Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен бекітілген 6М110300 -«Мейірбике ісі»


Бағдарлама Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет66/81
Дата21.02.2024
өлшемі0.56 Mb.
#492643
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
РП 10 предметам. каз (3)

Бағдарлама

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Қазіргі кезеңдегі денсаулық сақтау саласының басты мақсаты медициналық көмек сапасын жақсарту. Медициналық көмек сапасының деңгейіне бірқатар факторлар ықпал етеді, соның ішінде мейірбике персоналының қызметін ерекше атап кету қажет.
Дәрігердің, мейірбикенің шынайы әрекеттерін салыстыруға негізделген және науқастың жеке ерекшеліктерін ескере отырып медициналық көмектің қандай болуы тиіс деген пікірге сүйене отырып медициналық көмектің сапасын бағалау қазіргі кезеңдегі ең маңызды міндеттердің бірі.
Мейірбике ісі-маңызды кадрлық ресурстарға ие денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Мейірбикелік қызмет көрсету денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді ұсынудың үнемді тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылады. Мейірбикелік қызмет көрсету жүйесін дамыту денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігін әріқарай арттыруға бағытталған жалпы тенденцияның бір бөлігі болып табылады.
Мейірбикелік қызмет сапасы мүмкіндіктерді анықтайтын түрлі өлшемдер кешенін талдау нәтижесі бойынша жүйе ретіндегі саланың қызметін сипаттайтын халыққа медициналық көмек көрсету сапасының маңызды аспектісі болып табылады: Ресурстық қамтамасыздандыру, басқару тиімділігі, функционалдық қасиеттер тұрғысынан ұйымдастыру.
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау үрдісінде орта буын медициналық қызметкерлердің рөлі олардың барынша өз бетінше қызмет көрсете алу бағытына қарай артып отыр. Бірақ, емдеу-диагностикалық үрдістегі мейірбикелердің рөліне қазіргі қалыптасқан дәстүрлі пікірлер бойынша оларды дәрігерлердің нұсқауларын орындаушылар ретіндегі тұлғаға жатқызады. Осы қалыптасқан жағдайда медициналық көмекті сапасын бағалау кезінде дәрігерлердің жұмысы нәтижелерінде мейірбикелік персоналдың іс-әрекет нәтижесінің үлкен үлесі жатқандығын байқаймыз. Егер дәрігердің қызметінің сапасы ақырғы нәтиже бойынша бағаланатын болса, онда осы нәтижеде мейірбикелік персоналдың үлесін бөліп, науқыстың денсаулығына ықпал еткен мейірбике жұмысының сапасы қаншалықты екендігін осы ықпалдың тікелей дәлелдерінсіз анықтау өте қиын.
Қазіргі кезде ҚР медициналық көмек сапасын сараптау дәрігерлер жұмысын бағалауға негізделген, ал мейірбикелік көмекті және мейірбикелік күтім қызметін бағалау мәселелері қазіргі сапаны бағалау жүйелерінде қажетті дәрежеде қолданыс таппаған. Бұл мейірбикелік үрдісті стандарттау мен құжаттандыруды қарастырған мейірбикелік практика технологиясын реформалау үрдісінде күн тәртібіндегі тұрған мәселе.
Мейірбикелік көмек сапасы түсінігі емдеу-диагностикалық үрдіспен ажырағысыз байланысқан, сондықтан осы үрдістегі емдеу, сауығу, айығу тиімділігінің тәуелді болатын мейірбикелік персоналының рөлі ерекше.
Мейірбикелік көмек сапасын бағалаудың критерилерін нақты анықтау маңызды іс. Процедураларды дұрыс орындау, дәрігерлік нұсқауларды дер кезінде орындау, санитарлық нормаларды қабағалу, құжаттарды жүргізу жалпы бөлімдегі тәртіп, сонымен қатар мейірбикелердің этикалық нормаларды орындауымен қатар науқастарға және олардың отбасыларына көңіл бөлуі жағдайларын бағалау қажет.
Мейірбикелік көмек сапасын бақылау процедурасы-сапаны басқарудың маңызды функцияларының бірі және олар мейірбикелік қызметтің жаңа бағытын білдіреді. Олар бас және аға мейірбикелердің міндеттеріне ендірілген. Мейірбикелік қызмет басшылары қызметтің осы түрін мейірбикелік мамандықтың түрлері бойынша мейірбикелік көмек сапасын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін бағалаумен бақылаудың сәйкес әдістері жасалған кезде ғана жемісті іске асыра алады.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу күнтәртібінде тұрған мәселе, себебі денсаулық сақтау жүйесі халыққа көрсетілетін кәсіби мейірбикелік кадрлардың жоғары білікті және қол жетімді көмегінсіз қамтамасыздандыра алмайды. Мейірбикелер қол жетімді және сапалы көмектегі халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық әлеуетті, шынайы мүмкіндіктеріне ие.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет