Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды мәселе. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек



бет21/22
Дата03.01.2022
өлшемі219 Kb.
#450846
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Елбасы Н

Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4 жылға дейін болады.

Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады.

Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі – 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.

Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Жұмысшылар мен мамандардың, басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру – сауықтандыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер өкімет басқару органдары бекітеді.

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздіктің көк байрағы көгімізде көрінгелі соңғы он жылдық мерзімінде еліміздің экономикалық жағдайында көптеген өзгерістер еніп, мемлекетіміздің білім беру саласы алға ілгерілеп, көптеген келелі мәселелер көтерілді. Соның бірі - әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясындағы (2000 жыл) ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, яғни гендерлік мәселелер.

Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. «Гендер» термині әлеуметтік процестерді түсінуге арналған талдау құралы [2].

Білім беру мазмұнындағы гендерлік білім беру мәселесіне қалам тартқан ғалым-зерттеушілер Н.Д. Нуртазина гендерлік мәселені ғылыми – теориялық тұрғыда негіздесе, А. Тазабекова гендерлік білім беру мәселесін қарастырды.

Қазақстандық зерттеушілер Е. Шарутина гендерлік стереотипке өзіндік тұрғыдан анықтама беруге тырысқан [3]. Ш. Берннің пайымдауынша, гендерлік стереотиптер – ерлер мен әйелдердің тең құқылы сұқбаттастығы мен әлеуметтік ынтымақтастығына ең басты кедергілер [4].

Гендерлік стереотиптер көп жағдайда әлеуметтік нормалар тәрізді қабылданады. Жүйеленген және ақпараттық қысым бізді гендерлі нормаларға бағынуға мәжбүр етеді. Себебі біз ерлер бір іспен, ал әйелдер басқа іспен айналысатын гендерлік айырмашылық табиғи болып саналатын мәдениетте өмір сүреміз. Сондықтан гендерлік рөлдерді қабылдап, оларға бағынамыз. Тіпті үш жасында бала өзін ерлер немесе әйел жынысына жатқызады. Бұл шақта бүлдіршіндер ерлер мен әйелдер іс-әрекетінің айырмашылығын байқай бастайды. Жеті жасқа келгенде бала гендердің тұрақтылығын және оны өзгерту мүмкіндігінің жоқтығын түсінеді.

Еліміздің экономикалық жағдайы қарқынды ілгері дамыған сайын халықты жаппай гендерлік білім мәселелерімен сауаттандыруда арнайы орта, арнайы, жоғары білім беру ордаларына арналып оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар дайындау ұйымдастырылуда.



Қорыта келгенде, әлеуметтік психология бойынша гендер – бұл әлеуметтік норма. Осыған орай біз әлеуметтік норманы қалпында сақтау үшін:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет