| дБ+
| В/м
| м/с
| Гц
| км/сағ
~ Оператор адамға берілуі бойынша ... дірілді береді.
| жергілікті және жалпы+
| спектральды және уақыттық
| жергілікті және аймақтық
| тұрақты және тұрақсыз
| жанасатын және конвекциялық
~ Діріл ... белгілері бойынша жіктеледі.
| берілу тәсілі, уақыттық және спектралды+
| берілу бағыты
| сипаты, механиклық және физикалық
| виброжылдамдық, тербелмелі және қозғалмалы
~ Жергілікті дірілдің көздері ... болып табылады.
| қол машинасы, механикаландырылған құралдар+
| ауылшаруашылық және өндірістік тракторлары
| өздігінен жүретін және тіркемелі машиналар
| металл және ағаш өңдейтін станоктар
| қоғамдық көліктер және жеңіл көліктер
~ Ағымды санитарлық тексеру кезінде жарықтану жағдайын бақылау ... жүргізілу керек.
| жылына бір рет+
| 2 жылда 1 рет
| жылына 2 рет
| 3 жылда 1 рет
| 5 жылда 1 рет
~ Өндірісте кезеңді медициналық тексеру жүргізілгенде еңбек гигиенасы дәрігері:
| медициналық тексеруге жататын контингенттерді анықтауды +
| тексерілетін адамдардың аты-жөні тізімін құру
| медсан бөлім дәрігерлері өндірісте еңбек жағдайымен таныстыру
| медициналық тексерудің жоспарын құру
| медициналық тексеру жүргізуге қатысу
~ Дәрігер –профконсультант еңбек жағдайымен танысу үшін ... білуі керек.
| кәсіптің санитарлық сипатын+
| аталған кәсіптің жалпы санитарлық бағасын
| өндірістік ортаның жағымсыз факторларын
| кәсіптік факторлар
| еңбек үрдісінің сипатын
~ Алдын ала медициналық тексерулер ... мақсатында жүргізіледі.
| денсаулық жағдайы бойынша адамның негізгі жұмысқа жарамдылығын анықтау +
| білгілі бір жұмысшы контингентін кезеңдік тексеру
| кейбір ауруларды ерте сатысында анықтау
| мүгедектік топты анықтау
| емдік-санитарлық-кураторлық мекемелерге жолдау
~ Кезеңдік медициналық тексерулер ... мақсатында жүргізіледі.
| кәсіби іс әрекетпен байланысты ауруларды алдынала анықтау +
| жұмысқа қабылдау кезінде белгілі бір жұмысшы контингентін тексеру
| кейбір жұқпалы ауруларды ерте сатысында анықтау
| МСЭҚ-ке жіберу
| диспансерлік бақылау үшін контингенттерді анықтау және құру
~ Өндірістік медико-санитарлық бөлімінің негізгі мақсаттары:
| өндірістік жарақатты төмендету және алдын алу+
| профориентациялық жұмысты жүргізу
| психотерапевтік көмекті қамтамасыз ету
| дәстүрлі емес емдеу шараларын қолдану
| реабилитациялық шараларды жүргізу
~ Өндірістік медико-санитарлық бөлімінің негізгі мақсаттары:
| тұрмыс пен өндіріс жағдайын сауықтандыру шараларын құру және жүргізу+
| профориентациялық жұмысты жүргізу
| психотерапевтік көмекті қамтамасыз ету
| дәстүрлі емес емдеу шараларын қолдану
| реабилитациялық шараларды жүргізу
~ Ингаляциялық жолмен түсетін зиянды заттардың токсикалық әсерінің дәрежесін ұлғайтатын өндірістік орта факторлары:
| дозасы, концентрациясы, сапасы мен ерігіштігі.+
| салмағы, сапасы, ерігіштігі.
| дозасы, концентрациясы, тұрақты және иісі.
| салмағы, концентрация және ерігіштігі.
| дисперстілігі, концентрациясы және сапасы.
~ Адам ағзасына зиянды заттардың токсикалық әсерінің дәрежесін ұлғайтатын өндірістік орта факторы:
| жұмыстың аса ауырлығы+
| атмосфералық қысымның төмендеуі
| табиғи жарықтанудың жеткіліксіз мөлшері
| атмосфералық ауаның жоғары электр өткізгіштігі
| жағымсыз климат ауа райы жағдайы
~ ... өндірісте медициналық тексеруді жүргізуге жауапты адам.
| Цехтың ординаторы+
| Аймақтың СЭС бас дәрігері
| Коммуналды гигиена бөлімінің меңгерушісі
| Цехтың аймақтық дәрігер хирургы
| Цехтың аймақтық фельдшері
~ Қауіпті дәрежесі бойынша ағзаға әсер ететін зиянды химиялық заттар ... бөлінеді.
| 4+
| 3
| 2
| 5
| 6
~ Тазалау өндіріс орнында жарықтау дәрежесі ... лк.
| 50-ден кем емес+
| 35-тен кем емес
| 80-нен кем емес
| 35-тен жоғары емес
| 65-тен жоғары емес
~ Токсикалық дәрежесі бойынша өндірістік уларға ... жатпайды.
| токсикалық емес+
| аса токсикалық
| шектеулі токсикалық
| аз токсикалық
| жоғары токсикалық
~ Химиялық зиянды және қауіпті өндіністік факторлар (газдар, булар, аэрозольдер) ... әсер көрсетпейді.
| фиброгенді+
| жалпы токсикалық
| канцерогенді
| сенибилиздеуші
| тітіркендіргіш
~ Жедел кәсіптік улануларды ... тексереді.
| СЭС дәрігері+
| цех дәрігері
| токсиколог
| қауіпсіздік техникасы және инженер
| бөлім бастығы
~ Жедел кәсіптік улануды тексеру ... жүргізілуі тиіс.
| 1 тәулік ішінде+
| 1 аптада
| 3 тәулікте
| 5 тәулікту
| 1 айда
~ Созылмалы кәсіптік ауруларды тексеру ... жүргізілуі керек.
| 1 аптада+
| 3 тәулікте
| 6 айда
| 7 айда
| 10 айда
~ Ағзаға зиянды факторлардың кешенді әсері ... болып табылады.
| бірнеше химиялық қосылыстардың ағзаға әртүрлі жолдармен бір мезгілде
немесе біртіндеп түсуі+
| бір химиялық қосылыстың әртүрлі концентрацияда әсер етуі
| шу мен дірілдің әсер етуі
| бірнеше химиялық қосылыстардың ағзаға бір жолмен бір мезгілде түсуі
| жылытатын микроклимат және ауыр физикалық еңбек
118~ Радиациялық температураны анықтау үшін ... қолданылады.
| қара шарлы термометр+
| кататермометр
| термограф
| шарлы катостермометр
| резервууарлы термометр
~ Өндірістік микроклимат –бұл ...
| адам қоршаған орта арасында жылу алмасуды қамтамасыз ететін жұмыс орнындағы метеофакторлар кешені.+
| жұмыс орнындағы метеорологиялық жағдай.
| адам ағзасына әсер ететін метеофакторлар кешені
| адам мен сыртқы орта арасында жылу алмасуды қамтамасыз ететін метеофакторлар
| жұмыс орнындағы метеофакторлар кешені
~ Кәсіптік аурулар - бұл ...
| еңбек жағдайының зиянды әсер етуінен пайда болатын аурулар.+
| еңбек тәртібі мен демалыстың бұзылуынан пайда болған аурулар.
| еңбек жағдайының зиянды әсер етуінен және тамақтану тәртібінің бұзылуынан пайда борлған аурулар.
| демалу мен тамақтану тәртібінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған аурулар.
| қоршаған орта факторларынан көбірек және ұзақ әсер етуден пайда болған аурулар.
~ Жедел кәсіптік улану - бұл ...
| бір күндік жұмыс ауысымында зиянды өндірістік факторлардың бір реттік әсерінен пайда болған ауру.+
| өндірістік факторлардан көбірек және ұзақ уақыт әсер етуден пайда болған ауру.
| демалу мен тамақтану тәртібінің бұзылуынан пайда болатын ауру.
| еңбек жағдайының зиянды әсер етуінен пайда болатын ауру.
| демалу мен тамақтану тәртібінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған ауру.
~ Кәсіптік уланудың алдын алу шараларына ... жатады.
| жұмыс орнындағы ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін жүйелі бақылау+
| жеке қорғаныс әдістері
| өндіріс орнының ауасын ультракүлгін сәулелендіру
| өндіріс орны ауасын жасанды иондау
| жұмыс орнына жіңішке талшықты синтетикалық сүзгіден тазалтылған ауа жіберу
~ Кәсіптік уланудың жалпы іс- шараларына ... жатады.
| жұмыс орнындағы ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін жүйелі бақылау+
| өндіріс ғимаратының ауасын жасанды иондау
| жұмыс орнына жіңішке талшықты синтетикалық сүзгіден тазартылған ауа жіберу
| өндіріс орнындағы ауаны ультракүлгін сәулелендіру
| жеке қорғаныс заттары
~ Шаңды бөлшектердің көлем пішіні ... әсер етеді.
| тыныс алу жолдарына ену тереңдігіне+
| бөлшектердің электрлік зарядталу жылдамдығының өзгеруіне
| бауырлық барьердің қызметіне
| седиментация жылдамдығына
| органикалық ерітінділерде еру жылдамдығына
~ Шаңның ерігіштігі оң қасиеті болып саналады, егер ... болса.
| нейтралды+
| минералды
| орташа токсикалық
| ірі дисперсті
| органикалық
~ Ауаның шаңдануын бағалауда қолданылатын әдіс:
| аспирациялық-таразылы +
| физиометриялық
| химиялық
| капилляроскопиялық
| биологиялық
~ ... өлшем бірлігімен ауаның шаңдануын аспирациялық-таразы әдіспен өлшенеді.
| мг/куб м+
| г/кв см
| 1 кв см-де шаңның мөлшері
| кг/кв м
| мг/кв м
~ Түзілуіне байланысты шаңдар ... бөлінеді.
| конденсация және дезинтеграция аэрозолі+
| органикалық, бейорганикалық, аралас
| токсикалық, консерогендік
| микроскопиялық және ультрамикроскопиялық
| еритін және ерімейтін
~ Кәсіптік уланулар –бұл ...
| өндірістік улардың әсерінен пайда болатын жедел немесе созылмалы аурулар+
| жағымсыз өндірістік факторлардың әсерінен пайда болатын аурулар
| апаттық жағдайларда кәсіптік зиянды заттардың көп мөлшерде әсер етуінен туындаған аурулар
| тағамға зиянды заттарды қолданудан пайда болған аурулар
| құрамында көп мөлшерде кремний диоксиді бар өндірістік шаңды көп мөлшерде жұтқанда пайда болатын ауру.
~ ... улардың ағзаға түсуінің негізгі жолы.
| Тыныс алу+
| Сілекей бездері
| Көз жасы
| Бүйрек
| Ішкі секреция бездері
~ Кәсіптік уланудың алдын алуының жалпы шаралары-бұл ...
| жеке қорғаныс заттары+
| жұмыс орнындағы ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін жүйелі
бақылау
| өндіріс орнының ауасын ультракүлгін сәулелендіру
| өндіріс орны ауасын жасанды иондау
| жұмыс орнына жіңішке талшықты синтетикалық сүзгіден тазартылған ауа жіберу
~ Өндіріс бөлмелеріндегі микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштерге ... жатады.
| ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалыс жыламдығы+
| беткейлер температурасы, ультракүлгін сәулелену
| инфрақызыл сәулелену қарқындылығы, ауа температурасы
| ультракүлгін сәулелену, салыстырмалы ылғалдылық
| беткейлер температурасы, ультракүлгін сәулелену және ауаның қозғалыс жылдамдығы
~ Енбелі желдету дегеніміз ...
| ауаны күштеп енгізу және бөлмеден ауаны табиғи жолмен шығаруды қамтамасыз ететін желдету жүйесі.+
| бөлмедегі ауаны желдету каналдары арқылы желдетуді қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| бөлмедегі ауаны күштеп енгізу және шығаруды қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| саңылаулардан, қабырғалардан, есіктерден және т.б. ауаның сырттан енуі.
| бөлмеге ауаны механикалық енгізу және шығаруды қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
~ Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша санитарлық-техникалық шараларға ... жатады.
| желдету жүйесін жақсарту+
| гигиеналық нормативтерді қолдану
| қала территорияларын аудандарға бөлу
| жаңа технологиялық үрдістерді енгізу
| атмосфераға улы-заттардың бөлінуін анықтау
~ Жұмыс беткейлеріндегі жарықтандыру ... өлшенеді.
| люксметрмен+
| бутиометрмен
| кататермометрмен
| термоэлектроанемометрмен
| актинометрмен
~ Сормалы желдету дегеніміз ...
| сормалы желдету каналдары арқылы ауаны табиғи немесе күштеп сорылуын қамтамасыз ететін желдету жүйесі.+
| бөлмеге ауаның күштеп енуін қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| бөлмеге ауаның күштеп енуі мен шығарылуын қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| тек қана улы заттардың жойылуын қамтамасыз ететін желдету жүйесі.
| ластанған ауаның желкөздер арқылы шығарылуы.
~ Желдету жүйесіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптар - ...
| ауаның тазалығын ұстап тұруды қамтамасыз ету.+
| қосымша шуларды шығармау.
| қолданыста қарапайым және қолжетімді болуы.
| микроклимат параметрлерінің сақтауын қамтамасыз ету.
| жұмыс істеуде үнемелі болуы.
~ Шаңнан жеке басты қорғану заттарына ... жатады.
| феспираторлар+
| шектеуші газға қарсы заттар
| қорғаныс пасталары мен майлары
| сүзгіш противогаз
| ингаляторлар
~ Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша технологиялық шаралар дегеніміз ...
| қалдықсыз өндірісті енгізу.+
| тұрғылықты жерді аудандарға бөлу.
| елді-мекенді жаппай көгалдандыру.
| ластаушы көздерді герметизациялау.
| гигиеналық нормативтерді өңдеу.
~ Шудың қолайсыз әсерінің алдын алу шараларына ... жатады.
| шу агрегаттарын дыбыстық шектеу+
| микроклиматтық жағдайларды оңтайландыру
| бөлмені жақсылап желдету
| дірілді шектеуші заттарды қолдану
| қабырғаларды кафельді плиткалармен қаптау
~ Ағзаға шаңның арнайы әсері … алып келеді.
| пневмокониоздардың дамуына.+
| блефариттердің дамуына.
| созылмалы гастриттердің өршуіне.
| пиодермиттердің дамуын.
| созылмалы трохеобронхиттердің өршуіне.
~ Жұмыс орнындағы жарықтануға баға беруде қолданылатын негiзгi көрсеткiш ... болып табылады.
| табиғи жарық коэффицентi+
| жарық коэффицентi
| түсу бұрышы
| саңылау бұрышы
| тереңдену коэффицентi
~ Жұмысқа қабілеттілік қисығының негізгі компоненті:
| еңбек өнімділігінің жоғарғы кезеңі+
| еңбекке қабілеттілікке селқос кезеңі
| шектен тыс қажу кезеңі
| толық компенсация аймағы
| толық емес компенсация аймағы
~ Балалар қажуының алғашқы белгілері:
| еңбек өнімділігінің төмендеуі+
| оқуға зейін қоюының артуы
| физиологиялық қызметті реттеудің жақсаруы
| селқостық пен ұйқышылдықтың байқалуы
| физикалық еңбекке қабілеттіліктің күрт төмендеуі
~ Дiрiл дегенiмiз -
| адам ағзасына берiлiп, арнайы өзгерiс туғызатын қатты дененiң механикалық тербелiсi.+
| тығыз орта арқылы адам ағзасына берiлетiн инфрадыбысты және дыбысты жиiлiктегi аймақтың электромагниттi тербелiсi.
| адам ағзасына әсер ететiн ультра жоғары жиiлiктi электромеханикалық тербелiс.
| адам ағзасына әсер ететiн инфрадыбысты жиiлiктегi электромеханикалық тербелiс.
| жоғары жиiлiктегі ауаның адам ағзасына әсерi.
~ Шектен тыс қажудың физиологиялық мәнi -
| ми қыртысы жасушаларының тежелуi әсерiнен болатын жұмысқа
қабiлеттiлiктiң уақытша төмендеуi. +
| жұмыс әсерiнен ми қыртысы жасушаларының шектен тыс тежелуi.
| физиологиялық қызметтiң бұзылу әсерiнен жұмысқа қабiлеттiлiктiң тұрақты төмендеуi.
| еңбек қиындығынан болатын ағзаның дезадаптациясы.
| күндiзгi биологиялық ырғаққа сәйкес ағзаның вегетативтiк функциясының бұзылуы.
~ Динамикалық стереотип дегенiмiз -
| шартты және шартсыз рефлекстердiң уақыт және орындалуына байланысты қалыптасқан жүйелi тәртiбi.+
| әртүрлi тiтiркендiргiшке тұрақты жауаптың түзiлуi.
| ағза мен орта арасындағы тепе теңдiктiң түзiлуi.
| атқаратын қызмет түрiне сәйкес ағзаны дайындау.
| тiршiлiк ету үшiн шартты және шартсыз рефлекстердiң жиынтығы.
~ Еңбек және дем алу тәртiбi дегенiмiз -
| қажуды болдырмау үшiн жұмыс пен үзiлiстi тиiмдi түрде кезектестiру.+
| тәулiк бойы күн тәртiбi компоненттерiнiң тиiмдi кезектесуi.
| жұмыс түрiне байланысты еңбек нормативiнiң сақталуын бақылау.
| жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.
| жұмыс кезiндегi үзiлiстi бақылау.
~ Еңбек интенсивтiлiгiнiң үшiншi тобына ... жатады.
| физикалық күштi қажет ететiн қызмет көрсету саласы мен механикаландырылған жұмыста iстейтiн жұмысшылар+
| ақыл ой еңбегiмен айналысатын қызметкерлер
| өте ауыр физикалық еңбекпен айналысатын жұмысшылар
| көп физикалық күштi қажет ететiн жартылай немесе механика
ландырылмаған еңбекте iстейтiн жұмысшылар
| айтарлықтай физикалық күштi қажет етпейтiн жартылай механикаландырылған жұмыста iстейтiн жұмысшылар
~ Физикалық шаршатқыш болып табылатын жұмыстың түрiне ... жатады.
| статикалық жұмыс+
| ой қызметi
| динамикалық жұмыс
| көркем сурет жұмысы
| операторлық жұмыс
~ Шығу тегіне байланысты шаңның жіктелуі:
| органикалық, бейорганикалық және аралас +
| конденсация және дезинтеграция аэрозолі
| микроскопиялық, ультрамикроскопиялық
| токсикалық, аралас
| ауылшаруашылық, өндірістік
~ Шаңның деңгейі жоғары цехтарға ... ауырған адамдарды жұмысқа қабылдауға болмайды.
| туберкулезбен +
| гепатитпен
| созылмалы гастриті бар
| қант диабетімен
| көз ауруымен
~ Еңбек интенсивтiлiгiн бағалайтын негiзгi материалға ... жатады.
| жасы мен жынысы туралы берiлген мәлiмет+
| энергия шығыны
| сауалнамаға жауап
| жасы мен жынысына байланысты негiзгi зат алмасу деңгейi
| хронометраждық бақылау
~ Еңбек гигиенасының негізгі міндеттері – бұл ...
| еңбек өнімділігін қамтамасыз етуге қабілетті шараларды өңдеумен және енгізумен іске асырылуына негізделген, ағзаға еңбек жағдайларының әсерін сандық және сапалық бағалау.+
| кәсіби ауруларды төмендету және жою, еңбек жағдайын сауықтыру және жақсартудағы халық шаруашылығын дамыту.
| ағзаға еңбек жағдайларының әсерін бағалау.
| жоғары еңбекке қабілеттілікті қамтамасыз ететтін шараларды өңдеу және енгізу.
| кәсіби ауруларады төмендету және жою.
~ Жалпы еңбек гигиенасы ...
| еңбек үдерісі мен өндірістік ортаның және факторларының және олардың жиынтығының ағзаға әсер ету заңдылықтарын зерттейді, қолайсыз әсерлердің алдын алу әдістері мен шараларын өңдейді.+
| өндірістің жеке салаларындағы еңбек жағдайының адам ағзасы мен еңбекке қабілеттілікке әсерін зерттейді.
| еңбек үдерістері мен жұмыс орнын, еңбек және демалыс тәртібін тиімді ұйымдастыруды зерттейді.
| жұмысшылардың денсаулық жағдайын, медициналық – профилактикалық қамтамасыз ету мен жүргізілетін іс – шаралар тиімділігін зерттейді.
|өндірістегі зиянсыз және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында адам ағзасына химиялық факторлардың (зиянды заттар) әсерін зерттейді.
~ Шу деңгейі ... өлшенеді
| дБА+
| Вт/м2
| Гц
| Па
| Дж
~ Жұмыс жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасын ... құрайды.
| еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер +
| өндірістің кәсіподақ комитеті
| қауіпсіздік техникасы бойынша инспектор
| өндіріс әкімшілігі
| аймақтық терапевт
~ Жергілікті дірілге көбіне ... шалдығады.
| жүйке-бұлшық ет аппараты+
| асқорыту жүйесі
| ОЖЖ
| көру мүшесі
| тыныс алу мүшесі
~ Шаршаудың алдын алудағы негізгі емдік шаралар:
| жұмыс уақытысында кезеңді дем алу +
| емдік профилактикалық тамақтану
| емдік анаболикалық дәрілер қабылдау
| жартылай витаминдерді қабылдау
| күн-ауа ваннасын қабылдау
~ Физикалық жұмыстың ауырлығын бағалайтын негізгі көрсеткіш ...
| энергия шығынының көлемі.+
| қанның минуттық көлемі.
| өкпе вентиляциясының көлемі.
| бұлшық ет күшінің төмендеуі.
| артериальді қысымның төмендеуі.
~ Физикалық жүктемеге ... жатады.
| ауыр заттарды көтеру және жылжыту+
| эмоциялық жүктеме
| анализаторлардың шектен көп жұмыс істеуі
| гипокинезия
| ой жүктемесі
~ Жүйке-психикалық жүктемелерге ... жатады.
| ой қабілетін қуаттылығы+
| ауыр заттарды көтеру және жылжыту
| дененің мәжбүрлі қалпы
| гипокинезия
| теріге ұзақ уақыт қысым түсіру
~ Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі дегеніміз ...
| индивид қабілеттілігіне қандай да бір қызметтің әсер етуі.+
| әлеуметтік ортаға байланысты басқа да факторлардың бірлесе әсер етуі.
| сыртқы орта әсеріне индивид жауабы.
| жұмыс қабілетінің шектелуіне әкелеін бұзылыстар.
| жұмысқа қабілеттіліктің шектелуі.
~ Жүйке-психикалық жүктемеге ... жатады.
| анализаторлар қуаттылығы+
| гипокинезия
| дененің мәжбүрлі қалпы
| теріге ұзақ уақыт қысым түсу
| ауыр заттарды көтеру және жылжыту
~ Бөлме микроклиматын нормалауда ... ескеру қажет.
| бөлменің нақты тағайындалуын+
| бөлмедегі адам саны
| киімнің жылу ұстағыш қасиеті
| бөлменің жарықтың түсуіне қарай бағытталуы
| жылыту жүйесі
~ «Дәрігерлік кәсіптік кеңес» - бұл ...
| жасөспірім денсаулығындағы ауытқуларға байланысты кәсіпті таңдау.+
| денсаулық жағдайына байланысты жасөспірімді осы кәсіпке жарамдылығын анықтау.
| таңдалған кәсіпке жасөспірімнің жарамдылығын психо-физиологиялық критерийлер бойынша анықтау.
| жасөспірімдерде жалпы еңбектік дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау.
| әртүрлі кәсіптер туралы ақпарат беруге бағытталған көпжоспарлы ақпарттық-тәрбиелеу жұмысы.
~ Шаңнан қорғанудың санитарлы-техникалық әдістері:
| жергілікті сормалы желдету қондыру +
| еңбек және дем алу уақыттарын сақтау
| респираторлар қолдану
| үздіксіз технологиялар енгізу
| фотарияларды УКС
~ Адам организміне әсер етуі бойынша өндірістік улардың жіктелуі:
| аса қауіпті, жоғары қауіпті, орташа қауіпті, қауіптілігі аз +
| жалпы токсикалық, канцерогенді, мутагенді
| органикалық, бейорганикалық, элементорганикалық
| улылығы аз, орта улылығы жоғары улылығы, аса жедел улылығы
| тері қабаты, асқорыту жүйесі, тыныс алу жүйесіне әсері
~ … - денсаулық сақтаудағы гигиенаның ғылым ретiнде басты мақсаты болып табылады.
| Адам денсаулығының жоғары жетiстiкке жетуi мен сақталуы+
| Қоршаған ортаның қолайсыз ықпалын оқытып үйрету
| Салауатты өмiр сүрудiң жүзеге асырылуы бойынша ұсыныстарды өңдеу
| Емдеу тиiмдiлiгiнiң нығайтылуы мен жетiстiкке жетуi
| Қоршаған ортада адамның өмiр сүру жағдайын жеңiлдететiн гигиеналық қалыптандырулармен ережелердi өңдеу
~ Еңбек гигиенасы профилактикалық медицинаның ... зерттейтін бөлімі.
| өндірістік орта факторлары мен еңбек үдерісінің адам ағзасына тигізетін әсерін +
| қоршаған ортаның қолайсыз факторларын
| адамның өмір сүру жағдайына сапасының тигізіетін әсерін
| қоршаған ортаның экологиялық факторларының адам денсаулығына тигізетін әсерін
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын
~ Еңбек гигиенасы … зерттейді.
| өндірістегі еңбек жағдайын +
| қоршаған ортаның қолайсыз факторларын
| өндірістегі тамақтану жағдайын
| еңбек өнімділігінің жоғары болуын
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын
~ Еңбек гигиенасының басты міндеті – ...
| еңбек жағдайын сауықтыру бағытында гигиеналық нормативтерді жасау.+
| қоршаған ортаның қолайсыз факторларын зерттеу.
| салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасау.
| еңбек өнімділігін аса жоғарылатуды қамту.
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын жеңілдететін гигиеналық нормалар мен ережелерді жасау.
~ Орталық жүйке жүйесiнiң қажуы көрсеткіш ... төмендеуімен бағаланады.
| бұлшық еттің күшi мен төзiмдiлiгiнің +
| спирометрия көрсеткiшiнiң
| артериялық қан қысымының
| ақпаратты өңдеу жылдамдығының
| қанның минуттық көлемiнiң
~ Шектен тыс қажудың алдын алудағы негiзгi шаралар- ...
| еңбек тәртiбiнде кезеңдiк демалыс ұйымдастыру. +
| анаболикалық дәрiлiк препаратты қабылдау.
| полидәрумендi препаратты қабылдау.
| күн сәулесi ваннасын қабылдау.
| емдiк профилактикалық тамақтану.
~ Физикалық еңбек ауырлығын бағалауда негізгі көрсеткіш ... болып табылады.
| энергия шығының мөлшерi +
| қанның минуттық көлемi
| өкпе желденуiнiң көлемi
| бұлшық ет күшiнiң төмендеуi
| артериялық қан қысымының деңгейi
~ Еңбек гигиенасының бөлімі – еңбек физиологиясы, ...
| өндірістік іс әрекеттің әсерімен байланысты ағзаның функцияналдық жағдайдын зерттейді.+
| өндірістік ортаның факторларының ағзаға әсерін зерттейді.
| адамның өміріне судың сапасының әсерін зерттейді.
| қоршаған ортаның экологиялық факторларының ағзаға әсерін зерттейді.
| қоршаған ортада адамның өмір сүру жағдайын зерттейді.
~ Еңбек гигиенасы саласындағы дәрігердің қызметі:
| санитарлық - ағартушы, ұйымдастырушы, бақылаушы және реттеуші+
| реттеуші, ұйымдастырушы
| санитарлық – ағартушы, ұйымдастырушы
| бақылаушы, санитарлық - ағартушы
| реттеуші, санитарлық – ағартушы.
~ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексі ... қабылданды.
| 18.09.2009ж+
| 25.10.2010ж
| 01.02.2011ж
| 15.06.2006ж
| 30.08.2007ж
~ Кодекске сәйкес санитарлық-эпидемиолгиялық қызметке өкілетті қызметтік тұлғаға ... жатады.
| ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері+
| денсаулық сақтау департаментінің директоры
| аурухананың бас дәрігері
| ветеринарлық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің директоры
| емхананың бас дәрігері
180~ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде...беріледі.
| санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды+
| санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым
| санитарлық-эпидемиологиялық қаулы
| сараптама актісі
| шешім
Достарыңызбен бөлісу: |