Блогтардың шектеулері және техникалық мүкіндіктері, желілік технологиялардың ортақ толығымен анықталады.Бағдарламалық қамсызданудың бар болуы блогты жүргізуді жорамалдайды да, «Бүкіләлемдік торда» кәдімгі қолданушының жаңа жазуларды енгізуге мүмкіндік береді. Жүйенің мазмұнымен басқарудың жеке түрі және бұл Бағдарламалық қамсыздандыру блогтың «қоғалтқышы» болып саналады. ҚазНет блог-тұғырнамалары -
http://aitaber.kz
-
http://zhanaoi.kz
-
http://kerekinfo.kz
-
http://kazjur.kz
-
http://qazaqblogger.kz
-
http://massaget.kz
-
http://tumble.kz
-
http://teriskey.kz
-
http://on.kz
Дәріс №12. Мультимедиалық шығарманың режиссурасы
Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналды; заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз байланысып, біте қайнасып кеткендей. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына ғаламат әсер етіп, соны сатыға көтерді. Ғаламтор ақпарат ағынының тиегін ағытты, әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, шеңберін кеңейтті, журналистиканың тың саласы – жаңа медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсерінен соңғы жылдары орасан зор өзгеріске ұшырауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-жаманын сұраптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас-ты. Сондықтан, жаңа медианың отандық БАҚ, ақпараттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек.
Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Бұл жайт БАҚ-ның дамуына катализаторлық ықпал етіп, өнімділігін, пәрменділігін арттырды, жаңа медиаға (ақпараттың компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтері арқылы таралуы -wіkіpedіa.org) жол ашты. Көне түркі жазулардан бастау алып, заман көшінен қалмай, өскелең дәуірге өзінше үн қосып келе жатқан қазақ журналистикасы да бұл жаңалыққа тосырқай қарамады. Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы қалыптасты. Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет желісі -Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманалы мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді контенттер мен аудиовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті.
Жаңа медианың журналистикаға ықпал-әсерін екі тарапта қарастырған жөн. Ғаламтор арқылы қазақтілді ақпарат алаңдары: порталдар, сайттар, форумдар мен блогтар қазақ аудиториясына тікелей бағытталып жатыр. Қазақ тілді домендер мен хостингтердің саны күннен күнге артып келеді. Қазақтілді интернет-аудитория қалыптасып, бүгінде олардың саны молайды (100 адамға шаққанда 58 тұрғын ғаламторды пайдалана алады. – kzcontent.kz ).
Жаңа медиа қоғамда журналистиканың жаңа формасын туғызды. Ол құбылыс азаматтық журналистика, интернет-журналистика деген атпен танымал. Жаңа медиа ақпараттың мәтінге тәуелділігін жойды. Себебі, мультимедиялық, графикалық ақпараттың таралуы мәтіндік жүйенің баламалы тенденциясына айналды. Түсінікті де қысқа гипермәтіндер, газет-журнал мәтіндерінің қатталуы, радиотелевизия және баспасөз мұрағаттың қолжетімділігі, іздеу жүйесінің ыңғайлылығы, интерфейстің тартымдылығы бұқаралық ақпарат құралдарын ыңғайлы ете түсті. Жаңа медиа қоғамдағы демократиялық үдерістердің дамуына оң үлес қосуда. Цензураның құрсауын белгілі бір межеге дейін жойды. Интернет БАҚ-тардағы аудиториямен байланыстың оңтайлы әдістерінің болуы ақпарат тұтынушыларының ой мен сөз еркіндігіне мүмкіндік берді. Аудиториямен тығыз қарым-қатынас орнату ісі: оларды медиа ісіне тарту, қоғамдық мәселелерді талқылауға қатыстыру жаңа медианың әлеуметтік маңызын арттыра түсті. Мәселен, тұрақты жұмыс жасап жатқан Abaі. kz ақпарттық порталы, «Мінбер» Ұлттық интернет газеті, «Замандас», Маsa.kz, Bag.kz секілді сайттардағы түсіндірме, түсініктеме (комментарий) жазушылардың өздері ашық пікірталасқа барып, айтысып жатады. Не болмаса, материал туралы өз ойларын ортаға салады. Мұның өзі белгілі бір деңгейде сөз еркіндігі бар екенін аңғартады. Бұрынғы кездерде кері байланыс тек хат немесе радиотелевизияда телефон қоңырауы арқылы ғана орнатылса, ғаламтор енген қазіргі кезеңде, он-лайн хат алмасу мен электронды пошталардың дамылсыз жұмыс істеуі, он-лайн тілдесулердің ұйымдастырылуы еліміздің демократиялық принциптерін жүзеге асырады.
Қарап отырсақ, қазір «мен» деген БАҚ барлығында дерлік веб-сайт, портал, жекелеген журналистік блогтар мен форумдар, рейтинг-сауалнамалар тіпті әлеуметтік желілері де бар. Бұл дәстүрлі БАҚ-тың өзі жаңа медиа арқылы ақпарат нарығына шығып отыр дегенді білдірсе керек. Алайда, телевизия мен радионы былай қойғанда, баспасөздің веб-парақтары жаңа медианың қалыпына (стандарт) көп келе бермейді. Веб-беттердегі посттардың тым шұбалаңқылығы, визуалды ақпараттың жұтаңдығы байқалады. Мәселен, АҚШ-тың «USA Today», «New-York Тіmes» «Washіngton Post» секілді ірі басылымдарының веб-беттерінде үлкен көлемдегі материалдар аз, мұнда мәтіннің неғұрлым ықшам, оқуға жеңіл болуына аса мән беріледі. Ал, біздің елде газет бетін толтыру үрдісі ғаламторға да ауысып кеткендей.
Ғаламтордың қазақтілді интернет сайттарға тигізетін кері әсері де баршылық. Ақпарат ағынының толассыздығы салдарынан басқа тілдегі контенттер қазақ тіліндегі ақпаратты ығыстырып шығаруда. Тіпті, өзіміздің елде де көбіне орыстілді ақпаратқа басымдық беріледі. Мәселен, Себебі, қазақтілді Қазnet-тің дәл қазіргі жағдайы орыстілді сайттармен текетіресе алатындай деңгейге жете алған жоқ. Тұтынушысы ең көп делінетін түрлі әлеуметтік желілер мен ақпараттық-сайттар, ақпарат агенттіктері көбіне орыс немесе басқа тілде ақпарат таратады. Тіпті, белгілі, ауқымы кең отандық интернет-порталдардың өзі басым бағытты орыс тіліне беріп отырады.
Ғаламтор журналистиканы қоқысқа айналдырып та жібергенін коммуникативист ғалымдар мойындап отыр. Қаңқу сөздер мен жалған фактілер, моральдық сапасы төмен ақпараттар легінің толассыздығы, бір-біріне айдап салу, сыртынан ғайбат сөз айту деген секілді проблемалар біздің интернет-журналистикада да белең алып келеді. Бұл турасында профессор Кәкен Қамзиннің пікірі өте орынды: «Қазіргі қазақстандық ақпараттық кеңістікте блогтық жұтаң тіл, кибер ой жүйесі жедел қалыптасып келеді. Тіпті, аса бай, аса құнарлы қазақ тілінің варианты осы деуге сенгің де келмейді. Сауатсыздық пен білімсіздіктің көрінісін іздесеңіз, тап қазір блогосфераға жүгініңіз. Өтпелі, уақытша құбылыс болса да, қазіргі Интернет сауатсыздық резервациясына, шала сауаттылардың дау-дамай, байбаламы мен бетжыртыс алаңына айналды. Ол – индивидтер, жіктер, әлеуметтік топтар мәдениеті мен көзқарасының айнасы, сонымен қатар психологиялық терапия, тұрмыстық тауқыметтен, сыбағалы мифологемадан дистанциялық тілдесу, ақпарат алмасу арқылы арылудың әдісі. Белгілі бір дәрежеде көңілдегі кірді кетіру, психологиялық дерттен емделу тәсілі. Интернет – ортақ тарихи талқының, ортақ тарихи құлазудың да көрінісі» (Қамзин К. Мен ұлттық журналистикаға қызмет етемін! // http://abaі.kz). Шетелдік мас-медиа зерттеушілерінің: «Интернет – это социальная анархия. У системы нет никакого управляющего органа», – деуі тегін емес. Расында да, бас-көзі жоқ ақпарат алаңында не айтылып, не жазылып жатқанын реттеп жатқан ешкім жоқ. Мұның салдарының түрлі жағдаяттарға алып барып жатқаны да мәлім. Ұлтаралық дүрдараздық, діни экстремизм, адам ұрлау, адам саудасы, нәсілдік кемсітушілік, әлеуметтік теңсіздік секілді әлемдік проблемалардың бір ұшы ғаламтормен байланыстырылады. Онымен қоса, түрлі «тәртіпсіз» ақпараттар, көлеңкелі қызметтер, суицидке итермелейтін контенттер тағы бар. Мұның барлығы сұрыпталмастан қазақ аудиториясына сіңіп жатыр. Ертең зардабын тартпасымызға кім кепіл?
Жаңа медианың дилетанттық, яғни, кәсіби емес журналистиканы қалыптастыруы журналистиканың болмысына нұқсан келтірді. Журналистердің кәсіби абыройы мен жұмысына кедергі келтіретін көзқарас қалыптасты. Блоггерлер, оқырман-авторлар журналистиканың тілдік, стильдік мән-мағынасын төмендетті. Публицистиканың эмоционалды-экспрессивті деңгейі әлсіреп, мәтіннің көркемдігі мен мәні, мазмұндық жүйесі арзандады. Ғаламтор тілі деген атауды иемденген «подокаффтық сленг» қазақтілді ақпарат кеңістігіне де теріс әсер етті. Тілдік нормалардан тыс немесе сленгтік мәтіндер қазақ тілінің күш-қуатын одан әрмен әлсірете түсті. Бұл ана тіліміздің тазалығы мен прогрессивті дамуын тежейтін жайт. Онсыз да мемлекеттік тіліміз тұғырына қона алмай отырған бүгінгі таңда ғаламтордағы қазақ тіліне мұндай кері әсері − «жығылғанға жұдырық». Германиялық RTL-дің бас редакторы Петер Клэппель: «Интернет жақсы журналисті ұшпаққа шығарады, жаман журналисті шыңырауға түсіреді» деуінің шындығы бар. Себебі, жаңа медианың соны мүмкіндіктері арқылы жетістікке жетіп журген журналистер аз емес.Интернет журналистің аудиториямен байланысын одан әрмен тереңдетіп, жан-жақты етеді. Ақпарат жинаудың белгілі бір айла-тәсілдерін меңгерген журналистке интернет таптырмас құрал. Ал, шыңырауға түсіретіні жалған ақпаратқа әуес, жалаң сөзге құмар, қабілет-қарымы төмен журналистердің сорына бітуі де мүмкін. Қазіргі кезде оқиға орнын барламай-ақ редакцияда отырып, интернет-ресурстарына арқа сүйейтін журналистер қаншама? Авторлық құқыққа қол сұғушылық, шығармашылық ұрлық (плагиаттық) жолмен өзгенің еңбегін пайдаланып, соңынан араздасып жататындар да жиі кездеседі. Жоғарыда айтылғандай, интернет-журнализм журналист кадрлардың кәсіби сауатсыздығы мен білімділігін қажет етпейтіндіктен, бұл салада сауатсыздық дендеп барады.
Жаңа медианың дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы туралы түрлі пікірде, коммуникативистер. Өйткені, соңғы кезде дәстүрлі мас-медианың өзінде ғаламтордың тілдік ерекшеліктері мен ақпараттың берілу формасына еліктеу бар. Мәселен, интернет тіліндегідей қысқа да нұсқа жазу, лид- мәтіндер, визуалды ақпараттарды мейлінше мол беру үрдісі дәстүрлі БАҚ-ға да үйреншікті болып барады. Кейбір мамандардың пікірінше, жаңа медиа дәстүрлік БАҚ-қа бәсекелес емес, оның жаңа технологиялық жалғасы, жаңа формаға енген трансформациясы деп қарастырған жөн десе, басқа сарапшылар жаңа медиа күндердің күнінде дәстүрлі БАҚ-оның ішіндегі баспасөзді уақыт көшінен ысырып тастауы да ғажап емес: «Газет оқу 1975 жылға дейін туылған ұрпаққа тән. Олардың қатары мол болып тұрғанда, газеттер өмір сүре береді. Мүмкін, ақпарат құралы ретінде болмас, бірақ, қайталанбас бірегей өнім түрінде қалады, «басты газет оқырманы» – билік. «Билік жасарған сайын, газеттер де оған қызықсыз болып қалмақ» (www.aіkyn.kz). Ал, шынтуайтына келгенде, медианарықта анағұрлым сапалы, бәсекеге қабілетті және ары қарай дами алатын БАҚ қалуы бек мүмкін. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» (2009 жылғы 6 ақпанда өзгертілген) Заңға сәйкес, Қазақстандағы интернет-ресурстары, атап айтқанда, портал, форум, блог, чат, WAP-портал, интернет-телевидениесі дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілді. Демек, жаңа медиа БАҚ дәрежесіне теңестіріліп, үлкен мән берілді. Ендігі уақытта, интернет-ресурстарына басқа БАҚ секілді аса жауаптылықпен қарап, сапасыз дүниелермен былапыттай беруге болмайтыны анық. Журналистиканың таралу формасы ауысса да, оның халық алдындағы мақсат-міндеттері өзгерген жоқ. Яғни, интернет-журналистика еліміздің дамуына, қоғамдық өмірдің қай саласы туралы сөз қозғалса да, аса кірпияздықпен, сауаттылықпен, байыптылықпен болжам-байламдар жасауы тиіс.
Жаңа медианың басты ұмтылыстары мен ұтылыстары осындай. Бір білеріміз, ғаламтор пайдасы мен зиянының ара салмағына қарамастан адамзаттың ажырамас құндылығына айналып үлгерді. Енді, оны санамыздан аластату мүмкін емес. Тек ғаламтордың, оның әсерінен туындаған БАҚ формасы – жаңа медианы өз ой-санамызға лайықтап қолдансақ болғаны. «Қай елдің баспасөз күшті болса, сол елдің өзі де күшті» деп Алаш қайраткері Міржақып Дулатов ХХ ғасырда айтса, ХХІ ғасырда бұл аталы сөздің де формасы өзгергендей. Яғни, қай елдің ақпарат кеңістігі, ғаламторы күшті болса, сол ел ғана өзінің «ақпараттық иммунитетін» қалыптастырып, ақпараттық экспанциядан қорғанбақ, басқаға мойындатпақ, танытпақ.
Дәріс №13, 14.
Конвергенттік журналистиканың әлеуметтік аспектілері
Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуына байланысты ана тіліміздің өз шешімін күтіп тұрған көкейкесті мәселелері жеткілікті. Қазіргі кезде күллі әлемге жайылып келе жатқан жаһандану үдерісі, әсіресе ұлттық ерекшелікті, ұлттық құ.ндылықтарды сақтауға орасан кедергі келтіруде. Қазіргі біз өмір сүріп отырған ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры. Елімізде жаңа медиа технология жедел дамып келеді.
Жаңа медианы игеру - бүгінгі таңдағы өте өзекті тақырып. Технология күн санап дамыған заманда жаңа медиа
технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңалықтар мен мақалаларды берудің өзгеше көкжиегі ашылды. Өкінішке қарай, бұл бағыт қазақ тілді ғаламторда өте аз қолданылады.
«.ҚАЗ» домені. Қазақ тілді ғаламтор.
Қазіргі біз өмір сүріп отырған ғасыр -ақпараттық технологиялар ғасыры. Алдағы екі-үш жылда ғаламторды тұтынушылар саны күрт артуы мүмкін. ҚазНетте қазақ тілді ресурстар саны жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтай күн санап өсіп келеді. Көптілділікті талап ететін ақпараттық ғасыр сананың бәсекеге қабілетті болуы үшін кез келген жағдайды жасауға қабілетті. Дегенмен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа медиатехнологияның мүмкіндіктері өте аз қолданылатыны белгілі болып отыр. Еліміздің ақпараттық технологиялар және телекоммуникация саласын зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанда ғаламтор қызметін пайдалану-шылар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Мәселен, 2008 жылы ғаламтор аудитория көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артып, 2,3 миллион адамды құраған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 30 пайызға жоғарылапты. Тәуелсіз зерттеу компанияларының бірінің 2009 жылдың соңындағы мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда ғаламтор қызметін 3,16 миллион адам пайдаланатын көрінеді. Бұл республика халқының 19, 8 пайызын құрайды. Ал 16 жасқа дейінгі балалар үлесі 12 пайызға тең. Соңғы жылдары жақсы дамып келе жатқан қазақ тілді блогтардың көбейгендігін
айтып өткен жөн. Бүгінде дүниежүзі бойынша 1,4 млрд-қа жуық адам, яғни жер шарының әрбір төртінші тұрғыны Ғаламторға қосылған. Ғаламтордың көмегімен секунд сайын миллиардтаған ақпарат беріледі. Ғаламтор арқылы біз бір-бірімізбен байланыста боламыз, білім аламыз, табыс табамыз. Бұл - бүгінгі тіршіліктің бір көрінісі, заман талабы, әлемдік көштен қалмаудың бір жолы. Өйткені ғаламтор - ақпараттың сансыз көп шоғырланған ордасы, сондай-ақ қазірде ол кез келген елдің ақпараттық, мәдени, саяси және экономикалық өміріндегі қажетті факторға және олардың даму ортасына айналды. Интернеттен керегіңіздің бәрін де табуға болады. Бұған бірден-бір себеп - ақпарат құралдарының жедел қарқынмен ғаламдық желіге көшуі, жаңа ақпараттық, сараптамалық, ойын-сауықтық, танымдық әртүрлі салалар бойынша көптеген сайт, порталдардың, жеке
парақшалардың ашылуы. Енді ғаламтор желісіндегі мекенжай жүйесінде
ұлттық әліпбиді пайдалануға толық мүмкіндік туды. Қазақтың қолданысындағы кирилл әліпбиіне негізделген «.ҚАЗ» атты жаңа домені ғаламторда іске қосылады деп күтілуде. Енді ұлт атауының басқы үш әрпінен тұратын ұлттық доменді пайдаланатын күн алыс емес. Өз ана тілімізде жұмыс істеуге толық мүмкіндік беретін «.ҚАЗ» ұлттық доменін пайдалану төңірегінде мәселенің көтерілгеніне екі жылдың жүзі болыпты. Соңғы кезеңде, яғни 15 тамыздан бастап «.ҚАЗ» доменін тіркеу ашық жүргізіле бастады. Кез келген азамат, кез келген заңды немесе жеке тұлға осы уақыттан бастап ұлттық әліпби әріптері пайдаланылатын сайттарды тіркеп, сонымен жұмыс істей алады. Желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу ережесі қолданылады. Мәселен, ғаламтор мекенжайды тіркеу барысында мынадай арнайы белгілеудегі
домендік атаулар қолданылады: МЕМ.ҚАЗ - мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорынды тіркеу туралы куәлікті иеленушілерге; БІЛ.ҚАЗ - білім беру мекемелері үшін, білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия иеленушілерге; КОМ.ҚАЗ - коммерциялық ұйымдар үшін; ҚАУ.ҚАЗ - коммерциялық емес ұйымдар және жобалар үшін; ҚОР.ҚАЗ - Қорғаныс министрлігі үшін; БАЙ.ҚАЗ - байланыс кәсіпорындары үшін. Ескере кететін жайт, соңғы мәліметтерге сүйенсек, әлемде ICANN мақұлдауын алып, ұлттық доменін төл әліпбиімен қалыптастырған 45 ел бар екен. Ал «.ҚАЗ» әлемдегі кириллица әліпбиіндегі үшінші домен болып табылады. Бұған дейін Ресей «.РФ» доменін, сербтер «.СРБ» доменін қатар қолданып келген. «.kz^-тың орнын «.ҚАЗ» баса ала ма? деген сұраққа жауап. Әлбетте, «.ҚАЗ»-дың келуі «^»-тың құрдымға кеткенін білдірмейді. Екеуі қатар жүре береді. Десе де, «.ҚАЗ», негізінен, қазақ-тілді ғаламторшыл
қауымға арналатыны бел-гілі. Өйткені мұндай доменнің айналымдағы белсенділігі де, ең алдымен, қазақша оқып, қазақ тілінде жаза білетіндердің белсенділігімен байланысты болмақ. Ендеше «.ҚАЗ» домені өз атауы айтып тұрғандай.
7. Практикалық сабақтардың мазмұны.
1-тақырып: Конвергенттік журналистика: технологиялық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары.
Дәріс бойынша мазмұндау, толықтыру. Конвергенция туралы түсінік, оның әртүрлілігі. Әлемдегі және Қазақстандағы БКҚ, АТ даму тарихы. Коммуникацияның дамуы: спутниктік, ТВ кабельдік, сандық, интерактивтік құрылғылар.
2-тақырып: Әлеуметтік желілер мен азаматтық журналистиканың ролі.
Ақпараттық қоғамның қазіргі теориялары, концепциялары, қоғамдық-саяси конвергенциялары. Қоғамдық-саяси конвергенция және ақпараттық қоғам зерттеушілері. Конвергенция дамуындағы ақпараттық жаһанданудың рөлі мен ұғымы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – олардың конвергентті журналистика дамуындағы рөлі.
3-тақырып: Этикалық мәселелер
Конвергенттік журналистика құралдарындағы этикалық мәселелердің көрінісі қандай. Мысал келтіру.
4-тақырып: Мультимедиалық журналистік шығарма
Дәстүрлі медиадан конвергентті редакцияға өтудің қиындықтары. Мультимедиялық журналистің спецификалық жұмысы. «Конвергентті редакция» жағдайындағы журналист қызметі. ТВ және РВ сюжеттер даярлдау, он-лайн қызметі.
5-тақырып: Конвергенттік журналистиканың ерекшеліктері.
Интернет – ақпарат пен коммуникацияның әмбебап құралы. СМК-ның қазіргі тенденциялары. БАҚ демассификациясы, ақпараттың дербестенуі, орталықсыздануы. Дәстүрлі және жаңа БКҚ рөлі және оның қоғам дамуына әсері. Конвергентті редакция.
6-тақырып: WEB-ке арналған фотосуреттер: композиция, өңдеу, оптимизация, жариялау
Қазіргі медиа холдингтер. Әлемдегі медиахолдинг. Коммуникациялық медиа магнаттар. Медиа магнаты: Р.Мэрдок, Т.Тернер, С.Берлускони т.б. Мультимедиялық журналист. Мультимедиялық журналистің әмбебаптылығы. Қазақстандағы коммуникацияның дамуы. Қазақстандағы конвергентті журналистика құралдарын талдау.4
7-тақырып:
Жаһандық желілік ресурстарға (аудиоподкасттар) арналған жазу, аудио өңдеу.
Қазақстанда қолданылатын желілік ресурстарға шолу жасау, нақты мысалдар келтіру.
8-тақырып:
Дыбыстық слайд-шоу.
Белгілі бір әлеуметтік тақырып бойынша слайд-шоу жасау.
9-тақырып:
INTERNET форматындағы видео.
Әлеуметтік желілердегі видео-ақпараттарды талдау.
10-тақырып:
INTERNET-тегі ақпаратты графикалық түрде беру әдісі: интерактивті карты.
Қазақстандағы танымал блогшылардың блогтарындағы графикалық ақпараттарды талдау, үйрену.
11-тақырып:
Кәсіби блогтар.
Еліміздегі кәсіби блогтарға шолу жасау, әлеуметтік тақырыпта жазылған блогтарды талдау.
12-тақырып:
Мультимедиалық шығарманың режиссурасы.
Авторлық мультимедиалық шығарма жасау.
13-тақырып:
Жаһандық желілік ресурстарға (аудиоподкасттар) арналған жазу, аудио өңдеу.
Қазақстанда қолданылатын желілік ресурстарға шолу жасау, нақты мысалдар келтіру.
14-тақырып:
Конвергенттік журналистиканың әлеуметтік аспектілері.
Аталмыш тақырыптағы ғылыми мақалалар бойынша материал әзірлеу.
8. Өздік жұмыс тапсырмалары.
1.Видеоматериал түсіру.
2.Монтаж жасау.
3.Материалдың WEB желісіне оптимизациялау.
4. FM Atlas или Google map. –те тіркелу.
5. Интерактивті карта жасау.
6. Блог ашу, жазбалар жасау.
7.Блогта ақпараттық матреиалдарды жасау.
10. ОМӨЖ кеңесінің кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
Дүйсенбі
|
сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс сұрақтары бойынша кеңестер
|
15.50-16.40
|
|
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибе сабақтарының сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
15.50-16.40
|
|
|
15.50-16.40
|
|
3.
|
СӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
|
|
16.55-17.45
|
|
|
4.
|
Тест сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
|
14.45-15.35
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |