Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Қр мжмбс 08. 360 2006 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген



Дата17.06.2016
өлшемі186.49 Kb.
#141856
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биотехнология кафедрасы
Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы пәнінен

Зоотехния 050802 мамандық (тарының)

студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э. Пфейфер

(қолы)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: _________ б.ғ.д. профессор Аятхан М.

(қолы)
Биотехнология кафедрасы

Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы пәні бойынша

Зоотехния 050802 мамандық (тарының) студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 3.08.360 – 2006 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген

ҚР БжҒ министірлігінің бұйрығымен бекітілген № 779 23.12.2005 ж


200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ М.С. Омаров 20__ж. «____» ________

(қолы) (А.Ж.Т.)


Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған ____________________________________________ 200_ж. «_____»____________ №____ хаттама

ОӘК төрағасы ________________ М.Е. Жагипарова 200_ж. «_____»___________


(қолы)

КЕЛІСІЛГЕН

АТФ Факультет деканы ________ Т.К. Бексеитов 200_ж. «_____»________

(қолы)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А. Варакута 200_ж. «_____»_______

(қолы)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама



1 Пәннің мақсаты – студенттерге ауыл шаруашылығы жануарларының өсіп өну физиологиясы, патологиясы және қолдан ұрықтандыру тәсілдері туралы білім беру.

Пәннің міндетері - студенттерге мал ағзасында болатын жыныстық процесстердің қалыпты және патологиялық жағдайы, малдан қолдан ұрықтандыру, ұрықтану, эмбриондарды тасымалдау, буаздық, туу, туғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы және патологиялары, жаңа туған төл, сүт безі физиологиясы және патологиялары, сонымен қатар малдың бедеулігі жөнінде теориялық білім беруімен қатар, тәжірибе жүзінде үйрету.

Пәнді үйренгеннің нәтижесінде студенттер білуге тиісті:

  • ұрғашы және еркек малдың жыныстық аппаратының құрылымдық

және физиологиялық ерекшеліктерін,

  • жыныстық циклдің өтуін

  • ұрықтандырудың уақыты мен реті

  • буаздық, туу және туғаннан кейінгі

  • бедеуліктің себептерін

  • сүт безі және төл ауруларын

  • қолдан ұрықтандыру және эмбрионды көшіріп – қондыру

технологисын
Пәнді үйренгеннің нәтижесінде студенттер істеуге тиісті:

  • жыныстық феномендерді анықтауды

  • шәуеттің және эмбрионнның сапасын анықтауды

  • малды қолдан ұрықтандыруды

  • эмбрионды көшіріп – қондыруды

  • буаздықты анықтауды

  • бедеулікті диагностикалауды

  • гинекологиялық және акушерлік ауруларды дауалауды

  • туа алмай жатқан малға көмек көрсетуді

  • малды көбейту жөніндегі көптеген сұрақтарды өз бетімен шешуді

және ұйымдастыруды.

Келесі тәжірибелік машықтарға ие болу керек:



  • малды қолдан ұрықтандыру техникасын,

  • буаздықты анықтауды, тууға көмектесуді

  • акушерліқ және гинекологиялық патологияларды дауалауды

  • төл және сүт безі ауруларын емдеу

2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:



  • жануарлар физиологиясы

  • жануарлар морфологиясы

  • жануарлар биохимиясы

  • биофизика

  • микробиология


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:



  • мал дәрігерлік негіздері

  • мал жануарларды азықтандыру

  • ауыл шаруашылық жануарларды өсіру мен селекциясы



4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Акушерлік негіздері. Малдың көбеюінің негіздері

2




6







6

2

Ұрықтану, буаздық және оны анықтау

2




2







4

3

Туу және туғаннан кейінгі кезең

1




-







6

4

Буаздықтың, туудың және туғаннан кейінгі кезеңнің патологиялары

2




4







6

5

Жаңа туған төлдің физиологиялық ерекшеліктері мен аурулары

2




2







6

6

Бедеулік және қысыр қалу туралы ілім

1




-







4

7

Көбею биотехнологиясы. Аталық малды көбею биотехнологиясында пайдалану.

2




1







7

8

Шәуеттің физиологиясы мен биохимиясы

2




9







-

9

Қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды көшіп қондыру

1




7







6

БАРЛЫҒЫ :

15




30







45



4.2 Пән тақырыптарының мазмұны

1 Тақырып. Акушерлік негіздері. Малдың көбеюінің негіздері

Ұрғашы және еркек малдың жыныстық мүшелерінің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктері. Жыныстық және физиологиялық жетілуінің мерзімдері. Күйіттеуші малды дайындау және пайдалану әдістері. Жыныстық цикл және оның сатылары. Жыныстық циклдің феномендері және оларды анықтау. Жыныстық циклдің өтуінің түліктік ерекшеліктері. Жыныстық циклдің көрінуіне сыртқы және ішкі факторлардың әсері. Жыныстық жүйенің сүт безімен байланысы.

Жыныстық қатынас. Аталық малдың жыныстық рефлекстері. Жыныстық рефлекстердің көрінуіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар. Шағылыстыру әдістері.

2 Тақырып. Ұрықтану, буаздық және оны анықтау

Ұрғашы малдың жыныс жүйесінде аналық жыныс торшасы мен спермийлердің қозғалысы мен өміршеңдігі. Ұрықтану процесінің мәні және өтетін орны. Эмбрионның, төлдің және төл қабаттардың дамуы. Төл қабаттарының өзара қатынасы.

Плацента және оның жіктелуі. Плацентарлық тосөқауыл. Шарана сулары, олардың құрамы, мөлшері, шығу тегі және биологиялық маңызы.

Эмбрионнның және төлдің дамуындағы қауіпті кезеңдер. Әр түлік малдың буаздық мерзімнің ұзақтығы.



3 Тақырып. Туу және туғаннан кейінгі кезең

Туар алдыңдағы белгілер. Тууды қалыптастыратын факторлар. Туу және оның кезеңдері. Тууға көмектесетін күштер. Туу кезеңдегі төл мен туу жолдарының анатомиялық – топографиялық арақатынастары. Әр тулік малдың туу ерекшеліктері. Туу бөлімщесіндегі жұмысты ұйымдастыру. Төлдеген мал мен жаңа туған төлдің күтімі.

Туғаннан кейінгі кезең және оның өтуінің түліктік ерекшеліктері. Туғаннан кейінгі кезеңнің дұрыс өтуін қалыптастыру шаралары және ұрғашы малды ұрықтандыруға дайындау.

4 Тақырып. Буаздықтың, туудың және туғаннан кейінгі кезеңнің патологиялары

Буаздық патологиялары. Аборттар, олардың жіктелуі және ақыры. Буаздық патологияларын дауалаудың және анықтаудың жалпы қағидалары.

Туу және туғаннан кейінгі кезең патологиялары. Туу патологияларының себептері. Туу патологиялары кезінде тууға көмектесуді ұйымдастыру және туу кезінде акушерлік көмек көрсетудің негізгі қағидалары.

Акушерлік құрал – саймандар. Туу және туғаннан кейінгі кезеңдер патологияларын дауалау.



5 Тақырып. Жаңа туған төлдің физиологиялық ерекшеліктері мен аурулары

Дені сау төл алу негіздері. Жаңа туған төл аурулары. Жаңа туған төл ауруларын дауалау. Профилакториядағы жұмысты ұйымдастыру.



6 Тақырып. Бедеулік және қысыр қалу туралы ілім

Бедеулік, қысыр қалу және төлшеңдік туралы түсінік. Аналық малдың бедеулігінің және аталық малдың белсіздігігін түрлерін жіктеу.

Туа біткен, кәріліктен болған, алиментарлы, климаттық, эксплуатациялық, қолдан жасалған және симптомдық бедеулік.

Аталық малды андролологиялық зерттеу. Аталық мал белсіздігінің алдын алу шаралары.



7 Тақырып. Көбею биотехнологиясы. Аталық малды көбею биотехнологиясында пайдалану

Аталық мал ретінде еркек малды сұрыптау және дайындау. Жыныстық рефлекстердің тежелуі, олардың алдын алу. Аталық малды күтіп – бағуда және пайдалануда қойылатын ветеринариялық – зоотехникалық талаптар.

Еркек малдың жыныстық қызметін күшейту. Шәует алу әдістерін ғылыми және теориялық негіздеу.

8 Тақырып. Шәуеттің физиологиясы мен биохимиясы

Әр түлік малдың шәует мөлшері және оның құрамы. Спермийлердің құрылысы мен қасиеттері. Шәуеттің биохимиясы. Спермийлердің анабиозы.

Спермийлердің өміршеңдігіне сыртқы факторлардың әсері.

9 Тақырып. Қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды көшіп қондыру

Шәует алу әдістерін биологиялық негіздеу. Шәуеттің сапасын бағалау, сұйылту, сақтау және тасымалдау негіздері. Әр түлік малды қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды көшіріп – қондыру. Қолдан ұрықтандыру және эмбрионды көшіріп – қондыру кезіндегі есепті жүргізу. Малды қолдан ұрықтандыру және эмбрионды көшіріп – қондыру пунктері мен лабораториялары. Ұрғашы малды сұрыптау және қарқынды пайдалануға дайындау.



4.3 Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі
Тақырып 1. Акушерлік негіздері. Малдың көбеюінің негіздері.

1 Зертханалық жұмыс Ұрғашы және еркек малдың жыныстық аппаратының анатомиясы, топографиясы және түліктік ерекшеліктері.



Мазмұны. Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы: ернеу, қынап, жатыр, жұмыртқа түтігшелері, жұмыртқалықтар.

Әртүрлі ұрғашы малдың жыныс мүшелерін клиникалық әдістерімен зерттеу.

Ата малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы: ұма, ен, ен қосымшасы, шәует түтікшелері, шағылысу мүшесі, күпек және қосымша жыныс бездері. Әртүрлі ата малдың жыныс мүшелерін клиникалық әдістерімен зерттеу

2 Зертханалық жұмыс Жыныстық циклдің феномендерін анықтау. Күйіттеуші малды дайындау.



Мазмұны. Күйіт, жыныстық қозу, овуляция. Фартукты дайындау, вазэктомия, шағылысу мүшесін бір жаққа бұру.

Тақырып 2. Ұрықтану, буаздық және оны анықтау

3 Зертханалық жұмыс Буаздықты және бедеулікті анықтау әдістері.



Мазмұны. Рефлексологиялық әдіс. Қынапты әдіс. Ректалді әдіс. Сыртқы зерртеу әдісі.

4 Зертханалық жұмыс Буаздықтың, туудың және туғаннан кейінгі кезеңнің патологиялары



Мазмұны. Қынап шығу, буаз көтерем, буаз ісік, уақытынан бұрын толғату, жатырдан қан кету, жатыр бұралу сияқты ауруларды емдеу және алдын алу.

Акушерлік құрал, саймандар. Іштөлінің теріс орналасуы, теріс жайы және қалпының салдарынан мал төлдей алмағанда көрсететін акушерлік көмектер. Фетотомия. Жатыр түсу, айналу, төлдегеннен кейіңгі салдану, жатыр субинволюциясы, эндометритті анықтау, емдеу және алдын алу.



Тақырып 5. Жаңа туған төлдің физиологиялық ерекшеліктері мен

аурулары

5 Зертханалық жұмыс Желін ауруларын, жаңа туған төл ауруларын анықтау және алдын алу.

Мазмұны. Жаңа туған төл ауруларын анықтау. Тұншығу. Тоңғақ қату. Тік ішек тесіксіз туу. Кіндік ісіну. Әр түлік ұрғашылырында гипо-агалактиясын анықтау. Туа біткен гиполактия. Кәрілік гиполактия. Алиментарлы гиполактия. Климаттық гиполактия. Эксплуатация гиполактиясы. Жасанды гиполактия. Симптомдық гиполактия.

Тақырып 7. Көбею биотехнологиясы. Аталық малды көбею биотехнологиясында пайдалану.

6 Зертханалық жұмыс Жасанды қынаптың құрылысы, оны жинау және дайындау.



Мазмұны. Жасанды қынап: сырты, камера, шәуіт қабылдағыш, резеңке сақиналары. Камераны корпуска қою, сақиналармен бекіту, орналасуы, шәуіт қабылдағыш, су құю, ауамен толтыру, температураны өлшеу. Жасанды мал арқылы шәуетті алу.
Тақырып 8. Шәуеттің физиологиясы мен биохимиясы.

7 Зертханалық жұмыс Шәует алу техникасы.



Мазмұны. Жасанды қынап: сырты, камера, шәуіт қабылдағыш, резеңке сақиналары. Камераны корпуска қою, сақиналармен бекіту, орналасуы, шәуіт қабылдағыш, су құю, ауамен толтыру, температураны өлшеу. Жасанды мал арқылы шәуетті алу.

8 Зертханалық жұмыс Шәуетті органолептикалық және санитарлық бағалау.



Мазмұны. Жаңа алынған шәуеттің сапасын бағалау. Шәуетті макроскопиялық әдістермен зерттеу: өң, иіс, тығыздық, көлем. Шәуетті микроскопиялық тәсілдермен зерттеу: спермийлердің қозғалыс екпінін, қою немесе сұйықтығын және 1 мл санын анықтау.

9 Зертханалық жұмыс Спермийлердің тыныс алу коэффицентін, өлі, тірісін және патологиялық түрлерін анықтау. Спермийлердің концентрациясын, шәуеттің pH және абсолюттік өміршеңдігін анықтау.



Мазмұны. Боялмаған (тірі) және боялған (өлі) спермийлерді санау.

10 Зертханалық жұмыс Шәуетті сұйылту. Шәуетті сақтау және тасымалдау.



Мазмұны. Әр түлік ата мал шәуетінің сұйылтқышының құрамы. Сұйылтық дайындау технологиясы. Шәуетті сұйылту. Бұқа, қошқардың шәуеттін 2-5 градус жағдайда сақтау әдістері. Бұқаның шәуетін қатырып сақтау тәсілдері: түйіршік бейнесінде, қапталған түйіршік бейнесінде және пайетте.

Тақырып 9. Қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды көшіп қондыру.

11 Зертханалық жұмыс Сиырды, қойды, биені және мегежінді қолдан ұрықтандыру әдістері.



Мазмұны. Сиыр және құнажынды визоцервикалдық және ректоцервикалдық тәсілдермен ұрықтандыру. Қой мен ешкіні қынап және жатыр мойыны арқылы ұрықтандыру. Мегежінді фракциялық және фракциялық емсе тәсілмен ұрықтандыру. Биені ұрықтандыру.

12 Зертханалық жұмыс Эмбриондарды шайып алу және көшіріп-қоңдыру әдістері. Донор мен реципиентті дайындау.



Мазмұны. Сиырларды эмбриондарды көшіріп-қоңдыруға дайындау және сұрыптау әдістері.

13 Зертханалық жұмыс Дьюар ыдыстарының сипаттамасы. Сұйық азотпен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы.



Мазмұны. Дьюар ыдыстарының негізгі құрамдас бөліктері. Сұйық азотпен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника ережелері.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ-нің түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабағына дайындалу

коллоквиум

Жазбаша және ауызша

4,5

2

Зертханалық сабағына дайындалу

коллоквиум

Жазбаша және ауызша

20

3



Аудиториялық сабақтар мазмұнына енбеген материалдарды оқу

конспект

Дәптерге конспект жазу

12,5



4

Бақылау шараларына

дайынлалу



Коллоквиум,

тестлер


РК 1,2

8

Барлығы

45


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі:

1) Овогенез және спермиогенез

2) Буаздықтың, туудың және туғаннан кейінгі кезеңнің патологияларын дауалау мақсатында буаз малды азықтандыру, күтіп – бағу және пайдалану. Буаз малдың жағдайын бақылау.

3) Ұрықтандыру уақытын және буаздықтың ұзақтығын, ескере отырып, туудың күнтізбелік жоспарын құру.

4)Буаздыққа зерттеу жүргізу жоспарын құру (қой, сиыр, бие, мегежін)

5)Туу сатыларын анықтау және оның дер кезінде акушерлік көмек көрсетуде маңызы.

6) Фантомда тірі төлді шығарып алу және фетомия бойынша акушерлік көмек көрсету тәсілдеріне машықтану.

7) Акушерлік жіптерді, ілмектерді және қысқыштарды пайдалана отырып, төлду бекітіп байлау (сойыс материалдарында, тұлыпта) тәсілдеріне машықтану. Сойыс материалдарында және тірі малда шу түсіру тәсілдеріне машықтану.

8) Жаңа туған төл патологиялары кезінде көмек көрсету тәсілдерін игеру.

9) Жаңа туған төл ауруларының алдын алу бойынша жүргізілетін іс шаралардың жоспарын құрастыру. Бедеуліктен келетін экономикалық шығынды есептеу.

10) Бедеуліктің алдын алу бойынша іс шаралар кешенін құру.

11) Сиыр мен құнажынды, қой мен ешкіні, биені, мегежінді қолдан ұрықтандыру нұсқауын оқып – үйрену.



5 Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:


1. Аятханұлы М. Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы. Павлодар: «Политрон», 2006.

  1. Студенцов А.П. и др. Акушерство, гинекология и биотехника размножения животных. М: «Колос», 2000 г.

  2. Никитин и др. Практикум по акушерству, гинекологии и биотехнике размножения животных. М.: «Колос», 2004 г.

Қосымша:


4. Полянцев Н.И. и др. Ветеринарное акушерство, и биотехника репродукции

животных. « Феникс», Ростов на Дону, 2001 г.

5. ШипиловВ.С и др. Практикум по акушерству гинекологии и искусственному

осеменению сельскохозяйственных животных.М.: «Колос»,1986 г.




Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





050802 Зоотехния

мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы пәні




Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. САғат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

____ база-сындағы іштей

2

90

45

45













5

2

90

15




30

45

15

















































____ база-сындағы сырттай
































































































Кафедра меңгерушісі ______ Омаров М. С 20__ж. «___» ________



(қолы) (А.Ж.Т.)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет