі кезеңдерін және динамика мезгілдерін оқыту;

- антика әлемінің рәміздері, кодтарын талдау;

- антика мәдениетінің паттерндерін талдау



Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- антикалық дүние мәдениеті мәселелерін түсіну үшін теориялық негізді құрайтын базалық, өзекті түсініктерді қодана білуі тиіс ;

- антика әлемі мәдениетінің негізгі жетістіктерін;

мәдениеттің рәмізденуінің әдістері мен антика мәдениетінің паттерндерін;

- антика әлемі мәдениеті динамикасының негізгі кезеңдерін жөнінде түсініктері болуы;


  • антика әлемі мәдениетінің тарихындағы негізгі мәселелерді қарастыруда;

  • антика әлемі мәдениетінің негіздерін, оларды жабдықтау мәселелерін зерттеуінде икемді болуы;

- негізгі ұғымдар сөздігін, антика мәдениетінің терминдерін меңгеріп алу;

- антика мәдениеті динамикасының негізгі векторлары туралы мағлұматтылығын көрсету практикалық машықтарды иемденуі қажет.



2. Пререквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: мәдениетта, Ежелгі Шығыс тарихы, антика философияның тарихы.



3 Постреквизиттер:

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Ежелгі әлем мәдениеті, Ортағасыр және Қайта Өрлеу дәуірінің мәдениеті, сонымен қатар шектес пәндермен: антика философиясы, ортағасыр және Қайта өрлеу дәуірі философиясы, Ежелгі Шығыс философиясы, антика әдебиетінің тарихы, ежелгі әлем тарихы, мәдениет философиясы.



.

4 Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Кіріспе. Антикалық гармониялық космос мәдениеті ретінде

4

2

-

-

-

10

2

Антикалық мәдениет еуропалық мәдениеттің матрицасы ретінде

4

2

-

-

-

10

3

Крит-микен және гомерлік мәдениет антика мәдениетінің қалыптасуының басы ретінде

4

2

-

-

-

10

4

Архаика мәдениеті

6

2

-

-

-

15

5

Грек классикасы және эллинизм кезеңі

6

2

-

-

-

15

6

Ежелгі Рим мәдениеті

6

3

-

-

-

15

7

Антикалық көркем мәдениет

4

2

-

-

-

15

БАРЛЫҒЫ :

30

15










90


4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

1 Тақырып Кіріспе. Антикалық гармониялық космос мәдениеті ретінде

«Антика мәдениеті» пәні, мақсаты мен міндеттірі. «Антика мәдениеті» методологиясы және әдістемесі. Басқа пәндермен байланысы. "Белдеулік уақыт" концепциясы және әлемдік мәдениет тарихындағы сапалы төңкеріс. Мәдени процесстердегі сапалы өзгерістердің негізгі векторлары: мифологиядан философияға сапалы көшу – рационалды парадигманың қалыптасуы, материалды әрекетшілдік сферасындағы сапалы өзгерістер; әлеуметтік сферасындағы сапалы өзгерістер; жаңа мінез-құлық моделінің қалыптасуы. "Ұжым-әлем" антитезасының трансформациясы салдарынан "Адам-әлем" жаңа антитезасының қалыптасуы.


2 Тақырып Антикалық мәдениет еуропалық мәдениеттің матрицасы ретінде

Антика мәдениеті және оның кезеңге бөліну мәселелері. Антика мәдениетінің негізгі кезеңдері: грек колонизациясы кезеңі (б.э.д. VІІІ-VІ ғғ.), эллинизм кезеңі (б.э.д. ІV-ІІІ ғғ.), римдіктердің жаулап алу кезеңі (б.э.д. ІІ-І ғғ.). Ежелгі Грек және Ежелгі Рим мәдениетінің динамикасының негізгі этаптары


3 Тақырып Крит-микен және гомерлік мәдениет антика мәдениетінің қалыптасуының басы ретінде

Крит-микен мәдениеті ахейлік тайпалардың шығармашылық әрекеті ретінде. Криттің архитектурасы, мүсіншілігі. Ахей қалалары – Микен, Тиринф, Пилос. Микендік басилевсылар мен лавагеттер. Әскери-бюрократиялық құрама. Крит өркениеті. Микен мәдениетінің қалыптасуы. Жоғарғы қала. Микен өнері.


4 Тақырып Архаика мәдениеті

Гесиодтың "Теогониясы" – ежелгі грек мифтерінің жүйеге келтірілуі. Құндылықтар шкаласы: байлық, рахымшылдық, еңбек, эргон, дике. Әлемнің мифологиялық және космологиялық өлшемі. Антикалық қоғамдағы тағдыр туралы түсінік. Архаикалық мәдениеттің архитектурасы. Архаикалық ордерлердің жүйесі: дорийлік және ионийлік. Коринфілік ордер. Грек мүсіншілігі. Құдайлардың, кейіпкейлердің және жауынгерлердің (куросов) коралардың бейнелері.


5 Тақырып Грек классикасы және эллинизм кезені

Афиндік демократия және оның өзгешелігі. Афин азаматы туралы ұғымы. Афиндық экклесия (азаматтардың халықтық жиналысы). Ареопаг. Афиндық гелиэя (суд присяжных). Перикл (б.э.д. 444-429 жж.) және афиндық интеллектуалды элита.

Классика кезеніңдегі архитектурасы: Парфенон, Пропелеи. Мүсіншілік. Фидий, Пракситель, Мирон, Поликлет, Скопастың шығармашлығы. Классика кезенінің трагедиясы. Ежелгі грек трагедиясының катарсистік мінезі. Ежелгі грек трагедиясының ұлы жаратушылары: Эсхил, Софокл, Еврипид.

Лисиптің шығармашлығының гүлденуі. Тарихтің дамуы, философияның гүлденуі. Махаббат феномені. Өлім және оған қатынас.

Гректердің дүниетанымдық кеңістігінің кеңуі. Эллинизм кезнінің архитектурасы. Мозаика, сәндік м‰сіншілік, әшекейленген керамика. Мүсіншілік. "Лаокоон".
6 Тақырып Ежелгі Рим мәдениеті

Этрус мәдениеті. Этрус мифологиясы және өнері. Архитектура. Мифология және дін. Рим республикасының мәдениеті. Рим архитектурасының монументалдығы. Рим жолдарының салынуы. Аппиев жолдары. Рим қалалары және инженерлік құрылыстар: көпірлер, экведуктар, су құбырлары. Рим мүсіншілігіндегі портретті жанр. Рим империясы. Рим мәдениетінің эллинделінуі.


7 Тақырып Антикалық көркем мәдениет

Антикалық мәдениет антика әлемінің өзгеше өнері ретінде: геометрика, архитектуралық форманың көлемі мен салмағы, фактура және түс, тектоника. Архитектуралық композицияның құралдары: ритм, пропорция, масштабтылық, симметрия. Архитектуралық ордердің мағынасы. Витрувийдің "Архитектура туралы он кітап" трактаты.

Ежелгі Рим архитектурасы. Керамика өнері. Антикалық керамика. Құмыра жазу стилі.
4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі

1 Тақырып Кіріспе. Антикалық гармониялық космос мәдениеті ретінде

1. Грек мәдениетіндегі "Дионисийлік басы" – космос қалыптасуының алғашқы этапы ретінде.

2. Космос туралы мифтер. Грек космосы абсолют ретінде; Космос денелі-тірі организм ретінде.

3. Гомердің космосы. Космостың сипаттамалары.

4. Гесиодтың космосы. Пифагордың космосы, Платонның космосы.

5. Адам – микрокосм және космос. Космос және болмыс.

6. Антикалық космизмнің моделі. Кеңістік туралы антикалық түсінік. Кеңістіктің негізгі сипаттамалары. Уақыт туралы антикалық түсінік.
2 Тақырып Антикалық мәдениет еуропалық мәдениеттің матрицасы ретінде

1. Сайыскершілік антика мәдениетінің принципі ретінде

2. Олимпиялық ойындар – антикалық агон ретінде.

3. Пифийлік, Истмийлік, Немейлік ойындар.

4. Антика мәдениетінің мейрамдылығы.
3 Тақырып Крит-микен және гомерлік мәдениет антика мәдениетінің қалыптасуының басы ретінде

1. Гомер кезеңінің архитектурасы және өнері.

2. "Илиада" және "Одиссея" – ежелгі гректердің ұлы эпикалық поэмалары.

3. Көркем кәсібінің гүлденуі. Керамика.

4. Грек мифологиясы. Грек мифологиясының демонизмы, зооморфизмы, антропоморфизмы.

5. Гомер мәдениетінің түстік рәміздері.


4 Тақырып Архаика мәдениеті

1. Музыка.

2. Құмыра жазуының дамуы.

3. Грек жазуының пайда болуы.

4. Медицина және астрономия.

5. Тарих және жағрафия.

6. Натурфилософияның пайда болуы.

7. Архаикалық кезеңнің лирикалық поэзиясы және театры.


5 Тақырып Грек классикасы және эллинизм кезеңі

1. Эллинизм кезеңінің ғылымы.

2. Эллинистік әдебиетінің жанрлары: мінез-құлықтар комедиясы, эпиграмма, элегия.

3. Парк өнері және ойын-сауық ғимараттары. Қалалардың дамуы.

4. Александрийлік кітапхана.

5. Пайдея. Антикалық білім.


6 Тақырып Ежелгі Рим мәдениеті

1. Рим амфитеатрлары: Коллизей, Пантеон.

2. Триумфалды аркалар

3. Қалалық өмірді ұйымдастыру ерекшеліктері.

4. Рим империясының мүсіншілігі.

5. Рим философиясы және ғылым.

6. Рим құқығы. Өнердегі "Августовтық классицизм".
7 Тақырып Антикалық көркем мәдениет

1. Ежелгі грек мәдениетінің түстік рәміздері.

2. Антикалық мүсіншілік. Антика мүсіншілігінің канондары.

3. Антикалық театр: ежелгі грек театры, Ежелгі Рим театры.

4. Антика әлеміндегі костюм.

5. Антика әлеміндегі музыкалық мәдениет. Антикалық әдебиет.



5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ривкин Б. Өнердiң ықашам тарихы. - Алматы: Өнер, 2006.- 360 б.



Қосымша:

2. Эллада ерлерi: Грек мифтерi / орыс тiлiнен аударған Т.Тоқмағамбетов. - 2-шi басылымы. - Алматы: Жалын, 2008.-126 с.



3. Мифология: құрылымы мен рәмiздерi. - Алматы: Жазушы, 2005.-567 б.- (Әлемдiк мәдениеттану ой-санасы; т.2)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет