13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 4 - бөлім, 284 – 308 бет
3 – сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Науқастың төсектегі қалпын өзгертуде науқас пен мейірбике денесінің биомеханикасы.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практикалық
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды науқастың төсектегі қалпын өзгертуде науқас пен мейірбике денесінің биомеханикасымен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушыларды науқастың төсектегі қалпын өзгертуде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушыларда науқастың төсектегі қалпын өзгерту қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
- медициналык аспаптарды өндеудің 3 сатысын (дезинфекция, зарарсыздандыру алдындағы тазалау, аспаптарды зарарсыздандыру);
- дезерітінділерді дайындау және медициналық аспаптарды өңдеудің бірінші сатысын жүргізу;
- зарарсыздандыру алдындағы тазалау туралы түсінік;
- жуғыш комплексті дайындау және екінші этапты жүргізу;
- жүмысшы дезерітіндіні және жуғыш комплексті колдану үзақтығы;
- аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау (фенолфтолейнді, амидопиринді, азопирамды сынаптар);
- медициналық аспаптарды өндеудің үшінші сатысы - зарарсыздандыру;
-аспаптарды, қолғаптарды, таңу материалдарын, оптикалық аспаптарды зарасыздандыру
Достарыңызбен бөлісу: |