Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Таңу материалдарын және киімдерді зарарсыздандыру



бет18/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   152
med is neg 3k kz

Таңу материалдарын және киімдерді зарарсыздандыру.
I - материалды зарарсыздандыру алдында дайындау. Таңы материалыньщ қасиеттері - жазылу процестеріне кері әсерін тигізбеу керек; -жақсы гигроскопиялык болу керек; - аз төгілетін болу керек; - жүмсақ, жаралы бетке әсерін тигізбеу керек; - өндірісте арзан болу керек. Таңы материалын санау үшін оларды келесі түрде қояды - шариктерді 50-1000 дана, қағаздарды 10 данадан. Халаттарды, жамылғыштарды және т.б. орап кояды.
II - зарарсыздандыруға дайындық. Материал универсалды оралған кезде бикске кішкентай материал салып қояды. Мақсатты орау кезінде бикске накты операция үшін таңы материалын салып қояды. Түрлі орау кезінде - киімнің немесе таңу материалының нақты түрін салып кояды. Материалды тығыз орауға болмайды, онын ішіне зарарсыздандыру индикаторын салып кояды.
III - зарарсыздандыру. Таңы материалдарын және операциялық киімдерді актоклавта 2 атм кысымда 20 минут бойы зарарсыздандырады.
IV - зарарсыз материалды сақтау. Зарарсыздандырудан кейін салкындатып түсіреді. Зарарсыздандыру уакыты - 48 сағат. Хирургиялык қолғаптарды және щеткаларды зарарсыздандыру.
Әдетте қолғаптарды автоклавта зарарсыздандырады. Ол үшін қолғаптарды тексеріп, іші-сыртын талькпен толтырып, дәкерлі кағазбен орайды. Резиналы қолғаптарды, резиналы дренаждарды автоклавта 1,1 атм қысымда 20 минут зарарсыздандырады. Қолғаптарды қайнатып та зарарсыздандыруға болады.
Оптикалык жүйесі бар катетрлерді және аспаптарды зарарсыздандыру.
Оптикалық жүйесі бар катетрлер мен аспаптарды формалиннің буында 48 сағат бойы зарарсыздандырады, немесе 25-30 мл таза формалин, үштік ерітінді немесе «Дезоксон-1» ерітіндісі немесе сынаптың оксицианид (1:1000) ерітіндісі күйылған ыдыска салып зарарсыздандырады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)
Орталық залалсыздандыру бөлімінде жұмыс істеу
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Тесттер:
1. Дезинфекция сатыларын және аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалауды атаңыз:
1) ыстық жуатын ерітіндіде 15 минут бойы сулау
2) ағын судың астында жуу
3) ыстық ауамен қүрғату шкафында кептіру
4) ағын судың астында жуып, дистиллденген суда жуу
5) мата-дәкерлі тампонның көмегімен аспаптарды жуатын ерітіндіде жуу.
6) аспаптарды 3% хлорамин ерітіндісінде дезинфекциялау
2. Аспаптарды зарарсыздандыруда зарарсыздандырудың қандай тәртібін қолданады (температура, уақыт, қысым):
1) құрғақ шкафта
2) автоклавта
Сәйкестікті табыңыз
1) температура 120 С
2) температура 132 С
3) температура 160 С
4) температура 180 С
5) қысым 1,1 АТМ
6) қысым 2 АТМ
7) уақыт 20 мин
8) уақыт 45 мин
9) уақыт 60 мин
10) уақыт 120 мин
3. Кесетін аспаптарды қалай зарарсыздандырады?
1) автовславта
2) қүрғақ шкафта
3) 96% этил спиртіне 2 сағат салып қояды
4)1 сағат бойы кайнатады
5) дезинфекциялы камерада
4.Қолданылған қолғаптарды зарарсыздандыру кезіндегі зарарсыздандыру тізбегін анықтаңыз?
1) талькпен ішін және сыртын толтырады
2) автоклавта зарарсыздандырады
3) дәкерлі қағазбен орайды
4) кептіреді
5) 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы жарарсыздандырады
6) ағынды судың астында жуады
5. Оптикалық жүйесі бар аспаптарды қалай зарарсыздандырады?
1) автоклавта
2) пароформалинді камерада 48 сағат
3) құрғақ шкафта
4) 2 сағат қайнатады
5) күйдіреді
6) таза формалинде
Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңцаңыз:
А) 4,5
Б)1,2,6
В) 2,3,5
Г) 2,6
Д)2,4
6. Аспаптардағы канның ізін анықтайды
1) индикатормен
2) баканализбен
3) бензидинді сынамен
4) фенолфтолейнді сынамен
7. Аспаптарда жуғыш заттардың қалғанын анықтайды
1) индикатормен
2) баканализбен
3) бензидинді сынамен
4) фенолфтолейнді сынамен
8. Манипуляциядан кейінгі аспаптарды ендеудегі бірінші этап?
1) ағын сумен жуу
2) 3% хлорамин ерітіндісінде салып кою
9. Бұйымдарды химиялык әдіспен зарарсыздандыруда мына ерітіндіден басқасының барлығы қолданылады:
1) 3% сутектің асқын тотығы
2) 6% сутектің асқын тотығы
3) дезоксон-1
4) хлоргексидин
5) 96% этил спирті
10. Шприцтерді, аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы евдеудің бірінші этапы болып табылады:
1) ағын сумен жуу
2) «Биолот» еретіндісінде сулау
3) 1% хлорамин ерітіндісінде сулау
4) 3% хлорамин ерітіндісінде сулау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет