Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет1/18
Дата21.05.2024
өлшемі3.74 Mb.
#501636
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қазақстан тарихы жаңа 2023 (1)


Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)



Н 3-1.1.37
08.08.2023




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ



ПӘН АТАУЫ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Білім беру бағдарламасы: Барлық мамандықтар үшін
Академиялық кредит саны: 5
Семестр: 1,2
Пререквизиттер: «Мәдениеттану», «Өлкетану»
Постреквизиттер: «Әлеуметтану», «Философия»


Оқытушылардың аты-жөні: Мырзаханова Н.Р.
Электронды почтасы: m.nazgul0374@mail ru:


Оқу форматы: аралас және қашықтан


Оқу жұмыс бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты кафедра – «Тарих» кафедрасы

Құрметті білім алушы! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінемін. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді Platonus (platonus.dulaty.kz) сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-line анкетаны толтыру керек.


Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.
Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын жоғарылата түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.
Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді.

Тараз, 2023
Оқу жұмыс бағдарламасы(силлабус) __________________________________________________________________________________бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы (жалпы білім беретін пәндер үшін) немесе білім беру бағдарламасы негізінде жасалған.

Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Қазақстан тарихы» пәні аралас оқытылады. Пән бойынша 150 сағат сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: Лекция -15 сағат, практикалық сабақтар -30 сағат, білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)15-сағат, (соның ішінде ОБӨЖ -90 сағат).


Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімдіжәне ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып,әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) юолады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция, практикалық сабақтар кезінде үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 1-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми Platonus (platonus.dulaty.kz), LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар дәстүрлі форматта өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОСӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады.
Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми Platonus (platonus.dulaty.kz), LMS – Сириусқа жүктеуге болады.



1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қоғам, саясат жайлы ғылыми негізделген, дәйекті теориялық білім беру, студенттер санасында саяси ұғымдық ақпаратты қалыптастыру арқылы студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін жетілдіру. Әлемдегі саяси жағдайлар мен Қазақстандағы саяси процестерді ұғынып, бағдарлай алуға, қоғам мен саясат жайлы өзінің дәйекті азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету.

2

Сағат саны

Лекция -15 сағат
Практикалық сабақтар -30 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)15-сағат, (соның ішінде ОБӨЖ -90сағат)
Барлығы -150 сағат.

3

Оқыту нәтижесі

Тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму жолдарын білу; Ұлы Дала елінің қазіргі саяси даму кезеңінің ерекшеліктерін; Отандық тарихтың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері, құқықтық және демократиялық мемлекеттің құндылықтары, қоғамдағы саяси қатынастардың қазіргі жай-күйі, қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтар және өздерінің кәсіби қызметінде оларға бейімделу; Қазақстанның әлемдік тарихтағы және қазіргі әлемдегі орны мен рөлі. Қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастырудағы тарихи білімнің негіз қалаушы рөлін айшықтай білу, тарихи дереккөздермен, оқулықпен және ғылыми әдебиеттермен, интернет-көздері мәліметтерімен жұмыс істеу.

4

Білімін бағалау

Университет оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру және LMS-те жұмыс істеу мақсатында межелік бақылау бойынша баллдар мен пайыздарды біркелкі бөлуді ұсынады
Лекция материалдары бойынша тапсырмалар:
1) 2 эссе жазу 2+6=8 балл
2) 2 презентация- 4+4=8 балл
3) Жоба әзірлеу, талдау 1+3=4 балл
4) Реферат 3+3=6 балл
5) баяндама дайындау 4балл
6) Ауызша тапсыру -30 балл
1рубеж 30балл+2 рубеж 30балл = 60 балл

5

Қорытынды бақылау

емтихан (тест)

6

Техникалық талаптар (қажет болса)

Курсты меңгеру кезінде талап етілуі мүмкін жабдыққа немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын барлық техникалық талаптардың сипаттамасы. Білім алушыларға ақылы (коммерциялық) сервистердің функционалын олардың есебінен таңуға тыйым салынады

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Курс аясында студенттерге қол жетімді қажетті әдебиеттер, ресурстар мен көздердің толық тізіміне http://lib.dulaty.kz/index.php/ru/ сілтеме жасаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет