Пәннің міндеттері:
Студенттерге оқушылармен коррекциялық жұмыстың теориясы, әдістемесі және техникасы саласында кәсіби-педагогтік білімдерді меңгеруді дамыту;
– Жалпы қоррекциялық жұмыс бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;
– Студенттерде оқушылардың коррекциялық жұмыстың теориясы, әдістемесі және техникасы саласынан кәсіби-педагогтік білімдерді қалыптастыру;
– Студенттерді жалпы педагогтік және арнайы тәрбиелеу біліктілігімен қаруландыру: диагностикалық, мақсат қоюшылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, аналитикалық.
– Оқушылармен коррекциялық жұмысты ұйымдастыру және өткізуге жауапкершілік пен шығармашылық қарым-қатынасын, сонымен бірге баланың-субъектінің тұлғалық әлеметтенуі және жетілуінің бірден-бір факторы ретінде оның қажеттілігіне сенімділігін дамыту;
– Оқушылардың практикалық коррекциялық жұмысты студенттердің теориялық тұрғыда жете ұғынуын қамтамасыз ету.
Білім алушылардың пәнді игеруді бастауы мен тәмамдауы бойынша даярлығына (құзыреттіліктеріне) қойылатын талаптар (пререквизиттер мен постреквизиттер)
Осы пәнді игеру үшін білім алушылар келесі құзреттіліктерге ие болуы тиіс:
Құзыреттіліктер
|
Пререквизиттер
|
-өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті;
-кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті;
-педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
|
Аталған курсты оқып-үйрену үшін білім алушының «Коррекциялық педагогика» «Мамандыққа кіріспе» «Педагогика» курстарынан жеткілікті білімі болуы қажет етіледі.
|
Осы пәнді игергеннен кейін білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |