Оқытудың мақсаты: магистранттарда «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша тұрақты білімді, іскерлік пен машықтарды қалыптастыру және бекіту, бейіндік пәндерді меңгеруге даярлау.
Міндеттері:
магистранттарға мейірбике ісіндегі этика негіздерінің маңызды ережелері мен принциптері туралы мағлұмат беру;
мейірбике ісіндегі этика негіздерінің басқарушылық және клиникалық шешім қабылдаудың қазіргі практикасындағы шынайы орнын зерттеу;
магистранттарға қазіргі клиникалық және биомедициналық зерттеудегі мейірбике ісіндегі этика негіздерінің теориялық рөлін көрсету;
олардың бүкіл белсенді өмір сүруіндегі өзін – өзі жетілдіруі мен өзін – өзі дамытуға, қажеттіліктері мен жаңа білімді өз бетіше шығармашылық тұрғыда меңгеруге деген қасиеттерін тудыру;
магистранттарды ғылымдар түйісінде шынайы дамушы өмірде кәсіптік икемділікке ие ететін іргелі біліммен қамтамасыз ету;
Пәннің қысқаша мазмұны:
Кредит №1
Медицина қызметкерінің кәсіптік мінезі және оны реттеу тәсілдері. Құндылықтар және олардың типтері. Кәсіби мейірбикеге қажет құндылықтар. Кәсіптік этика жөніндегі басшылық. Мейірбикелік этикалық кодекс. мейірбике қызметінің әмбебап моральдық принциптері. Мейірбикелер және адамдар. Мейірбикелер және практика. Мейірбикелер және қоғам. Мейірбикелер және әріптестер. Мейірбикелер және мамандық. Ауру және медициналық этика мәселесі туралы қазіргі көзқарас. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіндегі қателер және олардың этикалық бағасы. Медициналық құпия және науқастың ақпараттардырылуы.
Сабақ беру әдіснамасы
Дәрістер: шолу-иллюстрациялық, проблемалық.
Практикалық сабақтар:ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс істеу, тестілеу, пікірталас, презентация, кері байланыс, медициналық әдебиеттермен жұмыс істеу, ғаламторда ақпарат іздеу, жеке және топтық тапсырмалардың орындалу нәтижелерін тақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |