Курс
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ (сағ)
|
Бар
(сағ)
|
Бақы-лау
түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
2
|
2
|
3
|
15
|
30
|
|
|
|
45
|
емтихан
|
4. ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2 Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу
Тақырыптардың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
Әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
Дәріс сабақтары
|
1. ЖАРНАМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Жарнама латын - тілінен аударғанда reclame - айғайлау деген мағына береді.Шет тілдер сөздігінде тауар туралы ақпарат тұтынушыға мағлұмат беруші деген мағына береді. «Нарық тілі» сөздігінде жарнама былай деп аударылады тауар туралы ақпарат, оған сұранымды өсіру үшін және оған қызығушылықты өсіру үшін, тауарды сату үшін аткарылатын шара.Ф.Котлердің жарнамаға берген түсініктемесі шындыққа жанасады.онда былай делінген : «жарнама – байланыс құралы, БАҚ арқылы таралатын ақпарат». И..А.Голман, Н.С.Добробобенко жарнама комерциялық ойды алға қарай жылжыту үшін және белгілі-бір тапсырыс берушінің қаржысына жасалады.Егер бір жаңалық ашушы газетке келіп өзінің ашқан жаңалығы туралы ақпарат берсе, ол жарнама болдып есептелмейді.Тек қана бір нәрсені сатып алу үшін жүргізілетін үгіт- насихат және сол насихат үшін жіберілген қаржы жарнама болып есептеледі. Мысылы: АҚШ-та 1977 жылы Америкалық фирмалар жарнама үшін 38 млрд доллар ақша шығындады.Ал өздік жарнама үшін 100 млрд доллар шығындады.
Котлердің пікірі бойынша жарнаманың бір өндіріс орынының бет бейнесін қалыптастыру үшін жарнама жасайды.Жарнамалар мақсатына қарай былай бөлінеді:
-Бір тауар маркасын насихаттайтын жарнама.
-Рубрикалық жарнама.
-Арзан жарнама.
-Үгіттеу жарнама.
Котлер жарнаманы екіге бөледі.
1.ақпараттық жарнама.
2.салыстырмалы жарнама.
Басқада жарнама түрлеріне келсек:
Еске түсіруші жарнама – бұл жарнама тұтынушының есіне түсіру үшін жүргізіледі.
Нығайтатын жарнама - әдетте тұтынушының жақсы пікірлерін газет баспасы арқылы насихаттайды.
Сыртқы жарнама- шығын аз кетеді, көп халық көре алады.
Транспорттық жарнама – шығын аз кетеді,тұтынушылар жарнаманы күнделікті көреді.
Радиолық жарнама – көпшілік тыңдайды, үлкен географиялық аймаққа тарайды.Шығын аз , кемшілігі дауыспен шектеледі.
Телевизорлық жарнама – сурет,дауыс, арқылы көпшілікке жететіндігімен ерекшеленеді.Бірақ бағасы өте қымбат.
Газеттік жарнама – жедел, көпшілік оқып көреді.Жоғарғы сапа.Бірақ белгілі бір мерзімнен кейін сапасы төмендейді.Жарнаманы арнайы бағдарламалар арасында берген ұтымды.Радио, теледидар арқылы берілген жарнаманың жетістік жағыда кемшілік жағыда болады.
|
1
|
2,7,15
|
2. ЖАРНАМАНЫҢ ТАРИХЫ
Жазбаша тарихтың ең бірінші құжаттардың өзінде жарнамалық іс-тәжірибесінің болғаны туралы күәліктер немесе дәлелдер бар.Жерорта теңізі жағасындағы елдерінің аумақтарын археологтар жұмыстарын жүргізген кезде әр-түрлі оқиғалар мен ұсыныстар туралы үзінділер табылды.Біздің эрамызға дейінгі 3320 ж. Пілдің сүйектерін сататын саудагерлер Египеттегі сатып алушыларына осы жылғы Эхекто ормандарындағы пілдерінің мүйіздері арзан өте арзан.Мемфис қаласының тұрғындары келіңіздер,көріңіздер,алыңыздар.Римдіктер гладиаторлар шайқасының жарнамасын қабырғаларға жазып қоятын,финикиялықтар жартастағы жолдарға өздерінің тауарларын жарнамалап,сурет салып қоятын.
Жарнаманың дамуы , алға басуы ең алғаш АҚШ- та орын алды . Бұған дәлел болатын бірнеше фактілер бар. Біріншіден , Америка өнеркәсібінде механизация үлкен табыс әкелді , ол қажеттілігін тудырды және халыққа сатып алудың керектігін көндірді. Екіншіден , су жолдарының желісі құрылуы , жолдардың салынуы , тауарды жарнамалап ауылды жерлерге жеткізуге көп әсер етті . Үшіншіден , 1810 жылы енгізілген міндетті түрде бастауыш білім алу , халық арасында сауатты адамдардың көбеюі – газет , журналдардың санының көбеюіне әсер етті . Ресейде ең алғашқы жарнамалық хабарландырулар « Ведомости » газетінде пайда болды.
|
1
|
1,2,8
|
3. ГАЗЕТТЕГІ ЖАРНАМАЛЫҚ ХАБАРЛАМА
Жарнамалық өнердің мәні – жарнамалық идеялардың, хабарландыру формаларының, тақырыптың мәтінге, көрермендік элементтерге сай келуінде. Жарнаманы жазғанда оның құрамында жақсы сауда ұсынысы болкы керек, тауарға ие болудың пайдалы екендігін ашып көрсету керек. Тауардың функциялары мен құндылықтары туралы хабарды тартымды етіп ұсынуы керек. Слоган - өте жақсы жарнамалық құрал, оны ақпараттағылық блоктағы тауарлар мен қызметтердің тізімінен гөрі оңай етсе сақтауға болады.
Слоганның басты мақсаты тұтынушыларды толғандыратын проблемаларды тауып, оның дұрыс шешуін табуға болатындығын түсіндіру. Мәтінді құрмас бұрын өз алдында сатып алушының бейнесін елестету және оған сол тілде үн тастау қажет. Жарнаманы көбінесе осы шақта жазған жөн: «Істей алушы едім…», «біз ойлаймыз…», «біз есептейміз…», деген тіркестерді қолданудан алшақ болу керек. Мәтінді индукция әдісі бойынша жазған дұрыс болады. Онда тезис, анық және тура паайымдау, осы тезисті дәлелдейтін аргументтер, тезис пен аргументтің арасындағы логикалық байланыс – демонстрация болуы керек.
Әрине, мұнда бейнелі және мәнерлі стилистикалық құралдарды пайдалану өте маңызды. Сөздің немесе сөз тіркесінің ауыспалы мағынада қолданылуын – троп деп атаймыз. Троптардың арасында – эпитет, салыстыру, гипербола, метота, метафора олицетворение, фразиологизмдерді қолдануға болады. Өте қиын мәтіндерді де дедактрлеуге болады.
Хабарландырудағы иллюстрация тұтынушыға өте маңызды роль атқарады: фотографиялар, суреттер, коллаждар, ірі планмен көрсетілген адам беті, көзі -–адамдардың тауарға деген қызығушылықтарын арттырудағы. Газеттер тауарды жарнамалау кезінде мәтінмен бірге сол заттың суретін беруге тырысады: автомобиль, тұрғын үй, кран т.б. Бірақ адамдардың суреттері сирек қолданылады. Батыста өте танымал, белгілі беделді жұлдыздардың суреттері жиі қолданылады.
|
1
|
1,4,7
|
4. ТЕЛЕДИДАРДАҒЫ ЖАРНАМА
Халыққа деген сұранысы оның қоғамда атқарар қызметіне, мемлекеттің көлемі мен өзге де жайттарға тікелей байланысы, технологиялық өрендеуіне байланысты «жарнама» электронды ақпарат құралдарына келді.
Теледидардың аудиториясы үлкен болғандықтан жан-жақты жұмыс істейді. Тұтынушы көп тауардың ішінен өзіне қажетті өнімді таңдап алуына жарнаманың көп пайдасы бар. Теледидардан берілетін жарнама құны өте қымбатқа түседі, сондықтан санаулы минуттар ішінде тұтынушыға өнімді таныстырып, сіз бен бізді қармағына қаптырады. Теледидардан берілетін жарнаманың ешкімге ұқсамайтын бір ерекшелігі бейне мен дыбыс арқылы көрерменін, яғни тұтынушысының қызығушылығын оятады. Оның бәрі осы экранның пәрменділігіне байланысты. Теледидардан берілетін жарнама арқылы өнімін беріп отырған фирма өзінің беделін де көтереді. Әр жарнаманың көрермен назарына ұсынуда белгіленген сағаты, минуты, секунды болады. Ол аудиторияның көп жиналған уақытына орайластырылады.
Тауарды ауыстыру, сату жүйесіндегі ең басты ролде – жарнама тұрады. Оның басты мақсаты – фирма шығарған өнімнің жоғары сапалылығы, жаңашылдығы, қолдануға ыңғайлылығы және қолайлы бағасы туралы тұтынушыға таныстыру. Сондықтан, жарнамаға аз қаражат жұмсалмайды, бірақол әр қашан күткен қорытынды әкелмейді.
Жарнама – бұл барлық нарықта қолданылатын құрал. Дамыған нарықтық қатынаста бәсекелестік қоса жүреді, және әр бір сатушы тұтынушысына өнімін ұсынады, ал, оның қаншалықты маңыздылығы жөнінде бақталастықтар арасында күрес туындайды. Жарнама жасырын формасында белгілі бір өмір салтын және шындықпен қарым-қатынас сияты идеологиялық міндеттерін атқарады. Ол бұқарамен өзара байланыста әрекет ете отырып, қоғамдық саяси сананы тиімді жаулайды.
Жарнама адамдарға затты сатып алу қажеттілігі жөнінде ой тастап қана қоймайды. Ол өндірісшілерге, коммерсанттарға тауарларын өткізуге көмектесумен қатар, өмірге қияли көзқарастарды таратып, орнықтыруға да үлкен әсерін тигізеді.
Жарнама идеологиялық қару ретіндегі күшінің арта түсіп отырғандығы бүгінгі таңда ешбір дау тудырмайтындығы ақиқат. Оны таратуға бұқаралық ақпарат құралдары жұмыла кірісіп отыр.
|
1
|
3,7,15
|
5. ТЕЛЕДИДАРДЫҢ
ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ
Көрерменге күнде әртүрлі әсер қалтыратын хабарларды шетелдерде болып жатқан құбылыстарға күнделікті мәлімет беру, талаптарды көрсету арқылы халыққа танымал қылу.
Теледидардың міндеттері: халыққа кеңінен хабар тарату, өзінің хабарларын қызықты, оперативті түрде таратып, өз аудиториясын табу және де т.б. түрде өз деңгейін көтеріп, одан әрі дамыған үстіне даму. Теледидар хабарларында демократиямен жарнамалық көрсетілім аз емес. Мәселен, Ресей теледидарында әртүрлі тақырыпта проблемалық, билік адамдарымен сұхбаттасу арқылы жарнамалық немесе еркін хабарлар жүргізіледі. Қазіргі кезде жарнаманың түрі өте көп. Әсіресе, коммерциялық телеарналарда, жарнаманың мақсаты – ақпарат берудің нәтижесінде аудиторияға ықпал ету. БАҚ құрылымдары үшін пайда табудың ең бір зор мәнді күші. Бұқаралық ақпарат құралдарымен мемлекеттік, жеке меншік құрылымдарының арасындағы байланысты нығайтады. Н.А.Голман және Н.С.Добрабабенко: «Жарнама – бұл коммерциялық ойлардың, тауар және қызмет көрсетулердің қарқынды дамуына жол ашатын құрал. Бұнда ең бастысы – жарнама берушімен жарнама жасаушының арасындағы байланыс» деп айтқан сөз жарнаманың қасиетін анықтайды. Адамдардың эстетикалық жағынан жетілуіне әсер етеді, халықтың талғампаздығын қалыптастыруға, тұтыну мәдениетін арттырады. Бұл тұрғыда редакциялық алқа немесе редакторлар беріліп отырған жарнаманың сыртқы пішініне ғана емес, мән беріп қана қоймай, тәрбиелік функциясына, оқырманға әсер ететін әдемі тіліне ерекше мән береді. Теледидардағы жарнаманың сипаты:
-
сапалы, әрі тиімді
-
ақпараттық
-
агрессиялық
-
превентивтік
-
қорғаныстық қабілеті бар
-
біркелкі
-
әркелкі
Журналистер конгресі атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, «Қоғамдық телеарна тұрғындардың төлемақысы еңбегінен күнелтуі керек». Әрине, мемлекетке де, қалталы қауымға да жалтақтамайтын телеарна қажет екені дау тудырмайды. Мәліметке сүйенсек, дүние жүзінің 49 елінде қоғамдық телеарна бар.
|
1
|
7,10
|
6. РАДИО –БИЗНЕС КӨЗІ
Радио – толыққанды бизнес көзі. Қазір негізінен барлық радиостанциялар жекеменшік объектісі және нарық заңдылықтарына бағынады. Яғни кез келген арна шығынсыз жұмыс істеуге жұмылған, өз қажеттерін толық өтеп еңбек етуге, өз өнімін сатуға бейімделген. Бәсекелестікке бейімделуіне қарай пайда да тауып жатыр.
Радионың табыс көздері: құрылтайшының инвестициялық қаражаты, жарнамадан және түрлі ақылы қызметтер көрсетуден түскен табыс. Негізгі шығын көздері: радиоүйін ұстау немесе жалға алу, техника мен жабдықтар сатып алу және солардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, өндірістік шығындар, жалақы қоры және қаламақы, музыка сатып алу, авторлық құқықты өтеу, радиокүшейткіштердің тарату шығындары, инженерлік-техникалық қызметтер, көлік, байланыс, сақтандыру және салықтар.
Қазақстандағы жарнама нарығы туралы ашық та дәл, сенімді мағлұматтар жоқ. «Гэллап медиа Азияның» деректері бойынша, Қазақстанда радиожарнама нарығы 2001 және 2002 жылдары – 11,9 млн., 2003 жылы – 12,4 млн., 2004 жылы – 15,9 млн. Ал 2005 жылы – 3,5 млн. АҚШ долларына парапар болған. Яғни, жыл өткен сайын радиоэфирден тарайтын жарнаманың көлемі артып келеді. Радиожарнама Қазақстандағы барлық жарнама түрлерінің 5-7 пайыздық үлесіне ие. Эфирдегі бір минут жарнаманың орташа құны 100 АҚШ долларына жуықтайды екен. Бұл жарнама аз ба, көп пе? Әлемдік жарнама нарығымен салыстырғанда бұл өте аз. Қазақстанда жан басына шаққанда орташа жылына 12$-ға жарнама таратылады екен. Ресейде бұл көрсеткіш екі еседей жоғары. АҚШ-та жылына әр жанға 1000 доллар көлемінде жарнама тарайды. Еуропаның дамыған елдерінде бұл көрсеткіш шамамен 200 евро көлемінде екен.
Қоғамның жалпы даму тенденцияларына байланысты өмірімізде және экономикамызда болған үлкен өзгеріс – қайта құру бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұны мен пішініне де елеулі әсер етті. Заман ағымына сай жеке кәсіпорындар мен фирмалардың көптеп ашылуы бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде радиоға жарнаманы әкелді. Алғашқы жарнама роликтерінің көп бөлігі алыс шетелдерден ұшып келеді.
Негізгі жарнама өндірісі елімізде кенжелеп қалып отыр. Әрине, мен бұл жерде мүлде дамымай қалды деуден аулақпын, осы бір жаңа істің Қазақстанда да берік кәсіпқойлары бар деп сенімді түрде айта аламыз. Радиожарнама 1992 жылдан бастап мемлекеттік емес радиоарналардың өмірге келуімен қатар аяғын тәй-тәй басып, енді ғана бойын тіктеп келеді.
Қазақстандағы мемлекеттік емес радиостансалар тәулік бойы қаншама жарнаманы әуе толқынына шығарады. Олар сағат сайын белгілі айдармен, мысалы, УНСФ радиосы – «Сунду – чок», «Торговый ряд», «Дастархан», «Радио 31» - «Супермаркет», «Радио Р»- «Торговый дом», «Автосалон» т.б. сынды жарнама топтамасын оқи отырып, жарнама роликтерін жүріп жатқан бағдарламаларды үзіп, ортасында, сондай – ақ, өлеңдер топтамасының аралығында жіберіп отырады.
|
1
|
6,7
|
7. РАДИОЖАРНАМАНЫҢ
ЖАСАЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Радиоролик жасау – қызықты іс. Ол адамды қызықтырып күн өткен сайын тарта береді. Бұл үшін жарнама ролигінің жасалу технологиясына қанық болған абзал. Сондай-ақ, бұл процесс едәуір қарапайым және арзанға түседі.
Радиожарнама жасауда үш элементтен тұратын жұмысты бастан өткересіз. Олар:диктор дауысы, музыка және арнайы эффектілер. Радиороликті радиостудиясында немнсе кез-келген үн жазу студияларында өндіруге болады.
Жарнама ролигінің тұрақты ұзақтығы 30 немесе 60 секунд. 30 секундтық роликке негізінен 60-70 сөз, ал минуттықтарға 140 сөзге дейін сияды.
Радиороликегі дауысқа байланысты екі жайды еске алар болсақ, біріншіден радиожарнама ролигінде тыңдарман көңілін бұзбайтын дауыс болуы шарт. Екіншіден, ол баяндалатын ақпарат басын жақсы біріктіруі керек. Радиороликке радиостанса қызметкерлерінің, кәсіби емес әуесқойлардың, профиссионал – дикторлардың дауыстарын пайдаланған жөн. Сондай-ақ, әйел, бала дауысы тыңдарман естимін-ау деп күтпегендіктен олардың назарын өздеріне аударуы мүмкін.
Әрдайым радиотыңдаушы жарнама заставкасы басталғанына 3-5 секунд өткенде оны ары қарай тыңдау керек пе, жоқ па деген ойға келеді. Зарттеу қорытындысы көрсеткендей бұл жерде ең жоғарғы ролді тауар дәрежесі ойнайды екен. Сондықтан, радиотыңдармандарды тарту үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Жақсы радиосценарий жазу үшін мынаны еске ұстаған ләзім:
- заставканың басында жарнама берушінің (кәсіпорын, мекеме, фирма, т.с.с.) атын атау керек. Сосын жиі-жиі кем дегенде 3 рет қайталаңыз;
- егер оның атауы жеңіл болмаса, бір рет болса да, тыңдарманға түсінікті етіп жеткізіңіз;
- ауыз екі стильді сақтаңыз; жай сөздер мен қысқа сөйлемдер қолданыңыз; жаңылтпашты қолдану мүлде қажет емес;
- әртүрлі нұсқада тауардың тиімділігін жиі-жиі қайталаңыз;
- суретшінің орынды бояуындай етіп, мәнерлі сөйлеуге тырысыңыз; метафора қолданыңыз.
Жарнама заставкасының сөз көлемін анықтаудағы ережесі төмендегідей:
10 секундта -------------------- 20 – 25 сөз;
20 секундта -------------------- 40 – 45 сөз;
30 секундта -------------------- 60 – 70 сөз;
60 секундта -------------------125 – 140 сөз аралығында қолдану қажет. Және де тапсырыс жасауды, ұсынуды ұмытпаңыз. Радиотыңдарманның эфирден өткен жарнамадан кейін тауарға деген қызығушылығын оятып, іс-қимылға көшіруге тырысыңыз. Әрине, мұның бәрі жеткізуші мен радиожарнаманың сценарийіне тікелей байланысты.
|
1
|
6,7,9
|
8. САЯСИ ЖАРНАМА
Саяси жарнама әлеуметтік-саяси өмір де және саяси жарнамада, екеуі де бір салада дамыса да, олардың тарихы шығуы, дамуы, қазіргі жағдайы болады. Саяси жарнаманың пайда болуын арыдан іздестірген жөн. Ертеден-ақ халықпен Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қатынас, мемлекеттік шешімдерге халықтын қолдау көрсетуін, үлес қосуын әр бұқаралық ақпарат құралдары ұжымы көздеген. Бұрандары саяси жарнама жөніндегі сұраныстар мен оны жүзеге асыруда халыққа жария ету мемлекет тарапынан тыйым салынған. Бұндай саяси ақпаратты тасымалдаушы куерлер, арнайы жіберушілер, қызметкерлер болады. Олар ауызша және жазбаша түрде саяси ақпарат тасымалдаған.
Олар:
-
Бұйрықтар
-
Сілтемелер
-
Хаттар
-
Жолдаулар
-
Өтініштер
Журналистика саласында саяси жарнама пайда болғаны бұнда публицистиканың бір саласы ретінде дамуда. 19-20 ғасырларда телеграфтық, телефон желісі, радио, теледидар арқылы мемлекеттің саяси жарнамаларын таратып, қоғам арасында саяси дағдарыс туғызуда. Осының арқасында саясат өзінің оқырмандарын, көрермендерін, тыңдармандарын тауып, яғни жанқарамын саясат аясын кеңейте түсті.
Саяси жарнама жататын яғни қоғамдық қатынастар және мемлекеттік органдар көңіл аударып, шешім табатын жарнамалар жатады. Бұл дегеніміз әлеуметтік жарнаманың саяси жарнамаға бетбұрысы. Осы саяси жарнаманы оқи отырып қоғамның билеушілеріне, парламентке, партияға, мәдениетке байланысты көзқарасы пайда болды. Коммерциялық жарнамамен саяси жарнаманың айырмашылығы жоқ. Олар бір салада, яғни өз тауарын өткізу мақсатымен насихатталып жүрген. Бірақ саяси жарнама бел-бір уақыт ішінде нәтиже көрсете білуімен ерекшелінеді. Тауар ретінде саяси жарнама: өз талапкерлерін, бір партияны, саяси нұсқауларды, нақты бір шешімді, (мысалы, қылмысқа қарсы жұмыстардың санының азаюы) ұсынады.
Саяси жарнаманы екіге бөліп қарастырсақ:
-
Кең мағынада ол саяси жаңалықтар, құжаттар, басылымдар, ақпараттың бағыттар, үкімет, саяси партиялардың жиынтық жүйесі кіреді.
-
Тар мағынада. Бұл дегеніміз бір бағытты саяси бәсекелесетін кезінде жену үшін арнайы үгіт және өз саясаты туралы жақсы пікір қалыптастыру жатады. Саяси жарнамада көбінесе сайлау кезінде өзінің кандидатын насихаттап арнайы штабтарда, көшелер де, автобус тағы басқа жерлерде жарнама ілінеді. Осы кезде саяси жарнаманың құрылысына баса назар аударсақ. Олар:
-
әртүрлілік
-
саяси бағыт
-
бір мезгілдік
|
1
|
1,9,15
|
9. СЫРТҚЫ САЯСИ ЖАРНАМА
Сыртқы саяси жарнама – бұл ақпарат таратудың бір түрі болып табылады. Ол қала көшелерінде, басқа халықтық пунктерде, қоғамдық транспорттарда, үйлердің қабырғаларында, автомагистральдарда сайлаушыға әсер ету үшін қажет.
Сыртқы саяси жарнама сайлаушыларға қосымша ақпарат беріп, әсер етеді. Бақ (телевидение, радио, газет) аяқталған жерде сыртқы саяси жарнама пайда болады.
Сыртқы саяси жарнаманың келесі негізгі мақсаттарын бөліп көрсетуге болады:
-
Белгілі бір кондидаттың қатысуын көздейді.
-
Кондидаттылық үшін имиджін қалыптастыру.
-
Кондидаттылық үшін тура үгіт насихат.
-
Белгілі бір кондидаттың бәсекелесінің алдында жоғары көрсету.
-
Сайлаушыға сайлау алдындағы кондидат компаниясының негізгі идеясын жеткізу.
Концептуальдық проектілеу және сыртқы жарнамада компанияның стратегиялық жоспарлануы.
Сыртқы саяси жарнама бойынша компания кондидаттық барлық сайлаушылар компаниясының ортақ стратегиясына кіргізілуі керек. Оның жоспары барлық стратегиялық жоспарының бір бөлігі болу керек.
Сыртқы саяси жарнама бойынша – компанияны жоспарлау келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілуі керек:
-
Оның таралу орнын анықтау;
-
Сыртқы жарнама түрін анықтау;
-
Компанияның уақытша шектеулерін анықтау;
-
Сыртқы жарнаманың бұл түріне сайлаушылардың көз – қарастары қандай екенін анықтау үшін фокус – группалар өткізу. Сыртқы саяси жарнаманың әр бір түрі келесі талаптарға сай болуы керек.
Сыртқы саяси жарнаманың түрлері
Келесі сыртқы саяси жарнаманың түрлерін көрсетуге болады:
-
Плакаттар
-
Рекламалық щиттар және планшеттер;
-
Келесі түрге көрсетіге болатын транспорттағы жарнама:
-
Транспорттық құралдағы транзиттік жарнама;
-
Транспорттық құралдар ішінде орналасқан жарнама;
-
Трамвай, тролейбус, автобус аялдамаларындағы жарнама;
-
Темір жол және авто бекеттерде, аэропорттарда орналасқан сыртқы саяси жарнама;
|
1
|
2,9,14
|
10. ЖАРНАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жанамалық қызметті ұйымдастыру үшін басты үш элемент керек:
-
сатушылар (тауар өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер)
-
ақпарат таратудың ақылы құралдары (жарнама)
-
тұтынушылар. Жарнама, ең басты, тұтынушылар назарын аударып алу керек.
Сатушы жарнамалық ақпараттың қойнауы ретінде жаңалықты таратушыға береді(БАҚ-тың кез-келген түріне). Онда көптеген «әсерлерге» ұшырайды, соның ішінде бәсекелестерінің әсеріне. Сапалы, маңызды жарнама аудитория көңілінен шығып, қабылдаудың жоғары дәрежесінде болу керек.
Сонымен, сапалы және құнды жарнаманың шығуы оның қаншалықты ұйымдасқанына байланысты. Осыған басты үш тұлға қатысады: жарнама беруші, жарнама агенті және жарнаманы таратушы құралдар.
Жарнама беруші – бұл жарнамаға ақылы түрде тапсырыс беруші.
Жарнама агенті – жарнама берушінің тапсырысымен шығармашылық және атқарушылық қызмет атқаратын тұлға.
Соңғы кезекте баспа, газет редакциясы, теле және радио студиялар, маманданған фирма (сыртқы жарнама орталықтары; кинопрокат нүктелері; тікелей пошталық жеткізу – «директ мейл»).
Жарнама жасауда мәтін шығарып жасаушылар, суретшілер, дизайнерлер, полиграфистер және басқа мамандар қызмет атқарады. Көптеген БАҚ өкілдері редакцияларды өздерінің жарнама орталықтарын ұйымдастырады. Осы қызметтердің басты міндеті – жарнамаға тапсырыс алу және орындау. Жарнамалық ақпаратты таратудың құралы шығармашылық жұмыс атқара алады. Мысалы, жарнамалық шоу дайындау. Ондағы мақсат - өз тауарларының өсуіне мұқтаж болған демеушілерді тарту. Жарнамалық қызметті ұйымдастыру арнайы шараларды жоспарлаудан басталады. Ол – тұтынушыларға фирма және оның тауары туралы толық ақпарат беру, сол тауарға қызуғышылығын арттырып, тауардың өтуі болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, жоспарлаудың сатылары төмендегідей:
1.жарнаманың объектісі таңдалады (тауар сатушылар немесе арнайы фирма) және ақпараттың мазмұны (тұтынушылар назарына нендей ақпарат берілу тиіс).
2.субъект таңдалады немесе жарнама адресаты, тұтынушылар тобы.
3.жарнаманың үні анықталады – жарнамалық үндеуде неге зор екпін қойылуы керек.
4.жарнамалық құралдардың түрі және тиімді топтамасы анықталады (таратылу арналары)
5.жарнамалық жолдау дайындалады – аты топтастырылады, мәтін дайындалады, иллюстрациялар таңдалады, персонаж таңдалады, музыкалық шығарылым (радио және теледидар үшін)
6.жарнаманың шығарылымдық тізбегі құрылады – мерекелер уақытқа сай болу керек (ай, апта, күн, сағат, минут бойынша), таралымның түрлері бойынша да құрылады.
7.жарнамалық мерекелердің қаржылық шығыны саналады.
8.алдын ала жарнаманың құндылық сапасына болжам жасалады. Ол таңдалған компанияның қызметіне, беделіне байланысты болады. Компания тегіс, қарқынды даму үстіндегі, төмен саналымды болуы мүмкін.
|
1
|
4,6
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |