Жұмыс бағдарламасы Глоссарий



бет4/4
Дата22.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#153731
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4
Жазғы кезеңде ойлы аймақтарда еділбай (21,2%), қарқаралы (16,4%), қаракөл қойлары (10,3%) салмақ қосты. Биязылау жүнді дегерес құйрықты қойлары да салмағын жоғарылатты (5,7%).
Көрсетілген мәліметтер жалпы еділбай және қаракөл тұқымдарының қойлары жазғы-күзгі кезеңде шөпті шөлейт жайылымдарын қолдана алу қасиетіне ие екенін көрсетеді. Бұл олардың тарихи қалыптасқан биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қаракөл және құйрықты тұқымдардың қойларын аудандастыру олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталу керек: қысқы жағдайлары қолайлы, оңтүстік типті шөл жағдайларында қаракөл қойларының тиімділігі жоғарырақ болады, құйрықты қойларға - қысы қатты, барлық шөлейт және шөл аудандар.
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің тұқым сынамасы. Біздің елімізде соңғы 50 жылда әр түрлі жануар түрлерінің жоғары өнімді зауыттық тұқымдары көптеп шығарылды. Тұқым шығару үрдісі тоқтаған жоқ. Жаңа тұқымдарды, тұқым топтарын, тұқымішілік (зоналық) және зауыттық түрлерін шығару нарықтық экономика жағдайындағы мал шаруашылығының интенсификациясы үшін өте маңызды. Пайда болған жануарлардың жаңа тұқымдары тұқымаралық шағылыстырудың түрлі нұсқаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тұқымаралық шағылыстырулар және шағылыстырудың түрлі нұсқалары бар тұқымдарды жетілдіру үшін және жаңа тұқымдар мен жануар түрлерін шығару үшін маңызды түрткі ретінде қызмет етеді. Тұқымдағы мамандалған типтерді жануарларды тұқым ішілік іріктеу мен таңдау арқылы да, еңгізілген шағылыстырулар арқылы да шығарады.
Селекциялық жетістіктерді қорытындылау үшін негіз болу мүмкін:
а) ұрпағына тұрақты беріліп отыратын экстерьері және конституциясы, өнімділігінің сипаты мен деңгейі және басқа да көрсеткіштері бойынша ұқсас, көп бас жануарлардың болуы;
б) сыналатын тұқымдардың, тұқымдық топтардың, аталық іздердің және т.б. ауыл шаруашылық жануарларын өсіру бойынша меншікті түріне қарамастан асылтұқымдық шаруашылықтардың және фермалардан жеткілікті мал санының болуы;
в) дәл тұқым сынау сәтіне оған ұсынылатын селекциялық жетістіктердегі құрылымды бірліктердің жеткілікті болуы;
г) сыналатын тұқымның немесе оның құрылымды бірлігінің малдарда, сол зонада өсірілетін тұқымдарынан, тұқымдық топтарынан, типтерінен, аталық іздерінен асатын өнімдік, экстерьерлік, биологиялық, шаруашылық және т.б. қасиеттерінің болуы және оның зоотехникалық құжаттар бойынша расталуы;
д) жануарлардың тегін, өнімділік деңгейін және тұқымдық сапасын, тұқымның жаңа түрін шығару немесе оны жақсартатын әдістерді дәлелдейтін, және де тұқымдық жұмыстардың және тұқымдармен жұмыс істеу әдістемелігінің жоспарының белгіленген ретімен бекітілген зоотехникалық құжаттарының болуы;
ж) қайта құрылған немесе өнімділігі жетілдірілген тұқымдардың жоғары экономикалық тиімділігі.
М е м л е к е т т і к т ұ қ ы м д ы қ к і т а п т а р (МТК). Ауыл шаруашылық жануарларының тұқымдық кітаптарының үнемі басылып шығуы үлкен маңызды шара болып табылады. Қазіргі кезде Республикада басылатын тұқымдық кітаптар мемлекеттік болып саналады. Олар бізде өсірілетін барлық малдардың тұқымдары бойынша шығарылады. Олардың мақсаты – жоғары өнімді малдарды шығару және тіркеу; олардың тегі туралы, өнімділігі және тұқымдық қасиеттері туралы мәлімет басып шығару. МТК-ның материалдары бойынша асылдандыру жұмыстардың бағыттары және жалпы тұқымды жетілдіру туралы, тұқымда шығарылған аталық іздер мен аналық ұя құндылығы туралы пікірлер айтуға болады.
МТК-ға енгізу үшін жануарларды іріктеу жұмысы арнайы жеке карточкаларды толтырумен бірге бонитировканың берілгендері бойынша жүргізіледі. Ондай жазбалардың жиналуына байланысты оларды хаттап, МТК-ның келесі томын шығарады. Тұқымдық кітаптарға жануар туралы келесі қысқаша мәліметтерді жазады: лақап аты немесе нөмірі, жынысы, жануардың туған күні мен туған жері, қандай шаруашылыққа жатады, 2-3 қатар ата тегі, жануар жасымен бірге өнімділік қасиеттерінің деңгейі (тірі салмағы, сүттілігі, жүн қырқымы және жүнінің ұзындығы, сүтінің майлылығы және т.б.), бонитировка класы, экстерьердің бағасы және негізгі өлшемдер. МТК-да жазылған нөмірі мәңгіге сақталады.
МТК мамандарға тұқымның ерекшеліктерінде дұрыс хабардар болуға, оның тұқымдық ресурстарын жақсырақ білуге, келесі жануарларды іріктеу тәжірибесін шығаруға және дұрыс қолдануға көмектеседі. Осы кітаптардың материалдарын тұқымдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, болашақ жоспарларды құрғанда және тұқымды жетілдіру бойынша басқа шараларды жасағанда кең түрде пайдаланады.
Көрмелер мен байқаулар. Мал шаруашылығының жемісті дамуына және тұқымдық істердің жақсаруына себеп болатын ұйымдастыру шараларына шығарулар мен көрмелер кіреді. Олар маңызды жарнамалық фактор қызметін атқарады және жеке шаруашылықтардың, аудандардың, облыстардың, ғылыми мекемелердің, тұқымдық қызмет мүшелерінің жетістіктерін түсінікті түрде көрсетеді.
Көрмелер мен байқаулар арнайы ауыл шаруашылық мүшелерімен құрылған комиссия ұйымдастырып, өткізеді.
Көрмелерді мынадай мақсатта ұйымдастырады: ең жақсы малдарды көрсету; көрсетілетін нәтижелерге қандай жолмен жеткенін айту; аудандарда, облыстарда, республикада селекциялық жұмыстардың жүргізілуінің дұрыстығын жүйелі тексеру және бағалау; мал шаруашылық мәселелеріне көптің назарын аударту және т.б. Көрмелердің жұмыстары кезінде сұхбаттар, консультациялар өткізіледі, басшылардың және ең жақсы шаруашылықтардың мамандарының жұмыс тәжірибелері туралы есептері, ғалымдардың дәрістері оқылады, ғылыми және документальды фильмдер көрсетіледі.
Көрмелер өзінің сипаты мен мазмұны бойынша, ауыл шаруашылығының барлық салалары көрсетілген, малдардың бірнеше түрлері қатысатын немесе малдың бір түрі бойынша болуы мүмкін. Өзінің көлемі мен территорияны қамтуына байланысты көрмелер республикалық, облыстық, зоналық, ауданаралық, аудандық болу мүмкін.
Байқаулар – бұл қысқа мерзімді тар мамандалған көрмелер. Оларды аудандар көлемінде, ірі тұқымдық шаруашылықтар зоналарында өткізеді. Байқаулар жануардың бір түрдің және белгілі бір категорияның (төл, аталықтар, ұрғашылар) жануарын көрсетеді. Мұнда әр түрлі шаралардың өткізілу эффектісін және асылдандыру жұмыстардың түрлі әдістерін қолдануын бағалап, салыстыруға болады.
Байқаулар бір күн бойы өткізіледі.
Т ұ қ ы м д а р к е ң е с і. Бір тұқымның малдарын өсіретін шаруашылықтардың жұмыстарын үйлестіріп, бірлестіру үшін біздің елімізде жеке тұқымдармен жұмыстар бойынша кеңестер құрылды. Олар келісімді түрде ғылыми қызметкерлерден, асылтұқымды шаруашылықтар басшылары және станциялар малдарынан қалыптасады. Кеңестер жалпы және жеке үйірлер, зауыттық аталық із бойынша тұқымның жағдайын зерттейді; тұқымды әрі қарай жақсартуға шаралар жасайды; тұқыммен жұмыстардың болашақ жоспарларын құрайды (10-15 жылға). Олар тұқымдық жұмыстармен әдістемелік басшылығын жүзеге асырады және тұқымдық зауыттардың, тұқымдық шаруашылықтардың, мемлекеттік тұқымдық станциялардың жұмыскерлеріне жеке табындармен, зауыттық аталық іздермен, аналық ұялармен және асылтұқымды жануарлардың басқа да топтарымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарды реттеуде және жүргізуде тәжірибелік көмек көрсетеді.
Тұқым мен асылдандыру жұмыстардың жоспары. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – асылдандыру жұмыстың бағытының үйлесімдігі және тұқымдық ресурстарды жоспарлы түрде пайдалану. Соңғы жылдары біздің елімізде ауыл шаруашылық жануарларының түрлері бойынша барлық басты тұқымдармен асылдандыру жұмыстардың болашақ жоспарлары құрылды. Ондай жоспарлар ұзақ уақытты құрайды (10-15 жыл). Кез-келген табынды, әсіресе асылтұқымды, жақсартудың болашақ жоспарын жасау шығармашылық, әрі қиын үрдіс.
Асылдандыру жұмыс жоспарын құрастыру әдістемесі екі бөлімді қарастырады. Бірінші бөлім тұқымды шығарудың тарихи шолуынан және негізгі зоналарда өсірудегі оның жағдайын талдауынан тұрады. Бұл бөлімнің мәні болашаққа жасалынатын шаралардың дәйектемесі болып қызмет етуінде. Екінші негізгі бөлім тұқымның өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жақсарту жолдары мен әдістерін анықтауға арналған. Тұқымдардың ареалына байланысты асылдандыру жұмыстардың жоспарында онымен бірге жеке бөлімдер анығырақ жетілдіріледі.
Географиялық кең таралған тұқымдар бойынша құрылған жоспарларда әр түрлі зоналарда асылдандыру жұмыстарды жүргізудің ерекшеліктері қарастырылады, тұқымаралық зоналық типтердің ерекшеліктерін зерттеп, анықтайды. Әр түрлі зоналардағы асылдандыру жұмыстардың бағытын дәйектеу және жеке, бір-бірінен алшақ жатқан тұқым зауыттарындағы және басқа асылтұқымдық шаруашылықтарындағы құнды туыстас топтардың және ерекше жануарлардың тұқымдары үшін ең жақсы түрде қолдану ерекше маңызды.

$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар

Тақырып 1. Селекцияның генетикалық негіздері

Тапсырма. Дисперсті анализ арқылы тұқымкуалаушылықтьщ белгісін анықтау.

Тақырып 2. Селекцияның генетикалық негіздері

Тапсырма. Туыстықтың әртүрлі эдәстерін қатарлау.

Тақырып 3.4 Асьлдандыра сұрыптау

Тапсырма. Әртүрлі шаруашылыктағы асылдандыра сұрыптау эдістері.

Тақырып 5. Фенотип бойынша сұрыптау және бағалау.

Тапсырма. Фенотип бойынша сұрыптаудың практикалық әдістері.

Тақырып 6.7 Генотип бойынша сұрыптау бағалау

Тапсырма. Генетип бойынша сұрыптау әдістері.

Тақырып 8.9 Селекция эфектісін болжау жэне анықтау әдістері

Тапсырма. Нақты отардағы селекция эфектісін анықтау.

Тақырып 10.11 Малшаруашылығындағы асылдандыру іріктеу.

Тапсырма. Әртүрлі асылдандыру мақсатында іріктеу формаларын аныктау.

Тақырып 12.13 Өндірушінің өз белгісін сақтауы.

Тапсырма. Өндірушінің өз белгісін сақтауының әртүрлі эдістерін анықтау

Тақырып 14.15 Инбридинг малдарды көбейтудегі әдіс ретінде. Тапсырма.Инбридингтің коэфицентін анықтау.

Тақырып 16.17 Солтустік қазақ меринос тұқымын шығару жолымен танысу.

Тақырып 18.19 Жаңа турлерді шығару.

Тапсырма.Кеңаумақтағы селекцияны шығару эдістері.

Тақырып 20.21 Кеңмасштаптағы селекция

Тапсырма. Зоотехникалық есептің және асылдандыру формасын толтыру.

Тақырып 22.23Асылдандыру және зоотехникалық есепті жүргізу.

Тақырып 24.25 Ауылшаруашылық малдарды бонтировкалау.

Тапсырма.Мая түрлеріне бонтировка жүргізу эдістемесі.

Такырып 26.27 Әртүрлі шаруашылықтардағы асылдандыру жұмыстары.

Тапсырма.Асылдандыру заводында, асылдандыру шаруашылығында және товар шаруашылығында асылдандыру жұмысының ерекшеліктері.

Тақырып 29.30 Асылдандыру жұмысын жоспарлау жэне ұйымдастыру. Тапсырма. Асылдандыру жұмысының жоспарын кұру эдістемесі


$$$007-001-000$3.4.1 Бірінші межелік бақылау тестілері


$$$ 1

Тірі организмдердің тұкым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін ғылым.

А. генетика

B. морфология

C. физиология

D. микробиология

Е. биометрия

$$$ 2

Тұқым куалаушылықтың неше касиеті бар



А. 4

В. 6


С. 3

D.2


Е. 1.

$$$ 3


Селекцияның неше әдісі бар

А. 3


В. 4

С. 5


D. 6

Е. 7


$$$ 4

Селекция қандай мағына береді:

А. жұптау

В. топтастыру

С. гибридтеу

D. сұрыптау

Е. бордақылау

$$$ 5


Фенотиптік деп аталады немесе фенотипі бойынша жұптастыру мен бағалау.

А. Жасанды ссұрыптау

В. Жаппай сұрыптау

С. Тұрақтандыратын сұрыптау

D. дизруптивтік сұрыптау

Е. Бағытталған сұрыптау

$$$ 6

Ағзамен сыртқы орта әсерінің өзара әсерлерінен туындайтын ағзаның барлық касиеттерінің жиынтығы.



А. сұрыптау

В. экстерьер

С. интерьер

D. фенотип

Е. генотип

$$$ 7


Күйге келген аналықты таңдап алғаннан кейін, оған алдын-ала сұрыпталған қошқармен жұптастырады, шағылыстыру әдісі:

А. Үйірлі

В. Қолдан

С. Еркін

D. Кластық

Е. Тандемді

$$$ 8

Саулықтардың белгілі тобына сәйкес қошқарларды белгілейді, олар шағылыс кезең аяқталғанша бірге жүреді. Шағылыстыру әдісі:



А. Үйірлі

В. Қолдан

С. Еркін

D. Кластық

Е. Тандемді

$$$ 9


Малдың мінез-құлқын оқытатын биологияның бөлімі

А. биология

В. физиология

С. экология

D. этология

Е. генетика

$$$ 10

Малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау.алды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау.



А. селекция

B. гибридтеу

С. бонитировка

Д. класстау

Е. жұптау
$$$007-001-001$3.4.2 Екінші межелік бақылау тестілері
$$$ 1

Жалпы отар мен асыл тұқымдық ядро көрсеткіштер арасындағы айырмашылық қалай аталады:

А.селекциялық дифференциал

В.тұқым қуалағыштық

С.қайталанғыштық

D.корреляция

E.өзгергіштік

$$$ 2


Сол және бір топ малдарында әр түрлі қоршаған орта немесе әр түрлі жас шамасында әр түрлі фенотиптік құрылымның тұрақтылығын қалай атайды:

А.селекциялық дифференциал

В.тұқым қуалағыштық

С.қайталанғыштық

D.корреляция

E.өзгергіштік

$$$ 3

Егер бірінші белгі өзгерген кезде, екінші белгі сол немесе басқа бағытта өзгерсе, ол



А.селекциялық дифференциал

В.тұқым қуалағыштық

С.қайталанғыштық

D.корреляция

E.өзгергіштік

$$$ 4


Бір тұқымға жататын малдарды шағылыстыру мал өсірудің қай әдісіне жатады:

А.таза тұқым өсіру

В.гибридтеу

С.будандастыру

D.аталық із бойынша өсіру

E.қан жаңарту

$$$ 5

Әр түрлі тұқымға жататын малдарды шағылыстыру мал өсірудің қай әдісіне жатады:



А.таза тұқым өсіру

В.гибридтеу

С.будандастыру

D.аталық із бойынша өсіру

E.қан жаңарту

$$$ 6


әр түрге жататын малдардың шағылыстыру мал өсірудің қай әдісіне жатады:

А.таза тұқым өсіру

В.гибридтеу

С.будандастыру

D.аталық із бойынша өсіру

E.қан жаңарту

$$$ 7

Бір тұқымға жататын, бірақ әр түрлі өндірістік немесе экологиялық жағдайда өсірген саулық пен қошқарды шағылыстыру қалай аталады:



А аталық із бойынша

В.тұқым жаңарту

С.қан жаңарту

D.туыстас мал өсіру

E. туыстас емес мал өсіру

$$$ 8


Ұнамды тип талаптарына жауап беретін және басқа тұқымның құнды сапаларына ие болған будан малдарды өз ішінде өсіруді будандастыруды қай түріне жатқызады:

А.кіріспе

В.кәсіптік

С.кезек


D.сіңіре

E.өндіре (заводтық)

$$$ 9

Бір тұқымға жататын саулықтардың жеке кемшіліктерін жою үшін оларды типі мен өнімділік сипаттамасы ұқсас басқа тұқым қошқарларымен будандастыруды қалай атайды:



А.кіріспе

В.кәсіптік

С.кезек

D.сіңіре

E.өндіре(заводтық)

$$$ 10


Бірінші будан ұрпақтың ет және жүн өнімділігін жоғарылату мақсатында екі немесе бірнеше тұқым малдары будандастыруды қалай атайды:

А.кіріспе

В.кәсіптік

С.кезек


D.сіңіре

E.өндіре (заводтық)


$$$007-001-002$3.4.3 Емтихан сұрақтары

Мамандыққа кіріспе пәнінен емтихан сұрақтары




  1. Пән, міндеті және қой селекциясы мен интенсивті өсіп өну биотехнологиясы.

  2. Эволюция ілімінің қалыптасуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы.

  3. Мал шаруашылығының қоғам дамуындағы маңызы

  4. Жануарлардың өсіп-жетілуі /даму/ заңдылықтары..

  5. Мал селекциясының теориялық негіздері.

  6. Сұрыптаудың мәні мен генетикалық алғышарттары. Сұрыптау

  7. Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау

  8. Сұрыптау барысында әсер ететін жағдайлар..

  9. Сыртқы пішіннің /экстерьердің/ маңызы

  10. Малдың сырт пішініне қарап бағалау арқылы шешілетін зоотехникалық және селекциялық мәселелер.

  11. Малдың жасы мен қоңдылығын анықтау жолдары.

  12. Малдың ішкі құрылысы және оның зоотехниядағы маңызы

  13. . Мал өнімі мен мал өнімділігі туралы түсінік.

  14. Малды өніп-өсу және жетілгіштігі бойынша селекциялау

  15. Малды өнімділігіне қарай бағалау принциптері мен әдістері

  16. Әртүрлі мал түліктері өнімділік көрсеткіштерінің тұқым қуалауы.

  17. Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау

  18. Өнімнің саны мен сапасы, оған жұмсаған азық шығыны, экономикалық көрсеткіштері және олардың мал тұқымын асылдандырудағы маңызы

  19. Мал өнімділігіне әсер ететін жағдайлар /факторлар/.

  20. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау.

  21. Мал асылдандыру жұмысының мал шаруашылығын қарқындата өркендетудегі, мал өнімділігін арттырудағы ролі

  22. Аталық малды /бұқалар, қабандар, айғырлар/ ұрпағының сапасына қарай сынауды ұйымдастыру.

  23. Сынауға қойылатын аталықтарды алдын ала сұрыптау және олардың жасының маңызы.

  24. Малды шаруашылыққа жарамдылығы мен тұқымдық сапасына қарай топтастыру.

  25. Бонитировка жасау /баға беру/ және бонитировкалық кластар тағайындау принциптері

  26. Малдың генотипін ертерек және өте дәл бағалау мәселелері және оның нарық жағдайындағы экономикалық маңызы.

  27. Селекциялық және тұқымдық мал топтары, олардың маңызы

  28. Бонитировка нәтижелері бойынша қолданылатын шаралар

  29. Мал өнімділігі-негізгі селекциялық белгі.

  30. Табынға генеологиялық /туыстығы/ тұрғыдан талдау жасау

  31. Жұп таңдаудың генетикалық алғышарттары

  32. Жұп таңдаудың негізгі принциптері:

  33. Жұп таңдау түрлерін жіктеу

  34. Малдың селекциялық белгілерінің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын зерттеудің биометриялық негіздері.

  35. Гибридтеу түрлері мен тарихы.

  36. Шағылыса алмау, оның себептері, болдырмау жолдары

  37. Өнеркәсіптік кешендерде малды биологиялық ерекшеліктері мен өнімдік сапасына қарай топтастыру принциптері және оның маңызы

  38. Жаңа мал тұқымдарын шығару және оларды одан әрі жетілдіру бағдарламалары /жолдары/.

  39. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі мал тұқымын асылдандыру қызметінің құрылымы

  40. Қазақстан Республикасындағы мал тұқымдарын асылдандыру базалары.

  41. Будандастыру түрлері.

  42. Таза тұқымды мал өсіру – маңызы, қолдану мақсаты,

  43. Генетикалық және фенотиптік байланыстар. (корреляция)

  44. Қой шаруашылығындағы гибриттеу.

  45. Табиғи және қолдан сұрыптау.

  46. Экстерьері мен өнімділігі бойынша сұрыптау.

  47. Шежіресі бойынша сұрыптау.

  48. Жұп таңдау әдістері.

  49. Гомогенді жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы.

  50. Гетерогенді жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы.

  51. Жеке жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы.

  52. Топтық жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы. .

  53. Бонитировкалау техникасы, өткізу уақыты.

  54. Жеке бонитировка.

  55. Кластық бонитировка.

  56. Қой малдарының асыл тұқымдық кітабының маңызы. Асыл тұқымдық кітаптар.Өндіре (заводтық) будандастыру – маңызы, қолдану мақсаты.

  57. Кезек будандастыру – маңызы, қолдану мақсаты.

  58. Сіңіре будандастыру – маңызы, қолдану мақсаты.

  59. Кіріспе будандастыру - маңызы, қолдану мақсаты.

  60. Кәсіптік будандастыру – маңызы, қолдану мақсаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет