Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Білім бақылау бөлімі &&& ###000-00



бет5/9
Дата10.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#126178
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

$$$002-010-000$3.2.12 Дәріс №12. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері. Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр.

&&&

$$$002-010-001$3.2.12.1 "Ескендір", "Масғұт" ж/е "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.

Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр. Мәселен, "Масғұт" поэмасында ақын кейіпкерінің ой-толғамы, іс-әрекеті арқылы әйелді ардақтау идеясын көтереді. Масғұт шаһар сыртында жүріп ұрылардың зорлығына ұшыраған бір бейтаныс шалды құтқарып алады. Шал оған жақсылығы үшін үш түрлі қасиеті бар үш жеміс ұсынып, қалағаныңды ал дегенде, Мақсұт қызыл жемісті таңдайды. Мұның себебін сұраған шалға ол өзінің ақ адамды ақылды ететін және сары байлыққа жеткізетін жемістерден бас тартуын айта кеп:

Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер. Ері ашу айтса, әйелі басу айтып, Отырса бұрынғыдай жау бола ма Соны ойлап қызыл жеміс мен таңдадым, Берсеңіз жемек болып бел байладым, ­деп өз шешімін байыпты түсіндіріп береді.

Поэмада әйелдің қоғамдағы орны, отбасындағы бірлік-ынтымақты орнықтырудағы рөлі осылай ардақталған.

ПІығыс поэзиясының алыптары Фирдоуси, Низами, Науаи және басқа да ақындардың Ескендір патша жайындағы туындыларымен, олардағы патшаны акылды, жеңілмейтін қолбасшы етіп бірыңғай дәріптейтін идеялармен Абай жақсы таныс болған. Сондықтан ол Ескендір жайлы аңыздарға басқаша қарап, оны тарихи шындыққа сай, өзгеше танытуды мақсат тұтқан: Абай ұғымында Ескеңдір патша әлемді жаулап алуды мақсат еткен, талай жұртқа зобалаң туғызған қанқұйлы, озбыр ел билеуші. Сондықтан, ақын поэманың бастауында-ақ:

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен, Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. Филипп өлді, Ескендір патша болды, Жасы әрең жиырма бірге толды. Өз жұрты аз көрініп, көршілерге Көз алартып қарады, оңды-солды, -

деп кейіпкерін жағымсыз тұрғыда мінездеп, оқушыны оның қанқұйлы сұмдық ойымен таныстырады.



&&&

$$$002-010-002$3.2.12.2 "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері

Абайдың «Масғұты» - қысқа сюжетті оқиға байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешуі бар поэма. Поэмадағы шал мен Масғұт арасындағы және хан мен Масғұт араларындағы диалогтар мен ерлік қимылдарын баяндау арқылы Масғұт ұнамды қаһарман, ерлігіне ақылы сай, парасатты адам бейнесінде суреттелінеді. Өзінің ақылының арқасында ол «Шығыстың күні» деген атқа ие болды деп қорытады ақын. Ал поэманың негізгі идеясы - әйелдің қоғамдағы атқаратын ролін дәріптеу («Абайдың реализмін» баяндаған бөлімде бұған әдейі тоқталғанбыз).

            Біздің бұл кітабымызда кеңірек тоқталмақ шығармамыз - «Ескендір» поэмасы. Өйткені «Ескендір» бүгінге дейінгі Абай туралы жазылған зерттеу-еңбектерде тек аталып өтіледі. Орта мектептерге арналған оқулықтарда программаға сай қысқаша талдаулар берілумен ғана шектелінеді. Сондықтан да бұл поэма айрықша көңіл аударуды қажет етеді.

            «Ескендір» - дүниежүзі әдебиетіне тақырып болған, кәдімгі атышулы қолбасы Александр Македонский екендігі оқырмандар жұртшылығына мәлім. Батыс пен шығыстың талай жайсаңдары «Ескендір» туралы әңгіме, роман, көлемді поэмалар жазды. Олардың әрқайсысы әлемді тітіреткен қолбасы, оның ғұлама ұстазы Аристотель жайлы өз көзқарастарын кейінгі ұрпақтарына қалдырды. Әр автор өзінше түсініп, өз пікірін ұсынды. Осындай дүниежүзінің ірі адамдары сөз еткен тақырыпқа ХІХ ғасырда қазақ даласынан үн қосқан да және олар жайлы өз көзқарастарын ұсынған да Абай. Бір ғажап жері - Абайдың Ескендір жорығын түсінуі де, оған беретін бағасы да, ұрпақтарына қалдырған қорытынды пікірлері де өзінен бұрынғылардың айтқандарынан бөлек, жаңа, соны пікір. Бұл айтылған екі түрлі жағдайлар Абайдың «Ескендір» поэмасына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

            Александр Македонский туралы өз заманында да, өзінен кейін де көп жазылған. Ол - орта ғасырда барлық елдердің де ақын, жазушыларының көңілдерін аударған тақырып, әдеби қаһарман болды. Ескі және ертеректегі грек, латын тілдерінде жазылған әңгіме, роман, поэмалар орта ғасыр авторларына негіз болады: Франция, Англия, Германия, Испания, Италия елдерінде Александр туралы көптеген романдар туады. Орта ғасыр көркем туындыларының шығыстағы маңдай алды поэмалары: Фирдоусидің «Шахнамасы», Низамидің «Искиндернамасы», Навоидің «Саади Искандари» («Ескендір қорғаны») дүниеге келді. Аталған ұлы поэмаларға өзек болған - Ескендір жорықтары. Бұл оңтүстік славяндарда да (Сербская Александрия), орыстарда да ХҮ ғасырда туады.

            Иран тарихы мен әдебиетінің ірі маман-ғалымы Е.Э.Бертельстің айтуы бойынша, («Саади Ескандари». «Вал Искандерев») Зу-л-қарнайн қорғаны (қамалы) туралы аңыз тіпті Құранға да енген дейді. Ескендір - дүниежүзі әдебиетінен кең орын алған әдеби қаһармандардың бірі.

            Абай - өз заманының оқымысты ақыны. Оның шығармаларын зерттегенде, шығыс, батыс, орыс әдебиеті, олардың тарихын, аңыз, әңгімелерін көп білетіндігіне таң қалмасқа болмайды. Ескендір жайлы да ол әртүрлі мәліметтермен танысқандығы күмән келтірмейді. Бірақ дәл қандай қорларды пайдаланғандығын айту қиын. Әйтсе де ол, ең алдымен, шығыс әдебиеті, ол тілдердегі Александр туралы жазылған тарихи деректерді жақсы білген деп топшылауға болады. Өйткені шығыстың ұлы классиктерінің шығармаларымен Абай жасынан таныс. Сондықтан Александр туралы Фирдоуси, Низами, Навои, Эмир Хосров (Әмир Хысрау) сияқты ұлы ақындардың жазғандарымен жақсы таныс болғаны байқалады. Демек, біз Абайдың «Ескендір» поэмасын осылармен салыстыра зерттегеніміз жөн.

            Е.Э.Бертельс өзінің «Навои» атты (1948ж.) кітабында мейлінше тұжырымды түрде шығыс классиктерінің өздерінің поэмаларында Александрды қалай көрсеткендіктерін шебер баяндайды. Ғажап көлемді шығармалардың сюжетін айтып жату мүмкін емес. Сондықтан академик Бертельстің айтқандарының негізінде әрқайсысына қысқаша ғана тоқталып өтелік.



&&&

$$$002-010-003$3.2.12.3 "Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа шығу тарихы.

Персия тілінде Александрдың аңызға негізделген өмірбаянын өзінің «Шахнамасында» бірінші рет баяндап берген - Фирдоуси. Ол Александр туралы өзінен бұрынғы сасанид дәуірінің аңыз-әңгімелерінің әр түрін негіз еткен. Ол - Александр Филиптің баласы емес, ІІ-Дарияның баласы екен, сондықтан Александр Иранның заңды патшасы деген аңыз бар болатын. Фирдоуси да өзінің поэмасында Александрды ескі Иран патшаларының бірі етіп және оның атышулы жорық пен жеңістерін, әртүрлі қиын да, қызық та оқиғаларға кездесулерін суреттейді.

            Дегенмен бұл тақырыпты жеке алып, Александр туралы арнаулы көркем шығарма жазған бірінші ақын - Низами. Бертельс Низами «Искиндирнамасын» жазу үшін өте көп материалды, деректерді пайдаланып, иран, араб, грек, армян материалдарын да зерттей келіп, поэмадағы басты қаһарманы Александр образын үш түрлі аспектіде жасауды мақсат еткен: жауынгер, әділ патша, философ және пайғамбар деп қорытады. Низамидің көрсетуі бойынша, бұл үшеуі бір-бірімен нық байланысты, бірі екіншісін толықтырушы. Жақсы тәрбие алып өскен Александр жасынан-ақ елді әділ басқарушы ретінде суреттелінеді. Ол соғысты баю үшін, не патшалығын кеңейту үшін емес, езілушілерді қорғау, солардың қамы үшін жүргізеді. Философиямен қатты шұғылданушылар оның барлық адамдық, даналық істерін бізге айқын ашып берді, патшаның негізгі мақсаты, халыққа қызмет етуде екендігіне көзі жетті, сол үшін тәңір оған пайғамбарлық ат берді деген пікірді ұсынады дейді Бертельс академик. Біз академик Бертельстің Низами туралы айтқандарын дәл аударып отырғанымыз жоқ, қысқаша түрде өз сөзімізбен мазмұнын ғана беріп отырмыз. Әйтсе де осы келтірілген мысалдың өзінен де Низамидің Александрды қалай түсініп, қалай бағалағандығы айқын.

            Академик Бертельс Навоидың «Саади Искандариін», Низамидің «Искиндирнамасымен» салыстыра келіп, Навои поэмасында, негізінде Ескендірді екі тұрғыдан көрсетуді мақсат еткен: Ескендір - қоғам қайраткері және данышпан философ. Низамидің Ескендірді пайғамбар етіп бейнелеуін Навои қабылдамаған. Мұнысының өзінше себебі бар.

            Навои «Саади Искандари» поэмасын жазғанда, нағыз ойдағыдай ел (мемлекет ұғымында) басқарушысының образын жасауды ой қазығы етті. Бірақ ол тек қиялдағы ғана емес, өмірде болуға тиіс, өз кезіне сай келерлік ел басқарушыларды арман қылды. Темір ұрпақтарының ел басқару істеріне поэманың жетекшілік құрал болуын нысана етті. Поэмасын Сұлтан Хусейннің өзіне ғана емес, оның мұрагері Бадиазземан мырзаға да арнауы осыны мегзейді. Өзінің мемлекет жұмыстарындағы лайсаң мол тәжірибесінің негізінде Навои ел басқарушылардың қолына жетекші құрал беріп, егер олар оны басшылыққа ала отырып халқын басқарса, елін де бақытты, өздерінің патшалығын да мызғымас берік етер еді деген пікір ұсынады. Егер Навои Ескендірді пайғамбар етіп көрсетсе, оған оқырмандары бұл қол жетпес қиял деп қарар еді. Ал поэмада Ескендір пайғамбар емес, қарапайым адам етіліп суреттелгендіктен, Темір ұрпақтарының барлық іс-амалдары жөнінде Ескендірге ұқсауын талап етуге автордың хақысы бар еді деп қорытады академик Бертельс.

&&&

$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. "Ескендір", "Масғұт" ж/е "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы

  2. "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері

  3. "Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа шығу тарихы.

&&&

$$$002-013-000$3.2.13 Дәріс №13. Қарасөздері.

Абай мұрасының және бір қомақты саласын оның 90-жылдарда жазған қарасөздері қүрайды. Қарасөздерінің жалпы саны - кырың бес. Өмірде көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тәжірибе-тағылы-мын жүртымен - "қалық елі, қазағымен" бөлісу мақса-тымен қарасөздерін жазған. Бұл шығармаларында яғни, қарасөздерінде (СМ.) - деп жазады М.Әуезов - Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мас-лихат, кеңес қүрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді".



&&&

$$$002-013-001$3.2.13.1 Қара сөздерінің ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы

Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі идеялар бір-біріне қабысып отырады. Әйтсе де оның кейбір қара сөздерінде өлеңдерінде жоқ тақырып, тіпті кейбір қайшылықтар да кездеседі. Бұл еңбектерінің көпшілігінде бұрын қозғалмаған, тың, соны пікірлерді қозғайды. Өз кезіндегі ақындардың ешқайсысының басына келмеген әлеуметтік зор мәні бар мәселелерді сөз қылады.

            Абайдың қара сөзді, өлеңді қатар қолдануы таңғаларлық нәрсе емес. Өйткені ол өз заманының мәдениетті адамы болды. Сондықтан дүниеге өз көзқарасын кейінгілерге жазып қалдырып кетуді азаматтық борышым деп білген. Өз елін өзгелердің қатарына жеткізуге, дұрыс жолға салуға көңіл бөлген Абай өзінің бұл мәселеге не үшін кіріскендігі жайлы: «Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім, басқада ешбір жұмысым жоқ», - деп, өз ойын, өзінің өмірге көзқарасын кейінгілерге жазып қалдыруға бел буады.

            Абай - дана ақын. Әрбір дана адам қай кезде болсын, өмірді, өз айналасын бақылай отырып, одан өзінше қорытынды шығарады, өмір туралы аз сөзге көп мағына сыйғызып, өз көзқарастарын кейінге қалдырады.

            Абайдың қара сөздерінің жалпы саны - қырық үш. Бірақ өте қысқа, кейбір қара сөздері бір бет, жарты беттен құралады. Солай бола тұрса да, әрқайсысы өз кезіндегі әлеумет өмірінің ең керек еткен күрделі мәселелеріне арналған. Көп әңгімелерінің өзінше тақырыбы, өзінше идеялық мазмұны болғандықтан, бөлек әңгіме болып саналады. Бірақ бұл айтылғандардан оның қара сөздерінің ішінде мазмұны жақтарынан өзара жақындық жоқ деген ұғым тумауы керек. Оның кейбір әңгімелері кейде тақырыбы, кейде мазмұны жағынан бірін-бірі толықтыра түседі.

            Абай қара сөздерінің жалпы сарынын ұғыну үшін оның бірнеше сөздеріне тоқталамыз. Мысалы, «Жетінші», «Отыз бірінші», «Он тоғызыншы» сөздері ілім-білімді, оны қалай игеру жөніндегі ақының ой-пікірін аңғартады.

            Өзінің «Жетінші сөзінде»: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демектік, не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызыға аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене», «бұл немене» деп, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

            Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады», - дейді.  

            Қазіргі түсінік бойынша, жан деп Абай адамның рухани күшін айтады. Осыны білсем, үйренсем екен деген ой, сезім, тілек, мүдделерді өсіру, өрістету, сол жолда арымай, талмай еңбек етудің керек екендігін ақын түсіндіре келіп, адамның жас кезіндегі табиғи талап, тілектерінің кейбіреулерде өсе келе, әлдебір себептермен дағдарысқа ұшырайтындығын, кейде кертартпа, бойкүйездіктерге соғатынын шенейді, жастардың ондай мінездерден аулақ болуын арман етеді.

            «Жетінші сөзінде» адам баласының сол «білсем» деген табиғи тілегін Абай бақылай келіп, өзінің өмір тәжірибесінен түйгендерін ғылыми-философиялық тұрғыдан қорыта, оған көлденең тұратын бөгеттерді сынайды, ал адам қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге «Он тоғызыншы сөзін» арнаған.



&&&

$$$002-013-002$3.2.13.2 Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі

«Адам, - дейді ұлы ақынымыз Абай, - ата-анадан туғанда, есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады».

            Бірақ данышпан Абай тек осы айтқандарымен ғана қанағаттанып қоймайды. Сол естіген, білген нәрселерді адам қайткенде есінде сақтап, қалай ұмытпай, оларды өзінің өмір серігі етудің әдістерін де көрсетеді. Бұл мәселеге оның «Отыз бірінші» сөзі арналған. Әңгіме қысқа, тұжырымды және оқушы жастар үшін өте маңызды, керекті.

«Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі, көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер».

            Абайдың бұл әңгімелерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім-білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

&&&

$$$002-013-003$3.2.13.3 М.Әуезовтің қарасөздерді жіктеуі

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім-білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс алды - тірлік» дейді. Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар... Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады... Тірлік олар емес, көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады, өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Ал еңбекпен ерінбей мал табуға жігер қыла алмайсыз.

  Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар-намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп пәлелеу, ауызбірліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен туатынын дәлелдей келіп, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, кейінгі ұрпақтар үшін құндылығы да осында.

            Абайдың бір алуан әңгімелері өз кезіндегі ел билеуші, үстемдік етушілерді сынауға, шенеуге арналады. Автор бұл мәселеде де өзінің шын мәнінде реалистігін көрсетеді. Сынау әртүрлі. Кейде ақын-жазушылар сол таптың жыршысы бола отырып, өз табы өкілдерінің кемшіліктерін сол өз табының көзқарасы тұрғысынан сынап, сол сыны арқылы кемшіліктерін жойып, оның үстемдігін бекіте түсуге өзінше ат салысуды, көмектесуді нысана етеді.

&&&

$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Қара сөздерінің ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы

  2. Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі

  3. М.Әуезовтің қарасөздерді жіктеуі

&&&

$$$002-013-000$3.2.14 Дәріс №14. Қарасөздері.

Абай мұрасының және бір қомақты саласын оның 90-жылдарда жазған қарасөздері қүрайды. Қарасөздерінің жалпы саны - кырың бес. Өмірде көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тәжірибе-тағылы-мын жүртымен - "қалық елі, қазағымен" бөлісу мақса-тымен қарасөздерін жазған. Бұл шығармаларында яғни, қарасөздерінде (СМ.) - деп жазады М.Әуезов - Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мас-лихат, кеңес қүрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді".



&&&

$$$002-013-001$3.2.14.1 Қара сөздерінің ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы

Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі идеялар бір-біріне қабысып отырады. Әйтсе де оның кейбір қара сөздерінде өлеңдерінде жоқ тақырып, тіпті кейбір қайшылықтар да кездеседі. Бұл еңбектерінің көпшілігінде бұрын қозғалмаған, тың, соны пікірлерді қозғайды. Өз кезіндегі ақындардың ешқайсысының басына келмеген әлеуметтік зор мәні бар мәселелерді сөз қылады.

            Абайдың қара сөзді, өлеңді қатар қолдануы таңғаларлық нәрсе емес. Өйткені ол өз заманының мәдениетті адамы болды. Сондықтан дүниеге өз көзқарасын кейінгілерге жазып қалдырып кетуді азаматтық борышым деп білген. Өз елін өзгелердің қатарына жеткізуге, дұрыс жолға салуға көңіл бөлген Абай өзінің бұл мәселеге не үшін кіріскендігі жайлы: «Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім, басқада ешбір жұмысым жоқ», - деп, өз ойын, өзінің өмірге көзқарасын кейінгілерге жазып қалдыруға бел буады.

            Абай - дана ақын. Әрбір дана адам қай кезде болсын, өмірді, өз айналасын бақылай отырып, одан өзінше қорытынды шығарады, өмір туралы аз сөзге көп мағына сыйғызып, өз көзқарастарын кейінге қалдырады.

            Абайдың қара сөздерінің жалпы саны - қырық үш. Бірақ өте қысқа, кейбір қара сөздері бір бет, жарты беттен құралады. Солай бола тұрса да, әрқайсысы өз кезіндегі әлеумет өмірінің ең керек еткен күрделі мәселелеріне арналған. Көп әңгімелерінің өзінше тақырыбы, өзінше идеялық мазмұны болғандықтан, бөлек әңгіме болып саналады. Бірақ бұл айтылғандардан оның қара сөздерінің ішінде мазмұны жақтарынан өзара жақындық жоқ деген ұғым тумауы керек. Оның кейбір әңгімелері кейде тақырыбы, кейде мазмұны жағынан бірін-бірі толықтыра түседі.

            Абай қара сөздерінің жалпы сарынын ұғыну үшін оның бірнеше сөздеріне тоқталамыз. Мысалы, «Жетінші», «Отыз бірінші», «Он тоғызыншы» сөздері ілім-білімді, оны қалай игеру жөніндегі ақының ой-пікірін аңғартады.

            Өзінің «Жетінші сөзінде»: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демектік, не көрсе, соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызыға аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене», «бұл немене» деп, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

            Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса дендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады», - дейді.  

            Қазіргі түсінік бойынша, жан деп Абай адамның рухани күшін айтады. Осыны білсем, үйренсем екен деген ой, сезім, тілек, мүдделерді өсіру, өрістету, сол жолда арымай, талмай еңбек етудің керек екендігін ақын түсіндіре келіп, адамның жас кезіндегі табиғи талап, тілектерінің кейбіреулерде өсе келе, әлдебір себептермен дағдарысқа ұшырайтындығын, кейде кертартпа, бойкүйездіктерге соғатынын шенейді, жастардың ондай мінездерден аулақ болуын арман етеді.

            «Жетінші сөзінде» адам баласының сол «білсем» деген табиғи тілегін Абай бақылай келіп, өзінің өмір тәжірибесінен түйгендерін ғылыми-философиялық тұрғыдан қорыта, оған көлденең тұратын бөгеттерді сынайды, ал адам қайткенде білімді болатындығының жолын көрсетуге «Он тоғызыншы сөзін» арнаған.



&&&

$$$002-013-002$3.2.14.2 Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі

«Адам, - дейді ұлы ақынымыз Абай, - ата-анадан туғанда, есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады».

            Бірақ данышпан Абай тек осы айтқандарымен ғана қанағаттанып қоймайды. Сол естіген, білген нәрселерді адам қайткенде есінде сақтап, қалай ұмытпай, оларды өзінің өмір серігі етудің әдістерін де көрсетеді. Бұл мәселеге оның «Отыз бірінші» сөзі арналған. Әңгіме қысқа, тұжырымды және оқушы жастар үшін өте маңызды, керекті.

«Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі, көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер».

            Абайдың бұл әңгімелерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім-білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

&&&

$$$002-013-003$3.2.14.3 М.Әуезовтің қарасөздерді жіктеуі

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім-білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс алды - тірлік» дейді. Ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар... Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады... Тірлік олар емес, көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады, өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Ал еңбекпен ерінбей мал табуға жігер қыла алмайсыз.

  Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар-намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп пәлелеу, ауызбірліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен туатынын дәлелдей келіп, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, кейінгі ұрпақтар үшін құндылығы да осында.

            Абайдың бір алуан әңгімелері өз кезіндегі ел билеуші, үстемдік етушілерді сынауға, шенеуге арналады. Автор бұл мәселеде де өзінің шын мәнінде реалистігін көрсетеді. Сынау әртүрлі. Кейде ақын-жазушылар сол таптың жыршысы бола отырып, өз табы өкілдерінің кемшіліктерін сол өз табының көзқарасы тұрғысынан сынап, сол сыны арқылы кемшіліктерін жойып, оның үстемдігін бекіте түсуге өзінше ат салысуды, көмектесуді нысана етеді.

&&&

$$$002-014-100$Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Қара сөздерінің ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы

  2. Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі

  3. 3.М.Әуезовтің қарасөздерді жіктеуі

&&&



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет