Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет100/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   137
geront sd kz

6. Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспар бойынша 8 сабақтан кешікпеу керек.


7. Әдебиеттер


8.Бақылау (тесттер):



    1. Геродиететикаға анықтама беріңіз.

    2. Қарт адамдардың тамақтану режимінің ерекшелігін атап беріңіз.

    3. Созылмалы гастрит, ойық жара ауруларында қандай емдәм ұсынасыз.



Рубеждік бақылау
Тест тапсырмалары



«Қарттарда кездесетін тыныс алу ағзаларының аурулары».
Бір дұрыс жауабын таңдаңыз.


1. Тыныс алу ағзаларының қартаюға байланысты өзгерістері:
А. өкпенің жалпы сыйымдылығының ұлғаюы
Б. өкпе салмағының ұлғаюы
В. өкпе салмағының азаюы
Г. өкпенің өмірлік сыйымдылығының азабы
2. Жоғары тыныс алу жолдарының жас ерекшелігіне байланысты өзгерістері:
А.шырышты қабық атрофиясы.
Б. бадамшабез гипертрофиясы.
В. дауыс шымылдығы саңылауының тарылуы.
Г. дауыс байламдарының жуандауы.


3. Қартайған шақта кеуде торы
А. күбі тәрізді пішінге ие болады
Б. тыныс алу барысында қозғалысын жоғалтады
В. пішінін өзгертеді.
Г. аталғандардың барлығы.


4. Созылмалы бронхит аясында ... байқалған жағдайда міндетті түрде рентгенография жүргізу керек.
А. жалпы әлсіздік
Б. дәмкәстік
В. қақырықты жөтел
Г. қан қақыру


5. Қартаң және кәрі жастағы адамдардағы жіті бронхиттің мейлінше жиі кездесетін асқынулары:
А. созылмалы бронхит.
Б. ошақты пневмония.
В. туберкулез.
Г. өкпе рагы


6.Қарттарда созылмалы бронхит дамуына ... алып келеді.
А. иммунологиялық реактивтіліктің төмендеуі, қатты суық тию
Б. толыққанды тамақтанбау
В. іркілген жүрек жетімсіздігі
Г. гипотиреоз.


7. Созылмалы бронхит асқынған жағдайда кәрі және қартаң жастағы адамдарға ... ұсынылады.
А. пентамин.
Б. корвалол.
В. фуросемид.
Г. қақырық түсіретін микстура.


8. Кәрі және қартаң жастағы адамдарда пневмония туындаған жағдайда ... сирек байқалады.
А. әлсіздік
Б. дімкәстік
В. жөтел
Г. айқын безгек
9. Қартаң және кәрі жастағы адамдарда пневмонияның дамуына ... әсер етеді.
А. қажу
Б. шектен тыс ыстықтың ықпалына шалдығу
В. төсек тәртібі
Г. стрестер.


10. Қартаң жастағы науқастың обструктивтік бронхит кезіндегі негізгі шағымы:
А. дене қызуының көтерілуі
Б. бас ауруы
В. демікпе
Г. әлсіздік


11. Қартаң және кәрі жастағы адамдардың қан қақыруының ең басты себебі:
А. жіті бронхит.
Б. бронхоэктатикалық ауру
В. крупозды пневмония.
Г. өкпе рагы


12. Өкпеден кетуде көрсетілетін шұғыл жәрдем:
А. аминокапронды қышқыл, кальций хлориді
Б. гепарин, дибазол.
В. ацетилсалицил қышқылы, реопирин.
Г. димедрол, пипольфен.


13.Қартаң жастағы демікпенің экспираторлық сипаты ... тән.
А. өкпе абцесіне.
Б. бронхтық демікпеге
В. крупозды пневмонияға.
Г. өкпенің ісінуі.


14. Қартаң жастағы бронхтық демікпе ұстамасында қарсы көрсетілген.
А. астмопент.
Б. беотек.
В. эуфиллин.
Г. морфин.


15. Бронхтық демікпе ұстамасы кезінде көрсетілетін шұғыл жәрдем:
А. сальбутамол.
Б. кодеин.
В. либексин.
Г. тусупрекс.
16. Бронхтық демікпеге шалдыққан кәрі адамдарға ... кеңесі қажет.
А. аллергологтың
Б. инфекционистің
В. онкологтың
Г. хирургтың


17. Кәрі жастағы пациенттің эмфизема кезіндегі негізгі шағымы:
А. кеуде торындағы ауырсыну
Б. қақырық шығаратын жөтел
В. қан қақыру
Г. демігу


18. Жіті пневмониядан кейін қарт науқастар ... бойы диспансерлік бақылауда болады.
А. 6 ай
Б. 10 ай
В. екі жыл
Г. үш жыл


19. Созылмалы бронхит кезінде жылына ... диспансерлік бақылау жасалады.
А. 1 рет
Б. 2 рет
В. 3 рет
Г. 4 рет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет