2.8. Оқу тапсырмалары және студенттердің жұмыс жүктемесі
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің жұмысы байланыс сабақтарын, жеке, жұптық және топтық жұмысты, тапсырмалар, емтихандар және т.с.с. қамтиды. 1 ECTS = студенттің 30 сағат жұмысы.
Студенттің өзіндік және/немесе жұптық және топтық жұмысы келесі дара бөлшектерден тұрады: оқытушының басшылығымен жеке және/немесе жұптық және топтық жұмыс және толық өз бетімен орындалатын жұмыс.
Студенттің өзіндік және/немесе жұптық және топтық жұмысы оқу-әдістемелік әдебиетпен және әр курс бойынша ұсыныстармен қамтамасыз етілген, өзіндік/топтық оқу үшін бөлінген тақырыптардың белгілі бір тізімі бойынша жүргізіледі. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өзіндік және/немесе жұптық және топтық жұмысы университет немесе оқытушының өзі анықтайтын кесте бойынша жүргізіледі;
Толық өз бетімен орындалатын жұмыс көлемі педагогикалық жоғары оқу орны студентінен күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен бекітіліп отырылады.
Аудиториядағы жұмыс, оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік және/немесе жұптық және топтық жұмыс және оқу жұмысының барлық түрлері бойынша толығымен өз бетімен орындалатын жұмыс арасындағы уақыт арақатынасты білім беру мекемесі өздігінен анықтайды.
| |
Инклюзивті ортаны құру туралы айтатын болсақ, оқу орнында кедергісіз орта болған жағдайда ғана мүмкін болады:
Ғимараттың жағдайы, үй-жайлары және олардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі;
Аудиториялар мен сынып бөлмелерінің, балабақша топтарының жоғары сапалы сапалы жабдықтары;
Жабдықталған медициналық кабинеттің болуы;
Теңгерімді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдықталған тамақ блогының болуы;
Студенттер мен оқушыларға, балаларға арналған қауіпсіздік қызметтерінің болуы.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |