6. Науқас гигиенасы
Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастар жуыну немесе басқа да тазалық шараларын қажет етпейді. Бұл әрекеттердің қалай орындалатынын ұмытатындар да болады. Өз жәрдеміңізді сыпайылықпен, оның намысына тимейтіндей етіп көрсетіңіз.
Жуыну барысын ұнамды етуге тырысыңыз;
Науқасқа душ немесе ванна қабылдау қажеттілігін сезіндіріңіз. Егер ол көнбесе, көңіл-күйі өзгергенге дейін біраз күте тұрыңыз;
Науқасты қимылсыз қалдырмаңыз. Шамасы келгенше барлық нәрсені өзі жасасын;
Ванна қабылдау барысында пациент қысылмауы үшін, дененің кейбір аймақтарын жауып қойыңыз.
Үй жағдайында науқастарды жуынатын бөлмеде орнатылған орындықта жуындырған ыңғайлы. Орындық алдын ала төселген резеңке кілемшеге орналастырылады. Науқасты шешіндіріп, орындыққа отырғызады да, аяқтарын мұқият ванна ішіне өткізеді (егер ваннаның аяқтары өте биік болмаса). Мұндай қалыпта сізге де, оған да ыңғайлы болады.
7. Дәретханаға бару
Науқастар дәретхананың қайда екенін ғана емес, онда не үшін баратынын да ұмытып қалуы мүмкін.
Дәретхана есігін үлкен түсті әріптермен белгілеп қойыңыз;
Дәретханаға барудың өзіндік тәртібін орнатыңыз;
Науқастың киімі оңай шешілетініне көз жеткізіңіз, ал егер өзі шеше алмайтын болса, әдептілікпен өз көмегіңізді ұсыныңыз;
Ұйқыға жатар алдында сұйықтық ішуді шектеңіз;
Егер адам дәретханаға қашан баратынын сезбесе, памперс пайдаланыңыз.
8. Тамақтану
Сырқаттану барысында тамақтанудың маңызы зор екенін ескерсек, күтім жасаушы адамдар келесідей ережелерді сақтауы қажет:
Науқас қақалып қалмауы үшін, асты майдалап турау керек. Аурудың кейінгі сатысында науқасқа езбе немесе сұйық тағам беріледі;
Асты жақсы шайнау керектігін науқастың есіне ұдайы салып отырыңыз;
Сезу қабілетін жоғалтқан науқас ыстық тамаққа күйіп қалуы мүмкін, сондықтан тамақ жылы болуы керек;
Науқастың шектен тыс көп мөлшерде тамақ жемеуін бақылаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |