Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Білім бақылау бөлімі &&& ###000-00



бет6/9
Дата10.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#126178
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

$$$002-015-000$3.2.15 Дәріс №015. Абай шығармалары замана айнасы.

Ақын лирикалық туындыларында да, поэмалары мен қарасөздеріне де ең басты әлеуметтік-қоғамдық мәселелер етіп халық тағдырын, ел бірлігі, ізгілік, адамгершілік, өнер-білім таңырыптарын қозғады. Ол қай мәселені көтерсе де, оларды халықтық, гуманистік түрғыдан бейнеледі. Заманның әділетсіздігі мен замандастарының жағымсыз қасиеттерін сыншылдықпен шынайы суреттей отырып, ол осы әділетсіздікті, халқының өзі көксеген биіктікке бет алуына кедергі болған надаңдықты, алты бақан алауыздықты батыл айыптайды.



&&&

$$$002-015-001$3.2.15.1 Абайдың көркем аударма саласын дамытудағы еңбектер

Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)

Орыстың атақты жазушы, ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Евгений Онегині» тек Әзірбайжанда ғана аударылған. Евгений Онегинді сонан кейінгі аударған - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен бұрын Сарыарқада жатқан Абайдың дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған Пушкинді танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.

Абайдың өмірбаянын жазған тарауда Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне түгелдей бет бұрды, орыстың ол кездегі алдыңғы қатардағы идеясымен танысып, оларға Сарыарқадан үн қосушы бірінші ақын да Абай еді дедік. Демек, болашағы мол ұлы орыс халқының тез ілгерілеуіне бөгет болып отырған аграрлық-патриархалдық патшалық Россияның құрылысын, әлеумет өміріндегі әртүрлі кемшіліктерді қатты шенеп, соларды жою арқылы Россияны алға апаруға күш салған, ол жолда шатқалаң қиын соқпақтарға кездесіп, талай қиыншылықтарды бастарынан кешірген Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларының Абайға ұнауы, олармен өзінің мұңдас болуы, осы елдердің ұлы ақындарының идея-тілектерінен туды. Крылов жазған «Қасқыр мен қозы», «Қарға мен түлкі» оқиғалары ол кездегі қазақта да аз емес болатын. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы жағынан да дәл келді. Екінші, Пушкин, Лермонтовтардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай жақсы ұғынды.



&&&

$$$002-015-002$3.2.15.2 "Евгений Онегин" романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты

Абайдың аудармаларының характеріне жалпы шолу жасасақ, жоғарғы ақындардың кез келген өлеңдерін аудара бермей, таңдап, талғап аударғанын көреміз. Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не философиялық терең ой, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Крыловтың мысалдары, «Теректің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге», «Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, тағы басқа осылар тәрізді атышулы өлеңдер.

Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазақ өз ақындарындай сүйді. Абайдан кейін әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» («Кинжал»), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін адам аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды. Абай оларды тек досы көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы да санады.

&&&

$$$002-015-003$3.2.15.3 Ақынның табиғатына жақын Лермонтов поэзиясының ерекшелігіне тоқталу

Ақын лирикалық туындыларында да, поэмалары мен қарасөздеріне де ең басты әлеуметтік-қоғамдық мәселе-лер етіп халық тағдырын, ел бірлігі, ізгілік, адамгерші-лік, өнер-білім таңырыптарын қозғады. Ол қай мәселені көтерсе де, оларды халықтық, гуманистік түрғыдан бей-неледі. Заманның әділетсіздігі мен замандастарының жағымсыз ңылық-ңасиеттерін сыншылдықпен шынайы суреттей отырып, ол осы әділетсіздікті, халқының өзі көксеген биіктікке бет алуына кедергі болған надаңдық-ты, алты бақан алауыздыңты батыл айыптайды. Замана мінбесінен халқын бірлікке, өнерге, ізгілікке шақырып, жаңа ой, жаркын идеялардың жаршысы бола біледі.

Абай - жаңашыл суреткер, ол қазақ поэзиясын түр мен мазмұн жағынан мейлінше байытты, биік белеске көтер-ді. Көркемдігі үздік, халықтық мазмұны терең шығар-малары арқылы жаңа сападағы әдебиеттің - сыншыл реа­лизм әдебиетінің негізін қалыптастырды. Поэзияны өнер, өнер болғанда қоғамға қызмет ететін, оны ізгілікке ба-ғыттайтын рухани күш деп санады, өзінің бейнелі, үздік көркем сөз айшықтары арқылы ана тілдің көркемдік ңуа-тын, мөлдірлігін дәлелдеді.

Абай орыс әдебиетінен жасаған үздік аудармалары арқылы да төл әдебиетімізді байытып, мол рухани қазына қосты. Мұның бәрі жинактай келгенде, Абайды қазақ әдебиетінің классигі, үлттық зор мақтанышымыз деп атауға құқық береді.



&&&

$$$002-015-100$Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Абайдың көркем аударма саласын дамытудағы еңбектер

  2. "Евгений Онегин" романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты

  3. Ақынның табиғатына жақын Лермонтов поэзиясының ерекшелігіне тоқталу

&&&

$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар

&&&

$$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақ №1

Абайдың өмірі мен шығармашылығы.



  1. Абай өмірбаяны.

  2. Ақындығының алғашқы кезеңі.

  3. Ақынның толысу жылдары

&&&

$$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Сабақтың мақсаты: Ақынның бүкіл шығармашылық өмір жолы мен ол жайлы жазылған әдеби, ғылыми зерттеу еңбектерді кең көлемде қамтып оқыту арқылы Абай шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңызын жан-жақты саралау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағының басты мақсаты - білімді өз бетінше қамту,ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы, сондай-ақ семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.



&&&

$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. 1909 жылғы жинақта Абайдың «Әңгіме Масғұт» шығармасы неше бөліктен тұрады?

A) 15
B) 10
C) 17
D) 3
E) 5
2. Абайдың поэмасын көрсет:

A) «Қонақтар»


B) «Дала»
C) «Күй»

D) «Күйші»


E) «Ескендір»

3. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз:

A) Диалог түрінде
B) Суреттеу түрінде
C) Салыстыру түрінде
D) Баяндау түрінде
E) Монолог түрінде

4. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін белгілеңіз.

A) « Адамның кейбір кездері»
B) « Бойы бұлғаң»
C) « Құлақтан кіріп бойды алар»
D) « Жазғытұры»
E) « Ғылым таппай мақтанба»
5. Абайдың қай өлеңінде өсек, өтіріктен алшақ болып, еңбек, талап, қанағат, рақымға шақырады?

A) « Жігіттер, ойын арзан»


B) «Өзгеге, көңілім тоярсың»
C) « Өкінішті көп өмір»
D) « Ғылым таппай мақтанба»
E) « Сабырсыз, арсыз, еріншек»
6. 1954 ж. жинақта « Сегіз аяқ» өлеңінің 4 шумағының 5-ші жолындағы «беркін» сөзі Оразке қолжазбасында қалай басылып шықты?

A) «ненің»


B) «бекін»
C) «еркін»
D) «беркін»
E) «сілкін»
7. Абайдың « Сегіз аяқ» өлеңінің 10- шы шумағының 6- шы жолы 1909 ж. «қор болып, құрып барасың»- деп басылса, ал Мүрсейіт қолжазбасында қалай басылған?

A) «қор болып ,кетіп барасың»


B) «қор болып , құлдпа барасың»
C) «қор болып , қолда барасың»
D) «қор болып, еріп барасың»
E) «қор болып, қолып барасың»
8. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» өлеңі Оразке қолжазбасында қалай басылған?

A) «Қазағым, қалың елім, қайран жұртым»


B) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
C) «Қайран жұртым, қазағым, қалың елім»
D) «Қайран жұртым, қалың елім, қазағым»
E) «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»

9. Абайдың «Әзім» поэмасы қай кітапта алғаш жарияланды?

A) «Қаз.ССР ҒА хабаршысы» журналында

B) «Толық жинақта»

C) «Абай термесінде»

D) Мүрсейіт қолжазбаларында

E) 1933 жылғы жинақта

10. Абайдың «Бақа мен өгіз» аудармасы 1909 ж. жинақта қандай атпен шығарылды?

A) «Қарға мен өгіз»

B) «Бақа мен бұқа»

C) «Қарға мен бұқа»

D) «Қарға мен түлкі»

E) «Қара бақа»

&&&

$$$003-002-000$3.3.2 Практикалық сабақ №2

Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.

1.Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы

2.20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс

3.30-жылдардағы Абай шығармашылығы жөніндегі іргелі зерттеулердің тууы



&&&

$$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Сабақтың мақсаты: Ақынның шығармашылық мұрасын игерту.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағының басты мақсаты - білімді өз бетінше қамту,ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы, сондай-ақ семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

&&&

$$$003-002-002$3.3.2.2 №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Абайдың «Жолға шықтым бір жым- жырт түнде жалғыз» деген өлеңнің «Көкірегімде өмірдің күші тұрып»- деген шумағының 1909 жылғы жинақтағы дұрыс берілуі

A) Көкіректе ғұмырдың күші тұрып
B) Көкірегімде өмірдің күші тұрып
C) Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік
D) Көл жағалай мамырлап қу менен қаз
E) Күн шуақта жылынар қалт- құлт етіп
2. Абай «Теректің сыйы» өлеңін кімнен аударған?

A) Лермонтов

B) Пушкин

C) Крылов

D) Толстой

E) Некрасов

3. Абайдың Крыловтан аударған «Жарлы бай» өлеңіндегі 4 – ші шумағының үшінші жолындағы “Иттеніп жүріп өлмей ме?” дегендегі «иттеніп» деген сөз қалай берілген?

A) солай
B) осылай


C) сөйтіп
D) қалай
E) бүйтіп

4. Абайдың Крыловтан аударған « Қарға мен бүркіт» өлеңіндегі 21 – ші жолы «жетпек болады» деп басылса, 1909 жылғы жинақта қалай басылған?

A) алып кетпек болады
B) ал кетпек болады
C) апкетпек болады
D) әпкетпек болады
E) алып кетпекші болады

5. Бұл өлеңнің екінші шумағының үшінші жолы «Бір міні жоқ бендесіп»,- деп басылып, 1909 жылғы жинақта Еш міні жоқ бендесіп,- деп басылған. Бұл Абайдың қай өлеңі?

A) « Интернатта оқып жүр»
B) « Сабырсыз, арсыз, еріншек»
C) « Сегіз аяқ»
D) « Бойы бұлғаң»
E) « Қансонарда»
6. Абайдың « Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңінің қай жолдары 1909 жылғы жинақта жоқ?

A) Үміттің аты елеріп,

Қос тізгінді созбайды

B) Қос тепкіні салсаң да,

Уайымнан озбайды
C) Бір қайғыны ойласаң,

Жүз қайғыны қозғайды


D) Жер қорығыш желгек шал

Желіп жүріп боздайды


E) барлық жолы бар
7. Абайдың « Антпенен тарқайды» өлеңіндегі «Жортағы мал жайлы»,- деген жолы: Жұрт тағы мал жайды,-деп нешінші жылғы жинақта өзгертілген

A) 1909 ж.


B) 1954 ж.
C) 1896 ж.
D) 1895 ж.
E) 1990 ж.
8. Абай «Рахат, мені тастап қоймадың тыныш» деген өлеңін қай орыс жазушысынан аударған?

A) А.С. Пушкин


B) М.Ю. Лермонтов
C) Л. Толстой
D) Н.А. Некрасов
E) И.С. Тургенов

9. Мағыш кімнің жұбайы?

A) Ақылбай
B) Кәкітай
C) Әбдірахман
D) Мағауия
E) дұрыс жауабы жоқ
10. Абайдың 1909 жылғы жинағына ақынның неше поэмасы кірген?

A) 1
B) кірген жоқ


C) 3
D) 2
E) Абайдың поэмасы жоқ
&&&

$$$003-003-000$3.3.3 Практикалық сабақ №3

Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.

  1. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы

  2. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау

  3. Абайдың ағартушылық қызметі

  4. Ұлы Абайдың гуманизмі

&&&

$$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақтың мақсаты: Ақынның бүкіл шығармашылық өмір жолы мен ол жайлы жазылған әдеби, ғылыми зерттеу еңбектерді кең көлемде қамтып оқыту арқылы Абай шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңызын жан-жақты саралау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағының басты мақсаты - білімді өз бетінше қамту,ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы, сондай-ақ семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.



&&&

$$$003-003-002$3.3.3.2 №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап»,- деген Абайдың сатиралық өлеңінің ішінде басылып жүрген:

Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,

Күні бойы шабады бос далақтап,- деген екі жолы қай жылғы жинақта жоқ?

A) 1954 ж.
B) 1909 ж.
C) 1945 ж.
D) 1933 ж.
E) 1939 ж.

2. Абайдың «Жаз» өлеңінің 1909ж. жинақтағы:

Жасы үлкендер бір бөлек,

Кеңесіп күліп, сылқылдап,- деген жолында « кеңесіп күліп» деген сөзді 1954ж. жинақта қай сөзбен бұрмалап берген?

A) Ыржыңдап күліп сылқылдап
B) Жараса күліп сылқылдап
C) Қалжыңдасып сылқылдап
D) Әзілдесіп сылқылдап

E) Көп күледі сылқылдап

3. Абайдың бесінші қара сөзі нешінші жылы басылған?

A) 1951 ж.

B) 1952 ж.
C) 1953 ж.
D) 1954 ж.
E) 1956 ж.

4. Абайдың қай қара сөзі Мүрсейіт пен Жандыбаев қолжазбаларында бірдей берілген?

A) қырық бесінші
B) жиырма үшінші
C) оныншы
D) он алтыншы
E) он тоғызыншы

5. «Абайдың қара сөздері» атты еңбек жазған кім?

A) Оразке
B) Сүйіншәлиев
C) Ыбырай
D) Махмұт
E) Жандыбаев
6. Абайдың қай жылғы жинағында «Жарқ етпес қара көңілім...» деген өлең жылы белгісіз өлеңдер қатарына енгізілді?

A) 1945 ж.


B) 1940 ж.
C) 1954 ж.
D) 1943 ж.
E) 1948 ж.

7. «Разбитое сердце» өлеңін Абай кімнен және қашан аударды?

A) Крылов, 1898ж.
B) Лермонтов, 1975ж.
C) Некрасов, 1895ж.
D) Горкий, 1897ж.
E) Пушкин, 1896ж.

8. Абайдың «Мен көрдім сынық қанат көбелекті»,- деп басталатын өлеңнің соңынан басталатын өлең шумағын тап:

A) Күн шуақта жылынар қалт- құлт етіп
B) Көл жағалай мамырлап қу менен қаз
C) Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік
D) Бірінің жеп жүрген көп біреуі етін
E) Көкірегімде өмірдің күші тұрып

9. Абайдың Лермонтовтан аударылған «Жолға шықтым бір жым- жырт түнде жалғыз» деген өлеңінде «өмірге өткен шиттей өкінбеймін» дегендегі «шиттей» сөзі 1940ж, 1945 жылдардағы жинақта қалай жазылған

A) биттей
B) беттей
C) шитти
D) шеттей
E) шектей
10. Абайдың Лермонтовтан аударылған «Жолға шықтым бір жым- жырт түнде жалғыз» деген өлеңінде «Шеттей» сөзі бұрын қандай мағынаны берген?

A) тиын
B) кішкентай


C) ақшаның төрттен бір бөлігі
D) түкте
E) ешқандай

&&&

$$$003-004-000$3.3.4 Практикалық сабақ №4

Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.

  1. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы

  2. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау

  3. Абайдың ағартушылық қызметі

  4. Ұлы Абайдың гуманизмі

&&&

$$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сабақтың мақсаты: Ақынның бүкіл шығармашылық өмір жолы мен ол жайлы жазылған әдеби, ғылыми зерттеу еңбектерді кең көлемде қамтып оқыту арқылы Абай шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңызын жан-жақты саралау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағының басты мақсаты - білімді өз бетінше қамту,ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы, сондай-ақ семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.



&&&

$$$003-004-002$3.3.4.2 №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. «Өз қолыңнан кетпесең де өз ырқың» деген өлең жолындағы ырқың сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

A) билігің

B) билікке

C) таққа

D) мұратқа

E) биліктен

2. «Қысылған жерде, жан жолдау» дегеннің дұрыс нұсқасы

A) Қысылған жерде жанжал, дау,-

B) Дау, жанжал қысылған жерде

C) Қысылған жерде дау, жанжал

D) Жанжал дау, қысылған жер

E) Қысылған дау, жанжал жерде

3. Абайдың отыз сегізінші қара сөзінің бірінші абзацының үшінші сөйлемі жинақтарда:

«Әнің үшін махаббатың толады», -деп басылған. Бұл сөйлемді сөз мағынасына қарап қалай оқысақ дұрыс болады?

A) «...махаббаттың төлеуі – достық»

B) «...махаббаттың төлеуі – сүйіспеншілік»

C) «...махаббаттың төлеуі – махаббат»

D) «...махаббаттың төлеуі – адалдық»

E) дұрыс жауабы жоқ

4. Абай өлеңдерін бірінші рет баспаға даярлап, ең алғаш өмірбаянын жазған кім?

A) М.Мағауин


B) Ақылбай
C) Әбәіш
D) Микаэл

E) Кәкітай

5. «Жеңіл көрпе, бек керек, Оған да ғылым,оған да ой

Қалайша, қайда екеуі»,- деген Абайдың қай өлеңінен үзінді?

A) «Интернатта, оқып жүр»
B) «Болыс болдым мінеки»
C) «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
D) «Адамның кейбір кездері»
E) «Сегіз аяқ»

6. «Бұрынғы жақсылардан өрнек қонған» деп нешінші жылғы баспа бойынша түзетіледі?

A) 1911ж
B) 1909ж
C) 1905ж
D) 1913ж
E) 1907ж

7. Абайдың «Біреуден біреу артылса»,- деген өлеңі нешінші жылы жазылған?

A) 1889ж
B) 1886ж

C) 1885ж


D) 1887ж

E) 1890ж


8. «Таппай айтпа оған да айтар кезді,- делініп Мүрсейіт қолжазбасы бойынша қалдырылған Абай өлеңінің ақырғы жолы қай шумаққа тән?

A) бірінші


B) алтыншы

C) екінші

D) тоғызыншы

E) жетінші

9. «Бала туса күзетер шылдақана,

Олар да өлең айтар шулап жаңа

Бұрынғы жақсылардан қалған мирас

Би де тақпақ, мақал бар, байқап қара» деген өлеңнің үзіндісі қай ақынның туындысынан алынған?

A) С.Торайғыров
B) С.Сейфуллин

C) А.Құнанбаев


D) М.Мақатаев

E) Ш.Құдайбердиев


10. Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінің төртінші «Мен қазақтан кегіңді әперем деп»,- деген жолындағы «әперем деп» деген сөздің 1909 ж. жинақтағы дұрыс нұсқасын тап.

A) көп берем деп


B) тек берем деп
C) ап берем деп
D) деп берем деп
E) серт берем деп

&&&

$$$003-005-000$3.3.5 Практикалық сабақ №5

Абайдың эстетикалық тағылымы.

1. Ақынның эстетикалық көзқарастары

2. Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары

3. "Өлең – сөздің патшасы, сөз - сарасы" атты өлеңіндегі мазмұн мен түр туралы ұғым

4. Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны

5. Абайдың махаббат тақырыбына арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні



&&&

$$$003-005-001$3.3.5.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5

Сабақтың мақсаты: Ақынның бүкіл шығармашылық өмір жолы мен ол жайлы жазылған әдеби, ғылыми зерттеу еңбектерді кең көлемде қамтып оқыту арқылы Абай шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңызын жан-жақты саралау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағының басты мақсаты - білімді өз бетінше қамту,ойлау қабілеттерін жетілдіру, материалды толық меңгеру. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы, сондай-ақ семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.



&&&

$$$003-005-002$3.3.5.2 №5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. «Масғұт»дастаны Абай жинағына қай жылы енді?

A) 1907 ж.

B) 1909 ж.

C) 1911 ж.

D) 1908 ж.

E) 1906 ж.

2. «Әзім әңгімесі»Абай жинағына қай жылдан бастап кірді?

A) 1938 ж.

B) 1930 ж.

C) 1928 ж.

D) 1934 ж.

E) 1933 ж.

3. «Вадим» алғашқы жинаққа кірмей қалғанда, шығарма кімнің қолжазбасынан табылып, Абай шығармасының тексті дәлелденген?

A) Әзім

B) Ескендір



C) Мүрсейіт

D) Нұрсейіт

E) Мейіржан

4. «Масғұт» поэмасының ең бірінші жолын көрсет?

A) Я, алла, құрметім бе, достық Махмұт,-

B) Я, алла, құрметінде досың Махмұт,-

C) Я, алла, құрметінде достық Махмұт,-

D) Я, алла, құрметті де достық Махмұт,-

E) Я, алла, құрметтің де достық Махмұт,-

5. «Масғұт» поэмасының оныншы шумағындағы «Барайын деп уәде етіп қол қағысты,- дегендегі «уәде» сөзі 1909ж. жинақта қалай басылған?

A) уаде

B) уәда


C) уағда

D) уағдә


E) уәғдә

6. 1954 ж. жинақ бойынша Абайдың «Масғұт» поэмасындағы бастапқы жолдағы «салды» деген сөз он төртінші шумақтың нешінші жолында кездеседі?

A) үшінші

B) бірінші

C) біріншісі де,екіншісі де

D) төртінші

E) екінші

7. Абайдың “Әзім әңгімесі” деген поэмасы жинағына қай жылдан бастап енгізіліп жүр:

A) 1933 ж.

B) 1640 ж.

C) 1937 ж.

D) 1939 ж.

E) 1936 ж.
8. «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» өлеңінің екінші жолы?

A) «Болыс болдым мінеки»

B) «Интернатта оқып жүр»

C) «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»

D) «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»

E) «Адамның кейбір кездері»

9. «Қалың елім, қазағым , қайран жұртым» өлеңі қай жылы басылған?

A) 1950ж


B) 1952ж

C) 1954ж


D) 1962ж

E) 1978ж


10. “Жүрегім нені сезесің” деген Абай өлеңінің 6-шы шумағының соңғы “Бермесең қалар төгіліп” деген жолының дұрысы қалай?

A) бермесең қалар шашылып

B) бермесең қалар түңіліп

C) бермесең қалар тілініп

D) бермесең қалар сүрініп

E) бермесң қалар көрініп



&&&


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет