«Мирас» халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
«Дәулет» мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар – «Лингвоелтану» оқулығы бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |