1. Оқытушы туралы мәліметтер.
Мустафаева Аяулым Какеновна - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ "Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., техника ғылымдарының кандидаты. Техникалық корпус, ауд. 3224 б кафедрада бекітілген график бойынша кеңес беріледі.
2. Курстың қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқыту мақсаты: 6В068 – «Тамақ өнімдерінің өндірісі» мамандығы бағытында бакалаврларды дайындау кезінде білімалушылардың сүт және сүт өнімдерін дайындау технологияларын үйрену, сүт өнімдерін талдаудың заманауи технологиялары туралы түсінік қалыптастыру
Пәнді оқыту нәтижелері:
-сүт және сүт өнімдерінен сұйық диеталық сүтқышқылды өнімдер, қаймақ, сүзбе және сүзбе өнімдерін және т.б. өнімдерді өндіру технологиясын мпеңгеру және өндірісті ұйымдастыру;
- сүт өнімдерінің құрамы мен қасиеттері, сүт өнімдерін өңдеудің технологиялық әдістерін білу;
- сүт және сүт өндірісінің өзекті мәселелерін талдау;
- сүт өнімдерінің заманауи технологияларына қолданылатын шикізаттарға қойылатын талаптарды жетік зертттеу;
- сүт өнімдерінің жаңа технологияларын жетілдіру мен жасауды игеру;
- ғылыми-техникалық ойлау дағдыларын қалыптастыру және алған білімдерін болашақ қызметінде шығармашылық түрде қолдана білу.
Пәнді оқыту нәтижелері:
ККод
|
ББ бойынша қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (кодтар)
|
Пәнді оқыту нәтижелері
|
ON10
|
Шикізат ресурстарын ұтымды пайдалануды, жаңа тамақ өнімдерінің кең ассортиментін алуды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іске асыру
|
Пәнді оқу нәтижесінде студент
- сүт және сүт өнімдерінің химиялық құрамы және қасиеттерін және сүттің сапасын сипаттайтын параметрлерді анықтау
- сүт өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін сипаттау
- жаңа сүт өнімдерінің түрлерінің мол ассортиментін алуға ықпал ететін технологияларды тұжырымдау
- сүт өнімдердің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы салыстыру және оларды анықтаудың оңтайлы әдістерін ұсыну
- сүт өнімдерінің сапасын көрсететін негізгі факторларды талдау
- сүт өнімдерінің заманауи жағдайларда рөлі мен міндеттерін; шикізатты технологиялық өңдеу; қолданылатын шикізаттың сапасы үшін стандарттар, техникалық талаптар және технологиялық нұсқаулар талаптарын саралау және тұжырымдау
- академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің мағынасын түсіну
- жазбаша жұмысты орындау кезінде шыншыл болу және жазбаша жұмыста өз ойың толық түсіндіру
- барлық ақпарат көздеріне шолу жасау және танысу және тапсырмаларды өз бетінше орындау
- топтағы білімалушылармен жақсы қарым -қатынас жасау
- өзіндік зерттеу немесе зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде объективті нәтиже нұсқаларын ұсыну және әзірлеу
- емтихан кезінде адал болу, сұрақтарға ешкімнің көмегінсіз жауап беру
|
Пәннің пререквизиттері:
Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы пәнін оқыту келесі пәндермен: «Органикалық химия», «Биохимия», «Микробиология», «Санитарлық гигиена» пәндерімен тығыз байланысты.
Пәннің постреквизиттері:
Оқытылатын пәннің негізгі білімі қолданылатын пәндер тізімі: тамақ өнімдерінің технологиясы, сонымен қатар дипломдық жобаны (жұмысты) жазу кезінде.
Достарыңызбен бөлісу: |