Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум


Жезтырнақ: Болмайды! Соғысшыл мені қолдайды, Бар байлық соның жолында, Соғыс пульті қолымда. Шырша



бет7/9
Дата25.02.2016
өлшемі0.83 Mb.
#20304
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жезтырнақ:
Болмайды!

Соғысшыл мені қолдайды,

Бар байлық соның жолында,

Соғыс пульті қолымда.



Шырша:

Аяз ата! құтқарыңыз пәледен,

Апат болып ! Бүлінбесін бар әлем.

Көмекке келген Аяз Атаны ең алдымен Жезтырнақ алдамақ болады:

Саған мені жіберді зиялы көп,

Дос болайық! Ешкімге зияным жоқ!

Ал, Аяз ата Жезтырнақтың кім екнін біліп қойғанда, ол бірден алыса жөнеледі.

Аяз Ата:

Аязбын шытырлаған

Аязыммен қатырармын!

Жезтырнақ:

Әй, маған беріл бұйырамын,

Әйтпесе бомбаларға сиынамын.

Жаңа жылды тойлатпаймын!

Жаңа білдім ойлап жайын:

Декабрьді бөгеп қалам!»

Алайда, Уақыт, Декабрь, Аяз ата үшеуі бірігіп Жезтырнақтың өзін бомбаға мінгізіп ұшырып жібереді. Соңы жаңа жылдық мерекеге ұласады. Пьесаның жалпы идеясы жақсы, бірақ автор сол идеяның мәнін аша алмаған. Пьесада құрғақ сөз өте көп, әрекет аз./1, 81 б./

Қорыта келгенде балаларға арналған драмалық шығармалардың шағын түрлері көбіне бүлдіршін жасындағылар мен төменгі сынып оқушылары үшін жазылған туындылар екені айқындалды. Мұның өзі баланың жас ерекшелігіне, оның психологиялық жетілу мен таным- түйсігіне байланысты болып отырғанын естен шығармау абзал.


&&&

$$$002-009-100$ Дәріс бойынша сұрақтар:
1. Қазіргі балалар драматургиясы.

2. Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі.

3. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқыиының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік мәселелерінің өткірлігі.
&&&

$$$002-010-000$3.2.10 Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров және балалар әдебиетіндегі жаңа бағыт.

&&&

$$$002-010-001$3.2.10.11.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы.

&&&

$$$002-010-001$3.2.10.22.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  шығармашылық мұрасы

XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды. Мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты:

 

Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,



Разымын, не көрсем де осы жолда.

Шаршармын, адасармын, шалдығармын,

Бірақ бір табамын деп көңілім сонда, –

 

деп өзі айтқандай, ақынның барлық саналы өмірі шындыққа, әділетті заманына жетсем, жақсылықты көрсем, халқыма осы жолда қызмет етсем деген ізгі арманның жетегінде өтті. Сол жолда өзінің қиналатынын, шаршайтынын, адасатынын сезсе де, қайраткер ақын оның бәріне көнуге өзіне-өзі серт береді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында осындай жігермен алға ұмтылған ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат дәрежесіне көтерілді.



Өмір жолы. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Екі жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "Шоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады.

Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902-1903 жылдары – Әлі, 1904-1905 жылдары – Тортай, 1906-1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады.

Сұлтанмахмұттың он үш жасында жазылған "Секілді өмір қысқа, жарты тұтам" – деп аталатын алғашқы өлеңі, міне, осы Мұқан молданың ықпалымен туған еді.

 

Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,



Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.

Аз өмірді ақындық жолға бердім,

Лепес қып түкірген соң молда Мұқан, –

 

деп жазады бұл өлеңінде болашақ ақын.



1908-1910 жылдары Сұлтанмахмұт Баянауылдағы медреседе оқиды. 1911 жылы Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады. Нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. Өлең, әңгіме жазуға ден қояды. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады.

1912 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады.

Әйтсе де бұл медреседе көп оқи алмайды. Қыс өте науқастанып, амалсыздан Троицк маңындағы қазақ ауылдарына барып, бала оқытады. Өзі де көп оқиды, өлеңдер жазады. Осында жүріп "Ауырмай есімнен жаңылғаным" – деген белгілі әңгімесін жазады.

1913 жылдың күзінде Троицкіге оралып, осында шығатын "Айқап" журналына қызметке орналасады. Бұл Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолындағы аса табысты кезең болды. Шабыты толысқан ол әр түрлі жанрда көптеген шығармаларын жазады. Атап айтқанда, "Қамар сұлу" романы, "Өлең және айтушылары", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жайы қалай?" деген тәрізді мақалалары, бірсыпыра өлеңдері осы "Айқап" редакциясында қызмет істеп жүрген уакытында дүниеге келеді. Осында жүріп "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" атты жинақтарын әзірлейді. Өкінішке орай, бұл кітаптары жоғалып кетеді.

1914 жылдың жазында ауылда біраз болып, қаржы жинап, үлкен қалалардағы оқуға бармақ ниетпен Сұлтанмахмұт Баянауылға келеді. Ел ішінде бала оқытады, жастар арасында оқуға, мәдениетке шақыратын насихаттық жұмыстар жүргізеді. "Шоң" деп аталатын мәдени-ағарту ұйымын құрады.

Күзде орысша оқу мақсатымен Семейге барады. Бірақ оқуға іліне алмайды, қаржысы таусылады. Көп қиындық көреді. Ақырында Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай деген жерге барып, екі жылдай осы аймақта бала оқытады. Арасында өзі де орысша оқиды. Бірқатар өлеңдерін, "Кім жазықты?" – деп аталатын өлеңмен жазылған романын жазады.

1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курсқа ілігеді. Әдебиет, тарих, философия кітаптарын көп оқиды. Қиындықтарға кездеседі, жоқшылық көреді.

Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады.

1918 жылдың жазында кеңес өкіметі құлаған аласапыран тұсында емделу мақсатымен Сұлтанмахмұт Баянауылға келіп, шығармашылық жұмысын жалғастырады. "Социализм" атты мақала, "Неге жасаймын?", "Осы да әділдік пе?", "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларын жазады. Бұл шығармаларында ақын айналасына көзқарасын білдіреді, өмірге үмітпен қарайды. Өзінің демократтық ой-пікірлерін, түсінігін алға тартады.

1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады.


ІПығармашылық мұрасы. Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды.

Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы – өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.

Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.

Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады.

Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады.

Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды.



&&&

$$$002-009-100$ Бекіту сұрақтары:

1.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы.

2.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  шығармашылық мұрасы
&&&

$$$002-011-000$3.2.11 № 11 дәріс.

Тақырыбы: Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 1.Қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасуы.

&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 2.Балалар әдебиеті - келешек әдебиеті.

Қазақ кеңес балалар әдебиетінің де қалыптасу кезеңі Қазан революциясының алғашқы күндерінен (1918-1920) басталады. «жас балалар кітабына қойылатын шарттар » атты «жаңа мектеп» журналында (1927) шыққан Қазақстан оқу комиссариатының нұсқау хатында балалар әдебиетінің өзіндік ереекшеліктерін айтып берген. Жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кеңес балалар әдебиетінің алдына қойылған тілек - талаптардың негізігі мақсаттары сол кездің өзінде айқын көріне бастаған.

«Бала кітабы жай бір қара тақпақ тілімен жазылмасын . Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін байытатын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала кітабындағы кейңіпкерлер айқын болсын... Қаһармандары, сөздері балаларға түсінікті, сүйкімді келсін » - деген.

Ұлы Қазан революциясының алғашқы күндерінен бастап –ақ Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шолпан Имнабаевалар халықтық шығармалардың дәстүрін пайдалана отырып, үлкендермен қатар балаларға да түрлі ұлттық , мазмұны жаңа шығармалар жазып бере бастады. Бұл жазушылар қазақ кеңес балалар әдебиетінің ірге тасын қалап, негізін тұрғызушылар болды [3-13-14б].

Жас ұрпақты жан – жақты тәрбиелеу жіне білім беру үрдісінде оларды қан жақындығы емес, жан жақындығына баулу бүгінгі өмір талабынан туындайды. Бұл туралы ұлы ойшыл Әл –Фараби « тәрбиелеу дегеніміз- халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» деген. Осындай ізгіліетер мен өнерлерді бала бойына дарыта тәрбиелеуде ұсстаздар мен ата - аналар ұстанатын пәрменді құралдардың бірі - көркем әдебиет.

Балалар әдебиеті туралы ұлы орыс классигі В. Г. Белинский : «балалар кітабы тәрбие үшін жазылады, ал тәрбие ұлы жұмыс, адам тағдыры сол тәрбие арқылы шешіледі» ,- деген. Балалар әдебиті - ұрпағымыздың ұясы. Балалар әдебиеті баланың көңіл- күйін қуанышқа кеңелтіп, қиялын қанаттандырып , психикалық сезім әрекетіне айрықша әсер етеді. Сондай - ақ, көркем әдебиет балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Көркем сөз өрнегін балал құлағына тыңдатып, сәуле түсіреді, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алады. Көркем әдебиет арқылы кішіге қамқорлық, үлкенге жәрдем, еңбекті құрметтеу, достық пен инабаттылық , адамгершілік қасиет , ұлттық үлгі - өнеге, өмірмен танысады.

Балалар әдебиеті - келешек әдебиеті. Белгілі академик жазушы Мұхтар Әуезов : «Ел боламын десең , бесігіңді түзе» деген екен. «Бесікті » түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу. Бүгінгі балалар әдебиеті өрісі биік, өресі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет.

Балалар әдебиетінің қалыптасу, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик Әлкей Марғұлан , академик – жазушы Мұхтар Әуезов , зерттеуші ғалымдар Мәлік Ғабдуллин , Бердібай Шалабаев , Ш. Ахметов, тағы да басқаларды атауға болады. Қазақтың болашақ әдебиет туралы ғылымның алғашқы кірпішін қалаған Шоқан Уәлиханов еді. Ол поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде, әрі халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде байытып, сол арқылы сөз өнерінің таным мен тәрбие тарпындағы мәні мен маңызына тоқталды.

Қазақ даласына ғылым мен білімнің алғашқы қоңырауын соққан ұлы ағартушы - педагог Ыбырай Алдтынсарин қазақ балаларына арнап көптеген оқулықтар жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық дүниетанымның қалыптасуына жол ашқан. Ыбырай 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы » атты кітап шығарып «Қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы» атанды. Ол қазақ балаларының табиғи ерекшеліктеріне байланысты көптеген өлең - жырлар , әңгімелер жащзып, ұлттық көзқарастарын оята білді.

Қазақ ағартушыларында үлкен орын алған үлы ақын , ойшыл- демократ Абай Құнанбаев. Оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінде жастарды өнер - білімге шақырып, адамгершілікті, инабаттылықты дәріптеуді насихаттайды[2-300б].

Белгілі ұстаз - ғалым Мәлік Ғабдуллин - қазақ ауыз ідебиетінің ғылыми - теориялық міселелерін жан - жақты зерттеген педагог. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Ата – аналарға кеңес» (1966) атты кітабында халықтың рухани бай мұрасы - ауз әдебиеті үлгілерінде балаларды адал, шыншыл, еңбекшіл, патриот етіп тәрбиелеуге баулитыны туралы сыр шертеді. Ол балаларды туған жерді қорғауға, ана тілін ардаұтауға, ізетті де мейірімді болуға шақырады.

Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгірв, Спандияр Көбеев, Өтебай Тұрманжанов, Мұсафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалив, тағы басқа халықтық шығармалардың дістүрлерін пайдалана отырып, балаларға аранап өлең жырлар жазған. Олардың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, балалардың тілін ширатып, ойын дамытады, еңбекке, отанды сүюге, оны қорғауға тәрбиелейді. Сондай -ақ олардың өлеңдері балалардың ұғымына оңай, өысқа, тұжырымды, тілге жеңіл жазылған.

Сәкен Сейфуллин шығармалары балаларды еңбек етуге, отанды сүюге , оны қорғауға шақырады. «Еңбекпен айналысу баланың ой - өрісін кеңейтіп, саналы да тәртіпті болуға баулиды. Сондай – ақ, еңбек оларға практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастырады, өмірге деген дұрыс көз қарастарды меңгертеді » деп тұжырымдайды.

Ілияс Жансүгіров - қазақ балалр әдебиетіне үлес қосқан ақын. Оның «малта», «балалараға тарту », тағы басқа өлеңдерінде ақын балаларды оқыға, өнер - білімге шақырады. Қазақ балалары жазушылары шығармаларының барлығы бүлдіршіндерді жан – жақты тәрбиелеуде елеулі орны алады.

Бердібек Соқпақбаев «балалық шаққа саяхат» атты повесінде өзінің балалық шақта басынан кешкендерін кішкентай Бектас арқылы көрсетеді. Оның шығармалары жас ұрпақты шыншыл, адал, патроит етіп тәрбиелеуге баулиды.

Болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың тәлімдік мұраларының орны ерекше. Соның ішінде Мұзафар Әлімбаевтің «Бұл қай кезде болады?» , «Менің ойыншықтарым», «Әріптер сыры» тағы да басқа балалараға араналаған өлеңдерң қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға , терең пікірге толы.

Балалар жазушысы Өтебай Тұрманжановтің шығармалары еңбекке, бірлікке, достыққа, ынтымаққа тәрбиелейді. Оның шығармалары тілі жатық, ұғымға жеңіл, оқуға қызықты, балларға бір жағы ермек, бір жағы - тәрбие.

Ал педагог - ақын Ә. Табылдиев баланың психологиясын жақсы біледі, өлеңді баланың қиялына, ойына, тіліне лайықтап, тұжырымдап, көбінесе қызықты сюжетке құрып жазады. Оның өлеңдері балалрдың тілін ширатып, ойын дамытады, еңбекке, отан сүйгіштікке тәрбиелейді.

Балалар жазушысы Ә. Дүйсенбиевтің шығармалдары балалар өміріннен жазылған немесе оларды айналасындағы дүниені танытуды көздейді [1-96-99б].

Қорыта айтқанда, қазақ кеңес блалар әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі , түрі, ұлттық мазмұны, әдебиеттің бір саласы ретінде көрінді.

Балаллар әдебиетін құру ісінде оның болашағы айқындалып, мазмұн, сапа, көркемдік идясы жағынан қалыптасуы мен дамуына эстетикалық тәрбие беру тұрғысынан зор талаптар қойылып отырды.
&&&

$$$002-011-100$Дәріс бойынша сұрақтар:

1. Қоғамдық тарихи жағдай.

2. Көрнекті балалар ақын – жазушылары.

3. Балаларға арналған туындылардың идеялық, тақырыптық негізі.


&&&

$$$002-012-000$3.2.12 12-ДӘРІС
1940-50 жылдардағы (соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы) балалар әдебиеті
&&&

$$$002-012-001$3.2.12.1 1.1940-50 жылдардағы балалар әдебиетінің дамуы.

&&&

$$$002-012-001$3.2.12.2 2. С.Бегалин

&&&

$$$002-012-001$3.2.12.3 3. М.Иманжанов


  1. 1940-50 жылдардағы балалар әдебиетінің дамуы.

Қазақстан Кеңес Одағының құрамында 1941-1945 жылдары фашистік Германияға қарсы соғысқа қатысты. Бұл соғыс жалпы Одақ үшін де, оның қол астындағы халықтар үшін де ауыр кезең болды.

1. Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу

орындары, соғысқа жарамайтын халық Қазақстанға көшірілді;

2. Ер адамдар майданға кетіп, жұмыстың ауыртпалығын әйелдер

мен жас балалар және қарттар көтерді.

Әдебиет алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

1. фашизмнің басқыншы саясаты мен жауыздығын әшкерелеу,

2. халықты кек алуға шақыру;

3. майдандағы ерлердің ұнамды бейнелерін жасау;

4. елдегі ерлердің ұнамды бейнелерін жасау;

5. майдандағы және тылдағы ерлерді көпке үлгі ету.

Бұл міндеттер әдебиеттің көркемдік бағытына бірсыпыра нұқсан келтірді. 1-шіден, қаламгерлер бұрыннан жазып жүрген, әбден зерттеп білген тақырыптарын тоқтатуға мәжбүр болды. 2-шіден, төтен тақырыпқа құлақ асуға мәжбүр болды.

1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты.

Қолдарына қару алып майданға аттанған қаламгерлер А.Гайдар, Л.Кассиль, С.Михалков, Л.Пантелеев, В.Катаев т.б. болды. 1941 жылдың күзінде А.Гайдар қаза тапты. Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін жасауға қазақ қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова, М.Иманжанов еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілов, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекхожин, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров, С.Мәленов, Х.Ерғалиев қолдарына қару алып, майданға аттанды.

Балалар үшін ең жақсы классикалық туындылар мен кеңестік дәуірдегі кітаптар, бірінші кезекте кеңестік Ресейдің өткені жөніндегі кітаптар бірнеше мәрте басылып шықты. Соғыс кезінде орыс аңыздары, Пушкиннің «Полтавасы», Лермонтовтың «Бородиносы», Гогольдің «Тарас Бульбасы», Л.Толстойдың «Севастополь әңгімелері», Фурмановтың «Чапаевы», Серафимовичтің «Железный поток», Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» және т.б. кітаптар жарық көрді.

Қиын-қыстау кезеңдегі халықтың күрделі қат-қабат өмірі әдебиеттің барлық жанрлық түрлерінде көрініс тапты: лирикалық өлеңдер, публицистикалық мақала, очерк, қысқа әңгімелер, поэма, баллада, повесть, ал кейіннен тіпті романдар пайда бола бастады. Бір жанр элементінің екіншісінен көрінуі, әр қилы әдеби жанрлардың өзара кірігуі байқалды. Лирика публицистикалық сипатта көрінсе, эпос лирикалық қасиетпен ерекшеленді. Отан қорғауға аттанған солдат туралы өлең, поэмалар 2 түрлі үлгіде жазылды: 1-шісі, жалпы жауынгерге тән сипаттарды біріктірген жиынтық бейне болса, 2-шісі, нақты аты белгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналды. Соғыс кезінде ерекше көзге түскен майдан батырлары Б.Момышұлына, М.Ғабдуллинге, М.Мамыраевқа, Ә.Молдағұловаға, М.Мәметоваға, Т.Тоқтаровқа, Н.Әбдіровке т.б. арналған өлеңдер негізінен олардың ерлік жолының нақты фактісіне құрылады. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Қ.Бекхожиннің «Жиырма сегіз», Д.Әбіловтің «Майданбек», М.Хакімжанованың «Мәншүк»(1945), Қ.Сатыбалдиннің «Әлия», І.Есенберлиннің «Сұлтан» поэмалары соғыс майданы шындығын нақты деректер шеңберінде жырлауға құрылды.

Балаларға арналған драматургия, фантастика, ғылыми-көпшілік әдебиет, жасы кіші балаларға арналған түрлі кітапшалар - осының бәрімен де балаларды балалар баспасы қамтамасыз етіп отырды. Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ балалар драматургиясы жанданды. 1945 жылы Алматыда «Жасөспірімдер театры ұйымдасты. Театр 1946 жылы бірінші рет М.Ақынжановтың «Алтын сақа» пьесасымен ашылды. 1948 жылы М.Иманжановтың «Жас өмір» пьесасы қойылды. Жасөспірімдер таетрының репертуары М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Ш.Хұсайыновтың «Көктем желі», «Алдар Көсе», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани», Қ.Сатыбалдинның «Аягөз ару», Р.Райымқұлов пен Қ. Исабаевтың «Ашынған жандар» пьесаларымен толыға түсті.



Балалар мерзімді баспасөзі ел өміріндегі маңзды оқиғаларға ұйымшылдықпен үн қосып отырды, мектеп, пионер өмірі жайында хабарлаумен болды. «Пионер»(1925 жылдан «Пионер», кейін «Ақ желкен» балалар мен жасөспірімдердің республикалық журналы аталды), «Дружные ребята», «Мурзилка» журналдары шығып тұрды. Біраз үзілістен соң Ленинградтық «Костер» журналы шықты. Свердловскіде 1942 жылдан балаларға арналған «Боевые ребята» альманағы шыға бастады. 1958 жылдың шілдесінен бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған «Балдырған» журналы жарық көре бастады.

Соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ кеңес балалар әдебиетінің көтерген мәселесі –соғыс зардаптары салдарынан өздерінің балалық, жастық шағын жоғалтқан балалар, жастар тағдыры жайлы болды. Үш жүйеде өріс алды: біріншіден, жау тылында партизандармен бірге жүріп Отан үшін алысқан, ерлік көрсеткен, көп қасірет шеккен жасөспірімдер мен балалар ерлігі, олардың тағдыры сөз болды. Екіншіден, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Бұлқышев сияқты жастардың ерлігі жайлы туындылар өріс алды. Үшіншіден, майданды қарумен, жылы киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған тылдағы ата-аналар мен балаларға арналған еді. 1940-1960 жылдар аралығында әдебиет әлеміне келген дарындар көркемдігі жағынан еленуге тиісті шығармалар бергенін жоққа шығаруға болмайды.

Соғысқа қатысқан жас жазушы Б.Бұлқышев өзінің «Заман, жастар, біздікі», «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат» сияқты публицистикалық еңбектерінде майдандағы жас адамның жүрек тебіренісін әңгімеледі. Туған жерін сүйе білген азаматтың дұшпанға деген кегі де, замандасына арнаған өмір туралы сыры да осы мақалаларда қамтылған. Б.Бұлқышевтің «Жүріп келе жатырмын»(1941), «О, ерлер-ау, ерлер-ау»(1941) өлеңдеріндеггі Махамбет толғауларының сарынын бірнеше арнада қарастырамыз: 1-ші, Баубек пен Махамбет өлеңдеріндегі идея бірдейлігі тұрғысындағы үндестік. 2-ші, екі ақын жырларындағы кейбір сөз қолданыс ортақтығына байланысты ұқсастық, 3-ші, көтеріңкі пафостық, жігерлі үннің болуы. Екінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың бел ортасындағы тарихи оқиға болса, сол тарихи жағдай Б.Бұлқышевтің көптеген шығармаларын, соның ішінде өлеңдерін де өмірге әкелген фактор деп айта аламыз. Қ.Әбдіқадыровтың «Жетім құлын», Ғ.Ормановтың «Бөбек жүрегі» деген өлеңдерінде майдан өмірінің аянышты суреттері бейнеленіп көрестіледі. Екі рет батыр атағын алған Т.Бигелдиновтың ерлік өмірінен жазылған С.Бақбергеновтың «Талғат», Жекен Жұмақановтың «Әлия Молдағұлова» повестері басылып шықты. Ә.Шәріповтың «Партизан қызы» повесі жарық көрді. С.Мұқановтың Мәншүк Мәметоваға арнап жазған «Батыр қыз» әңгімесі(1944) балаларды патриотизм рухында тәрбиелеуде елеулі роль атқарды. Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінің басты міндеті өз ұрпақтарының патриоттық рухын көтеру болды. Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлдиі», «Ленинградтық өрендерім», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырлаңдар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Өнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесік жыры» т.б. өлеңдері балалар әдебиетінен өзіндік орынға ие болды.

Отан соғысы жылдары қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі соны тақырып, ол – жау тылындағы партизандар қимылы туралы болды. Бұл тақырыпты әдебиетке енгізген екінші дүниежзілік соғыс жылдарында жау тылында, Украина жерінде басқыншыларға қарсы құрылған астыртын ұйымның жұмысына қатысып, кейіннен партизандар қатарында болған Қасым Қайсенов еді. Украина жерінде ол 1942 жылы Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Партизан отрядының сапында Украина, Молдавия, Чехословакия мен Румынияда фашистерге қарсы арпалысады. 1955 жылы «Илько Витряк», 1957 жылы «Переяслав партизандары» және 1959 жылы «Ажал аузында» деген очерктер жинағын шығарды. 1960 жылы «Жау тылындағы бала» атты көлемді повесть жазды. 1963 жылы «Днепрде» кітабы жарық көрді. Қ.Қайсеновтың жоғарыда аталған үш кітабындағы оқиғалар Украина, Чехословакия жерлерінде болған.

Партизандар жау тылының алыс түпкірлерінде жүріп, ірі шайқастар жасайды. Олар жаудың мүлде күтпеген жерінен тұтқиылдан шығады. Жауынгерлер фашизмге қарсы күресте олардың басым күштеріне үздіксіз тойтарыс беріп отырады. Партизандар оқ-дәрі мен қару-жарақтар тиеген эшелондарды қиратып, жаудың гарнизондарына шабуыл жасайды, әлденеше қоймаларын өртеп жібереді. Партизандардың үздіксіз шабуылдарының нәтижесінде неміс фашистерінің түрмелеріндегі, азап лагеріндегі тұтқында жатқан кеңес солдаттары мен офицерлері, бейбіт адамдар құтқарылады. Қ.Қайсенов шығармаларында соғыс күндерінің осындай қиян-кескі кезеңдері суреттеледі. Оқиғаның барлық желісі бастан-аяқ жазушының өз атынан баяндалады. Шығармалары кейіпкерлерінің мақсаты – фашизмнің күлін көкке ұшырып, бейбіт өмір орнату.

Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы - қазақ әдебиетіндегі әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Шығарманың бас кейіпкері - өмірде болған адам. Ол – Керчь, Қырым майданындағы көзге түскен барлаушы, Қайрош Сарталиевтің прототипі Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов. Бастапқыда Қайырғали Смағұловтың ерлігін очерк желісі етті. Кейін бұл шағын повеске, одан романға айналды. 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен «Майдан» альманағында повесть түрінде жарияланды. Ғ.Мүсіреповтің бұл повесі «Қазақ солдаты» романына дайындығы іспетті.

Бірнеше жыл өткеннен кейін жазушы орыс әдебиетіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған туындылардың тәжірибесін үйреніп, кейіпкерлермен қайта кездесіп және жұртшылық сынын ескере отырып, бұл шығарманы түгелдей жазып шықты. Шығарманың толықтырылған жаңа нұсқасы 1949 жылы «Солдат из Казахстана» деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Келесі жылы «Қазақ солдаты» деген атпен қазақ тілінде роман болып басылып шықты.

Ғ.Мүсірепов өмірдегі Қайырғалиды повеске, романға сол күйінде көшіре салмаған. Көркем шығарманың негізгі объектісі – адам. Көркем образ жасалмаған жерде шығарма құрғақ фактілер тізбегіне айналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық басындағы ауыртпалықты жеке кейіпкерлер тағдыры арқылы көрсету мақсатында жазушы әрбір оқиғаны жалаң баяндамай Қайроштың көкірек көзінен өткізуге, сол арқылы характерлердің арақатынасын ашуға ұмтылады. Автор романда Қайрошты типтеніріп, біртұтас тұлға жасауға көп көңіл бөлген.

Балалар әдебиетінің дербес әдеби жанр ретінде есеюі мен оның тұрақты маман кадрларының жиналуы Ұлы Отан соғысынан кейінгі мезгілге жатады. Балалар прозасының да, поэзиясының да профессионалды дәрежеге көтерілгені - осы кез. Соғыстан кейінгі жылдары балалар әдебиеті саласында ғылыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Кеңес балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс(совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады. 1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы өз жұмысын қайта жандандырды.

Бұл тұста Қ.Әбдіқадыровтың «Амантай», С.Бегалиннің «Көксегеннің көргендері», «Сәтжан», М.Иманжановтың “Алғашқы айлар” шығармалары пайда болды. Ө.Тұрманжановтың шығармалары жарық көрді. Соғыс тоқтасымен партия әдебиеттің алдындағы міндеттерін әлеуметтік істермен байланысты белгіледі. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп келіп, бейбіт еңбекке араласқан адамның өмірі мен еңбегін көркемдікпен суреттеу талабы қойылды. Балалар әдебиетінің бұл жылдардағы қамтыған ең күрделі тақырыптары бала тәрбиелеудегі отбасы мен мектеп ролін көрсету болды. Балаларды еңбек тәрбиесіне баулу мақсаты көзделді, мектептің өмірмен байланысын нығайту мәселесі қойылды. Осындай талаптарға байланысты соғыстан кейінгі жылдарда жазылған шығармаларда кеңес мектебінің өмірі көп орын алып, оның ішкі мәні, идеялық-тәрбиелік процестік өзгешеліктері, мектептің өмірмен байланысы, мектептегі пионер, комсомол ұйымдарының жұмысы кеңінен суреттелді. С.Бегалиннің, Ө.Тұрманжановтың, М.Иманжановтың, С.Бақбергеновтың, С.Сарғасқаевтың, Б.Соқпақбаевтың, М.Гумеровтың шығармалары кеңінен қанат жайды.

С.Мұқанов «Балуан Шолақ»(1940-41), «Бақташының баласы»(1953) шығармаларын жазды. «Балуан Шолақ» - 20-шы ғасыр басында тіршілік кешкен, өзі көзімен көрген аяулы өнерпаз өмірінен жазылған шығарма. «Бақташының баласы» повесі «Қазаға ұшыраған құнан», «Қақпандағы қасқыр», «Аянышты лақ», «Жаралы құлын», «Бөлтіріктер», «Көк шолақ», «Аңды аң жеңеді» деген жеті бөлімнен тұрады. Повестің бас кейіпкері - он жасар Жандос. Бақташының баласы мал жайын, әр малдағы мінез өзгешеліктерін жақсы біледі. Жазушы бас кейіпкердің мінезін, батылдығы мен адамгершілігін қиын-қыстау қауіпті сәттерде сынайды. С.Мұқанов аударма саласында да еңбектенді. Навтедждің «Балалар»(1953), В.Осееваның «Васек Трубачев және оның жолдастары»(3-кітабы, 1955), шығармаларын қазақ тіліне аударды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет