Жұмыс бағдарламасы (силлабус) Білім беру психологиясы, өзара әрекеттесу және коммуникация


Оқу-практикалық тапсырмалар бағытталған



бет13/22
Дата09.09.2024
өлшемі107.95 Kb.
#503499
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
ББ психология. өзара әрек, коммуникация -Силлабус қазақ тілінде

Оқу-практикалық тапсырмалар бағытталған:
— белгісіздік жағдайында шешім қабылдауды талап ететін проблемаларды/проблемалық жағдаяттарды шешу дағдыларын дамытуға және бағалауға, мысалы, оңтайлы немесе аса тиімді шешімді таңдауға немесе әзірлеуге, берілген қасиеттері бар объектіні құруға, заңдылықтарды орнатуға немесе «траблшутинг» және т. б.;
— жұптарда немесе топтарда рөлдерді-функцияларды бөлумен және түпкі нәтиже үшін жауапкершілікті бөлумен бірлескен жұмысты талап ететін ынтымақтастық дағдыларын дамытуға және бағалауға;
— жазбаша/ауызша мәтінді/берілген параметрлері бар пікірді құруды талап ететін коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға және бағалауға: коммуникативті тапсырма, тақырып, көлем, формат (мысалы, хабарлама, түсініктеме, комментарий, қарату, нұсқау, мәтін-сипаттама немесе мәтін-талықлау, болжамды құрастыру және негіздеу, ауызша немесе жазбаша қорытынды, есеп, бағалаушы пікір, дәлелді пікір және т.б.).
Бір студенттік кредит жұмыстың 30 сағатына сәйкес келеді. 4 ECTS тұратын курс студенттен оқытудың 120 сағатын талап етеді. Төменде берілген кестелерде білім алушыларға жазуға және оқуға қажет болатын уақыт туралы шамаланған мәліметтер келтірілген. Электрондық кестелер мен калькулятор – студенттерді жүктемесін бағалаудың жақсы инструменті.

№р/с

Апта/күні

СӨЖ атауы

Сағаттар

1.

1

СӨЖ. «Мен және менің мамандығым» тақырыбы бойынша эссе жазу.

10

2.

7

О.П.Сорокиннің «Учитель и ученик: система взаимоотношений. Модели общения педагога с учащимися» (https://yamal-obr.ru/articles/uchitel-i-uchenik-sistema-vzaimootnoshen/ мақаласын оқыңыз және нақты пән бойынша тест тапсырмаларын құрастырыңыз. Тест түрінде баяндау формасы бойынша тапсырмалардың келесі типтері қолданылуы қажет: бір дұрыс жауапты таңдаумен 5 тапсырма, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдаумен: баламалы таңдау, салыстыру, бірізділікті орнату – 5 тапсырма, бір дұрыс жауапты таңдаумен контексті тапсырмалар – 5 тапсырма.

13

3.

5

СӨЖ. Сабақтың тақырына, мақсатына сәйкес тапсырмаларды құрастыру, оның критерийлерін анықтау және тапсырмалардың дескрипторларын әзірлеу; білім алушылардың белсенділігін және креативтілігін арттыратын бағалаудың формативті/суммативті (тараулар бойынша) әдістерін және құралдарын таңдау (цифрлық инструменттер).

14

4.

14

СӨЖ. Әртүрлі педагогикалық жағдаяттарда мұғалімнің мінез-құлқының баламалы нұсқаларын қайта талдап, олардың қолданатын кикілжіңді жағдаяттардан шығу стратегияларын анықтаңыз, өнімсіз болып саналатын педагогтің реакцияларын көрсетіңіз.
Кикілжіңді жағдаяттардағы мінез-құлық стратегиялары:
а) тыныштықты сақтау, реакцияны ұстау (педагог тәртіп бұзушыны байқамайтындай түр жасайды, бірақ оның әрекеттерін жақсы көретінін білдіреді);
б) реакцияны алмастыру (төтенше жағдайға қарамастан мұғалімнің сабақта күнделікті әрекеттерді орындауы);
в) жағдаятты рационализациялау (кикілжіңді жағдайда әзілді қолдану, мұғалімнің принципке бағдарлануы: басқа адамдардың көзінде күлкілі болатынның барлығы әсер ету күшін жояды және қауіпті болмай қалады);
г) қарама-қайшы реакция (мұғалімнің тәртіп бұзушыға мысқылды түрде алғыс білдіруі және өз пайдасына қарай жағдайды құру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет