Мұрынды жуу кезінде науқас қандай қауіпсіздік шараларын сақтауы керек?
Мұрынды жуу кезінде науқас жұтынбай және сөйлемей отыруы керектігін ескерту керек. Өйткені инфицирленген сұйықтық евстахиев түтігі арқылы орта құлаққа өтіп, қабыну туғызуы мүмкін.
Ауыз қуысын күту
Белсенді науқастар әр күні азанда және кешке ауыз қуысын тұзды сумен (1 стакан суға ¼ шәй қасық тұз) шайып, тісін жуып тұруы керек.
Ауыр науқастарға мейірбике әр тамақтанған соң ауызын сүртіп тұруы керек. Ол үшін мақтаны бор қышқылының 5% ерітіндісіне, немесе натрий гидрокарбонатының 2% ер-е, калий перманганатына, жылы суға батырып алады.
Құралдар мен материалдар
Орындалуы: науқасты жартылай отырғызып немесе басын жанына бұрып, мейірбике пинцетпен мақтаны алып, зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып алған соң, науқастың тілі мен тісін сүртеді. Сонан соң науқас ауызын шаяды.
Стоматит дамыған кезде ауыз қуысы қалай күтіледі?
Ауыр науқастарды жиі стоматит дамиды – ауыз қуысы шырыш қабатының қабынуы. Тамақтану кезінде ауырсыну, сілекей ағу, дене қызуының жоғарылауы орын алады.
Шырышты қабатқа медикаментозды ем ретінде шаю және аппликациялар қолдануға болады.
Стоматиттің емі зарарсыздандырушы ерітінділер қолданумен жүзеге асырылады. Осы ерітінділерді ауыз шаю мақсатында да қолдануға да болады.
Аппликациялар - марльды дәкелерді зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып ауыз қуысына қояды. Процедураны күніне бірнеше рет қайталайды.
Шаю алмұрт тәрізді баллонмен немесе Жане шприцімен жасалады. Науқастың кеудесі клеенкамен жабылып, баллонға немесе Жане шприціне антисептикалық ерітіндіні алады. Науқастың басын жанына бұрып, иегінің астына лоток қойылады. Протез тістері алынса, алып тастау керек. Ауыз бұрышын жоғары тартып, ұртына баллон немесе шприцтің ұшын енгізіп, шамалы қысыммен ауыз қуысын шаяды. Қолданылған құралдарды зарарсыздандырады.
Кейде науқастардың еріні кеберсіп, жаралар пайда болады. Ол кезде ерініне суға малынған марль дәке қойып, кез келген маймен майласа болады. Ауызды қатты ашып, пайда болған қабықтарды ашуға, тіс щеткесімен қолдануға болмайды. Ауызды әр тамақтанған соң шайып тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |