СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. Глоссариймен жұмыс істеу.
2. Нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу.
3. Қаржылық бақылауды жіктеу, Қаржылық бақылау әдістері тақырыбына кестелер құрастыру.
4. Қазақстан Республикасында қаржыларды басқаруды ұйымдастыру логикалық сұлбасын құрастыру.
5. «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі қаржы саясаты» тақырыбына баяндама.
№4 Қаржыларды басқару
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
4.1 Қаржыларды басқарудың мазмұны;
4.2 Қазақстан Республикасында қаржыларды басқаруды ұйымдастыру;
4.3 Шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржыларын басқару;
4.4 Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйелері.
Материалды қарастыру процесінде Қазақстан Республикасында қаржыларды басқаруды ұйымдастыруға, атап айтқанда бюджеттік және салық жүйелерін басқаруға назар аудару қажет. Қаржы жүйесінің негізі шаруашылық жүргізетін субъектілер қаржылары болып табылатынын есепке алғанда, оларға сондай-ақ оқу процесінде маңызды көңіл бөлінуі тиіс, ал қарастырудың аяғында қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін зерделеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |