Жұмыс бағдарламасы (силлабус) Білім беру психологиясы, өзара әрекеттесу және коммуникация



бет9/22
Дата09.09.2024
өлшемі107.95 Kb.
#503499
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
ББ психология. өзара әрек, коммуникация -Силлабус қазақ тілінде



Достарыңызбен бөлісу:
Дәріс-визуализация. Дәріс-визуализация үшін №11 дәріс таңдалып алынды: Мұғалім және оқушы: өзара қатынастар жүйесі. Оқытушы және мұғалімдердің коммуникация модельдері. Ойлау үшін өзіндік тіректі құрады, көрнекі модельдеу дағдыларын дамытады, бұл білім алушылардың интеллектуалды және кәсіби әлеуетін арттыру тәсілі болып табылады.
2. Мүмкін болатын қиындық принципін басшылыққа ала отырып, шоғырланған ақпараттың үлкен көлемін қамтитын қабылдауға және түсінуге күрделі тақырыптар үшін бейнелеу және символдық көрнекіліктің үйлесімін қолданған жөн. Мысалы, сызба көрнекілік құралын қабылдау үшін жеткілікті күрделі, қиын әмбебап құрал болып табылады, сондықтан оны құрастыруды көбінесе гротеск түрінде орындалған сурет негізінде жүзеге асыру ұсынылады. Бұл студенттерге ақпаратты есте сақтауға және түсінуге көмектесетін ассоциативті тізбектер құруға мүмкіндік береді.
«Борттық журнал» әдісі үшін №3 тақырып таңдалған.
Әртүрлі әдебиет көздерімен жұмыс нәтижесінде алынған ақпаратты тіркеудің жазбаша түрі. «Борттық журналмен» жұмыс әдетте жұптасқан түрде өткізіледі, бірақ оны жеке-дара да қолдануға болады. Бұл тәсіл меңгерген білімді проблеманы зерттеуге дейін және одан кейін салыстыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың басында білім алушылар кестенің сол бөлігіне өздері меңгеретін оқу мазмұны бойынша өзіндік болжамдарын енгізеді. Әрі қарай бір оқушы «Ұғымдар» тізімімен жұмыс істейді, «болжамдар» бағанына олардың дұрыстығына байланысты «+» және «-» белгілерін қояды; екінші оқушы тек жаңа ақпаратты жазады. Білім алушылар жеке жұмыс істейді. Рефлексия сатысында алдын-ала қорытынды жасалады: «борттық журналдың» екі бөлігі салыстырылады, ақпаратты қорытындылау, оны жазу және сыныпта таалқылауға дайындық жүргізіледі. Жазбаларды ұйымдастырудың жеке-дара сипаты болуы мүмкін, әрбір оқушы кестенің екі бөлігінде өз бетімен, дербес жазбаларды жүргізеді, нәтижелерді талқылау жұптасқан немесе фронтальды түрде ұйымдастырылады.





1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет