Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының Қр мжмбс 08. 358 2006 және Қр бжҒМ жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде 2006 ж



Дата17.07.2016
өлшемі180.02 Kb.
#206010
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Көлік құрылысы кафедрасы

Құрылыс машиналар және жабдықтары пәнінен

5В072900 «Құрылыс» мамандығының (тарының) студенттеріне арналған

ЖҰМЫС оқу БАҒДАРЛАМАСЫ



Павлодар

Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________Н.Э. Пфейфер

2012 ж. «___»________


Құрастырушы: __________ доцент Т.Қ. Шахаев

Көлік құрылысы кафедрасы




Құрылыс машиналар және жабдықтары пәні бойынша


5В072900 «Құрылыс» мамандығының (тарының) студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ҚР МЖМБС 3.08.358 – 2006 және ҚР БжҒМ жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде 2006 ж. 22 маусымында бекітілген және іске қосылған типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «__»_________ № __ Хаттама.

Кафедра меңгерушісі________________ Қ.Т. Сақанов 2012 ж. «___»_________

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «__»_________ № __ Хаттама


ОӘК төрағасы ________________ А.Қ. Алдоңғарова 2012 ж. «___»_________

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы __________ М.Қ. Күдерин 2012 ж. «___»_________



МАҚҰЛДАНДЫ:


ОӘБ бастығы _____________ А.А. Варакута 2012 ж. «___»_________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «__»_________ № __ Хаттама
1 Пәннің мақсаты - технологиялық процестерді механикаландыруда және автоматтандыруда қолданылатын құрылыс машиналары мен жабдықтары туралы керекті деректерді, құрылыс объектілерінің сипаттамасына байланысты машиналардың технологиялық мүмкіндіктерін пайдалануды білу.

Пәннің міндеттері - машиналар мен жабдықтардың жалпы құрылымын, олардың параметрлерін, жұмыс процесін, негізгі конструкциялық – қолдану сипаттамаларын оқып білу.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- жоғары өнімділікке жету жағдайын;

- жұмыс жабдықтарының негізгі және қосымша түрлерінің технологиялық мүмкіндіктерін;

- машиналардың даму бағыты мен тиімді конструкцияларын, машиналарды қолдану тәртібін және оларды қауіпсіз қолданудың негіздерін білу керек;

- құрылыс объектілерінің конструктивті сипаттамаларын және қабылданған мерзімдік жоспарға байланысты машиналар мен жабдықтарды құрылыс монтаж жұмыстарынды тиімді қабылдап алуды;

- жаңа құрылыс машиналарына қойылатын техникалық талаптарды және басқа да механикалық құрылғыларды істей алуы керек.

2 Пререквизиттер


Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: математика I, II; физика; инженерлік графика I және II; инженерлік механика I, II; гидромашиналар және гидрожетек.

3 Постреквизиттер


Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастырылуы; құрылысты комплексті механикаландыру және автоматтандыру; құрылыстағы робототехника; құрылыс машиналарын жөндеу және қолдану.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/с

Тақырыптардың

атауы


Сабақтың түрілері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс-тер

практи-калық

зертха-налық

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Құрылыс машиналарының белгіленуі

1

-

-

6

2

Көлік, тасымалдау, жүкті салып - түсіру және жүк көтергіш машиналары

2

2

2

10

3

Жер және қада қағу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар

4

2

4,5

12

4

Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналар

2

1

-

10

5

Бетон және бетон қоспаларын дайындауға, тасымалдауға және нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтар

3

2,5

-

10

6

Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар және құрылыстағы қол машиналары

2

-

1

8

7

Құрылыс машиналарын қолдану негіздері

1

-

-

4
Барлығы:

15

7,5

7,5

60

4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

1 тақырып. Кіріспе. Құрылыс машиналарының белгіленуі.

Оқу пәнінің белгіленуі. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстағы техникалық процесстерді механикаландырудағы және автоматтандырудағы құрылыс машиналары мен жабдықтарының ролі. Құрылысты механикаландырудағы және автоматтандырудағы құрылыс машиналарының дамуы. Құрылысты механикаландырудың, автоматтандырудың және құрылыс машиналарының қазіргі заманғы техникалық сипаттамалары, әрі өркендеуінің бағыты.

Құрылысты механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ететін машина ретінде құрылыс машиналары қойылатын талаптар. Құрылыс машиналарының сұрыпталуы. Машиналарды типтерге және типтік өлшемдерге бөлу. Күш, жұмыс және жүргізу жабдықтары, трансмиссия және басқару жүйелерін тұратын құрылыс машиналарының жалпы құрылымдық схемасы. Құрылыс машиналарының кинематикалық схемасы.

2 тақырып. Көлік, тасымалдау, жүкті салып - түсіру және жүк көтергіш машиналары.

Көлік машиналары. Құрылыстық жүктердің сипаттамасы. Көлік машиналарының негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы.

Тасымалдау машиналардың қызметі, конструктивті схемалары, жұмыс процессі мен технологиялық мүмкіндіктері, негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы.

Жүк көтергіш машиналардың сұрыпталуы. Әр түрлі крандардың қызмет ету аймағы. Негізгі параметрлері және индексация жүйелері. Қолдану облысы. Жүк көтергіш машиналардың құрылғыларына және қауіпсіз қолдануына қойылатын талаптар. Жебелі кранның орнықтылық жағдайына байланысты жүк салмағын анықтау.

Жүкті салып-түсіру машиналары. Олардың түрлері. Жұмыс процесі.

3 тақырып. Жер және қада қағу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар.

Жер жұмыстарына арналған машиналар туралы жалпы мәліметтер. Жер жұмыстарына арналған машиналардың сұрыпталуы. Жұмыс органдары және топырақпен әсерлесуі. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Өңдеу дәрежесіне байланысты топырақтардың сұрыпталуы. Топырақтың кесу және қазу кедергілерін анықтау. Топырақты қазып өңдеудегі ғалымдардың еңбектері. Жер қазу және жер-қазып тасымалдау машиналарының күш және кинематикалық параметрлерін анықтау.

Жерді қазып - тасымалдау машиналары. Белгіленуі, қолдану облысы. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Жұмыс процесі. Жерді қазып тасымалдайтын машиналардың даму деңгейі.

Экскаваторлар. Сұрыпталуы, қолдану облысы. Жұмыс жабдықтарының негізгі түрлері, параметрлері және құрылыс экскаваторларының индексациясы. Өнімділік және оны ұлғайту жолдары.

Тоңазыған топырақты өңдеуге арналған машиналар мен жабдықтар. Тоңазыған топырақты өңдеуге арналған дәстүрлі жұмыс органы бар машиналарды қолдану. Арнайы машиналар түрлері.

Бұрғылау машиналары және жабдықтары. Бұрғылау инструменті. Шпураны бұрғылауға арналған машиналар. Бұрғылау-кран машиналары. Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және эксплуатациялық көрсеткіштері.

Қада қағу жабдықтары. Қада қағу жабдықтарының әдістері.

Топырақты нығыздауға арналған машиналар. Топырақты нығыздаудың түрлері, негізгі параметрлері, жұмыс процесі және өнімділігі.

Топырақты гидромеханикалық әдіспен өңдеуге арналған жабдықтар. Ол машиналар мен жабдықтардың түрлері. Жұмыс процесі, негізгі параметрлері, техникалық және қолдану көрсеткіштері.

4 тақырып. Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналар.

Ұсақтау машиналардың түрлері және ұсақталатын материал қаттылығына және ұсақтау дәрежесіне байланысты оларды таңдау.

Ұсақтау машиналардың принциптік схемалары, негізгі параметрлері және өнімділігі.

Тасты материалдарды бөлгіш машиналардың қызметі, принциптік схемалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері және өнімділігі.

Гидромеханикалық және гидравикалық классификаторлардың қызметі, принциптік схемалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері, өнімділігі. Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

5 тақырып. Бетон және бетон қоспаларын дайындауға, тасымалдауға және нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтар.

Ұстағыштардың қызметі мен сұрыпталуы.

Циклдық және үздіксіз әрекеттегі бетон және ерітінді араластырғыштардың түрлері, негізгі параметрлері мен конструктивтік схемалары. Араластырғыштардың өнімділігі.

Бетон қоспаларын нығыздау қажеттілігі мен тәсілдері.

6 тақырып.

Сылақ және майлау жұмыстарға арналған машиналар. Қол машиналардың, сылақ станциялары мен агрегаттарының қызметі, құрамы, негізгі параметрлері мен қолдану облысы. Қозғалмалы бекіту агрегаттары.

Еден астына негіздерді дайындауға арналған машиналардың құрылысы мен жұмысы, шатырды құруға және гидроизоляциялық жұмыстарға арналған машиналардың жұмысы мен құрылысы.

Қол машиналардың әрекет ету принципіне, жұмыс органының қозғалу сипатына, жұмыс режиміне, жетек түрі бойынша жалпы сипаттамасы мен сұрыпталуы. Қол машиналарына қойылатын негізгі талаптар.

7 тақырып. Құрылыс машиналарын қолдану негіздері.

«Машиналарды техникалық қолдану» түсінігі. Машиналарды қолдануға қабылдау және өткізу. Машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі. Еңбек қорғаудың жалпы талаптары, еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Қолдану және құрастыру ережелерін сақтау бойынша мемлекет тарапынан бақылау.


4.3 Практикалық (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтардың мазмұны мен тізімі

4.3.1 Практикалық сабақтардың тізімі және мазмұны

1) 2-тақырып. Құрылыс машиналары мен құрал-жабдықтардың кинематикалық және конструктивтік схемалардың практикалық қолдануы, оқылуы.

2) 2-тақырып. Жүк көтеру машиналарындағы темір арқанды таңдау және есептеу әдістемесі.

3) 3-тақырып. Әр түрді қолдану факторларға байланысты жер қазу машиналарының өнімділігін анықтау мен зерттеу.

4) 4-тақырып. Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналар.

5) 5-тақырып. Бетон және ерітінді қоспаларын үлестіру, нығыздау және беру машиналарының негізгі техникалық көрсеткіштерін анықтау, зертеу.

6) 5-тақырып. Араластырғыш машиналардың негізгі параметрлері мен көрсеткіштерінің олардың өнімділігіне әсерін зерттеу.

4.3.2 Лабораториялық сабақтардың тізімі және мазмұны

1) 2-тақырып. Жүк көтергіш машиналардың конструкциясымен және жұмысымен танысу.

2) 2-тақырып. Жүк салғыштың конструкциясымен танысу және оның негізгі параметрлерін анықтау.

3) 3-тақырып. Топырақтың тығыздығын және табиғи бұрышын анықтау.

4) 3-тақырып. Жерді қазып-тасымалдайтын машиналардың құрылғылары- мен және жұмысымен танысу.

5) 3-тақырып. Бір шөмішті құрылыс экскаваторларының конструкциясы-мен танысу.

6) 3-тақырып. Экскаватордың өнімділігін анықтау.

7) 6-тақырып.Электрлі қол машиналарының конструкциясымен танысу.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі





СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққан

дағы көлемі



1

Дәріс сабақтарына дайындалу

-

Сабаққа қатысу

15

2

Практикалық сабақтарға дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

7

3

Зертханалық жұмыстарға дайындық (есеп дайындау және зертханалық жұмыстарды қорғау

Жұмыс дәптері

ЗЖ жіберу

8

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

2МБ тест

5

5

Семестрлік тапсырмаларды орындау (курстық жұмыс және т.б.)

КЖ-с

СТ қорғау

20

6

Бақылау шараларына дайындалу

-

1МБ, 2МБ, бақылау жұмысы, т.б.

5

Барлығы:

60

4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі.

1) Жүк көтергіш машиналардың сұрыпталуы. Әр түрлі крандардың қызмет ету аймағы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 62 – 77 б.], [2, 85 – 86 б.].

2) Жүкті салып-түсіру машиналары. Олардың түрлері. Жұмыс процесі.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 102 – 149 б.], [2, 117 – 125 б.].

3) Жерді қазып - тасымалдау машиналары. Белгіленуі, қолдану облысы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 171 – 179 б.], [2, 141 – 156 б.].

4) Экскаваторлар. Сұрыпталуы, қолдану облысы. Жұмыс жабдықтарының негізгі түрлері, параметрлері және құрылыс экскаваторларының индексациясы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 62 – 77 б.], [2, 85 – 86 б.].

5) Бұрғылау машиналары мен жабдықтары

Ұсынылатын әдебиет: [1, 102 – 149 б.], [2, 117 – 125 б.].

6) Жер жұмыстарын гидромеханизациялау жабдықтары. Гидромониторлар, жер сорғыш снарядтар.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 171 – 179 б.], [2, 141 – 156 б.].

7) Араластырғыш машиналардың қызметі мен құрамы. Араластырғыш машиналардың сұрыпталуы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 171 – 179 б.], [2, 141 – 156 б.].

8) Әрлеу жұмыстарына арналған машиналар және құрылыстағы қол машиналары.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 171 – 179 б.], [2, 141 – 156 б.].


4.4.3 Курстық жоба (жұмыс) және т.б. тақырыптары.

1) Жер қазу машиналарының жұмыс органдарының перспективті конструкциясы.

2) Жүк көтеру машиналардың механизмдері.

3) Тас материалдарын ұсақтауға арналған машиналар.

4) Бетон қоспаларын дайындауға арналған машиналар.

5) Тасымалдау машиналары.


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1) Волков Д.П., Крикун В.Я. Строительные машины. - М.: Изд. АСВ, 2002 - 376 с.

2) Волков Д.П. Строительные машины и средства малой механизации - М.: Академ. 2006 - 416 с.


Қосымша

3) Домбровский Н.Г. и др. Строительные машины. М.: АСВ. 2002 - 528 с.

4) Кудрявцев Е.М. Комплексная механизация строительствам. АСВ. 2005 - 416 с.

5) Крикун В.Я. Строительные машины. М.: АСВ. 2005 - 314 с.

6) Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Грузоподъемные машины. (Теория, конструкция и расчет) Уч. пособие. Алматы, КазГАСА. 2002 - 215 с.

7) Мауленов Ж..К. Бурцев В.В., и др. Машины непрерывного транспорта. Алматы, КазГАСА. 2003 - 137с.

8) Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Погрузочно-разрузочные машины. (Теория, конструкция, расчет). Алматы, КазГАСА. 2005 - 137 с.

9) Строительные, дорожные и коммунальные машины. Оборудование для производства строительных материалов. Справочник. Том IV- 9. Под общ. ред. И.П. Ксеневича. М.: Машиностроение. 2005 -736 с.



Мамандықтың(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32


5В072900 «Құрылыс»



мамандығының(тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пән атауы Құрылыс машиналар және жабдықтары


Оқыту формасы



Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестрлер бойынша бақылау түрлері

семестр

Семестрлер бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кредит

академиялық сағат

кредит

аудиториялық сабақ (ак.сағ)

СӨЖ

(ак. сағ)

барл.

ауд.

СӨЖ

емт.

сын.

КЖ

Кж

барл.

дәр.

пр.

зерт.

барл.

СОӨЖ

ЖОБ негізіндегі күндізгі

2

90

30

60

5

-

-

5

5

2

30

15

7,5

7,5

60

15

Кафедра меңгерушісі____________ Қ.Т. Сақанов 2012 ж. «___»_________




Жұмыс оқу бағдарламасымен

келісу парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35




2012 - 2013 оқу жылына арналған

_ Құрылыс машиналар және жабдықтары____



(пәннің толық атауы)

Келісу парағы


Мамандар дайындаушы кафедра

Кафедра меңгерушісінің

аты-жөні

Қолы

Келісу күні

1

2

3

4

ӨАҚжКҚ

Елмұратов С.Қ.
































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет