Организмнің негізгі функциясының жағдайын бағалау.
Кемел шақтағы дені сау әйел және ер адам. Кемел шақтағы анатомия – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктер. Өмірлік маңызы бар көрсеткіштерді бағалау. Жүрек – қантамыр, тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, эндокринді, нерв және қаңқа – бұлшықет жүйелерінің функциясын бағалау. Денсаулықты түсіну және басқаруды, белсенділік пен физикалық дамуды бағалау.
Кең тараған аурулардың клиникалық симптомдары, олардың жас ерекшелігі әртүрлі топтардағы ағымы. Диагностика әдістері, емдеу, алдын алу.
№2 кредит:
Балалық шақ кезеңіндегі денсаулық жағдайын бағалау.
Физикалық даму. Халықтың жеке топтарының (әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, үлкен кісілер) денсаулығының медициналық – әлеуметтік аспектілері. Балалық шақтың түрлі кезеңіндегі балалардың анатомия – физиологиялық және психикалық ерекшеліктері. Дені сау бала. Балалық шақ кезеңдері. Жаңа туылған нәресте және оның күтімі. Жас балаларды тамақтандыру ерекшеліктері. Балалар гигиенасы мен емдәмілім. Мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезіндегі денсаулық жағдайын бағалау. Балалық кезеңдегі кең тараған аурулардың симптоматикасы және олардың алдын алу.
Бала көтеретін шақтағы әйелдердің жағдайын бағалау.
Халыққа емдік – профилактикалық көмекті ұйымдастыру, бала мен ананың денсаулығын қорғау. Дені сау әйелдің репродуктивтік жүйесінің құрылысы мен функциясы. Жүктілік физиологиясы, диагностика, жүкті әйелдің гигиенасы, тамақтану тәртібі. Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістерді бағалау. Физиологиялық босану, босану кезеңдері. Контрацепция әдістері. Жанұяны жоспарлау. Климактериялық кезең.
Егде жастағы адамдардың денсаулық жағдайын бағалау.
Өмір сүру салты және жиі кездесетін аурулардың медико – әлеуметтік аспектілері. Егде және кәрі жастағы адамдардың анатомо – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері. Қартаю психологиясы. Ерте қартаюды (физиологиялық емес) алдын – алу. Егде адамның өмір сүру салты, өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері. Қарт адамдарды әлеуметтік қорғау. Егде адамдардың тамақтануы. Фармакотерапия принциптері. Табиғи өлім.
Достарыңызбен бөлісу: |