Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет79/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   137
geront sd kz

6) Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспаы бойынша 4 сабақтан кешікпеу керек.


7) Әдебиеттер


8) Бақылау (сұрақтар,тесттер, есептер):
1. Қарт жаста созылмалы брохиттің ағымы.
2. Пневмония егде жастағыларда қандай асқынулармен жүреді?
3. Бронх демікпесі кезінде жедел көмектің шараларын атап беріңіз.

1. 68 жастағы науқас экспираторлы ентігу, құрғақ жөтелге шағымданып жолықты. Рентгенограммада патология анықталмады. Перифериялық қанда эозинофилдер - 12%. Бронхиалды өткізгіштіктің тәуліктік тербелістері (ТТШК1, ТШПЖ) - 30%. Дене температурасы қалыпты. Науқасқа ... диагнозын қоюға болады.


а) бронхтық демікпе
б) созылмалы обструктивті бронхит
в) Лефгрен синдромы
г) экзогенді аллергиялық альвеолит
д) өкпенің эозинофилді инфильтраты
2. Жеңіл персистирлеуші бронхтық демікпесі бар науқасқа дәрігер аэрозоль түрінде препарат тағайындады (2 доза күніне 4 рет) және ингаляциялар қабынуға қарсы әсер етететіні мен жағдайын тез жақсартпайды деп түсіндірді. Будан басқа аэрозоль бүйрек үсті бездердің қызметін тежемейді және астматикалық статустың дамуына алып келмейді деп толықтырып түсіндірді. Дәрігер бұл жағдайда … дәрі-дәрмекті тағайындады.
а) Недокромил
б) Флунизолид
в) Фенотерол
г) Ипратропия бромид
д) Фузафунжин.
3. Қазіргі таңда бронхтық демікпені … ауруы деп қарайды.
а) тыныс жолдарының созылмалы ауруы
б) демікпе ұстамасымен бейнелетін ауруы
в) тыныс жолдарының жіті аллергиялық ауруы
г) өкпенің созылмалы интерстициалды зақымдалуы
д) дәнекер тінінің зақымдалуы
4. Бронхтық демікпемен ауыратын науқаста өз жағдайын бақылау үшін ... болуы керек.
а) пикфлоуметр
б) бодиплетизмограф
в) спирограф
г) пневмотахограф
д) қанның газдық құрамын талдайтын құрал
5. Бронхтық демікпенің 4 сатысы:
а) ауыр персистирлеуші
б) созылмалы өкпе текті жүрек
в) ауыр интермиттирлеуші
г) жүктемелі бронхтық демікпе
д) «аспириндік» бронхтық демікпе
6. Бронхтық демікпенің 4 сатысы:
а) жеңіл персистирлеуші
б) созылмалы өкпе текті жүрек
в) астматикалық статус
г) ауыр интермиттирлеуші
д) жүктемелі бронхтық демікпе
7. Бронхтық демікпенің жүргізіліп жатқан емдеу кезінде ауырлық дәрежесін анықтау ... негізделген.
а) вентиляция параметрлері мен жүргізіліп жатқан емдеу көлеміне
б) физикалық тексеру нәтижелеріне
в) терең тыныс шығару көрсеткіштеріне
г) пикфлоуметрия және ЭКГ нәтижелеріне
д) аллергендермен жүргізілетін терілік тесттілер нәтижелеріне
8. Бронхтық демікпенің 1 сатысы:
а) жеңіл интермиттирлеуші
б) демікпе алды
в) астматикалық бронхит
г) жүктемелі бронхтық демікпе
д) жеңіл персистирлеуші
9. Бронхтық демікпенің 3 сатысы:
а) орташа персистирлеуші
б) декомпенсирленген өкпе-жүрек жетіспеушілігі
в) дисгормоналды бронхтық демікпе
г) жеңіл интермиттирлеуші
д) аралас генезді бронхтық демікпе
10. Пикфлоуметрия ... анықтамайды:
а) өкпенің өмірлік сиымдылық көлеміннің төмендеу дәрежесін
б) аурудың ауырлық дәрежесін
в) бронхтық демікпенің алғашқы белгілерін
г) бронхтық обструкцияның қайтымдық дәрежесін
д) емдеу нәтижелігін
11. Бронходилятаторлармен ингаляциядан кейінгі бронхтық обструкция синдромының қайтымдық критериі:
а) ТТШК1 13%-ға және ТШШЖ 16%-ға жоғарылауы
б) ТТШК1 25%-ға және ТШШЖ 30%-ға жоғарылауы
в) ТТШК1 20%-ға және ТШШЖ 25%-ға жоғарылауы
г) ТТШК1 30%-ға және ТШШЖ 25%-ға жоғарылауы
д) ТТШК1 8%-ға және ТШШЖ 5%-ға жоғарылауы
12. Астма - мектебі:
a) дәрігерлердің дипломнан кейінгі білім алу курсының аналогы
б) науқастар білім алу жүйесінің негізі
в) медбикелер білім алу жүйесінің негізі
г) бас дәрігерлерді дайындаудың негізгі компоненті
д) әлеумет саласындағы қызметкерлердің қайта дайындаудың негізі
13. Бронхтық демікпенің базистік емі ... қолдануын қарастырады:
a) бенакорт, флунизолид, кромоглиций қышқылын
б) аминофиллин, астмопент және бронхолитин
в) сальбутамол, беротек, сальбен
г) ипратропия бромид, беродуал
д) солутан, теофедрин, тусупрекс
14. Бронхтар өткізгіштігінің бұзылуы демікпе ұстамасымен көрінетін бронхтардың гиперреактивтілігімен жүретін созылмалы қабыну ауруы:
a) бронхтық демікпе
б) жіті бронхит
в) созылмалы бронхит
г) бронхоэктаз ауруы
д) ошақты пневмония
15. Бронхтық демікпенің дәрежелері:
a) 4
б) 1
в) 2
г) 3
д) 5
16. Бронхтық демікпенің аурудың фазалары бойынша жіктемесі:
a) өршу, тұрақсыз ремиссия, ремиссия, тұрақты ремиссия
б) өршу, тұрақсыз ремиссия
в) өршу, тұрақсыз ремиссия, ремиссия
г) өршу, ремиссия, рецидив
д) өршу, ремиссия, тұрақты ремиссия
17. Бронхтық демікпенің аурудың ауырлық дәрежесі бойынша жіктемесі:
a) жеңіл эпизодты, жеңіл персистирлеуші, орташа, ауыр
б) жеңіл эпизодты, орташа
в) жеңіл эпизодты, орташа, ауыр
г) жеңіл эпизодты, жеңіл персистирлеуші
д) жеңіл эпизодты
18. Бронхтық демікпемен ауыратын науқаста қысқа уақытты эпизодты ұстамалар аптасына 1 рет, түнгі симптомдар айына 1 рет, ұстама аралық кезеңде ұстама белгілері жоқ, ТШШЖ мен ТТШК1 қалыпты, В2-агонисттерге талап етуі аптасына 3 реттен кем. Бронхтық демікпенің ауырлық дәрежесі...
a) жеңіл эпизодты
б) жеңіл персистирлеуші
в) жеңіл рецидивтеуші
г) орташа
д) ауыр
19. Бронхтық демікпемен ауыратын науқаста ұстамалар аптасына 1-2 рет, түнгі симптомдар айына 1-2 рет, ұстамалар жеңіл түрде өтеді, қайталанбайды, аралық кезеңде ұстама белгілері жоқ, ТШШЖ мен ТТШК1 қалыпты аөрсеткіштерден 80% құрайды, көрсеткіштердің тәуліктік тербелісі 20% құрайды. Бронхтық демікпенің ауырлық дәрежесі...
a) жеңіл эпизодты
б) жеңіл персистирлеуші
в) жеңіл рецидивтеуші
г) орташа
д) ауыр
20. Бронхтық демікпемен ауыратын науқаста ұстамалар аптасына 1-2 рет, түнгі симптомдар айына 1-2 рет, ұстамалар физикалық белсенділіктің шектелуіне алып келеді, түнгі симптомдар айына 2 рет, ТШШЖ мен ТТШК1 қалыпты аөрсеткіштерден 60-80% құрайды, көрсеткіштердің тәуліктік тербелісі 20-30% құрайды. Бронхтық демікпенің ауырлық дәрежесі...
a) жеңіл эпизодты
б) жеңіл персистирлеуші
в) жеңіл рецидивтеуші
г) орташа
д) ауыр

№ 1 есеп


60 жастағы науқас ауруханаға жөтел, қақырық тастау, ентігу, әлсіздік, субфебрилді температура, тез шаршауға швғымданып жолықты. Қақырығы іріңді. Ентігу бастапқы тек физикалық жүктемеден кейін болса, кейін тыныштық күйде де байқала бастады. Жүрек шектері оңға қарай ығысқан, екінші тонның қкпе артерия үстінде акценті бар. Өкпе үстінде қорап дыбысы, тынысы әлсіреген, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Науқаста ... болуы мүмкін.
а) пневмония
б) бронхтық астма
в) өкпенің қатерлі ісігі
г) ТЭЛА
д) созылмалы обструктивті бронхит, өршу сатысы

№ 2 есеп

40 жыл темекі тартқан науқаста жөтел, қан аралас қақырық тастау, жарты жыл ішінде дене салмағының 20 кг дейін төмендеу, әлсіздік, физикалық жүктеме кезінде ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы ... туралы айтуы мүмкін.
а) пневмония
б) бронхтық астма
в) өкпенің қатерлі ісігі
г) ТЭЛА
д) созылмалы обструктивті бронхит, өршу сатысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет