Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет24/137
Дата20.05.2022
өлшемі1.86 Mb.
#458443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   137
geront sd kz

Гломерулонефрит — стрептококктық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің инфекциялық-аллергиялық ауруы.
Этиологиясы. Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады.
Бүдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен
НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғы-
шы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының
тромбозы.
Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады.
Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.
Клиникалык, көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері — ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның биіктеуі. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі — ісіну. Ісінуден бүрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі болбыр толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан карағанда кейде байкалмайды. Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді. Науқастардың көбі сауығу кезіндегі зәрдің көптеп бөлінуіне, соншама сұйықтыктың жиналғандығына таңқалады.
Науқастардың көбі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Аурудың тез дамыған түрінде ентікпе мен қүрғақ жөтелдің болуынан оны кейде жіті пневмониямен шатастырады.
Ентікпенің себебі - айналымдағы кан көлемінің көбеюінен және артериялык қысымның тез биіктеуінен болатын жүрек шамасыздығы. Жасы үлғайған адамдарда жедел гломерулонефрит алғаш жүрек шамасыздығымен білінуі мүмкін. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялык гипертензия болады. Артериялық гипертония дамуының бас-ты себептері — натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы.
Қабынып ісінген бүйректің капсуласының керілуінен, науқастар-дың көбі бел аймағының ауырсынуына шағымдананады.
Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жіті гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады. Олигуриямен қатар зәрдің түсі өзгереді. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына үқсайды, ал реакциясы кышқыл болса, онда түсі қара қоңыр болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі - жүптасып жүретін протеинурия мен гематурия (микро-, сиректеу -макрогематурия). Емі. Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде үстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.
Диетотерапия. Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді.
Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз 7а емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).
Этиологиялық, ем. Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның саддарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады.
Қолданатын антибактериялық дәрмектер бүйрскке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын — пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе оның жартылай синтезделген аналогтары, немесе эритромицин.
Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсеткіштері айқын болуы тиіс. Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жіті гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет