ЖҰмыс бағдарламасы пән, пән коды Фармацевтикалық гигиена негізі, ofg 3213 Мамандық 051103- фармация


Пән, пән коды – Фармацевтикалық гигиена негізі, OFG 3213



бет2/13
Дата17.06.2016
өлшемі3.08 Mb.
#141455
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Пән, пән кодыФармацевтикалық гигиена негізі, OFG 3213



Мамандық - 051103- Фармация
Оқу сағатының көлемі (кредит) - 45 сағат/1кредит
Оқытылатын курс пен семестр- ІІІ –курс, V - семестр


2014-2015 оқу жылы

Силлабус «Фармацевтикалық гигиена негізі » пәнінен 051103- Фармация мамандығына арналған жұмыс бағдарламасы негізінде гигиена-1, дене шынықтыру және валеология кафедрасымен құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама № ____ «____» ________ 2014ж.
Кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________ Долтаева Б.З.



1.7.Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Ғылыми, акаде-миялық дәрежесі, атағы

Қызметі

Өнертабыстық

ғылыми қызығу

шылығы, жетістіктері

Эл. адрес

1

Долтаева Бибигуль Зайдуллаевна

м.ғ.к.,

доцент


Кафедра меңг.

Қазіргі кездегі балалар мен жасөспірімдердің

денсаулық жағдайы мен дене дамуын зерттеу. Ғылыми еңбектер саны-45,оның 1-і әдістемеліқ құрал



Doltaeva 68@ mail.ru


2

Жақсыбаева Жеңіскүл

Бекасылқызы






Аға оқытушы

Коллоидты химиялық тұзға және температураға тұрақты полыгорскит саз балшықтың негізіндегі жуғыш қасиетін анықтау және экологиялық мәселелерін ғылыми тұрғыда шешу. Ғылыми еңбектер саны- 10

ZZB09

@ mail.ru




3

Нуралиева Гүлмира Нурпапаевна




Оқытушы

ЕПМ гигиенасы, еңбек гигиенасы. Ғылыми еңбектер саны- 2.

nuralieva1970@bk.ru


1.8.Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен- жайы:Шымкент қаласы,Әл Фараби алаңы 1, тел: 40-82-22 (4013), жаңа корпус -аудтория – 202, 203, 205, 209.



1.9.Пәнің саясаты:

1.Сабаққа уақтылы келу

2.Халат пен қалпағының болуы

3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу

4. Дәрістің бір сабағына себепсіз қатыспаған жағдайда айып балы 0,66%-дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (қатыспаған сабақ саны көп болған жағдайда айып балы келесі жолмен есептеледі: жіберілген дәріс сабағының саны × 0,66).

5. Сабақты жібермеу, ауру себебімен жіберілсе деканаттан рұқсат қағаз әкелу

6. СӨЖ-сы тапсырмаларын өз уақытында орындау. Ұақытында орындамаған жағдайда айып балы 1% және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (айып балы келесі жолмен есептеледі: орындалмаған СӨЖ саны × 1).

2. Бағдарлама:


    1. . Кіріспе

Еңбек гигиенасы - құрамында құқықтық әлеуметтік-экономикалық, техникалық–ұйымдастырушы, санитарлық-гигиеналық, емдік- профилактикалық, сауықтыру және т.б. іс-шаралар кіретін еңбек ету үдерісінде жұмысшылардың денсаулығын камтамасыз ететін ғылыми жүйе.

Фармацевтикалык өнеркәсіптегі гигиенаның технологиялық өндіріс туралы сұрағы манызды болып тұр. Дәрілер өндірісі максимальды қолайлы санитарлық- гигеналык жағдайды кажет етеді. Дәрілік өнімдерді өндіру үдерісінде ерекше өндірістік фактор болып соңғыларының аптека және химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіпте істейтін жұмысшыларға әсер ететіне ерекше көңіл аудару кажет. Технологиялык үдеріс кезінде санитарлық-гигиеиалық тәртіпті бұзғанда және жеке бас гигиенасын сақтамағанда дәрілік заттар жұмысшылар ағзасына қолайсыз әсер сонымен катар ұыттылық әсер көрсетуі мүмкін.

Жалпы түсінік бойынша фармация мақсаты адамзат қоғамының сұранысын камтамасыз ететін өндіріспен байланысты. Фармацевтикалық өндірістің негізгі міндетті ісі болып гигиеналық тәртіпті катаң қадағалаумен журетін тұрғындарды және ЕПМ-ді дәрілік заттармен, науқастардың күтіміне қажет заттармен, санита­рия заттарымен және басқада медицина тауарларымен уақытында қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда керсетілгендер фармацевтикалық факультетте енбек гигиенасының негізін зерттеуді қажеттігін ажыратады, себебі дәріханада және фармацевтикалык өнеркәсіптегі ортанын факторларының санитарлық-гигиеналық және эпидемияға карсы шараларын ұйымдастыруға байланысты басты көніл аударылу керек.



2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде фармацевтикалык өнеркәсіптегі жұмысшыларға кауіпсіз еңбек жағдайын жасауға гигиеналық тәсілді калыптастыру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

-фармацевтикалык өнеркәсіптің және дәріхана мекемелерінің гигиена негіздерін меңгеру;



-химико-фамацевтикалык өнеркәсіптегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға карсы шараларды ұйымдастырылуын бағалауға үйрету.
2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі



Дублин дескрипторлар

ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі


Пәнді оқытудың нәтижесі

Тұжырымда

ма бойынша оқытудың нәтижелері

А

Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.


Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Фармацевтикалық гигиенаның мақсаттарын біледі.

Р 1

Химико-фармацевтік өндірістің жағдайын және еңбек үдерісінің ұйымдасырылуын біледі.

Р 1

Өндірістік ортаның негізгі факторларын және олардың денсаулыққа зиянды әсерін біледі


Р 20

Фармацевттің, еңбек қызыметінің сипатын және тәртібін қоса алғанда еңбек жағдайын гигиеналық бағалауда білімді меңгерген.

Р 20

Қоршаған ортаны өндірістік зияндылықтарымен және ластаушылармен күресудің негізгі профилактикалық іс-шараларын біледі.

Р 20

Химико-фармацевтік кәсіпорындарындағы және дәріхана мекемелеріндегі бөлмелердің және құрылғылардың гигиеналық нормативке сәйкестігін анықтаудың және бағалаудың әдісін біледі. Кәсіптік қызмет саласындағы санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара әрекет жасау механизімдерін біледі.

Р 23







Кәсіпкерлік құзыреттілігі







«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Кәсіби қызметтің шеңберін реттемелейтін заңнамалық және нормативтік құжаттарды біледі.

Р 13

Химико-фармацевтік өндірісте кәсіби қызметті басқару шешімін қабылдайтын жұмыс орнының аттестациясы, еңбек гигиенасы және физиологиясы саласындағы негізгі нормативтік құжаттарды біледі.

Р 19

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды, ақпараттарды талдауды, іздеу салуды, оқылғандарды кәсіптік тапсырманы шешу амалына (негізгі ережелерін бөлу, соның ішінде іздеуді және қосымшаларды) айландыра алады.




«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Фармацевтикалық гигиена бойынша білімді және дерек қорларды, желілік технологияларды, заманауй компьютерлік технологияларды қолдана отырып сонмен қатар әртүрлі көздерден кәсіптік ақпараттарды сақтауды, қайта өіеуді, қабылдау заттарын және тәсілдерін, қалай іздеу салуды және негізгі әдістерін қолдануды біледі.




«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

Кәсіптік мазмұнды логикалық және дәлелденген талдауларды көпшілік алдында сөйлеуге, пікір-талас жүргізуді, әлеуметтік маңызды мәселелерді және үдерістерді талдаудың қағидаларын біледі.

- топта өзінің жұмысын көрсете алады.



- кәсіптік қызмет саласындағы санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара әрекет жасау механизімдерін біледі.





В

Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Химико-фармацевтік кәсіпорындарындағы және дәріхана мекемелеріндегі бөлмелердің және өндірістік құрылғылардың гигиеналық нормативке сәйкестәгін бағалауда білімін қолдана алады.

Р11

Дәрілік заттарды жасауда, сақтауда және сатуда санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптің бұзылуын анықтауда білімін қолдана алады.

Р12




Фармацевтикалық кәсіпорындарды және ұйымдарды салуда және еңбек жағдайын санитарлық – гигиеналық бағалау және анықтау әдістерін біледі.

Р 21

Кәсіптік қызмет саласындағы санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара әрекет жасау механизімінде білімін қолданады.

Р 23

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Коммерциялық құрылымдағы фармацевтік салада еңбек жағдайына баға беру және меншікті зерделік нысанын нарыққа енгізу үшін патенттермен және тиімді жобаларда білімін қолданады.

Р 18

Фармацевтік өндірістердің түрлерін жасауда және олардың қызметінде техника қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде білімін қолданады.

Р 15







«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Фармөндірісте еңбек гигиенасы сұрақтары бойынша кәсіптік қызмет аймағында нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасауда білімін қолданады.

Р 6

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауда, ақпараттарды талдауда, іздеуде, оқығандарын кәсіптік тапсырманы шешу амалына айландыруда, негізгі ережелерін бөлуде олардан іздеуге және қосымша кезекті мақала, тезис және жоба түрінде рәсімдеуде білімін қолдана алады.

Р 16

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Фармацевтикалық кәсіпорындары бойынша білімді және дерек қорларды, желілік технологияларды, заманауй компьютерлік технологияларды қолдана отырып сонмен қатар әртүрлі көздерден кәсіптік ақпараттарды сақтауды, қайта өіеуді, қабылдау заттарын және тәсілдерін, қалай іздеу салуды және негізгі әдістерін қолдануды біледі.

Р 10

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

Әлеуметтік – маңызды мәселелерді және үдерістерді талдауда білімін қолданады. Тәжірибелік және педогогикалық қызметтегі қақтығыстарды тұрақты түрде шешуге және ынтымақтасуды іске асыруда кәсіптік мазмұнды логикалық және дәлелденген талдауларды көпшілік алдында сөйлеуге пікір-талас жүргізуге қабілетті.

Р4

С

Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Фармацевтік гигиенаның жеке сұрақтары бойынша өндірістік мінездемені және әртүрлі кәсіптік үдерістердің және әлеуметтік қызметтің мәселелерін логикалық және ділелді түрде шешеді, талдайды, тұжырымдайды.

Р 14

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Өндірістік фармацевтикалық талаптар негізінде әртүрлі фармацевтикалық кәсіпорындардың және ұйымдардың жобаларын жоспарлауды біледі.

Р 19

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Фармацевтік гигиена бойынша кәсіби қызметтің шеңберін реттемелейтін заңнамалық және нормативтік құжаттардың негізін меңгерген.

Р 6

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

Фармацевтік гигиена сұрақтары бойынша кәсіптік қызметтегі қақтығыстарды шешуге және ынтымақтасуға, тәрбиелік және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға, дәлелденген талдауларға, пікір-талас жүргізуге, көпшілік алдында сөйлеуге дайын.

Р 8

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


Өзінің жұмысын ғылыми әдебиеттермен дәлелдейді, ақпараттарды талдайды, ізденеді, кезекті мақала немесе басылым түрінде рәсімдейді.

Р 10

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Кәсіптік деңгейін көтеру үшін білімін және дерекқорларды, заманауй интернет-технологияларды қолданып әртүрлі ақпараттарды қайта жасауды, сақтаудың, қабылдау құралын және тәсілін, негізгі әдістерін талдайды.


Р 14

Д

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру


Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Фармөндірістегі фармацевтік гигиена және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша меншікті шешімін мінездеме, жеке ой-пікірін реферат, баяндама, презентация, ұсыныс, жоба түрінде тұжырымдайды.

Р 21

Кәсіпкерлік құзыреттілігі







«Денсаулық адвокат» құзыреттілігі

Фармөндірістегі денсулықты қорғау саласын реттемелейтін заңнамалық және нормативтік актілер жүйесін қолданады.

Р 6

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


Химико-фармацевтік өндірісте еңбек гигиенасының әлеуметтік маңызды мәселелерін көрсетуге қабілетті. Эксперементалдық зерттеулер шешіміне сәйкес, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды және талдауды іске асырады.

Р 7

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Кәсіптің түріне қарай ақпараттарды жинауда және талдауда негізгі интернет-технологияларды меңгерген.


Р 2.

«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

Кәсіптік мазмұнды логикалық және дәлелденген талдауларды көпшілік алдында сөйлеуге, пікір-талас жүргізуге қабілетті.


Р 10

Е

Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді

Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік


Фармацевтикалық гигиена саласы бойынша білімін хабарлайды. Сабақ берудің заманауй әдіс тәсілін ұсынып, фармөндірістегі еңбекті қорғаудың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде тәжірибелік және кәсіптік қызметпен талдаудың арақатынасын белгілейді.

Р 1

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Фармацевтік бейіндегі комерциялық құрылымдағы, еңбек гигиенасы бойынша білімді қолдануды және ұйымдастыруды біледі.

Р 12

«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі

Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша әртүрлі қиындықтағы мәселелерді әріптестермен және маман еместермен шешіп, кәсіптік қызметтік заңнамалық қалыптағы ақпараттарды хабарлайды.


Р 6

«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі


Өзінің ғылыми жұмысы мен тәжірибелік қызметін біріктіріп, оларды ұсынады. Идеяны түсіну епшілгімен және оны кезекті басылым түрінде рәсімдеудің әдістемелік тәсілін меңгерген.

Р 9

«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі

Құжаттарды электронды тасымалдаушыларға енгізу, білім беру үдерісінде компьютерлік технологиялар мен сандық білім беру ресурстарын қолдана отырып кәсіптік қызметке енгізу бойынша ақпараттарды хабарлайды.

Р 2







«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі

Кәсіптік мазмұнды логикалық және дәлелденген талдауларды көпшілік алдында сөйлеуге, пікір-талас жүргізуге қабілетті және дайын. Қақтығыстарды шешуге және ынтымақтастыруға қабілеттілігін көрсетеді.

Р 8




Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру





Фармакология, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негізі, токсикологиялық химия, фармацевтикалық химия.







2.5 Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, микробиология, химия, анатомия, физио­логия, физика, неорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық және коллоидты химия.

2.6 Реквизиттен кейінгі: фармакология, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негізі, токсикологиялық химия, фармацевтикалық химия.

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Kipicпe. Еңбек гигиенасы: пән, мазмұны, міндеттері, әдістері, термннологиясы. Еңбек ги­гиенасы бойынша зандылык және нормативтік база. Өндірістік (кәсіптік) зияндылықтар түсінігі, олардың жіктелуі, жұмыска қабілеттілікке және денсаулықка әсері. Кәсіптік аурулар (уланулар) туралы түсінік, олардың жалпы аурушылдыкта алатын орыны. Гигиеналык нормалау. Еңбек гигиенасы саласындағы ұйымдастыру, жұмыс түрлері мен әдістері. Еңбек гигиенасы мәселелерімен айналысатын ғылыми мекемелер мен ұйымдар. КР-дағы санитариялық-эпидемиологиялык қызметтің кұрылымы және міндеттері, оның жаксы еңбек жағдайларын калыптастырудағы алатын рөлі.


2.8 Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың): тақырыптар, өткізу түрі мен ұзақтылығы.

2.8.1. Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы


1

Еңбек гигиенасы – профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері.


Шолу

1

2

Дәріхана гигиенасы. Дәріханалардағы еңбек гигиенасы.

Тақырыптық

1

3

Химия-фармацевтік кәсіпорындардағы еңбек гигиенасы: негізгі технологиялық процестердің гигиеналық сипаттамасы. Антибиотиктер және синтетикалық дәрілік заттар өндірісіндегі еңбек гигиенасы. Галенді және дайын дәрілік түрлер өндірісінің еңбек гигиенасы.

Шолу

1

4

Химиялық кәсіпорындарда және микробиологиялық өнеркәсіптердегі еңбек гигиенасы.

Шолу

1

5

Химия-фармацевтік өнеркәсібін және дәріхананы ағымды және сақтық санитарлық қадағалау жүргізу ерекшеліктері.

Тақырыптық

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет