Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет82/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152
med is neg 3k kz

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:

  • Асқазан және он екі елі ішек сөлін зерттеу мақсатын

  • Нәжісті зерттеу манызы

  • Тексеру үшін материалды дайындау және лабораторияға жеткізу
    кезіндегі медбикенін міндеті

  • Процедураны өткізуге арналған құрал-саймандар мен жабдықтар

  • материалды сақтау және тасмалдауды

  • Құралдарды өңдеу

  • Жолдамалар жазуды

Асқазанның секреторлы қызметін көрсету.
Қолдануға болатын жағдайлар: Асқазанның секреторлы және қозғалыс қызметін тексеру. Асқазан сөлін аш қарынға және «таңертеңгілік тамақ байқауынан» кейін алады. Таңертеңгілік тамақ байқауы ретінде асқазанн сөлінің секрециясын қоздыратын энтеральді, парентеральді тітіркендіргіштер қолданылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:Жүректің ауыр түрдегі аурулары, 2-3 дәреж. Гипертониялық ауру, стенкордия, кахексия, созылмалы гастриттің өршу кезеңі. Асқазан және он екі елі ішектің жара ауруы, өңеш тамырларының кеңеюі, мойын-кеуде омыртқаларының қисаюы.
Энтеральды, тітіркендіргіштер: 300,0 ет сорпасы, 300,0 капуста қайнатпасы, таңертеңгілік нан (50г ақ қатқан нан +400 мл су), 300,0 алкогольдің 5% ертіндісі, 300 мл суға 0,2 кофеин ертіндісі.
Парентеральды тітіркендіргіштер:0,025% пентагастрин ертіндісі
(науқастың 10 кг дене салмағына 0,6 мл) 0,1% гистамин ертіндісі
(науқастың 1 кг салмағына 0,01 мл).
Назар аударыңыз! Гистаминді байқап енгізу керек.
Науқаста жүрек айну, ыстықтау, бас айналу, тыныс алуының қиналуы, жүрек соғуы, қан қысымының төмендеуі мүмкін. Бұндай жағдайда медбике тез арада дәрігерді шақырып, бір антигистаминді препаратты парентеральді енгізуге дайындайды: димедрол, пипольфен, супрастин.
Энтеральды, тітіркендіргіштеді қолдану (Лепорский әдісі). Лепорский әдісі қазіргі уақытта техникалық қолайсыздыққа байланысты сирек қолданылады.
Құрал-саймандар мен жабдықтар: жіңішке стерильді асқазан зонды, асқазан секрециясын қоздыратын заттар, пробиркалар мен штатив, асқазан сөлін алуға арналған шприц, спирт, мақталы шариктер, резеңке қолғаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет