Жұмыс бағдарламасы Глоссарий



бет1/4
Дата22.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#153731
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4
$$$UMKD_LANG$RU

$$$UMKD_NAME$ Аты ПЭОӘК Қой шаруашылығы, жүні, еті және елтірісін өндіру

технологиясы

$$$UMKD_AVTORS$ Авторлар ПЭОӘК Ахметова Б.С. а.ш ғылымдарының кандидаты, доцент қызметін атқарушы.

$$$UMKD_YEAR$2014
@@@

###000-001#

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ

БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

« Асыл тұқымды іс негіздері»


«5В080200» – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технолдогиясы»


мамандығына арналған

Құрастырғандар:


Ахметова Б.С. а.ш. ғылымдарының кандидаты,

доцент қызметін атқарушы



Семей

2014

&&&&

###000-002#Мазмұны


  1. Типтік бағдарлама

  2. Жұмыс бағдарламасы

  3. Глоссарий

  4. Дәрістер конспектісі

  5. Тәжірибелік және семинарлық сабақтар

  6. Білім бақылау бөлімі

&&&
###000-003#ЭПОӘК- авторлары туралы мәліметтер

« Асыл тұқымды іс негіздері » (Кредит саны -3)ПЭОӘК авторлары туралы мәліметтер






Ахметова Балнұр Сериковна

Ғылыми дәрежесі:




Ғылыми атағы:

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Қызметі:

Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен кафедрасының оқытушысы

Мамандандыруы:

-

Байланыс мәліметтері:

Жұмыс телефоны:

+7 (7222)36-02-21

Электрондық пошта:

Bako_84_21@mail.ru

Skype:

жоқ

Жалпы мәліметтер: Байланыс тел: 53-19-70, оқу ғимараты № 5, кабинет № 117

Байланыс сабақтарын өткізетін орын - – аудитория № 118



20 аса ғылыми мақалалардың авторы және «Агрономия» мамандығы бойынша «тәжірибелерден өту бағдарламаларының» қосымша авторы. 2010жылы Қазақстан-Ресей университетінің 72 сағат көлеміндегі «Қашықтықтан оқыту технологиялалары» біліктілікті жоғарылату курстарын тамамдады.




&&&
###002-000#2 Жұмыс бағдарламасы



  1. Қолдану саласы

  2. Нормативті сілтемелер

  3. Жалпы ережелер

  4. Әдебиет және ресурстар

  5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі

  6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

  7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

  8. Курс форматы

  9. Курс саясаты

  10. Баға қою саясаты

  11. Студенттер білімін бақылау

  12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі

&&&
###002-001#2.1 Қолдану саласы
«Асыл тұқымды іс негіздері » пәнінің оқытушыларға арналған оқу жұмыс жоспары «5В080200» – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технолдогиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған оқу- әдістемелік кешеннің құрамына кіреді. Ол студенттерді курстың мазмұнымен, актуальдылығымен, курс саясатымен, студенттер оқу процесінде игеретін тәжірибелер мен машықтардың тақырыптарымен таныстырады. Оқу- әдістемелік кешен Шәкәрім атындағы Семей мемелекеттік университетінің, «Агротехнология» кафедрасының пәнді оқытудағы негізгі жетекші құралы болмақ.

.

&&&


###002-002#2.2 Нормативті сілтемелелер
Осы « Асыл тұқымды іс негіздері » пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген: «5В080200» – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технолдогиясы» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты, элективті пәндердің каталогы негізінде.

&&&


###002-003#2.3 Жалпы ережелер

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

2

3

3

45

Күнтізбеге сәйкес

22,5

125

емтихан

&&&
2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

« Асыл тұқымды іс негіздері» малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған пән болып саналады. Ол малды зоотехникалық тұрғыдан бағалау, тиімді белгілеріне қарай таңдау, сұрыптау, жұптау, төлді дұрыс өсіру сияқты басты-басты жұмыстардан тұрады. Асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру станцияларын құруды іске асырады.. «Асыл тұқымды іс негіздері» пәнінің басты міндеттеріне малдың өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады. « Асыл тұқымды іс негіздері» пәні басқа пәндермен біріге отырып жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған. Сонымен бірге профильді пәндердің бірі болып есептеледі, мамандардың арнайы білімдерін терең меңгеруге әрекет етеді.

2.3.2 Курстың негізгі мақсаты – «Асыл тұқымды іс негіздері» 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технолдогиясы» мамандығы үшін білікті және кәсіптік дайындалған мамандар даярлау, олардың қазіргі кездегі ғылымның жаңа жетістіктерін практикада қолдана білуі.


2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Малшаруашылыктарында асылдандыру жұмыстарын жүргізуде студентердің міндеті түрде теориялық білім жэне практикалық таным алу




  • 2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

  • асыл тұқымды малдарын өсіру әдістерін білу;

  • асыл тұқымды малшаруашылығында асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау;

  • асыл тұқымды малдың дене өлшемдерін және салмағын бағалау;

  • норма және рацион туралы ұғымды меңгеру қажет;

  • асыл тұқымды малдарға азықты әзірлеп беруді ұйымдастыру;

  • асыл тұқымды малдардың биологиялық ерекшеліктерін білу;

2.3.5 Курс пререквизиттері:



  • Жануарлар морфологиясы

  • Жануарлар биохимиясы

  • Генетикабиометрия негіздерімен

- Ауыл шаруашылық малды өсіру және селекция

- Ауыл шаруашылық малды азықтандыру


3.6Курс постреквизиттері:

- Селекция және ірі қара мал мен жылқыны өз төлі мен интенсивті көбейту технологиясы

- Қой шаруашылығы,қойдың еті мен жүнін өндіру технологиясы

-Құс шаруашылығы, құс еті мен жұмыртқасын өндіру технологиясы

-Жылқы шаруашылығы, жылқы еті мен қымызын өндіру технологиясы

&&&


###002-004#2.4 Әдебиет және ресурстар
2.4.1 Негізгі әдебиет және ресурстар

  1. Багрий В.А., Доротюк Э.Н. Племенная работа в мясном скотоводстве.-М: Колос, 1970.

  2. Басовский Н.З. Популяционная генетика в селекции молочного скота,-М.:Колос,1983.

  3. Басовский Н.3.,3авертяев Б.П. Селекция скота по воспроизводительной способности.-М.: Россельхозиздат, 1976.

  4. Болгов А.Е., Карманова Е.П., Отбор скота по технологическим признакам.-М.: Россельхозиздат, 1980.

  5. Енютин В.В. Влияние крупномасштабной селекции в молочном скотоводстве Казахстана .Алма-Ата:Кайнар, 1973.

  6. Завертяев Б.П.,Волгин В.И. Справочник зоотехника-селекционера по молочному скотоводству.М.: Колос, 1984.

2.4.2 Қосымша әдебиет және ресурстар.



  1. &&& Кравченко Н.А., Левантин Д.Л., Рузский С.Л. Племенное дело в скотоводстве.-М. :Колос, 1967.

  2. Рузский С.А. Племенное дело в скотоводстве,-М.: Колос, 1979.

  3. Черекаев А.В. Черекаева И. А. Племенная работа в мясном скотоводстве.-Алма-Ата: Кайнар, 1973.

  4. Эрнст Л.К. Цалитис А.А Крупномасштабная селекция в скотовотстве,-Колос,1982.

###002-005#2.5 Модуль бойынша пәннің мазмұны

2 кесте


Тақырып атауы және олардың мазмұны


Сағат саны

1

2

Дәрістер

1 – модуль Пәнің даму тарихы. Мал шаруашылығында асылдандыру жұмысының қазіргі жағдайы және келешектегі дамуы.

1 – блок Ауылшаруашылық малдарының сұрыптаудың негізгі принциптері



1Кіріспе. Пәнің даму тарихы. Мал шаруашылығында асылдандыру жұмысының қазіргі жағдайы және келешектегі дамуы

1

2Ауылшаруашылық малдарының өсуі мен дамуы

1

3Ауылшаруашылық малдарының өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар

1

4Ауылшаруашылық малдарының сұрыптаудың негізгі принциптері

1

5 Ауылшаруашылық малдарының ата тегі бойынша сұрыптау.

1

2- модуль Ауылшаруашылық малдарының сыртқы пішіні, конституциясы,тірі салмағы,өнімділігі және ұрпақтарының сапасы бойынша сұрыптау.

1- блок Ауылшаруашылық малдарының жұптастыру формасы мен принциптері



6 Ауылшаруашылық малдарының сыртқы пішіні, конституциясы және тірі салмағы бойынша сұрыптау.

1

7 Ауылшаруашылық малдарының өнімділігі бойынша сұрыптау.

1

8 Ауылшаруашылық малдарының ұрпақтарының сапасы бойынша сұрыптау

1

9 Ауылшаруашылық малдарының жұптастыру формасы мен принциптері

1

10Ауылшаруашылық малдарының өсіру әдістері.

1

3– модуль Тұқым туралы түсінік. Мал тұқымының классификациясы және структурасы.Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың жоспары.

1- блок Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың формасы мен әдістері.Зоотехникалық және асыл тұқымды есеп



11 Тұқым туралы түсінік. Мал тұқымының классификациясы және структурасы.

1

12 Ауылшаруашылық малдарының пайдалануы мерзімі.

1

13 Зоотехникалық және асыл тұқымды есеп

1

14 Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың формасы мен әдістері

1

15 Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың жоспары.

1

Тәжірибелік сабақтар

1 – модуль Ірі қара малдың экстерьерін оқып білу және дене мүшелерімен танысу.

1 – блок Ірі қара малға ең салу салу және онын аттар аттары



1 Мал шаруашылығында жана туған төлді өлшеу, сырғалау және есепке алу.

1

2 Ірі қара малдың экстерьерін оқып білу және дене мүшелерімен танысу.

1

3 Ірі қарамалдың экстерьерін бағалау әдістері

1

4 Ірі қара малды

кластау


1

5 Ірі қара малдың түсімен реңдері

1

2- модуль Ірі қара малдың сүт өнімділігі

1- блок Ірі қара малдың ет өнімділігін есептеу әдістері






6 Ірі қара малдың күйі

1

7 Ірі қара малға ең салу салу және онын аттар аттары

1

8 Ірі қара малдың жасын айыру әдістері

1

9 Ірі қара малдың сүт өнімділігі

1

10 Ірі қара малдың ет өнімділігін есептеу әдістері

1

3– модуль Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды сұрыптау (бонитировкалау).

1- блок Мал тұқымдарымен асыл тұқымды жұмыстың келешекке жоспары






11 Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды сұрыптау (бонитировкалау)

1

12 Етті бағыттағы ірі қара малды сұрыптау (бонитировкалау)

1

13 Ауылшаруашылық малдарының жасына байланысты жұптастыру

1

14 Мал тұқымдарымен асыл тұқымды жұмыстың келешекке жоспары

1

15 Ірі қара малдың өнімділігіне байланысты асыл тұқымды жұмысты келешекке жоспарлау

1

&&&

&&&
###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша кеңестер:

Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір студент міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек және олардың орындалуын қатаң бақылау керек. Бұл үшін кафедрада бақылаудың әртүрлі формасы бар. Әрбір пән бойынша өздік жұмысының сағат санын анықтау, оқу тапсырмаларын регламенттеу нақтылыққа, анықтылыққа әкеледі, басқа сабақтардың есебінен СӨЖ дің көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Бұл қорытынды студенттердің пікірімен нақтыланады. Пәнді оқу барысында сұрақтардың бір бөлігін студент өздігінен оқу керектігін білу қажет.

Біздің кеңес: өз уақытыңыздың шығынын талдау керек. Өз уақытыңды есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.

б) студенттің іс-әрекеті немесе пәнді оқудың сценариі.

1. Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәннің өткен материалдарын және басқа пәндерді байланыстыру.

2. Тақырыпқа байланысты сабақты өткізудің түрлері мен әдістері анықталады. Пәннің көптеген сұрақтарын нақты мысалдарын және зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады.

3. теориялық курс зертханалық-тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі.

Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.

Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пәнаралық байланыс студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды тәжірибеде қолданудың белсенділігін жоғарылатады.

Пәнаралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады, оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыстар туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына жоспарына кіргізу керек.

в) оқу-әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар.

ПЭОӘК енгізілген оқу-әдістемелік материалда дамыған ғылымның жетілдірілген деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық мазмұнын қарастыру керек, студенттердің оқу материалын терең меңгеру үшін және оны тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық тәсілдер қолдану керек.

Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ-дің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал бұл өз кезегінде студенттің жұмысын өзгертеді, оның іс-әрекетіне талап жоғарылайды.

г) әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар: оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін, қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Студент оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез-келген уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес.

Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс істеудің негізгі мақсаты келесідей болып бекітіледі: үлкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.

д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер. Жазғы және қысқы сессия-ең қиын жұмыс кезеңдері. Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс істеу нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен материалдарды еске түсіруге тура келеді. Сессия уақытында материалдарды тек қайталап, бір жүйеге келтіріп және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады.

Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және толық орындалған зертхана-тәжірибелік, семинар сабақтарынан бастау керек. Бұл сіздің табысыңыздың негізі.

Есте сақтаңыздар-түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Уақытты жоспарлау кезінде, қандай емтихан сізге қиын болады және қайсысына уақыт қорын көп қолдану керек екенін ескеру керек.

Өзіндік дайындық үшін кафедра берген бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек.

Семестрдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз сізге сенімділік туғызады және біліміңізге сай бағаны аласыз.
&&&

###002-008#2.8 Курстың форматы

Аудиториялық сабақтар курсты оқу бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде зерттелген тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және қорытындысы көрсетілуі керек. Сабақтың бағасы сабаққа келуі бойынша 1 балл, жауап беруі және қатысуы бойынша 1-ден 3 баллға дейін есептеледі. СОӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді.

Аудиториялық толық өңделген бақылау жұмысы түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде орындалады.

&&&

###002-009#2.9 Курс саясаты



Сабаққа қатысу: дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.

Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалдарды бекіту үшін және міндетті түрде орындау үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыптың соңында тапсырылуы керек.

Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады. СӨЖ және СОӨЖ орындалып, өткізілуі кестеге сәйкес жүреді. Көшіріп алу және плагиат: кез-келген көшіріп алу және плагиат (дайын басылымдарды, басқа студенттердің жұмыстарын пайдалану, көшірп алу) үшін қатаң жазалап, аудиториядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.

Емтихан: қорытындыс бойынша бағалық баллдар қойылады. Емтиханда сіздің дәрістік жазбаларыңызды және кітаптарда пайдалануға болмайды.

Тәртіп: сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп келуге болмайды, сабаққа кешікен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі тиіс.

Ұсыныстар: оқу процесіне белсенді қатысу керек, барлық тапсырмаларды талпынып орындау керек, ұжымдық жұмыстарға қатусы керек. Пунктуальды, сабырлы болу керек.

&&&
###002-010#2.10 Баға қою саясаты

1. Дәріс конспектілері: тақырыптың барлық сұрақтары бойынша толық конспектілеу-1 балл; сабаққа келу-0,1 балл; дәрістерге қатысу-0,1 балл. Жиыны-5 балл.

2. Зертханалық сабақтарда жұмыс:

- зертханалық-тәжірибелік сабақтарға қатысу- 1,5 балл;

0,5 балл-ЗТС жұмыстарынуң барлық тапсырмалары орындалса;

0,5 балл-тақырыпты теориялық талдау кезінде теориялық сұрақтарға жауап беру (қысқа тест т.б.)

0,5 балл-тақырып бойынша қорытындылау жауаптары. Жиыны-100 балл.

3. семинар сабақтарында жұмыстар: тақырып бойынша СОӨЖ рамкасында-1,25 балл (0,8 балл-семинарда сұрақтарға толық дұрыс жауап берсе);

4. 0,2 балл – семинар сұрақтарына конспекті жасағаны үшін (0,25 балл-толықтырғаны үшін). Жиыны-5 балл.

5. Тақырып бойынша коллоквиум-2,5 балл (2 балл-коллоквиумға белсенді қатсқаны үшін, 0,5 балл-толықтырғаны үшін). Жиыны – 5 балл.

6. Тақырып бойынша рефераттар мен баяндамаларды қорғау-2,5 балл (көркемделінуі-0,5 балл, мазмұны-1,5 балл). Жиыны -15 балл.

7. СӨЖ: тақырып бойынша сызбалардың, кестелердің сызылуы, тапсырмаларды орындау- 1 балл, барлық орындалған тапсырмалар бойынша жиыны-15 балл. Жиыны-50 балл.

Студенттің семестр бойғы рейтингілік бал 50 % - ға тең немесе көп болса, ол пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі.

Пән бойынша қорытынды баға шәкілімен анықталады.



4кесте

Әріптік эквивалент бағалар

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

- « -


В+

3,33

85-89

Жақсы


В 3.00

80-84

- « -

В-

2,67

75-79


- « -

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

- « -

С-

1,67

60-64

- « -

Д+

1,33

55-59

- « -

Д

1,00

50-54

- « -

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

&&&
###002-011#2.11 Пән бойынша студенттің білімін бақылау мына формада жүргізіледі:

- ағымдағы бақылау (АБ), модуль бойынша 4,9,14 апталарда жүргізіледі

- жазбаша СӨЖ- ді орындау – 12 аптада

- межелік бақылау (МБ) тестілеу түрінде 8-15 аптада жүргізіледі

- бақылаудың қорытынды формасы (БҚФ) – академиялық кезеңнің аяғында жүргізіледі (ауызша емтихан)

&&&
###002-012#2.12 Оқу процесінің және қашықтық кеңес берудің күнтізбелік кестесі
5 кесте

№ р/б

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны

1-рейтинг



1

Бақылау түрі










ТМ1







ТМ2

МБ1

300

балл


2

Баллдар










150







120

30

3

Кеңестер

OF

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

№ р/б

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны

2-рейтинг






1

Бақылау түрі







ОС







ТМ3

МБ2

300

балл



2

Баллдар







120







150

30

3

Кеңестер

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

&&&
$$$001-000-000$3.1 Глоссарий

1. Жүн қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты.

2. Бонитировка – малды конституциясы, экстерьері, тұқымдық қасиеті және өнімділік жағынан кешенді бағалау.

3. Элита - ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданылады.

4. Экстерьер – малдың дене бітімінің сыртқы көрінісі.

5.Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым.

6. Гибрид, будан (лат. hіbrіda — будан, қоспа) — генотипінде айырмашылығы бар екі организмді будандастырудан (шағылыстырудан) алынған жаңа организм.


&&&
$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
&&&

$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1. Селекцияның генетикалық негіздері

Жоспар:

1. Тұқым қуалаушылық



2. Өзгергіштік организмдер

Генетика' — тірі организмдердің тұкым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін ғылым. Тұкым куалаушылык және өзгергіштік бұл барлық тірі организмдерге тән касиет.

Адам баласы ерте кезден үй жануарлары мен өсімдіктердің түрлерін көбейту мақсатында будандастыру жүргізген. Олар бір түрге жататын мал тұқымдарын, өсімдік сорттарын жөне бір-бірінен ерекше белгілері бар дақылдарды таңдап алып, будандастырып отырған. Алынған ұрпакты ата-анасымен салыстыру нәтижесінде белгілері мен ерекше қасиеттерінің тұқым қуалау ерекшелігін байқаған. Адамдарды тұқым куалаушылықтың үш касиеті қызықтырған:


  • бірінші — ата-ана белгілері мен ұрпақ белгілерінің ұқсас болуы;

  • екінші — ұрпақ белгілерінің ата-ана белгілерінен өзгеше болуы;

  • үшінші — кейбір ұрпақтарда арғы ата-баба қасиеттерінің кайталануы.

Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда Рим философы Лукреций кейде балалар өздерінің ата-әжелеріне ұқсас болатынын байқаған, ал жүз жыл өткен соң, Плиний дені сау ата-анадан кемтар бала дүниеге келе тінін, кемтар ата-анадан сау немесе дәл ата-анасындай кемтар бала туатынын жазған.

Тұқым қуалаушылық


Тұқым қуалаушылық деп организмдердің өз белгілері мен қасиеттерінің ұрпағында қайталанып көрінуін айтады.

Өзгергіштік организмдер


Өзгергіштік организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы. Тірі организмдердің бұл екі қасиетін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Оларсыз эволюция жоқ. Өзгергіштік эволюция процесін үздіксіз материалмен қамтамасыз етсе, ал тұқым қуалаушылық оның нәтижесін қалыптастырып отырады. Өзгергіштік бір түр ішіндегі дараның өзара айырмашылықтарын көрсетсе, ал тұқым қуалаушылық сол белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлері және олардың тіршілік ортасына бейімделуі осы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің нәтижесінде қалыптасады. Өзгертиптік — бұл әртүрлілік. Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 1,5 миллиондай, микроорганизмдердің 3 мыңдай түрлері бар екені белгілі. Қазақстанда өсімдіктердің 6 мыңдай түрі бар. Мөдени өсімдіктердің түрлері 210-нан асады. Әр түрге жататын организмдер өздеріне тән белгілер мен қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп, өз ерекшеліктерін сақтап отырады.

&&&
$$$002-003-000$3.2.2 Дәріс№2 Селекция ғылымы

1. Селекция түсінігі

2. Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция.



Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" — сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.

  1. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.

  2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.

  3. Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.

Селекцияның басты мақсаты мен міндеті — адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы тегі формаларының, мәдени формаларына қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда олардың ата тегінің бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді. Ол мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және олардың генофондысын сақтау мақсатында дүние жүзінің әр түкпірінде 180-нен астам экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 мыңнан асатын ауыл шаруашылығы есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады. Өсімдіктердің сол уақыттағы жиналған коллекциясы осы күнге дейін мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруға пайдаланылады. Н.И.Вавилов барлық географиялық аймақтарда мәдени өсімдіктердің алуантүрлілігі бірдей емес екендігін анықтай келіп, аса маңызды жаңалық ашты. Ол мәдени өсімдіктер шығуының жеті орталығын белгіледі. Әрбір орталық белгілі бір мәдени өсімдіктердің шыққан отаны болып есептелінеді. Бұл орталықтар, негізінен, жазық жер емес, таулы аудандар. Көптеген орталықтар ертедегі егін шаруашылығы орталықтарымен сәйкес келеді. Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтау барысында жалпы бір заңдылықты байқаған. Өсімдіктер өзінің түр ретінде түзілген орталықтарынан алыстаған сайын, олардың түсінің өзгеретінін көрген. Мысал ретінде, Мексикада өсетін жүгері сабағының боялған қара түсі, Тынық және Атлант мұхиттарына жақын аудандарда ағаратынын көрген. Ал Еуропада өсетін бидайдың, арпаның, қара бидайдың ақ масақтары Африкадағыдан өзгеше болып келеді. Мәдени өсімдіктер шығу орталықтарынан басқа аудандарға тараған сайын олардың доминатты белгілері (гендерінің әсері) төмендеп, рецессивті формалары арта бастайды. Бұлай болу себебі, таулы, аралды және шөлді аймақтар рецессивті гені бар формаларды оқшауландырып, олардың көбеюіне жағдай туғызады. Мысалы, бір жағын Арал теңізі, екінші жағын Қарақұм алқабы қоршаған Хиуа (Өзбекстан) жерінде Н.И.Вавилов бастаған экспедиция зығыр өсімдігінің гүлінің түсінде рецессивті белгілері бар және дөні ақ түрлерін анықтаған. Сонымен шығу орталықтарынан алыстаған сайын есімдіктердің доминантты гендері әсерінің төмендеуін, ал керісінше, рецессивті формаларының арту заңдылығын "Вавилов әсері" деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет