Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы:тесттік тапсырмаларды дайындау және шешу, медбикелік ауру тарихын дайындау, ситуациялық сауалдарды дайындау және шешу.
2.11 БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ағымды және / немесе межелі бақылау: клиникада студенттердің жұмысын бақылау, студенттердің клиникалық жазуларын талдау, тесттік сұрақтар мен білімдерін тексеру (MCQ), ауызша сұрау.
Қорытынды бақылау: тесттік сұрақтар және ауызша сұхбаттасу түрінде дифференцирленген сынақ.
Кафедрада білім критерийі балды – рейтингті әріпті жүйе бағалармен анықталынады.
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |