Пән бойынша практикалық тапсырма: Ғылыми-педагогикалық жобалау технологиясы



Дата11.10.2023
өлшемі22.19 Kb.
#480436
Емтихан тапсырмалары. Ғыл.пед.жобалау (копия)


Пән бойынша практикалық тапсырма:
Ғылыми-педагогикалық жобалау технологиясы
1 курс- Магистратура (ПМНО)


Нұсқаулық: берілген құрылымға сәйкес таңдалған тақырып бойынша жоба құрастыру.


Талаптар мен педагогикалық жобаның құрылымын мұқият оқыңыз!!
Талаптар:
1) таңдалған тақырып бойынша жоба әзірлеу
2) тақырып бойынша 3 тілде терминологиялық сөздік жасау.
3). Жобаның мақсаты мен міндеттері 2 тілде жазылуы керек (қазақ - ағылшын немесе орыс - ағылшын)
Педагогикалық жобаның құрылымы
(жобаның құрылымы сақталу керек!!!)

1. Титул беті (тақырып, толық аты-жөні)


2. Жобаның қажеттілігін негіздеу:
- проблемалық жағдайды талдау;
Экономикада, әлеуметтік салада қарқынды және үдемелі еніп жатқан жаңа тенденциялар білім беру үдерісінің өзгеруіне әсер етті. Өркениетті елдердің даму мүмкіндіктері артқан сайын білім кеңістігіне деген талаптар да қатаң болуда. Осындай күрделі өзгерістер оқыту процесінің дамуына да әсер етеді. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сонымен қатар оқушының креативті ойлауын дамыту маңызды мәселеге айналды.
- жобаның мұғалім, оқу орны үшін өзектілігі;
Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі. Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін үнемі ізденуден жалықпайтын, оқытудың тиімді жолдарын меңгерген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете алады. Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге мән берсек, мұғалім сабақ үдерісін басқарушы, бақылаушы болып табылады.
- педагогикалық жобаның заманауи мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

3. Жобаның мақсаттары мен міндеттері (мәселені шешу үшін қойылған нақты мақсаттарды, сонымен қатар мақсатқа жету үшін шешілетін міндеттерді анықтау).


4. Жобаның негізгі мазмұны:


- қойылған мақсатқа жету жолдары мен әдістерінің сипаттамасы;
- жобаны жүзеге асыру механизмін әзірлеу және т.б.

5. Мақсатты аудитория (жоба әзірленетін мақсатты топ).


6. Жобаны іске асырудың болжамды жоспары (дайындық кестесі, жоспарланған іс-шаралармен жобаның кезеңдері).


7. Күтілетін нәтижелер:


- нәтижелер-өнімдер - жобаны жүзеге асыру кезінде пайда болатын жаңа материалдық объектілер (кітап, фильм, әдістемелік әзірлеме, көрме, жаңа білім беру бағдарламасы және т.б.) және/немесе
- нәтижелер-эффекттер, яғни. жобаның нәтижесінде болатын әлеуметтік, мәдени, психологиялық өзгерістер.).

8. Жобаны одан әрі дамыту перспективалары (жобаны одан әрі жалғастыру мүмкіндігі, аумақты кеңейту, қатысушылардың, ұйымдастырушылардың контингенті, мазмұнын әзірлеу мүмкіндігі және т.б. Жобаны одан әрі жалғастыру үшін ресурстарды көрсету.


9. Әдебиет


Жоба тақырыптары:

1. Оқушыларды гибридті оқу ортасын құру арқылы оқу ынтасын арттыру

2. Кіші мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
3. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын цифрлық технологиялар арқылы дамыту
4. Аралас оқыту арқылы оқушылардың оқу белсенділігін арттыру
5. Оқыту үрдісіне АКТ құралдарын енгізу арқылы кіші мектеп оқушыларының оқу мотивациясын арттыру.

6. Коуч технологиясы арқылы оқушылардың табысты оқуын қалыптастыру


7. Оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу жолдарын анықтау
8. Бастауыш сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру
9. Бастауыш мектепте инклюзивті білім беру арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін арттыру
10. Цифрлық платформалар арқылы оқушылардың білімін бағалауды ұйымдастыру
11. Бастауыш мектепте жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
12. Цифрлық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық дағдыларын дамыту
13. Онлайн оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын дамыту
14. Сабақтан тыс оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту
15. Қызықты математика материалдарын қолдану жолдары
16. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту
17 Бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалаудағы жаңа тәсілдер
18 Онлайн оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық интеллектісін дамыту
19 Денсаулықты сақтау тұрғысынан білім беру процесін жетілдіру
20. Кіші мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру.
21. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу
22. Бірінші сынып оқушыларын оқудың алғашқы жылдарында психологиялық қолдау жасау
23. Критериалды бағалау арқылы кіші мектеп оқушыларының оқу мотивациясын арттыру
24. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
25. Қазіргі заманғы оқыту форматы ретінде қашықтан оқытудың тиімді жолдарын анықтау
26. Бастауыш сынып оқушыларының жұптық жұмысын ұйымдастыру
27. Коуч технологиясы арқылы оқушылардың табысты оқуын қалыптастыру
28. Оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу жолдарын анықтау
29. Бастауыш мектеп оқушыларының креативті ойлауын дамыту
30. Цифрлық ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет