Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н -1-32-2021 ба спа 0 202 1



бет1/10
Дата29.06.2022
өлшемі3.23 Mb.
#459542
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Силлабус Баскару психологиясы


Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)

Н 2-1-32-2021
1 баспа 05.01.2021







Оқу жұмыс бағдарламасы (Силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама №11 «29» 06 2021ж.).




Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Басқару психологиясы» пәні аралас түрде қашықтықтан 1-15 апталарда оқытылады. Пән бойынша 45 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 10 лекция, 20 практикалық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін магистранттың академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Магистранттың жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Магистрант оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл – 10 баллға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 – 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4,6 және 8 апталарының қосынды баллы бірінші аралық бақылаудың максималдық баллын құрайды және оның көлемі 30-баллға дейін (100% дейін) болады. 10,12 және 14 апталардың қосынды баллы екінші аралық бақылаудың максималдық баллын құрайды және оның көлемі 30-баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды баллы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар бойынша жеке орындалатын тапсырмалар беріледі. Пән бойынша магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – МӨЖ) қарастырылған. МӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасынан басталады.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-15 апталарында лекциялық сабақтар ZOOM веб-сервисінде, практикалық сабақтар аудиторияда өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) магистрант курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін магистрант практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, магистрант оқытушыға жүгініп, ОМӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОМӨЖ сабағы аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды магистрант міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириус (Google Classroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.



1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Оқу пәнінің негізгі мақсаты қазіргі басқару психологиясының негізгі мәселелеріне шолу жасау, жетекші іс-әрекетінің құрылымдық психологиялық аспектілерін ашу, білім алушыларда басқару өнімділігін төмендететін психологиялық себептерді талдай білу іскерлігін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет