Жұмыс бағдарламасы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандықтарына арналған «Іскерлік қатынас этикасы»



бет4/4
Дата03.07.2016
өлшемі327 Kb.
#174369
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4


Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

2. Қазақ терминологиясының тарихы

3. Терминком бекіткен сөздер

4. Топонимика дегеніміз не?

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп нешінші бапта жазылған?

6. Диаспора дегеніміз не?

7. Термин деген не?

8. Терминдердің мағыналық ерекшеліктері қандай?

9. Морфология нені зерттейді?

10. Сөз құрамы неден тұрады?

11. Қосымшаның қазақ тілінде неше түрі бар?

12. Жұрнақ дегеніміз не?

13. Жұрнақтың неше түрі бар?

14. Мамандығына байланысты термин сөздерді жазып, жаттау.

15. Грамматикалық тапсырмаларды орындау.

16.»Менің мамандығым Қазақстан экономикасында» деген тақырыпта

17. Етістік қандай сөз табы?

18. Негізгі түбір, туынды, күрделі етістіктердің айырмашылығы неде?

19. Туынды етістіктер қалай жасалады?

20. Күрделі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

21. Газеттерден кездеулер туралы материалдар жинаңыз

22. Ресми қабылдауға сұхбаттар құрастырыңыз.

23. Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

24. Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

25. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалтырасыз ба?

26. Уақытты меңгеру не үшін қажет?

27. Апталық ,айлық, жылдық жұмыс жоспарын құрастырыңыз.

28. Қандай ақпараттық хабарларды көресің?

29. Нүкте қандай жағдайларда қойылады?

30. Қос нүктені қай кезде қоямыз?

31. Қандай сөздер тырнақшаға алынып жазылады?

5. Жақшаның қолданылуы. Қандай ақпараттық хабарларды көресің?

32. Үтір мен сызықша қандай жағдайларда қойылады?

33. Жарнама –кіріс кепілі. Жарнамалар жазыңыз

34. Қазіргі заман талабы – дер кезінде хабардар болу. Өз ойыңызды айтыңыз

35. Үтір мен сызықша қандай жағдайларда қойылады?

36. БАҚ-тың қызметті қандай?


Лексика-грамматикалық тест

1.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?

А 1998жылы

В 1999 жылы

С 1997 жылы

D 2005 жылы

Е 1996 жылы

2.Диаспора дегеніміз не?

А дұрыс жазу ережелерінің жиынтығын және оны қарастыратын тіл білімінің саласы

В дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығын қарастыратын тіл білімінің саласы

С өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бір бөлігі

D тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты орган

Е тіл білімінің жалқы есімдерін, олардың пайда болуы мен өзгеруінің тарихын зерттейтін бөлім

3.Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

А құлұн

В жұмұскер

С куаландыру

D қыйындау

Е құлын

4.Хабарландырулар мен жарнамалар қай тілдерде жазылуы керек?



А тек мемлекеттік тілде ғана жазылуы керек

В мемлекеттік және орыс тілдерінде және қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылуы керек

С мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы керек

D орыс тілдерінде және қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылуы керек

Е мемлекеттік және басқа тілдерде де жазылуы керек

5.Үндестік заңына бағынбай тұрған қосымшаны көрсетіңіз.

А өнерпаз

В терек


С әншілер

D өрт


Е дәптер

6.Мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларының мәтінінде олардың атаулары қай тілде жазылады?

А ресми тілде

В басқа тілдерде

С мемлекеттік тілде

D ресми және басқа тілдерде

Е мемлекеттік және ресми тілде

7.Тәуелдік жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз

А ағамен

В баламды

С мектеппен

D айтыскер

Е қыздікі

8.Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі.

А мемлекеттік немесе өтініш жазған тіл

В мемлекеттік тіл

С ресми тіл

D басқа тіл

Е ағылшын тілі

9)Мемлекеттік органдар актілері қай тілде әзірленіп, қабылданады?

А ресми тілде

В басқа тілде

С мемлекеттік тілде

D мемлекеттік және басқа тілдерде

Е ресми және басқа тілдерде

10.Буын үндестігі дегеніміз не?

А сөз таптары мен сөз құрамы

В дауысты дыбыстардың бір-біріне әсері

С сөз бен сөздің бір-біріне әсері

D сөздердің дұрыс айтылуы

Е сөйлемнің дұрыс жазылуы

11.Орфоэпия нені зерттейді?

А сөздердің дұрыс жазылуын

В сөздердің дұрыс айтылуын

С дыбыстардың жүйесін

D сөздердің мағыналарын

Е сөздің құрамын

12.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А ол 25- ке толды

В ол 25 толды

С ол 25 ке толды

D ол « 25 ке»толды

Е ол «25-ке» толды

13 Мемлекет басшысының атауындағы барлық сөздер және оның шешімдері қалай жазылады?

А алғашқы сөздері бас әріппен

В барлығы кіші әріппен

С барлығы бас әріппен

D тырнақшаға алынып

Е қысқартылып

14. «Мемлекеттік» сөзі қай сөзбен тіркескенде бас әріппен жазылады?

А жоспар

В комиссия

С елтаңба

D ұйым


Е меншік

15. Мерзімді баспасөз атаулары қалай жазылады?

А тырнақшаға алынып,кіші әріппен жазылады

В балығы бас әріптерімен жазылып,тырнақшаға алынбайды

С тырнақшаға алынып,бас әріптермен жазылады

D бас әріптермен жазылып, сызықша қойылады.

Е жақша ішінде бас әріптермен жазылады.

16.Мазмұны мен қызметіне қарай іс қағаздары қалай бөлінеді?

А ұйымдық - өкілеттік

В түпнұсқалық және көшірмелік

С жеке адамға қатысты және қызметтік

D ішкі және сыртқы

Е анықтамалық - ақпараттық

17. «Бегунок» сөзінің аудармасы қандай?

А жүргізу

В жарнама

С жүгіру

D сырғанақ

Е жүгіртпе

18.Дұрыс жазылған сөзді табыңыз

А жалпы халықтық

В жалпыхалықтық

С жалыпы халықтық

D жалыпхалықтық

Е жалпхалықтық

19. «Стерилизация» сөзінің аудармасы

А жуу

В қайнату



С тазалау

D көріктендіру

Е зарарсыздандыру

20.Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.

А құмыр-сқа

В құм- ырс-қа

С құ- мырс-қа

D құ -мы-рс-қа

Е құ-мыр-сқа

21.Орфография нені зерттейді?

А сөздердің дұрыс айтылуын

В сөйлемдердің құрылымын

С сөз тіркестерін

D сөздік қорды

E сөздердің дұрыс жазылуын

22.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.

А -қой,- де, -гі

В -ғы,- де,- мен

С -кер,- гер, -кеш

D -лын, -гелді, -ғана

Е -ды, -ді, -ты,-ті

23.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз

А Қансонарда - бүркітші шығады аңға.( Абай).

В Қансонарда бүркітші шығады аңға (Абай).

С Қансонарда бүркітші, шығады аңға (Абай.)

D Қансонарда бүркітші шығады, аңға (Абай )

E Қансонарда ,бүркітші шығады аңға. ( Абай).

24.Құжаттар жасалу сатысына қарай қалай бөлінеді?

А жедел және жедел емес

В қызметтік және жекелік

С түпнұсқа және көшірме

D шын және жалған

Е дұрыс жауап жоқ

25.Құжат сөзі қандай мағына береді?

А дәлелдеуші

В деректеме

С бұрыштама

D куәлік


E түйіндеме

26.Іс қағаздарында қолданылатын стиль?

А ауызекі сөйлеу стилі

В ғылыми стиль

С ресми стиль

D көркем әдебиет тілінің стилі

E публицистикалық стиль

27. Құжаттың тіркеу нөмірі деген не?

А құжаттың саны

В тіркеу кезінде берілген құжаттың шартты сандық белгісі

С тіркеуден кейін берілетін құжаттың шартты сандық белгісі

D бекітілетін құжаттың сандық белгісі

Е алушының сандық белгісі

28. «Предприятие» сөзінің аудармасын табыңыз.

A өндіріс

В мекеме


С кәсіпкер

D кәсіпорын

Е құрылым

29 «Адресант» деген кім?

А құжатты алушы

В құжатты беруші

С құжатты жөнелтуші

D құжатты әкелуші

Е құжатқа қол қоюшы

30. «Аннотация» деген не?

А Түпнұсқаның қысқаша сипаттамасы

В түпнұсқаның көшірмесі

С құжаттан үзінді

D құжаттың анықтамасы



Е құжаттың жазылуы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет