Жұмыс бағдарламасы (Силлабус) н 3



бет1/11
Дата18.10.2023
өлшемі443.06 Kb.
#481081
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Силлабус


Оқу жұмыс бағдарламасы (Силлабус)

Н 3-1.1.37-2022
1 баспа 02.02.2022






Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус) М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген оқу бағдарламасының негізінде жасалынған. (Хаттама №, 10 « 7 » 06 2022ж)


Курс саясаты. Академиялық кезеңде Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу пәнін оқыту әдістемесі пәні дәстүрлі оқытылады. Пән бойынша 30 сабақ, сағат саны 45 өткізу қарастырылған, соның ішінде: сабақ саны 15 лекция және тәж.сабақ 15, БӨЖ 52,5 сағат, оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы – 22,5 сағат, сабақ саны 15, (бұдан әрі - ОБӨЖ). Барлығы 120 сағат.
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған Лекциялық сабақтар конспектісін, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 баллға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100%шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Практикум тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке есептеу үй тапсырмалары, презентация құрастыру, оқушылардың білімін жиынтық бағалау формасын құрастыру, глоссарий құрастыру секілді үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 2-ші аптасында беріледі.
Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір практикумның оқу материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет өткізіледі.


1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәннің мақсаты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу пәнін оқыту әдістемесі курсының ғылыми және психологиялық-педагогикалық құрылымы негіздері мен мазмұнын, сонымен қатар бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытудың әдістері, құралдары және ұйымдастыру формаларын меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет