Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет18/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
med is neg 2k kz (1)

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
- Мейірбике ісі философиясы ұғымы.
- Науқас, мейірбике, мейірбике ісі, қоршаған орта, денсаулық ұғымдары.
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:
- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;
- жеке ЕП¥ бағыттары;
- ЕП¥ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;
- медбикенің күкығы мен міндеттері;
- стационардын кұрал-жабдықтары, күрылымы және күрылысы;
- аурухана қүрылысы.

Емдік мекемелер өзінің функциясы бойынша 2 негізгі топқа бөлінеді:



  1. амбулаториялык (емхана, амбулаторйя, медициналы-санитарлы бөлім, диспансерлер, жедел кемек көрсету станциясы, әйелдер консультациясы)

  2. стационарлык (госпитальдар, клиникалар, санаториялар, ауруханалар).

Емхана - амбулаториялык емдік-профилактикалык мекеме, кұрамына негізгі клиникалык мамандар бойынша (терапия, хирургия, гинекология, неврология, көз аурулары, эндокринология, ортопедия, уролог-ия) дәрігерлік кабинеттер кіреді. Емханада негізгі диагностикалык кабинеттер бар: реңтген, функционалды диагностика және т.б. Емдік ине егу орындауға арналған кабинеттер бар: физикотерапевтік бөлімше, емдік дене шынықтыру кабинеті, инъекция жасайтын процедуралык кабинет және т.б. емхана күрамында тіркеу, кызмет көрсету кабинеттері және бірқатар косымша кабинеттер бар.
Емхананын негізгі жұмыс істеу ережелері - территориалды-бөлімшелі. Емхана кызмет ететін территория бөлімшелерге бөлінеді, ол әр бөлімшеге дәрігер және бөлімшелі медбике тағайындалады. Бұларға белгілі бір халықтың саны бекітіледі.
Бөлімшелі дәрігер мен медбике өз бөлімшесінде жүргізілген емдік және профилактикалык шараларға толык жауапты болады. Бұдан бөлек халыкка диспансеризация жұмыстарын жүргізудін үлкен маңызы бар.
Диспансеризация - бұл халықтың денсаулығын, тұрмысты және енбек шарттарын окып білу, аскынған ауруы бар науқастарды білу мақсатында жүргізілетін систематикалык бакылаудағы ұйым.
Амбулатория - кала типтес ауыл түрғындарына көмек көрсететін, күрамында 1-3 дәрігері (5-тен көп емес) ауруханадаң тыс мекеме. Амбулатория кұрамына дәрігерден басқа фельдшер, акушер, медбикелер және санитарлар кіреді. Амбулатория медбикесінін жұмысы бөлімшелік медбикенің жұмысына ұқсас, бірақ қатаң жауапкершілікті талап етеді.
Медициналы-санитарлы бөлім жүмысшыларға және қызмет көрсетушілерге медициналық қызмет көрсету мақсатымен өндірістік мекемелер ұйымдастыратын емдік-профилактикалык ұйымдар комплексі. Бұлардың жұмыс істеу ережесі цехті-бөлімшелі ережесі бойынша жұмыс істейді. Медициналы-санитарлы бөлімшенің кұрылымы әр түрлі болады: олардың кұрамына емхана, амбулатория, стационар, емдеу пунктері, стоматологиялык емхана, профилакториялар, санаториялар, балалар лагерлері кіруі мүмкін.
Медициналы-санитарлы бөлімдердін функциялары әр түрлі. Амбулаториялык медициналык көмек көрсетуден, науқастарды стационарда емдеуден бөлек тұрғындарымен жұмыс істеу мекеме өкілдері жұмысшылардың денсаулығын бакылау бойынша диспансеризация жұмыстарын жүргізеді. Бұл жүмыстар жүмысшыларды жүйелі профилактикалык қараудан, аскынған аурулармен ауыратын адамдарды табу, ауырғандардың барлығын амбулаториялык шарттармен немесе стационарларда емдеу аркылы іске асырылады.
Бөлімшелі медбикелер мен дәрігерлер, емдеу пунктерінін жұмысшылардың еңбек ету шарттарын жұмыс орнында карайды, өндіріс жұмысшыларынын тұрмыс және еңбек шарттарын жақсарту максатына бағытталған профилактикалык комплексті шараларды шешуге қатысады.
Диспансерлер - диспансерлі әдіс бойынша жұмысты жүргізетін (ауру түрі аныкталған - туберкулез, тері аурулары және т.б. - ауруларды емдеу) амбулатория түрлері арнайы
мамандандырылған ерекше мекемелер. Профилактика және емдеумен бірге диспансерде патронаж жүргізіледі. Диспансер жұмысының спецификасы бойынша туберкулезге карсы, онкологиялык, тері-венерологиялык, психоневрологиялык және т.б. болып бөлінеді.
Жедел медитналық көмек көрсету станциясы- науқастарға тәулік бойы жедел түрде медициналык көмек көрсететін (жаракаттанғанда, уланғанда, кан аққанда) емдік мекемелер. Жедел медициналык көмек көрсету станцияларында жұмысшылар 2-3 адамнан тұратын бригада болып істейді (дәрігер және бір немесе екі фельдшер). Медбикелер халыктан шакыру алатын және оларды шығушы бригадаларға айтатын диспетчер болып істей алады.
Әйелдік кенес беру орталығы - екі кабат әйелдерді бакылау және гинекологиялык аурулардың профилактикасы және емдеуі жүргізілетін емдік-профилактикалык мекеме. Әйелдік кеңес беру емхана сияқты территориялы-бөлімшелі ережесі бойынша жұмыс істейді.
Госпиталь әскери адамдарды және соғыс мүгедектерін емдейтін аурухана болып табылады.
Клиника - ауруларды стационарлы емдеуден бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін емдік-профилактикалык мекеме.
Санаториялар - аурулардын толык жазылуы жүретін стационарлы мекеме. Санаториялар емдік минералды суы немесе балшығы бар колайлы климатты жерде орналасады.
Ауруханалар - үнемі карауды және емдеуді кажет ететін ауруларға арналған емдік мекеме. Сипаты және куаты жағынан ауруханалар бірнеше топка бөлінеді.
1. Мамандығы бойынша:
а) бір маманды (психиатриялык, инфекциальдык және т.б.);
б) көп маманды: аурухана кұрамында бөімшелер болады: терапиялык, хирургиялык, гинекологиялык және т.б.);
2. Максаты бойынша:
а) аудандық; б) калалык; в) облыстық; г) республикалық.
3. Төсек орындык куаты бойынша. Төсек орнының санына байланысты категорияларға белінеді.
Ауруханалардың негізгі кұрылымды бірліктеріне мыналар жатады: кабылдау бөлімі; арнайы бөлімшелері немесе палаталары бар стационарлар; косымша бөлімшелер (рентген, патологоанатомиялык, лабораториялар, физиотерапиялык және т.б.); дәріхана; асхана; әкімшілік және басқа бөлмелер.
Емдік бөлімшелер (терапиялык, кардиологиялык, гастроэнтерологиялық және т.б.) келесі бөлмелерден тұрады:
- наукастарға арналған палаталар;
- санитарлы түйін (ванна, душ, туалет, әйелдерге арналған гигиеналык бөлмелер); ине егу кабинет;
- манипуляциялык кабинеттер;
- асхана;
- ординаторлык (дәрігерлерге арналған кабинет);
- бөлімшені басқарушы кабинеті;
- жоғарғы медбикенің кабинеті;
- медбикелік.
Медбике жұмысынын мазмүнын ЕП¥ әкімшілігі орта медициналык жұмысшынын тарифті-квалификациялык сипатына негізделіп жасайды.
Стационар медбикесінің функционалды міндеттеріне келесілер кіреді: бөлімшеде емдік-карау тәртібін сактау, дәрігердін тапсырмасын уакытылы орындау, наукастарға карау, дәрігер наукасты карағанда наукасқа көмек керсету, наукастың жалпы жағдайын бакылау, бірінші дәрігерге дейінгі көмекті көрсету, санитарлы-эпидемиологиялык тәртіпті сактау, инфекционды ауру туралы СЭС-ке уактылы ақпарат жеткізу, дәрілік заттарды алу және оларды сақтау мен тексеру, бөлімшенің кіші медкызметкерлер баскарушылык жұмыстарын жүргізу. Медбикелер жүйелі түрде өз квалификациясын жоғарлату керек, емдік мекемеде немесе бөлімшеде ұйымдастырылатын конференцияларға катысу керек.
Емхананың бөлімшелі медбикесі дәрігерге көмек көрсету керек, әр түрлі іс қағаздарды толтыру керек, науқастарды әртүрлі егулерге дайындау керек, лабораториялык және аспаптык зерттеулерді білу керек. Емхана медбикесі жұмысты үйінде жүргізеді:
дәрігердін тапсырмасын орындайды, туыскандарды наукаска қараудың қажетті элементтеріне үйретеді, наукастың физиологиялық кажеттіліктерін канағаттандыратын колайлы жағдайларды жасауға үйретеді, науқасқа және онын жанұясына психологиялык колдау көрсетеді, өзінің наукастарының денсаулығын жаксарту мақсатында әртүрлі іс шаралар жүргізеді.
Фельдшердің міндеттері өте кен, әсіресе дәрігер болмаған жағдайда. Фельдшерлі акушерлік пунктте фельдшер стационарлы, консультативты, амбулаториялык көмек көрсетуді, үйге көмек көрсетуді, санитарлык-профилактикалык жұмысты, дәріханадан дәрілік заттарды жазып алу жұмыстарын және т.б. жүргізеді. ЕПҰ-да дәрігер басшылығымен жұмыс істейді.
Перзентхана және әйелдік кеңес беру акушерінің жұмыс істеу мазмұны жұмыстың нақты ерекшеліктеріне байланысты. Ол өздігінше немесе дәрігермен бірге босануды кабылдай береді, екі кабат әйелдердің, ана мен баланын емдік-профилактикалык жұмыстарын жүргізеді. Ол гинекологиялык аурумен ауыратын адамдарды аныктап, әйелдердін босануына кажетті психопрофилактикалык жұмысты, екі кабат әйелдерді бақылауды жүргізеді. Акушер, емхана медбикесі сияқты үлкен патронажды жұмысты жүргізеді, медбикенің тікелей міндеттерін орындайды.
Фельдшер, медбике және акушер өзінін міндеттерін аткару үшін көлемді білім деңгейі және практикалык кабілеттері болу керек, карауда жауапкершілік танытып, жанашарлык болу керек. Олар өзінің психологиялык, мамандык және баска сапаларын үнемі жетілдіріп тұру керек.
Олар инфекциалык ошақтарды жою жұмыстарына, профилактикалык егу жүргізгенге, дәрігермен бірге балалар мекемелерін тексеруге катысады. Арнайы дайындығы бар орта меджұмысшылар рентгенологиялык, физиотерапиялык және баска да мамандандырылған бөлімшелерде немесе кабинеттерде жұмыс істей алады.
Орта меджұмысшылар құқығы жок функцияларды өз мойнына алғаны үшін тәртіптік немесе кылмыстык жауапкершілікке тартылады.

11. Жаңа сабақты бекіту. 9 мин (10%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет