9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
Асқазан және он екі елі ішек сөлін зерттеу мақсатын
Қолдануға және қолдануға болмайтын жағдайларды
Процедураны өткізуге арналған құрал-саймандар мен жабдықтар
Зерттеуді өткізу әдістемесі
Материалды сақтау және тасмалдауды
Құралдарды өңдеу
Жолдамалар жазуды
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Бактериологиялық зерттеу түсінігі
Бактериологиялық зерттеуге көрсетілімдер
Ыдысты залалсыздандыру.
Жолдамаларды жазу.
Ауыздан және мұрыннан жағынды алу.
Зерттеуді өткізуге көрсеткіштері және кері көрсеткіштері, манипуляцияларды өткізу тәсілдері.
Жұтқыншақтан жағынды алу .
Мақсаты: ауруды шақырған қоздырғышты анықтау .
Қажетті заттар : мақталы-дәкелі бекігішпен тығыз бекітілетін зарарсыздандырылған пробирка , пробиркада жіңішке сым болады , ол пробирканың тығынынан өткізіледі , сымның ұшына домалақтанған мақта оралған . Крафт пакетте зарарсызданған шпатель , штатив пробиркаларды тасымалдайтын бикс , стеклограф .
Процедураға дайындау .
1.Науқасқа тексеру мақсатын және тексеру барысын түсіндіріп келісімін алу .
2.Қолды өңдеп , маска және қолғаптарды кию .
3.Науқастың бетін жарық жаққа отырғызу , ал медбике науқасқа бетпе-бет отыру қажет .
4.Пробиркаларға стеклогафпен номерлеу , жолдамасы номермен болу керек : жұтқыншақ пробирканы штативке орнату .
5. Сол қолға шпательді және белгіленген пробирканы алу .
Процедураны орындау.
Медбике аузын ашуды сұранып , аузына шпательді кіргізіп тілін басады .
Оң қолмен пробиркадағы зарарсызданған тампоны бар сымды шығарып ,ауыз қуысынан жағынды алу оң бадамшаны , оң таңдайдан , тілшеден , сол таңдайдан , сол бадамшадан және жұтқыншақтың артқы қабарғасынан алады.
Ауыз қуысынан шпательді алу, дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздандыру.
Ауыз қуысының кілегей қабатына тигізбей тампонды алу .
Тампонды пробиркаға салып бетін тығыз бекіту .
Процедураны аяқтау.
Пробирканы штативке орнатып бикске енгізу ,биксті жауып қою қажет .
Маска және перчатканы шешіп дезинфекциялық ерітіндімен тазалау.
Қолды жуып шаю , кептіру .
Жолдаманы ,пробиркаларды бактериологиялық лабараторияға жіберу .
Пробиркаларды арнайы мұздатқышта 2-3 сағаттан артық сақтауға болмайды.
Мұрыннан жағындау алу .
Мақсат: ауыруды шақырған қоздырғышты анықтау .
Қажетті заттар: мақталы дәкелі бекігішпен тығыз бекітілетін зарарсызданған пробирка , пробиркада жіңішке сым болады ,ол пробирканың тығынынан өткізіледі , сымның ұшына домалақталған мақта оралған Крафт – пакетте зарарсызданған щпатель. Штатив, пробиркаларды тасымалдайтын бикс. Стеклограф
Процедураға дайындау .
Науқасқа тексеру мақсатын және тексеру барысын түсіндіріп келісімін алу .
Мұрын қуысын тексеріп , таза екеніне көз жеткізу .
Қолды өңдеу , маска және қолғапты кию .
Пробиркаларға стеклографпен номерлеу , жолдамасы номермен сәйкес болуы қажет :мұрын-2
пробирканы штативке орнату .
5. Наукастың бетін жарық жаққа отырғызу , ал медбике науқасқа бетпе –бет отыру қажет .
Процедураны орындау .
- Сол қолдың 3, 4, 5, саусақтарымен Мұрын -2 белгіленген жабық тұрған пробирканы алады , ал оң қолмен пробиркадан тампонды алады .
-Сол қолдың үлкен саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеру , ал оң қолмен тампонды мұрынның оң қуысына сосын сол қуысына 1,5-2 см тереңділікке енгізіп жабынды алу .
-Тампонды мұрын қуысынан алу .
-Тампонды пробиркаға салып бетін тығыз бекіту .
-Пробирканы штативке орнату , бикске салу және жақсылап жабу .
Процедураны аяқтау .
-Перчатканы масканы шешіп , дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздау .
-Қолды жуу және кептіру . Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырып пробирканы жеткізу .
-Мұздатқышта пробирканы 2-3 сағат артық сақтауға болмайды .
Қақырықты бактериологиялық тексеру .
Көрсеткіш:тынысалу мүшелерінің аурулары .
Қажетті заттар :зарарсызданған кең мойынды крафт қағазынан жасалған қақпағы бар шыны баночка , лабораторияға жолдама.
Процедураға дайындау және орындау .
Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру .
Қақырықты антибиотикотерапия алдында жинаған жөн .
Қақырықты жинау техникасын үйрету : қақырықты қақыру кезінде емес , жөтелген кезде жинау .
Қақырықты жинау алдында және жинап болған соң науқас жеке гигиена ережелерін сақтау қажет . Кешке және азанда тісін тазалау , қақырықты жинау алдында ауыз қуысын жылы сумен шаю .
Банканың қақпағын ашу .
Қақырықты жөтелдіріп таза шыны баночкаға жинау .(сілекейін алуға болмайды )
Қақырық мөлшері 5 мл аз болмауы қажет.
Баночканың қақпағын жабу .
Жолдаманы баночкаға қыстырып бактериологиялық тексеруге лабараторияға жедел жіберу .
Достарыңызбен бөлісу: |