ЖҰмыс бағдарламасы психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша 050503 Психология мамандығы студенттері үшін Павлодар



Дата17.07.2016
өлшемі218.81 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті
Психология және педагогика кафедрасы

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Психологияны оқыту әдістемесі


пәні бойынша

050503 – Психология мамандығы студенттері үшін


Павлодар

Лист утверждения к рабочей Форма

программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/06

разработанной на основании

государственного

общеобязательного стандарта

образования специальности и

типовой учебной программы




БЕКІТЕМІН

ОЖ жөніндегі проректор

_____________Н.Э. Пфейфер

200 __ ж. «_____» _________

.
Құрастырушы: п.ғ.к., психология және педагогика кафедрасының доценті Галиева Б.Х.
Психология және педагогика кафедрасы

Жұмыс бағдарламасы

«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша 050503 – Психология мамандығы студенттеріне арналған


Жұмыс бағдарламасы 050503 – Психология мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы 3.08.307–2006 МЖМБС және 2006 жылғы 22 маусымдағы РОӘК шешімімен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
«_____»__________________200_ж. кафедра отырысында ұсынылды №_____протокол

Кафедра меңгерушісі ___________________ Кертаева К.М.


«___» _______________200__ ж филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды. №___ протокол

ОӘК төрайымы____________________________Жуманкулова Е.Н.



КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы_____________Сарбалаев Ж.Т.«_____»__________200__ж.


ОӘБ мақұлданды

ОӘБ бастығы _______________Варакута А.А. «_____»__________200__ж.





  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері

    1. Кіріспе

Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.

Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындагы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ - қоршаған ортадағы және генетикалық факторлардың күрделі қатынасы туралы – психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда. Сондықтан психология мамандығын таңдаған студентке осы сұрақтағы психиканың қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.

Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айырықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компетентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.

Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.

Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.

1.2 Пәннің мақсаты: гуманитарлық мамандықтардағы студенттердің психологияны оқыту әдістемесі пәнін меңгеруі негізінде ғылыми білімдерін дамыту, семинар мен практикалық сабақтар үдерісінде студенттердің осы пәнді түсіндіре білуін қалыптастыру, мектеп оқушыларына оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары туралы психологиялық білімін меңгеруді өңдеп реттеу және бақылау.

1.3 Пәннің міндеттері:


  • психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;

  • психологияны оқытудың мәселелеріне қызығушылықты тудыру;

  • студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруге ұмтылуына бағыттау;

  • студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру;

  • студенттерді жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • мектептегі психологияны оқытудың мақсаттары мен мазмұнын;

  • психология бойынша класс және кластан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемелерін;

  • «Психологияны оқытудың әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттерін;

  • «Психологияны оқытудың әдістемесінің» бүгінгі спецификасын.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • оқытудың тиімділігін бағалау критерийлерін дұрыс таңдауды үйрену;

  • әр нақты жағдайдағы оқытудың әдістемесін дұрыс қолдануға үйрену;

  • оқытудың әдістемесін жетілдіруге үйрену;

  • психология бойынша сабақтарды жүргізуде жеке позициясын түсіндіре білу;

  • оқу пәні ретінде психологияны оқытуда туындайтын практикалық мәселелерді шешуге теориялық білімді психолог-ізденуші және окытушы дағдысын игеру.

2 Пререквизиттер: «Жалпы психология», «Психология тарихы», «Педагогикалық психология», «Даму психологиясы», «Педагогика», «ЖЖЖ физиологиясы».

Постреквизиттер: «Мектептегі педагогикалық практика».

Сонымен, осы курста алған білім студенттердің маман оқытушы ретінде оның теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, осыдан психикалық дамудың басты детерминанттары ретінде білім беру үрдісіндегі ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері туралы кең көлемде түсініктеме береді. Курстың көлемі — осы пәнннің көлемі оқу жоспарымен келісілген 2 кредиттен тұрады, яғни 90 сағатқа (СӨЖ, СӨМЖ бірге) теңеледі. Межелік бақылаудың саны - 2. Соңгы бақылаудың формасы - емтихан.



Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Д

Т

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Психологияны оқытудың мазмұны оқу пәні ретінде

1

1

2

2

Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары

1

1

2

3

Мектептегі оқытудың ерекшеліктері

1

1

2

4

Сабақтың құрылымы. Сабақты психологиялық талдау

1

1

2

5

Психология курсындағы көрнекілік

1

1

2

6

Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі

1




1




Психология бойынша сабақ және оның негізгі ерекшеліктері




1

2

7

Мектептегі психологияны оқытуды бақылау және бағалау

1

1

3

8

Сабақта оқушының жұмысын белсендендіру

1

1

3

9

Психология курсы бойынша қайталау

1

1

3

10

Оқушылардың өзіндік жұмысы

1

1

3

11

Оқытуды компьютерлендіру

1

1

3

12

Психология курсын окытудың белсенді әдістерінің топтық формалары

1

1

2

13

Оқу ойындары

1




1




Мектепте психологияны оқыту әдістерінің инновациялық аспектілері




1

2

14

ІІсихотехникалык жаттығулар мен түзету бағдарламалары

1

1

3

15

Кластан және мектептен тыс жұмыс

1

1

3

16

Мектепте психологияны оқыту бағдарламасының тұжырымдамасы







1

17

Мектепте психологияны оқытудың альтернативтік бағдарламалары







1

18

Оқытудың инновациялық үлгілері







1

19

Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың ерешеліктері







1

20

Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізгі аспектілері







1

21

Мектепте психологияны оқыту әдістемесінің пәнаралық байланыстары







1

Барлығы сағат

15

15

60



3.3 Теориялық курстың мазмұны

1-тақырып Психологияны оқытудың мазмұны оқу пәні ретінде


Психология ғылымның пәні ретінде және оқу пәні ретінде. «Психология» оқу пәнінің пәндік мазмұнының конструктілеу міндеттері. Ғылымның бүгінгі парадигмаларын ескерумен бірге оқу пәнінің тұжырымдамасын конструктілеу. Психологиялық білім жүйесінің жалпы сипаттамасы және тарауларды оқуды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Мектептегі психологияны оқытудың бағдарлама тұжырымдамасы. Мектептегі психологияны оқытудың альтернативтік бағдарламасы. Психологияны оқытудың байланысы мектеп психологының практикалық баска жұмыс түрлерімен оқу пәні ретінде.

2-тақырып Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары

Жалпы оқу пәні бойынша сабақты жоспарлау және ұйымдастыру. Окытудың міндеттерін құра білу, әрі класс және кластан тыс жұмыстардағы окытудың мазмұнын ұйымдастыру. Түсіндіру, меңгеру және бакылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу. Сабақты ұйымдастырудың және оқытудың белсенді әдістерінің топтық формаларының ерекшеліктері.


3-тақырып Мектептегі оқытудың ерекшеліктері


Оқыту және білім беру ұғымы. Оқу іс-әрекетінің мақсаты. Кең мағынадағы оқу және оқыту. Оқыту міндеттерінің үш типі. Оқыту шығармашылық үрдіс ретінде. Оқу үрдісінің құрылымы. Оқытудың дәстүрлі формалары. Оқытудың инновациялық үлгілері. Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың қисынды-психологиялық негіздері

Оку пәні мазмұнын таңдаудың негізгі принциптері. Меңгеруді ұйымдастырудың психологиялык ерекшеліктері. Жалпы және абстрактілік сипатты білдіретін білімді меңгеру. Оқу пәнін конструктілейтін білім немесе оның негізгі тараулары. Психологиялық білім объектісінің мазмұны және кұрылымы. Білімді үлгі тұргысынан қайта шығару. Жекеленген білімдердің жүйесінде зерттелетін объектінің алғашқы, барлығына жалпы катынасты нақтылау.



4-тақырып Сабақтың құрылымы. Сабақты психологиялық талдау

Сабақты өткізудің жалпы схемасы: дайындық фазасы, оқушылармен мұғалімнің өзара әрекет жолдарының белсенді оқыту фазасы, сабақтың нәтижесін бағалау фазасы. Психология бойынша сабақ және оның негізгі ерекшеліктері Сабақтың типтері. Жаңа материалды түсіндіру бойынша сабақ. Тақырыптарды қайталау бойынша сабақ және бөлек сабақтардың арасындағы өзара байланысты құру. Шығарма-сабақ. Дискуссия-сабақ.



5-тақырып Психология курсындағы көрнекілік

Көрнекілік принципінің мәні. Психологияны оқытудағы көрнекілік. Оқу көрнекілігінің түрлері. Табиғи заттай үлгілер. Шартты графикалық көріністер. Белгі үлгілері. Көрнекі материалдың қызметтері. Табиғи эксперименттік жағдайдағы пәндік көрнектілік.



6-тақырып Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі

Лекцияға оқу мазмұнын таңдау. Уақытты бағдарламаның басқа тақырыптарын оқытуда ескеретін лекция-әңгімені жоспарлау. Психологияны оқуда тақырыптарға әдістемелік бағыт. Аудиовизуальдық және көрнекі құралдарды қолдану. Материалдың түсініктілігі принципінің психологиялық ерекшеліктері. Материалды түсіндірудің түсініктілігі. Түсіндіру стилі. Сабақтағы оқушының іс-әрекетін белсендіру.



7-тақырып Мектептегі психологияны оқытуды бақылау және бағалау

Меңгеру үрдісін бақылауды ұйымдастыру. Сұрау оқу іс-әрекетінің сәттілігін бағалау формасы ретінде. Тікелей сұрау арқылы оқушылардың білімін тексеру. Сұраудыц типтері: негізгі және қосалқы. Фронтальды ауызша және жазбаша сұрау. Тақырып бойынша сұрақтарды құрауға әдістемелік бағыт беру. Тоқсан бойынша сұрау. Оқушылардың жауабын бағалау.

Психология тақырыбы бойынша бақылау жұмыстарын өткізуге әдістемелік бағыт беру. Бақылау жұмысын өткізудің әдістемесі. Класта бакылау жұмысын талдау, үйреншікті қателерді талдау. Бақылау сұрақтарының шамалас варианттары.

8-тақырып Сабақта оқушының жұмысын белсендендіру

Оқу іс-әрекетінің белсендендіру формалары: психология сабағында ақпаратты жазу, мұғалімнің сол немесе басқа тақырыптарды түсіндіруіне байланысты оқушыларға сұрақтар және осы сұрақтар бойынша қысқа пікір- талас, мұғалімге сол немесе басқа тақырыптар бойынша сұрақтар, психологиялық есептерді шығару.



9-тақырып Психология курсы бойынша қайталау

Қайталаудың негізгі принциптері. Өткен тақырыптармен жаңа материалдың байланысының жүйесі. Қайталауға арналған сұрақтар. Схемалар бойынша жұмыс кайталау әдісі ретінде.

Мысал ретіндегі әдістемелік өңдеулер.

10-тақырып Оқушылардың өзіндік жұмысы

Психология бойынша оқулықпен, дәптермен жұмыс. Оқушылар үшін психология бойынша оқулықпен жұмыстың ерекшеліктері. Психология бойынша дәптермен жұмыстың ерекшеліктері. Психология бойынша оқу шығармаларының ерекшеліктері. Оқушының оқулықпен, дәптермен жұмысын мұғалімнің бақылауы. Психология бойынша жазба үй жұмысы. Шығармалар. Рефераттар. Мысалы ретіндегі әдістемелік өңдеулер.



11-тақырып Оқытуды компьютерлендіру

Оқытуда компьютерлік техникаларды қолданудың психологиялық педагогикалық аспектілері. Психология негіздерін оқытудың телекоммуникациялық жүйе мүмкіндіктері. Электрондық пошта. Интернет.



12-тақырып Психология курсын окытудың белсенді әдістерінің топтық формалары.

Ілімді топтық ұйымдастырудың ерекшеліктері. Топтық гипнопедия және резервтік мүмкіндіктерді белсендендіру әдісі. Оқытудың мәселелік-топтық тәсілдері.



13-тақырып Оқу ойындары

Ойын әдісі. Ойын оқыту меп тәрбиелеудің құралы ретінде. Оқытудың ойын әдісінің көпқызметтілігі. Психологияны оқытудың әдістемесіне сюжеттік ойындар мен театр педагогикасының элементтерін, ойын этюдтерін және психотренинг жүйесін енгізу.


14-тақырып ІІсихотехникалык жаттығулар мен түзету бағдарламалары

Психотехникалық жаттығулар мен түзету бағдарламалары. Оқушылар
тұлғасының интеллектілік және эмоциялық-еріктік сферасының дамуына бағытталған оқушы психология негізін оқытудың әдістемелері мен технологиялары. Мектепке балалардың психологиялық бейімделуін жақсартуға түзету ойындарының бағдарламасы.

15-тақырып Кластан және мектептен тыс жұмыс

Психологиялық үйірмелер. Психологиялық конференциялар. Психологиялық журнал. Мұғалімнің шолу лекциясы. Диспуттар және сұрақтар мен жауаптар кеші. Экскурсия және мәдени жорық.



3.4 Практикалық сабақтардың тақырыптары
        1. Психологияны оқытудың мазмұны оқу пәні ретінде


  1. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары

  2. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері

  3. Сабақтың құрылымы. Сабақты психологиялық талдау

  4. Психология курсындағы көрнекілік

  5. Психология бойынша сабақ және оның негізгі ерекшеліктері

  6. Мектептегі психологияны оқытуды бақылау және бағалау

  7. Сабақта оқушының жұмысын белсендендіру

  8. Психология курсы бойынша қайталау

  9. Оқушылардың өзіндік жұмысы

  10. Оқытуды компьютерлендіру

  11. Психология курсын окытудың белсенді әдістерінің топтық формалары

  12. Мектепте психологияны оқыту әдістерінің инновациялық аспектілері

  13. Психотехникалык жаттығулар мен түзету бағдарламалары

  14. Кластан және мектептен тыс жұмыс


3.5 Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны



СӨЖ түрі


Есеп беру ф-сы

Бақылау

түрі


Сағат

көлемі





1.

Әрбір дәріс бойынша конспектілер жасау

Конспект жасау

Сабаққа қатысу


14




2.

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Үй тапсырмалар жазба түрде

Сабаққа қатысу


15




3.

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Баяндаманын конспекті


Баяндаманы қорғау

14




4.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге байланысты нормативтік құжаттарды талдау

кестелер


Кестелер бойынша жауап беру

3




5.

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Конспект


Аралық және қорытынды бақылау (тестілеу, емтихан)

14




Барлығы

60






3.6 Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған тақырыптар

    1. Мектепте психологияны оқыту бағдарламасының тұжырымдамасы

    2. Мектепте психологияны оқытудың альтернативтік бағдарламалары

    3. Оқытудың инновациялық үлгілері

    4. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың ерешеліктері

    5. Оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізгі аспектілері

    6. Мектепте психологияны оқыту әдістемесінің пәнаралық байланыстары


Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10



специальности

050503 – Психология мамандығының

жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі



Оқу түрі

Бақылау түрі

Сағ. бойынша студенттердің жұм. көлемі

Семестр және курс бойынша сағаттың бөлінуі


емтихан

сынақ

КЖ

КР

РГР

Бақылау жұмысы

барлығы

Дәріс

Тәж

лаб

СӨЖ

Дәріс

Тәж

СӨЖ

жалпы

ауд

СӨЖ

РБ

Сессия аралығында

ЖОБ негізінде күндізгі

7
















90

30

60

7 семестр

8 семестр

15

15




60














Негізгі әдебиеттер
  1. Балмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М., 2001.

  2. Давыдов В.В. Теория развиваюшего обучения. М. 1996.

  3. Дьяченко Н.И. Психология высшей школы. Минск, 1981.

  4. Климов Е.А. Психология: Учебник для средней школы. М., 1996.

  5. Леонтьев А.А. Психологические особенности лектора. М. Л., 1981.

  6. Подвойский М.А. Уроки психологии в школе. М .,1993.

  7. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. М., 2000.

  8. Психология. Словарь. М.,1997.

  9. Психология: Учебное пособие для начальной школы /Под ред. И.В.Дубровиной. М. Гардарика, 1998.

  10. Теплов Б.М. Психология. Учебиик для средней школы. М., 1954.



Қосымша әдебиеттер
  1. Эльконин Д.Б. Психологическое развтие в детских возрастах. Воронеж,1995.

  2. Фридман Л.М., Кулагина П.Ю. Психологический справочник учителя. М., Просвещение, 1991.

  3. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М. Л., 1998.

  4. Практическая психология образования. Учебник для высших и средних специальных учебных заведений / Под ред. И.В.Дубровиной. М., 1997.

  5. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.

  6. Давыдов В.В. Виды обобщения и обучении. М. 2000.

  7. Актуальные проблемы методики преподавания психологии в педвузе и школе. М, 1990.

  8. Бадмаев Б.Ц. Психология и методика ускоренного обучения. М., 1998.

  9. Гальперин П.Я., Талызина Н.Ф.Формирование знаний и умений на основе теории поэтапного усвоения умственных действий. М., 1968.

  10. Игры - обучение, тренинг, досуг /Под ред. В.В.Петрусинского /В четырех книгах./ - М.: Новая школа, 1994.

  11. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М.: Просвещение,1996.

  12. Рогов Е.И. Психология познания для старшеклассников. М., 1998.

  13. Самоукина Н.В. Психотехнические игры и упражнения для учителей. М.,1994.

  14. Цийлин В.С. Доступность и трудность в обучении. М., 1984.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет