2.4.2 үйреніп алуы қажет:
науқастан сұрау арқылы денсаулығы туралы мәліметтерді жинау, жалпы тексеру, ағзалар мен жүйелерді «басынан башпайына дейін» принципі бойынша тексеру;
сұрастыру және тексеру мәліметтеріне, белгілердің сараптамасын жүргізу;
иммунологиялық реактивтілікті коррекциялау және физикалық, психикалық денсаулықты бағалау;
биохимиялық және клиникалық анализдердің нәтижелерін бағалап, интерпритациялау;
сүт бездеріне тексеру жүргізу;
жүкті әйелге тексеру жүргізу, физиоллогиялық жүктілікті диагностикалап, тамақтану тәртібі туралы кеңес беру;
науқастың жеке қажеттіліктері мен жағдайын ескере отырып, мамандандырылған күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру;
мейірбикелік құжаттарды толтыру;
санитариялық – ағарту жұмыстарын өткізу.
2.4.3 машықтануы қажет:
мейірбикелік диагноз қою;
науқасты күту және медициналық көмекті іске асыруға, ұйымдастыруға;
мейірбикелік құжаттарды толтыруға.
2.5 Реквизитке дейінгі:
Физиология
Патологиялық физиология;
Медициналық психология;
Мейірбике ісі негіздері;
Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі;
Акушерлік және гинекологиядағы мейірбике ісі;
Педиатриядағы мейірбике ісі;
Геронтология және гериатрия.
2.6 Реквизиттен кейінгі:
Экстремалды медицина курсымен жедел және шұғыл медициналық жәрдем
2.7 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
№1 кредит:
Денсаулықтын әлеуметтік шарты және оған әсер ететін факторлары. Демографияның медициналық – әлеуметтік аспектілері, халықтың аурушандығы, негізгі түсініктемелері. Қазақстан мен әлемдегі демографиялық жағдай. Жеке денсаулықтың критериялары, денсаулықтың физиологиялық нормалары, организм мен оның маңызды жүйелерінің функциональді жағдайын бағалау принциптері. Физикалық және психикалық денсаулықтың сапасы мен сандық экспресс – диагностикасы және тереңдете зерттеу әдістері. Шаршау мен физикалық және психикалық денсаулықты бағалау әдістері. Денсаулықты болжау мен физиологиялық жүйелер жағдайының жас ерекшелігі динамикасы. Қауіп факторлары және олардың денсаулыққа әсері. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде денсаулықты сақтау мен күтудегі орта білімді медицина қызметкерлерінің ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |