Тірішілікке қолайлы экологиялық жағдайлар және салған идеалды тұрғын үй (жеке пәтер, үй немесе шағын аудан) жобасын ұсыныңыздар. Жоба іс-жүзінде іске асарлықтай және мүмкіндігінше тиімді (экономды болсын.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар 3
-
Экологиялық тұрғыдан аса қауіпті заттардын қандай топтарын білесіздер?
-
Адамның мекен ету ортасының ластануын кемітудің қандай негізгі өндірістерін білесіздер?
-
Үй жағдайларында қауіпті заттармен ластану деңгейін төмендету үшін қандай іс-шаралар жүргізу керек?
Практикалық сабақтың тақырыбы №4
Тақырыбы: Қоректік ресурстар үшін тіршілік бәсекелестігін зерттеу.
Кіріспе. Экологиялық тұрғыдан таза, толыққанды қоршаған орта басқа факторлармен бірге адам денсаулығын сақтауда маңызды болып табылады.
Мақсаты: Жасыл желек микроклиматты реттеуде маңызды рөл атқарады: топырақты, үйлердің қабырғасын, жолдарды шектен тыс қызудан қорғап, ауаны ылғалдандырады және тазартады. Олар ауадағы швң мен ағзалардың 70-80 % сіңіріп алады. Ыстық жаз күнінде жасыл газон жолында жер бетінен 1,5 м биіктегі ауаның температурасы асфальтты жолға қарағанда 2,50 С-ға төмен.
Жасыл желек сонымен қатар, дыбыс толқындарын сіңіріп, сыртқы шуды төмендетеді.
Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір жабысқақ пленка
Жұмысты орындау барысы -
Берілген территорияның әр түрлі бөліктерінен (жасыл зона, автомагистраль маңы, тұрғын үйлер жанынан, т.б.) және әр түрлі биіктіктен ағаш жапырақтарын жинаңыздар
-
Жапырақтардың бетіне мөлдір жабысқақ пленканы жапсырыңыздар.
-
Пленканы жабысқақ шаң қабатымен жапырақтардан алып, ақ қағаз бетіне жапсырыңыздар.
-
Алынған үлгілерді бір-бірімен салыстырыңыздар.
Зерттелген территорияның әр түрлі бөліктерінің шаңданып, ластануы туралы қортынды жасаңыздар.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Сіз тұратын аудандағы шаңның негізгі көздері қандай?
Экологиялық таза отын түрлері қандай?
Практикалық сабақтың тақырыбы №5
КОЛЛОКВИУМ.
Практикалық сабақтың тақырыбы №6
Тақырыбы: Әр түрлі тірі ағзалардың зат айналымындағы рөлін зерттеу.
Кіріспе. Зат айналымы – заттардың жерде жүріп жатқан процесстерге бірнеше рет қатысуы. Нақтырақ айтқанда айналымға заттар емес, химиялық элементтер қатысады. Бір ағзалар пайдаланып болғаннан соң химиялық элементтер басқа ағзалар қорытатын қозғалыстарға айналады. Бұл процесстерге қажетті энергия күннен алынады, ал мұнда тірі ағзалар белсенді рөд атқарады. Көміртегінің биохимиялық циклына органикалық заттардың өндірушілері (продуценттер), тұтынушылар (консументтер) және ыдыратушылар (редуценттер) қатысады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен соң олардың ағзалары редуценттердің (бактериялар, саңырауқұлақтар, көптеген омыртқасыздар) көмегімен ыдырайды.
Мақсаты: далалық зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде әр түрлі түрлердің зат айналымындағы рөлін анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: далалық зерттеулердің статикалық өнделген мәліметтері (9-кесте), микрокаькулятор.
Солтүстік Каспий маңындағы кіші саршұнақтар мен дала суырларының өнімділігі мың ккал/га
9-кесте
Түр
|
Жыл
|
Қорек
|
Екінші реттегі өнім
|
|
|
Пайдаланған
|
қорытылған
|
кіші саршұнақ
|
1971
|
535
|
427
|
40
|
|
1972
|
355
|
283
|
28
|
|
1973
|
283
|
225
|
17
|
Дала суыры
|
1974
|
278
|
206
|
54
|
|
1975
|
318
|
239
|
65
|
-
Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
-
Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%) есептеңіздер
-
Алынған нәтижелерді 10-кестеге еңгізіңіздер.
Әр түрлі жануарлардың өнімінің түзілуінің тиімділігі 10- кесте
Түр
|
Жыл
|
Екінші реттегі өнімнің пайдаланылған қорекқе қатынасын (%)
|
Екінші реттегі өнімнің қорытылған қорекқе қатынасын (%)
|
Кіші саршұнақ
|
1991
|
|
|
|
1992
|
|
|
|
1993
|
|
|
Дала суыры
|
1994
|
|
|
|
1995
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |