Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар



бет36/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
karzh umk

Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар

1. Мемлекетте қандай несие қатынастары пайда болады?

2. Мемлекеттік несиенің негізгі белгілері қандай?

3. Мемлекеттік несие функцияларын сипаттаңыз.

4. Мемлекеттік несие түрлерін атаңыз.

 

Негізгі әдебиеттер: 21-32, 36-45.



Қосымша әдебиеттер: 1-14, 26-31.

 
10 тақырып Үй шаруашылықтарының қаржылары

 

Дәріс жоспары:



10.1 Үй шаруашылықтарының қаржылары ұғымы;

10.2 Үй шаруашылықтарының ақшалай кірістері;

10.3 Үй шаруашылықтарының шығыстары;

10.4 Мемлекеттің әлеуметтік көмегі.

 

Үй шаруашылықтарының қаржылары ұғымы

Қаржы жүйесі элементтерінің бірі  үй шаруашылықтарының қаржылары болады. Үй шаруашылықтарының қаржылары – бұл отбасы  бюджеттерін құруға және пайдалануға байланысты үй шаруашылықтары секторында нақты ақша айналымында пайда болатын экономикалық қатынастар. Олар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейін сипаттайды.

Үй шаруашылығы – өнімдер мен белгілі түрдегі қызметтерді, басты түрде тамақ өнімдері мен тұрғын үй қызметтерін бірге тұтынатын, өз кірісін немесе оның бір бөлігін және байлығын біріктіретін, бір жерде тұратын, бір немесе бірнеше адамның шаруашылығы. Үй шаруашылығы ақша қатынастарына маңызды қатысушы болып табылады және оның қаржылық жүйесіне қатыстырылған.

Отбасы бюджеті –  ақшалай қаражат қоры, оның кірістері отбасы мүшелерінің ақшалай қаражатының түсімдерінен құрылады, ал шығыстары олардың ағымдағы және жинақталған  ресурстарды пайдалануын білдіреді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет