Оқытудың мақсаты:магистранттарда «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша тұрақты білімді, іскерлік пен машықтарды қалыптастыру және бекіту, бейіндік пәндерді меңгеруге даярлау.
Міндеттері:
Магистранттарға «Мейірбикелік жұмысы процесін және мейірбике ісіндегі құжаттаманы ұйымдастыру» пәні бойынша білім, білік және дағды қалыптастыру;
«Мейірбикелік жұмысы процесін және мейірбике ісіндегі құжаттаманы ұйымдастыру» пәні бойынша басқарушылық және клиникалық шешім қабылдаудың қазіргі практикасындағы шынайы орнын зерттеу, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды жүзеге асыру процесінде;
Магистранттарға кешенді пән аралық, сектор аралық, кәсіби іскерлік саласындағы мәселелерге дайындық бағыттарын анықтайтын пән мүмкіншіліктерін қолдануды түсіндіру;
Магистранттарды ғылымдар түйісінде шынайы дамушы өмірде кәсіптік икемділікке ие ететін іргелі біліммен қамтамасыз ету;
Пәннің қысқаша мазмұны:
Кредит №1
Медицина қызметкерінің кәсіптік мінезі және оны реттеу тәсілдері. Құндылықтар және олардың типтері. Кәсіби мейірбикеге қажет құндылықтар. Кәсіптік этика жөніндегі басшылық. Мейірбикелік этикалық кодекс. мейірбике қызметінің әмбебап моральдық принциптері. Мейірбикелер және адамдар. Мейірбикелер және практика. Мейірбикелер және қоғам. Мейірбикелер және әріптестер. Мейірбикелер және мамандық. Ауру және медициналық этика мәселесі туралы қазіргі көзқарас. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіндегі қателер және олардың этикалық бағасы. Медициналық құпия және науқастың ақпараттардырылуы.
Сабақ беру әдіснамасы
Дәрістер: шолу-иллюстрациялық, проблемалық.
Практикалық сабақтар: ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс істеу, тестілеу, пікірталас, презентация, кері байланыс, медициналық әдебиеттермен жұмыс істеу, ғаламторда ақпарат іздеу, жеке және топтық тапсырмалардың орындалу нәтижелерін тақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |