Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
60 жастағы әйел,жедел инсульт бойынша стационарлық ем қабылдауда.
Диагнозы:Ми қанайналымының жедел бұзылысы.Оң жақты гемиплегия.
Обьективті: Жауырын, құйымшақ, тізе асты аймағының қызаруы.
Сұрақ:
Науқастың басым проблемасын анықтаңыз
Мейірбикелік араласу жоспарын құрыңыз.
Мейірбикелік араласуды жүзеге асырыңыз.
Реабилитацияның қандай әдістерін қолдануға болады?
Ватерло шкаласы бойына бағалаңыз
Есеп №2.
47 жастағы науқас. Инсультты басынан кешірген. Диагнозы: II – дәрежелі гипертониялық ауру. Ми қанайналымының бұзылысы.
Шағымдары: оң қол және аяғының әлсіздігі, сезімталдықтың жоғалуы, бас айналуы, шаршағыштық. Құлап қалудан қорқады, шүйдесі ауырады. Туыстарының айтуы бойынша көңіл күйсіз, жеке қалғанду қалайды.
Сұрақ:
Науқастың басым проблемасын анықтаңыз
Мейірбикелік араласу жоспарын құрыңыз.
Мейірбикелік араласуды жүзеге асырыңыз.
Реабилитацияның қандай әдістерін қолдануға болады?
Есеп №3.
62 жастаға әйел , неврология бөлімшесіндегі стационарлық ем қабылдауда. Диагнозы: Ми қанайналымының бұзылысы. Туыстарының айтуы бойынша: жоғары қан қысымы болған , жақында ағасының қайтыс болғанын естіген , сол кезде бас ауыруына шағымданған, бірақ дәрігерге қаралмаған.
Обьективті: Оң жақты гемиплегия,парестезия.
Сұрақ:
Науқастың басым проблемасын анықтаңыз
Мейірбикелік араласу жоспарын құрыңыз.
Мейірбикелік араласуды жүзеге асырыңыз.
Реабилитацияның қандай әдістерін қолдануға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |